Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі,сондай-ақ жолаушылар тасымалының тең жарымы тиеді.Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жәнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады.Тек 1991-2003 жылдар аралығында Қазақстан темір жолы арқылы 220 миллион тонна мұнай мен мұнай өнімдері, 1,1 миллиард тонна көмір, 60 миллион тоннадан астам қара металл,барлығы -2,5 миллиард тонна әр түрлі халық шаруашылығы жүктері тасылды.
Ал кейінгі екі жылда бұл көрсеткіш одан әрі өсіп отыр.Атап айтқанда тек 2005 жылы темір жол көлігімен 222,7 млн тонна жүк тасылып, оның көлемі 10,5пайызға ұлғайған.Жүк айналымы 171,8 млрд тонна- шақырымды,ал жолаушылар тасымалы 12млн астам адамды қамтыған.
Қазақстан темір жолына талаптар жыл өткен сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан.
Олар төмендегідей :
- Темір жол қатынасының негізгі бағыттарын қазіргі кезеңнің талабына сай қайта құру;
- Трансазия магистралы бойынша жүк тасуды жетілдіру;
- Шет елдермен байланыс жасауда аса маңызды Достық-Ақтоғай станциялары арасындағы жол қатынасын одан әрі қарай дамыту;
- Жүк тасылатын басты аймақтарда қазіргі кезеңнің талабына сай жүк сақтайтын терминалдарды ұйымдастыру;
- Барлық көлік және коммуникациялық орындардың құрылымдарын қайтадан қарап жетілдіру және т.б.
1997 жылғы 31 қаңтарында Үкімет қаулысымен Алматы,Тың және Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік “Қазақстан темір жолы ” кәсіпорны құрылды. Ал 2001 жылы бұл мемлекеттік кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы акционерлік қоғамына айналдырылды.
“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының басқару құрамына департтаменттер, жеке басқармалар, кәсіпорынның жергілікті жерлердегі бөлімдері т.б. кіреді. Бұдан басқа оған халықты қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, құрылыс, жолды жөндеу, ғылыми экономикалық жобалау, телефон-телеграф байланысы, станциялар жанындағы жолдарда жүктер айналымын қамтамасыз ету басқармалары қарайды.
Қазақстанның темір жолының магистралын тиімді пайдалануда оның материалдық техникалық базасын нығайту, қазіргі кезеңнің жаңа техникасы және технологиясымен жарқтандырудың маңызы өте зор. Бұл бағытта соңғы жылдары едәуір ілгерушілік орын алған. Темір жолды жаңа техникамен жарақтандыру ең әуелі локоматив шаруашылықтарын қазіргі кезеңдегі талаптарға сай жақсартумен сипатталады.
Осыған орай тек 2005 жылы “Қазақстан темір жолы” республикалық мемлекеттік кәсіпорны бойынша 18 жөндеу, 28 локомотив депосы мен жөндеу кәсіптік кооперативтері, 41 техникалық қызмет ету пункті, 61 темір жолды керек жарақтармен қамтамасыз ету пункті және 3 тепловоздарды жуып тазартатын пункттер ұйымдастырылды. Қазірде Қазақстан темір жолының вагон шаруашылығына 16 пайдалану вагон депосы, 12 жөндеу депосы мен 4 вагон жөндеу ұжымы, 90 вагондарды техникалық жағынан күту, 56 пойыз және пойыздарға тіркелген вагондардың бұзылуын бақылайтын бекеттер қарайды .
Сонымен республикамызда 16 пайдалану вагон деполарымыздың ішінде Семей пайдалану вагон депосын зерттеуге алуды ұйғардым.
1933 жылдары Қазақстанда ірі өндіріс орындарының ашылуымен қатар жылдам қарқынмен темір жол желілері де көптен салынып дами бастады. 1936 жылдың басында Cемей вагон депосын құру туралы шешім қабылданды. 1940 жылдың қараша айында 806 километрлік Шар стансасынан Локоть стансасы телімінің соңғы буыны салынып болған кезде, Семейдің Қаражыра көмір кенін тасымалдауға жол ашылды.
Соғыс жылдарында Семей бөлімшесі арқылы жолаушылар таситын алғашқы вагондар жүре бастады, ал жүк вагондары көмір, кен, астық, құрылыс материалдары тасымалданды.
«Ол кезеңде темір жол желісінің екі осьті вагондардан тұратын поездар жүретін бір жолдық бағыты ғана бар болатын. Кейін әр типті тарту аспаптары, көтергіш механизмдері бар төрт осьті вагондардан тұратын поездар жүре бастады. Жылжымалы механизмдерді жөндеуші слесарлар тетіктерді қолмен тасыды, жарық болмай, түнгі мезгілде керосинмен жанатын шамдар пайдаланылды, ал поездарды жарақтандыру қолмен жүргізілді, қажетті қосалқы бөлшектер өгіздерге, кейін аттарға тиеліп тасымалданды» — деп естелік айтады бүгінде сол уақыттың көзкөргендері.
