Ерекше білім қажеттіліктеріне ие балалар мен ересектерге білім беру индивидуалды түрде бастау алған болатын. Арнаулы білім берудің тарихы үй жағдайлары мен шіркеулерде керең және зағип балаларды жеке оқытудың периодтық ұмтылыстарынан көптеген мысалдар келтіреді. Әрбір оқушыдағы дамуының бұзылуының өзіндік ерекшелігі, әрбір нақты жағдай үшін арнаулы білім берудің методикалық тәсілдерін іздестірудің тәжірибелік — экспериьменталдық жолы, арнаулы білім беру прецендеттерінің санының аздығы – бұның барлығы да ерекше білімдік қажеттіліктерге ие балаларға білім беруді қолданылатын индивидуалды оқытуды ұйымдастыруды анықтап береді. Индивидуалды болып өнерлік және шығармашылық оқыту табылды.
Қазіргі заманғы арнаулы педагогикада оқытуды ұйымдастырудың индивидуальды формасы келесі жағайларда қолданылады:
— оқушы дамуында ауыр және көптеген бүлінулерге ие болса және оқыту мен тәрбиелеуде адам топтық немесе сыныптық жағдайларда оқуға қабілетті болмағандықтан дәл осы индивидуалды да ұсынылса, оның танымдық іскерлігінің ерекшеліктеріне байланысты баланы оқыту үздіксіз индивидуалды психолого – педагогикалық қолпаштауды, сан мың рет қайталауда, талап етеді, ал оны сенсорлық және моторлық жүйелері қоршаған ортамен қарым – қатынас жасауда, едәуір қиындықтарды бастан кешіреді. Осылайша ой санасы артта қалуының ауыр формаларына ие балаларды оқыту және оларды оқытудың бастапқы сатыларындағы соқыр, әрі керең балалардың бүлінулермен қатар жүретін келесі білім беру процестері ұйымдастырылады:
— білім беру процесінің спецификасына сәйкес, дамуындағы ауытқулары, жастық ерекшеліктері бар бала индивидуалды психолого – педагогикалық логопедтік және өзге де коррекциялық көмекті талап етеді, бұл фронтальды жаттығулар толықтырады. Мұнда нақты баланың индивидуалды мүмкіндіктері мен индивидуалды жетістіктерінің деңгейі жүйесі бүлінген функциялардың даму ерекшеліктерінің барлық тізбектері ескеріледі. Осыған сәйкес есту қабілетті бұзылған балаларға олардағы ауызша сөйлеу қабілетін қалыптастыру және арттыру қалған есту қабілетін дамыту бойынша жеке сабақтар өткізіледі. Балалардың түрлі категорияларындағы сөйлеу қабілетінің бүлінулері жеке сабақтарда корекцияланады. Бірқатар жағдайларда психокоррекциялық және психотерапевттік көмектер көрсетіледі.
-егер де бала үй жағдайында білім алса;
Индивидуалды сабақтардың ұзақтығы әдетте 20-30 минутқа созылады. Арнаулы білім берудегі оқытуды ұйымдастырудың жеке топтық формасы жеке сабақтарда бірқатар коррекциялық — педагогикалық тиімділікке қол жеткізгенде индивидуалдыны жалғастырушы ретінде пайдаланылады. Мәселен , коррекциялық сабақтар ( сөйлеуді өз — өзіне қызмет көрсету әдептерін, кеңістікте бағытын анықтауды дамыту) әсіресе интеграциялы оқыту жағдайларында балалармен изтоптарда жұмыс жасау мүмкіндігін жорамалдайды. Оқытудың барынша кештеу сатыларында арнаулы коррекциялық – педагогикалық тиімділікке қол жеткізу мөлшері бойынша оқытудың ұйымдастырудың жеке топтық формасы кобинациялық бүлінулерге ой-санасының жетілмеуінің ауыр формасына ие балалармен жұмыс жасауда қолданылады.
