Қазақстанның нарықтық жүйеге көшу барысында жекешелендіру мәселесіне айрықша мән беріліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілді.Сол себептен мемлекет ірі өндірістердің құрылымын өзгертуге мәжбүр болды.Қазақстанда жекешелендіру мәселесі жалпы құқықтық актілер жүйесі арқылы реттеледі.Соның айғағы “Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы” Заң қабылданды,оның артынша Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен бекітілген бірінші бағдарлама –Қазақстанда мемлекет иілігінен алу мен жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Кәсіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру аукцион, конкурстар өткізу жолымен, сондай-ақ акционерлеу мен жекешелендіріп отырған кәсіпорынның балансында болған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды еңбек ұжымдарына беру арқылы жүзеге асырылды.
1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарлама мемлекеттік меншіктің қайта құрылуының тәртібін анықтады.Нысанның ел экономикасындағы маңыздылығына,салалық тиістілігіне,қызметкердің санына,негізгі қорлардың құнына сәйкес олар шағын, орта және ірі кәсіпорындар топтарына бөлінетін болды.Осы кездерде энергетика,көлік,металлургия,телекоммуникация,ірі сауда орталықтары салаларындағы обьектілер мен кәсіпорындарды жеке жобалар бойынша жекешелендіру басталды. Республикада 1993-1995 жылдары акционерлік қоғамдардың саны 331-ге дейін жетті. Оның 10 %-ы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесінде болды.Осымен қатар аграрлы-өнеркәсіптік кешенде холдингтік түрдегі 13 мемлекеттік акционерлік компания құрылды.
Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған төртінші бағдарламасы акциялардың мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы салалық министрліктер мен ведомстволарда берілген акционерлік қоғамдарды басқару саласындағы жаңа тәсілдерді көздеді. Мемлекетсіздену және жүйелендірудің он жылдық кезеңінде 2 мыңнан астам түрлі нарықтық типтегі ірі ұйымдық формалар құрылды.Берілген меншік түрлерінің өзгерістеріне мемлекетсіздену, жекешелендіру және басқарудың берілуі негіз салды.
Нарықтың қайта құрылуының ресми программалық құжаттарында, Қазақстан Республикасында мемлекетсіздену мен жекешелендірудің үш кезеңі анықталған. Шындығына келгенде, олар әлде қайда көп болған. Республикада мемлекеттік меншікті денационализацияның басталу есебі 1990 ж басталады, яғни сауда да, қоғамдық тамақтануда, тұрмыстық қызмет сферасында мемлекетті мемлекетсіздендіру туралы жергілікті халықтық Кеңес депутаттарының ұсыныстары берілген уақыттан басталады. Оларды жүзеге асыру 1991-1992жж. кішігірім жекешелендіру барысында жүрді. Бұл жылдар жекешелендірудің ресми бірінші кезеңі деп санайды. Ұйымдық құрылымға айналу бұл кезеңде мемлекеттік мүлікті коллективті сатып алу болды. Бұл кезеңде сауда саласында 30% жуық кәсіпорын, 40 %-құрылыстық және 25 % — қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жекешелендірілді.
1990 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан өнеркәсіп өндірісінде өндіріс көлемінің 70-ші жылдар деңгейіне дейін төмендеуі тіркелуде. Берілген тенденция төмендеудің тежеуімен 2003ж. бастап және соңғы жылдардағы тұрақтанумен байланысты. Өнеркәсіп өндірістің төмендеуінің салыстырмалы динамикасы шикізат саласындағы өндіріс салыстырмалы жай қысқаруы мен қайта өндіруші өндірістің көлемінің бірден төмендеуін мінездейді. Бұндай өндіріс көлемінің қысқаруы – сыртқы және ішкі нарық сұранысының төмендеуінің, сыртқы және ішкі нарық сұранысының төмендеуінің, өндірілген қорлардың жетіспеушілігі, төмен төлемдер өндірілген қорлардың жетіспеушілігі, төмен төлемдер ережелері, бартердің қолдануы мен ақша алмастырушылардың салдарынан болды.
1990ж. бастап осы күнге дейін республика өнеркәсібінің жағдайын талдауда мұнайдан басқа, барлық өндіріс саласының өклем төмендеуін көрсетті. Металл жасауда және машина жасауда (13,3%), жеңіл өнеркәсіпте (12%), химия мен мұнай – химиялық өнеркәсіпте (6,7%), құрылыс материалдар өнеркәсібінде (5%). 1990ж. көрсеткіш деңгейіне дейін төмендеуін көрсетті. Қара металлургия барлық өнеркәсіп көрсеткіштерінен жоғары деңгейде тұрды.
Шаруашылық комплексындағы реформа мемлекеттегі кәсіпорынның тек бір бөлігін ғана тиіп өтті.Республикадағы үлкен экономикалық массив қаржылық экономикалық сауықтандыру программасын қамтымады. Сонда да кейбір кәсіпорындар өз жағдайын тұрақтандырып, инвесторлар үшін тартымды болды. Өнеркәсіптің басқа жағы, проблемалар мен экономика өнеркәсіптің басқа жағы проблемалар мен экономикалық көрсеткіштерін дұрыстай алмады.