Вагон депосының құрылысы соғыс біткен соң да ұзақ жылдар бойы толық аяқталған жоқ, кезең-кезеңмен құрылысы жүргізіліп, жаңарып отырды. 1971 жылы тұрмыстық корпус салынды, кейін құрал-жабдық цехы, теплица пайдалануға берілді. 1974 жылы доңғалақ жұптарын жөндеуге арналған доңғалақ тығыршық цехы салынды.
1999 жылдың шілде айында «Семей вагон депосының кепілді учаскелерінің шекарасын ұлғайту туралы» № 345 — Ц бұйрығы негізінде Жана-Семей, Защита, Лениногорск, Зыряновск, Бухтарма, Серебрянка қосылды. «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының 2000 жылдың 09 наурызындағы № 524 — Ц бұйрығына сәйкес 2000 жылдың 01 желтоқсанынан бастап депоның жөндеу цехтары пайдалану жүйесінен бөлінді.
2001 жылдың шілде айынан бастап Семей вагон депосы Семей пайдалану вагон депосы болып өзгертіліп, Шұлғауов Сайлаубек Тұралықұлы директор болып тағайындалды.
Жаңа Дегелен темір жол желісінің ашылуына байланысты депо учаскелерінің қатарына Ауыл станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті, Локоть станцияларында вагондарға техникалық қызмет көрсетуді бақылау пункттері, бақылау қосындары қосылды.
Бүгінгі таңда Семей пайдалану вагон депосының қарамағында 8—вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті, 3—вагондарға техникалық қызмет көрсетілуді бақылау пункті, 21—бақылау қосыны жұмыс істейді. Депоның қызмет көрсету аумағының жалпы ұзындығы 1591,4 километрді құрайды.
Семей пайдалану вагон депосы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы болып табылады және филиал қызметінің аумақтық шекарасында магистральдік жолдармен жылжымалы құрамның айналымын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Филиал қызметінің негізгі мақсаттары:
— жоғары сапалы техникалық қызмет көрсету және жылжымалы құрамды жүк тасымалдауға дайындауды қамтамасыз ету;
— темір жолдарды техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Айтылған міндеттер мен мақсаттарға жету үшін Филиал келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
— вагондарға техникалық қызмет көрсету және оларды қолданыстағы ережелер мен тәртіпке сәйкес жүк тасымалдауға дайындау;
— құрылғылар мен жабдықтарды іске жарамды күйде күту және тиімді пайдалану;
— ғылым мен техниканың, озық тәжірибенің жаңа жетістіктерін енгізу;
— өндірістік қуатты толық пайдалану,
— еңбек процестері механизациясының деңгейін көтеру;
— өндірістік тәртіпті қатаңдату, кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру жөнінен шаралар жүргізу;
- поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыстағы ақаулы жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
— еңбек талаптарын жақсартуды қамтамасыз ету, жұмыс орындарын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нормалары мен өндірістік санитарияны сақтау;
— қоршаған ортаны ластанудан және Филиал қызметінің нәтижесінде туындайтын басқа да зиянды әсерлерден қорғауды қамтамасыз ету;
— материалдарды, отын мен электр қуатын үнемдеп жұмсау жөнінен шаралар жүргізу;
— тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету және өндіріс тиімділігін арттыру болып табылады.
Вагон депосының пайдалану қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштеріне келетін болсақ, олар жүк және жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, вагондарды жүк тиеуге дайындау, жүк вагондарын жуу және күнделікті ағытып жөндеу т.б. жұмыстармен айқындалады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына енуіне байланысты «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Семей пайдалану вагон депосы» филиалында ISO 9000:2000 стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Бұл өз кезегінде компанияның клиенттерімен және серіктерімен өзара қарым-қатынаста сапалы, жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашпақ.
Семей пайдалану вагон депосының ұжымы бүгінгі таңда жылжымалы құрамның сенімділігін арттырумен қатар, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, вагондарға техникалық қызмет көрсету саласын жақсарту,өндірістік көрсеткіштерді орындауға бағытталған жоспарлы жұмыс үдесінен шығу жолында еңбектеніп жатыр.
Енді кәсіпорынның экономикалық әлеуетін бағалау үшін оның техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтау қажет. Ол төмендегі кестеде көрсетілген.
3-кесте. «ВЧД-23»Семей пайдалану вагон депосының техника-экономикалық көрсеткіштері.