Сыныптық – сабақтық жүйе, сабақ оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі болып табылады. Сабақ беру жалпы білімдік мектептердегідей оқыту – танымдық қана емес, сондай – ақ балалардың дамушы іскерліктерінің түрлерін ұйымдастыруға жол ашады. Сабақ оқушылармен фронтальды топтық және аз дәрежеде жеке жұмыс жүргізудің сәйкестілігі үшін мүмкіндіктерді қарастырады. Оның басқа да оқыту жұмыстарының ұйымдастыру формаларынан айырмашылығы келесілерден тұрады:
— оқушылар тобының құрамы тұрақты ( тіпті интеграциялы оқыту жағдайларында оқушылардың даму деңгейінің ұқсастығы оқу іскерлігінің қарқыны дамуындағы бүлінудің сипаты және сабақ бейнесі бойынша жұмысшы топтарға уақытша бірігуі мүмкін болса да. Топ құрамының тұрақтылығы бұл кезде екінші белгілер бойынша — өзге де топтарға бірігеді)
— әрбіреуінің мүмкіндігі мен ерекшеліктерін ескерумен, іскерліктерін оқытушы басқарады;
-оқушылар сабақта тікелей білім алады. Сонымен бір мезгілде арнаулы білім беруде уағыздық жұмыстарының жүйесі орын алады, оның арқасында өзге де сабақтар құрамына жеке сабақтарға оқыту ұйымдастырудың қосымша формаларына біріккен даярлаушы жаттығулардың жүйесі арқылы, сабақта қандай –да бір жаңа материалды меңгеруге даярлықты педагогтың алдын – ала жасайды.
Көптеген жағдайларда әсіресе оқытудың бастапқы сатыларында арнаулы білім беру мектептеріндегі сабақтар араласқан немесе комбинациялы түрде құрылады. Мұның өзі дамуында ауытқулары бар балалар жаңа материалды үлкен порциялармен меңгере алмайтындығымен түсіндіріледі; жаңа материалды түсіндіру сәйкес білімдерді өзекті етуге және оқушыларға тәжірибе жинауға немесе осындай тәжірибені қалыптастыруға бағытталған даярлықтық уағыздаушы жұмыс алға қойылады, жаңа материалдың әрбір порциясы жаттығулардың іскерліктік тәжірибелік формада оның тез арада бекінуін таоап етеді, сабақ жүргізудің әрбір сатысында материалдың меңгерілгендігіне қадамдық біртіндеп индивидуальды бақылау, пайда болатын білім беру қиындықтарды табу қажет болады.
Орта және жоғарғы топтарда сабақтар классикалық сипатқа ие болады.
Арнаулы білім беру мектептеріндегі сабақтар жұмыстың топтық формаларын кең қолданумен сипатталады. Бұл жұптармен бригадалармен жұмыс жасау болып табылады. Негізінен бұл жұмыс жүргізудің дифференционалды топтық формасы, бұл кезде балалар олардың танымдық мүмкіндіктеріне оқу іскерлігінің қарқынына коррекциялық білім беру процесінің тапсырмаларына байланысты бірігеді, сондай –ақ бригадалық түрі де бар, бұл кезде балалар қандай да бір оқу тапсырмасын орындау үшін уақытша топтарға ( өз ынтасымен немесе педагогтің нұсқаумен) бірігеді. Жұмыс жүргізудің мұндай формалары арнаулы сабақтарда мәселен, пәндік тәжірибелік оқыту сабақтарында кеңінен таралған. Жұптармен бригадалармен жұмыс жүргізу балаларға өзара білім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, дербестікті жауапкершілікті сезінуді достастық сезімін бірлестік ой – сананы көмек көрсетуге әрдайым дайын тұру сезімін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сабақтағы жұмыс жүргізудің индивидуализацияланған формасы өздерінің танымдық мүмкіндіктері артта қалушы балалардан танымдық іскерлігінің қарқыны мен көлемі бойынша едәуір ерекшеленетін оқушыларға қолданылады.
Арнаулы білім беру жүйесіндегі педагогикалық прцесті ұйымдастырудың қосымша формаларының қатарына экскурсиялар қосымша сабақтар педагогикалық жұмыстың сыныптан тыс формалары ( мәселен сабақтан тыс оқу) өзіндік даярлық ( сабақты арнаулы мектеп – интернатта дайындау) жатқызылады.
