Экономикалық өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр кезеңде әр түрлi бағытта дамыды. Бұл жағдайлар экономикалық өсудiң бiр деңгейден екiншi деңгейге ауысуына негiз болады. Оларды әдiстемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:
- Неокейнстiк;
- Неоклассикалық;
- Тарихи-әлеуметтiк.
- кейнсиандық (неокейнсиандық) мекроэкономикалық тұрақтылық теориясы.
- классикалық (неоклассикалық) теориялар, өзiнiң теориялық бастауын сонау Ж.Б. Сэйден алып және Дж.Б. Кларк, Р.Солоудың еңбектерiмен аяқталды /4/.
Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенiң тиiмдiлiгi, яғни өзiн-өзi реттеу механизмi қарастырылған, мұнда тек қана экономикалық субъект қана емес бүкiл экономикалық өндiрiс факторлары қарастырылады. Мүлтiксiз еркiн бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдiктi қамтамасыз еттi. Осы мақсатта классикалық теория XIXғ. және XX ғ. Басында экономикалық өсуде басты орында болды.
Ұлы экономистер А. Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус және К.Маркс халықтар байлығы қорлануына басты көңiл бөлдi. Ал екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Р.Харрод өзiнiң ғылыми статьясында ұлттық өнiмнiң өсуiне байланысты өсудiң үш концепциясын ұсынды: неокейнсиандық (Т.Харрод, Е.Домар); неоклассикалық (Р.Солоу); посткейнсиандық (Н.Калдор); /4/.
Ал XX ғасырдағы болған дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс тұсында, яғни өндiрiс қатынастары бұзылуы нәтижесiнде классикалық теорияның экономиканың рыноктық тепе-теңдiкте бола алмайтындығын дәлелдедi. Осы дағдарыстан шығуда экономикаға мемлекеттiң араласуы керек болды, яғни кейнсиандық бағыт қалыптасты. Ол экономиканы қысқа мерзiмде қарастырады.
Кейнсиандық модельдiң таянышына ұлттық шаруашылық түгелiмен кiредi. Кейинсиандық теорияның басты макроэкономикалық мәселесi ұлттық табыстың анықтауыш деңгейi динамикасы және оны бөлу болып табылады. Бұл факторлар кейнсиандық эффективтi сұраныс арқылы қаралады. Дж. Кейнс концепциясы макроэкономикалық тепе-теңдiкке жетуде толық жұмысбастылықты айта отырып , ЖҰӨ көлемiне қашан эффективтi сұраныс болмай болмай қалған жағдайда оған мемлекет жағынан қосымша инвестициялар бөлiну керек дедi.
Кейнстiк өсу үлгiсi негiзiнде логикалық құрал қолданылады, бiзге белгiлiсi кейнстiк қысқа мерзiмдiк тепе-теңдiк моделi. Кейнстiк өсу моделiнiң қарапайым түрi Е. Домар үлгiсi болып табылады, бұл моделде қапиталдың шектi өндiрiсi Леонтьев функциясы ретiнде қарастырылады.
Домар үлгiсi еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескередi. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың У-ке қатынасы ( K / Y) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келедi. Өнiм тек 1 ресурсқа ғана тәуелдi деп айтуға болады, ол – капитал /5/.
Неоклассиктер көзқарасы бойынша, экономикалық дамудағы басты шарт бұл iшкi ресурстар жиыны, яғни шетел көмегi емес, капиталдың қорлануы және халықтың өсуi.
Неоклассикалық модельдiң жалпы көрiнiсi келесi көрсеткiштерде:
- Өндiрiстiк функция, яғни тоқтаусыз еңбек және капитал комбинациясы санына байланысты өнiмнiң белгiленген мөлшерiн беруге мүмкiншiлiк беретiн.
- Еңбек ұсынысы функциясы. Халықтың тұрақты экзогендi өсу қарқыны, ал адам-сағат та тұрақты өседi.
- Жинақ функциясы.
- Рыноктағы қызметтердiң тепе-теңдiгi
Яғни неоклассикалық модельде басты орында өндiрiстiк функция тұрады /5/.
Ендi экономикалық өсудiң бiрнеше жаңа модельдерiне тоқталсақ. Жапондық модель 70-80 жылдары, өнеркәсiп, ғылым, қоғамдық кәсiпкерлiк, қаржы кеңiстiгi экономиканы мемлекеттiк реттеу, сыртқы экономикалық қатынасқа байланысты құрылды. Ондағы бәсекелестiк фирмаларға жаңа материалдардыигеруге және өңдеуге, шикiзаттарды өңдегенде жаңа әдiстердi енгiзуге, жартылай фабрикаттардың мөлшерiн арттыруға, ресурс жинақтаушы және қалдықсыз технологияға ауысуға итермеледi. Мемлекет қандай жағдай болмасын экономикаға өзiнiң тиiмдi әдiстерiмен қатысып отырды.
Еңбек ресурсын пайдалануды қарқындандыру жұмыскүшiнiң тиiмдiлiгн арттырып, жапониядағы экономикалық өсудiң ыңғайлы жаңа моделiн ұсынды. Жапонияның экономикада көлемдi құрылымдық бағытышикiзаттық тапшылығына байланысты құрылды. Осының есебiнен қызмет көрсету, ақпараттық және интелектуалдық кеңiстiкте экономика қарқынды дамыды. ҒТП ұлттық шаруашылықта 70-80 жылдары экономикалық өсудiң 70%-iн, ал қалған жылдары 90% iн қамтыды.
АҚШ-тың экономикалық өсудегi жаңа моделi қауiп-қатердiң көзiн құрту немесе әлемдегi лидерлiк позициясын ұстау есебiнде қарастырылады. Ұлттық шаруашылықтың дамуының басты жолы экспортты кеңейту және импортты алмастыруға байланысты.
Жапондық моделден өзгешелiгi Американдық экономикалық модель статистикалық көрсеткiштерге бағындырылады. АҚШ-та мемлекеттiк реттеу негiзiнен сырқты саясатта жүргiзiледi .