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2005жыл | 2006жыл | Ауытқу | |
+,- | % | |||||
1 | Өткізілген өнімнің түскен табыс(түсім) |
Мың теңге |
7438
|
10907
|
3469
|
146,6
|
2 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | Мың теңге |
478875 |
566698 |
87823
|
118,3 |
3 | Жалпы табыс | Мың теңге | -471437 | -555791 | 184354 | — |
4 | Кезең шығындары | Мың теңге | 29302 | 49771 | 20469 | 169,9 |
5 | Негізгі қызметтен түскен табыс | Мың теңге |
-500739 |
-605562 |
-104823 |
—
|
6 | Негізгі емес қызметтен түскен табыс | Мың теңге |
1635 |
1203
|
-432
|
—
|
7 | Салық салуға дейінгі жиынтық табыс | Мың теңге |
-499104 |
-604359
|
-105255 |
—
|
8 | Таза табыс | Мың теңге | -499104 | -604359 | -105255 | — |
9 | Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығын |
Теңге |
68,3 |
56,5
|
-11,8 |
— |
10 | Өнім рентабельдігі | % | -104,6 | 106,9 | -2,3 | — |
11 | Сату рентабельділігі | % | -6,7мың есе | -5,5 мың есе | -1169 | — |
12 | Өндіріс рентабельділігі | % | -3,7 есе | -4,3 есе | -0,6 есе | — |
13 | Жұмыскерлер саны | адам | 618 | 631 | 13 | 102,1 |
14 | 1 жұмыскердің еңбек өнімділігі | Мың теңге | 469,2 | 517,7 | 48,5 | 110,3 |
15 | Жұмыскердің жылдық еңбек ақы қоры | Мың теңге |
289964 |
326868 |
36904 |
112,7 |
16 | 1 жұмыскердің орташа айлық еңбекақысы |
Теңге |
39099,8 |
43168,0 |
4068,2 |
110,4 |
17 | НҚ орташа жылдық құны | Мың теңге | 96020,5 | 98111,5 | 2091 | 102,2 |
18 | Амортизация мөлшері | % | 442,8 | 460,0 | 17,2 | — |
19 | Айналым құралдарының орташа жылдық құны немесе қалдығы |
Мың теңге |
30366,5 |
31176,5 |
809,5 |
102,7 |
20 | 1 айналым ұзақтығы | күн | 1496 | 1043 | -453 | 69,7 |
21 | Айналым коэффициенті | 0,2 | 0,3 | 0,1 | 150 | |
22 | Қор қайтарымдылығы | Теңге | 0,07 | 0,11 | 0,04 | 157,4 |
23 | Қор сыйымдылығы | Теңге | 12,91 | 8,99 | 3,92 | 69,6 |
24 | Қормен қарулану | Мың теңге | 155,4 | 155,5 | 0,1 | 100,1 |
25 | Амортизация сомасы | Мың теңге | 425195,5 | 451359,5 | 26164 | 106,2 |
Жоғарыдағы кестеде көрсетілген мәліметтерге сүйеніп, ВЧД-23 Семей пайдалану вагон депосының экономикалық әлеуетін бағалауға болады. 2006 жылды 2005 жылмен салыстыратын болсақ өткізілген өнімнен түскен табыс мөлшері 3469-ға (146,6 %) ұлғайғанын көруге болады. Өнімнің өзіндік құны 2005 жылға қарағанда 18,3 % -ға өсті.Кезең шығындарын қарастыратын болсақ, олар 20469-ға, яғни өткен жылмен салыстырғанда 69,9 %-ға өскенін байқаймыз. 2005 жылы мен 2006 жылы рентабельділік көрсеткіштері теріс нәтижені берді.Бірақ 2006 жылы 2005 жылға қарағанда персоналдар саны 2,1 %-ға, 1 жұмысшының орташа жылдық еңбек ақысы 10,4 %-ға артты. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2,2 %-ға, ал айналым құралдарының орташа жылдық құны 2,7 %-ға өскенін байқауға болады. Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен
шығын 2005 жылы 68,3-ге тең болса, 2006 жылы ол 56,5 теңгеге тең болды. Бұл 2006 жылы оның 11,8-ге кемігендігін көрсетеді. Өндірістің тиімділігінің басты көрсеткіші – 1 жұмыскердің еңбек өнімділігі болып саналады, яғни бұл көрсеткіш 1 жұмыскерге шаққандағы орташа жылдық өндірілген өнімін көрсетеді. Осы кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәні 2005-2006 жылдар аралығында 10,3%-ға (48,5 мың теңгеге) өсті. 2006 жылы 2005 жылға қарағанда 1 айналым ұзақтылығы 30,3%-ға (453 күнге) кеміді, ал айналым коэффициенті жоғары мәндерге ие : 2005ж. 0,2-ке, 2006ж-0,3-ке тең(бұл коэффициент былтырғы жылға қарағанда 50%-ға артты.) Қор қайтымдылығы төмен нәтижені көрсетсе де, 2005 жылға қарағанда 0,04 теңгеге артқанын байқаймыз.Қор сыйымдылығы керісінше 3,92 теңгеге кеміді, қормен қарулану 0,1 %-ға өсті.