Арнаулы мектеп — интернатта педагогикалық процесті ұйымдастырудың қосымша формаларының тізбегіне факультативтер, үйірмелік және клубтық жұмыстар сабақтан тыс жұмыстардың эпизодтық іс –шараларын өткізу кіреді ( олимпиадалар, жарыстар)
Күрделі кемістіктері бар балалардың өмір жағдайын психологиялық – педагогикалық ұйымдастыруға қатысты жалпы ережелер қатарын көруі мен естуі зақымданған балалардың даму теориясынан алып пайдалануы мүмкін. Профессор А. И. Мещеряков (1974 ж) қоғам өндірген білімдерді көруі мен естуі зақымданған балалардың меңгеруін және оларды өзіндік адами мінез — құлығының қалыптасуын қамтамасыз ететін бірнеше шарттарды жасады. Бұл біріншіден заттармен тәжірибелік іс — әрекеттер ( оның ішінде қару — жарақтық) онсыз заттың толық бейнесін қалыптастыру мүмкін емес. Екіншіден адамды тікелей қоршауға кіретін заттармен әрекеттесудің әлеуметтік тәсілдерін қолдану. Үшіншіден , іс — әрекеттердің бала қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Алдымен бұл балада бар ( тамақ ішу кезіндегі, ұйқыда, суықтан қорғауда және т. б.) органикалық қажеттіліктер. Сосын пәндік «с — әрекетің дамуымен балаларда осы дамумен пайда болған және іс — әрекеттің меңгерілген тәсілі қарама – қарсы кіретін жаңа қажеттіліктер құрылады. Жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыру баладан іс — әрекеттің жаңа тәсілін меңгеруді талап етеді. Қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру тәсілдері арсындағы қарама – қайшылықтарды бөлінген іс — әрекет деп аталатын әдісті қолдана отырып, ересек адам көруі мен естуі зақымданған балаларда , өзінің жеке белсенділігін мақсатқа сай азайта және балаға өз қызметтерін бере отырып өзіне — өзі қызмет көрсету тәсілдерін қалыптастырады.
Есту мен көру мүшесі зақымданған кішкене баланың, маңызды білімдік мәні бар іс — әрекет саласы өзіне — өзі қызмет көрсету ( өзіне — өзі қызмет көрсетуге үйрену) және қол еңбегі болады. Дәл осы салада алғаш рет , естуі мен көруі зақымданған кезде сыртқы ортамен толық әлеуметтік өзара әрекеттесу қолайлы ұйымдастырылады. Балада өзіндік адамдық , яғни мәдени мінез – құлық формаларының алғашқы формалары құрылды. Ересек адам ( педагог, ата –ана) мен көруі мен естуі зақымданған балалардың әлеуметтік – эмоциональдық байланысы оны адамдық қарым – қатынастар әлеміне алып келеді. Әрі қарай бұл әлемді тану, бала ұжымдық өзіне — өзі қызмет етуге, ұжымдық тұрмыстық еңбекке қосылғанда едәуір баий түседі.
Оқу процессінде өзін қоршаған заттардың қызметін меңгеру пәндік сыртқы әлемді шынайы танудың қажетті жағдайы болып табылады, баланың танымдық әрекетінің даму құралы көбінесе онда сенсорлық процесстердің қалыптасуы ретінде болады. Көруі мен естуі зақымданған балаларды көбінесе олардың пәндік – тәжірибелік іс — әрекетті меңгеру барысында жүзеге асырылатын сенсоматорлық тәрбие ақыл – ой дамуының іргетасын құра отырып, қажетті бөлігі болып табылады.
Затпен бірлескен – бөлінген іс -әрекет процесінде ересектермен өзара әрекеті баланың коммуникативтік қызметінің (іс — әрекетінің) қолайлы ( оң) негізі болып табылады. Бірақ заттар қызметін меңгергенге дейін бала ересектермен қарым – қатынасқа түседі, және арнайы психология баланың коммунативтік белсенділігін көтеру резервтерін табуға ұмтыла отырып және мүмкін болатын ерте мерзімді баланы символдық қарым- қатынасқа шығаруға ұмтыла отырып сөздік қарым – қатынасқа дейінгі қарым – қатынастардың ерте формаларына көбірек көңіл бөле бастады.
Күрделі зақымданулары бар балаларды күтудің белгілі бір мәдениеті мен қарым – қатынастарының вербальды ( тілдік) емес формаларын ерте сәбилік шақта дамыту Батыста баланы аналық тәрбиелеуін өсіру негізінде пайда болды. Бүгінде біздің елімізде балаларды қоғамдық дамудан және көбінесе анамольды дамуы бар балаларды тәрбиелеуде жанұялық тәрбиелеуге өту байқалған кезде, біздің мамандарымыздың алдында баланың каммунативтік қызметінің бұл қабатын меңгеру міндеті және оның мәнін күрделі кемістігі бар балалардың психикалық дамуы үшін, олардың мінез – құлқын әлеуметтендірудің ерте деңгейінде бағалау міндеті тұр.