2005 жылдың жоспарына сәйкес негізгі қызметке 499001 мың теңге бөлінді, ал жылдың соңында бұл дерек 504896 мың.теңгеге дейін көбейіп кетті.Демек 2005 жылы 5895 мың.теңге жоспарға үйлеспеді. Оның ішінде жүк тасымалдауға-469001, қосымша қызмет көрсетуге-9115, әкімшілік шығындар-18951, өндірістік сипаттағы шаруашылық шығындарға — 11523 мың теңге жұмсалды. Оның пайыздық үлестері төменгі диаграммада көрсетілген.
1-Схема. 2005 жылы Негізгі қызмет бойынша шығындар анализі.
Жоспарға сәйкес қызметтің 86 %-ы орындалды. Соның ішінде «ЕАҚ» 773 мың.теңге, (99,7%),«Әлеум.есеп»-2758 мың.теңге (94,4 %), «Отын»-1286 мың.теңге (77,3 %),«Электр энергиясы»-152 мың.теңге (97,6%), «Өзге де қызметке»-2999 мың.теңге (90,3 %).«ОРУ АО аффелир»-17729 (17%) мың.теңгені құрады. «Материалдар»-8792 мың.теңге (118,5 %), «Тозу»-7208 мың.теңге (188,7 %), яғни материалдар 18,5%-ға, тозу-88,7 %-ға жоспардан асыра орындалды.
2006 жылғы жоспарда негізгі қызметке 707167 мың.теңге бөлінді, соның 607298 мың теңгесі ғана жұмсалды.Оның ішінде жүк тасымалдау -559935 мың.теңге, қосымша қызмет көрсету-6763 мың теңге,әкімшілік шығындар-21581 мың.теңге, өндірістік сипаттағы шаруашылық шығындар-19019 мың.теңгені құрайды.
Төмендегі диаграммадан бұл қызметтердің пайыздық қатынасын көруге болады.
2-Схема.2006 жылы Негізгі қызмет бойынша шығындар анализі.
Өткен 2005 жылмен салыстырғанда шығындар 108297 мың.теңгеге өсті. «ЕАҚ»- 70684 мың.теңге (109,1 %),«Әлеум.есеп»-10930 мың.теңге (111%), «Отын»- 1951 мың.теңге (139,2%),«Электр энергиясы »- 2874 мың.теңге (151,3% ), «Материалдар» — (112,4 %) бойынша шығындар ұлғайып кетті.Ал «Өзге де қызмет»- 3087 мың.теңге (94,8 %).«ОРУ АО аффелир»- 183 мың.теңге (95%) «Тозу»- 1563 мың.теңге (88,6 %) бойынша керісінше кеміді. 2006 жылы Еңбек ақы қорына компания бюджетінен — 341382 мың.теңге бөлінді.Жыл соңында бұл көрсеткіш — 341738 мың.теңгеге дейін жетті. Артық шығын мөлшері — 356 мың теңгеге тең болды. Бұны штат кестесінен тыс жұмысшыларды алу есебінен және жұмыстан босату жөніндегі жәрдемақы төлеуге кеткен шығындармен түсіндіруге болады.2005 жылмен салыстырғанда еңбек ақы бойынша шығындар 68447 мың.теңгеге көбейіп кетті,бұл өсу тарифтік ставкалар және штаттың артуына байланысты болды.
Осы талдауларға қарай отырып, «ВЧД — 23» Cемей пайдалану вагон депосының қызметі соңғы жылдары көп шығындарға тап болды. Көбінесе әкімшілік шығындарға, жұмыстан шыққан адамдарға өтем ақы төлеуге, банк қызметін пайдаланғаны үшін, сонымен қатар Бұқтырма, Лениногор, Защита стансасында кап.ремонт жүргізгеніне көп ақша қаражаты жұмсалды. Сол себептен депоның табыстылық деңгейі төмен нәтижені көрсетіп отыр.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтижелілігінің салыстырмалы сипаттамасын сипаттайтын рентабельділік көрсеткіштері төмен мәндерге ие болып отыр. Бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық тұрақтылық пен орнықтылыққа толыққанды жетпегендігін көрсетеді.