Қаржылық экономикалық сауықтандыруына бағытталған реформаның үлкен бөлігін кәсіпорынның екінші тобы құрайды. Бұл өнеркәсіптер республиканың үлкен өндірістік потенциалын қамтиды.
Екінші топтағы өнеркәсіптерді сауықтандыру барысында қаржылық тұрақтылыққа алып келіп инвесторлар үшін қызығарлықтай болады немесе қаржылық жағдайын одан да төмендетіп жіберуі мүмкін.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының экономикалық даму тенденциясы мен жағдайын талдау ұйымдық құрылымдардың құрылу ерекшеліктері мен дамуын анықтап көрсетті.
Қазақстанда реформа қарқынды түрде өтті. Он жылдың ішінде негізгі ірі кәсіпорындар түрлі меншік түріндегі акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды. Қайта құрудың қарқынды темпі жақсы және жаман жақтарын анықтады. Жақсы жақтарына өнеркәсіптің негізгі массасы өндірістік және коммерциялық қызметі нарықтық ұйымдастыруымен үйлесуі жатады. Сонымен қоса реформа жүргізу барысында ірі кәсіпорындардың бір бөлігі монополистер қолына беріліп, кәсіпорынның ұлғасымына алып келді. Ал, бұл өндіріс көлемін төмендетіп жіберді, тіпті кейбір түрін шығаруды тоқтатты.
Қазақстан өнеркәсібіндегі құрылымдық жылжу ірі өңдеуші өнеркәсіптердің нарық жағдайына тез бейімделуін және өздерінің өнімдерін өткізу нарығы бар екенін көрсетті. Сонымен қатар өнеркәсіптер сыртқы және ішкі нарықта қатты бәсекеге түсе бастады.
Келесі кестеде Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың 2000-2004 жылдар аралығындағы қызмет түрлері бойынша олардың саны көрсетілген.
Қазақстан Республикасындағы 2000-2004 жылдардағы акционерлік қоғамдардың нақты жұмыс жасайтындары.
Қызмет түрлері |
Жылдар | 2004 ж-ң 2000ж-ға %-бен | ||||
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
||
1.Ауыл шаруашылығы. | 327 | 276 | 249 | 214 | 173 | 52,9 |
2.Кен өндіру өнеркәсібі. | 99 | 93 | 88 | 86 | 81 | 81,8 |
3.Өндеу өнеркәсібі. | 962 | 861 | 790 | 675 | 618 | 64,2 |
4.Құрылыс. | 558 | 525 | 506 | 462 | 418 | 74,9 |
5.Сауда: автомобильдерді,тұрмыстық және үйде пайдаланатын бұйымдарды жөндеу | 766 | 795 | 743 | 635 | 550 | 71,8 |
6.Көлік және байланыс. | 572 | 513 | 468 | 409 | 354 | 61,9 |
7.Жылжымайтын мүлікпен операциялар. | 482 | 512 | 524 | 499 | 459 | 95,2 |
8.Қаржылық қызмет | 301 | 282 | 258 | 261 | 264 | 87,7 |
Барлығы | 4067 | 3857 | 3626 | 3241 | 2917 | |
Ескертпе: ҚР-сы Статистика агенттігі мәліметтері негізінде әзірленді |
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жоғарыдағы кестеде келтірілген деректерге талдау жасайтын болсақ, Республикада топ бойынша акционерлік қоғамдардың қызмет көрсету түрлерінің ішінен алғашқы орынды өндеу өнеркәсібі алып отыр. Өндеу өнеркәсібінің 2004 жылғы мәліметтерін құрылыс саласымен салыстыратын болсақ, оның 47,8 %-ға өскенін көруге болады. Екінші орында саудада қызмет көрсету, ал үшінші орынды көлік және байланыс қызметі алып отыр. 2004 жылы саудада қызмет көрсету көлік және байланыс саласына қарағанда әлдеқайда жоғарғы көрсеткіштерге ие болды, ол 55,3 %-ға артты. Аймақ бойынша қарастыратын болсақ ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласының үлесіне тиіп отыр. 2000 жылы акционерлік қоғамдар саны небары 1042 болған, ал 2004 жылы олардың көлемі 1174-ке дейін жетті, яғни оның 2004 жылды 2000 жылмен салыстырғанда 12,7 %-ға өскенін байқауға болады. Статистика агенттігінің 2004 жылғы мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның өзге де аймақтарында қызмет атқаратын акционерлік қоғамдардың көбі Алматы облысы (225), Оңтүстік Қазақстан облысы (199),Солтүстік Қазақстан облысытарында (114), шоғырланған.
Сонымен қатар келесі кестеде келтірілген мәліметтерді пайдалана отырып, Республикадағы барлық акционерлік қоғамдардың өндірістік және қаржы шаруашылық қызметін талдауға мүмкіндігіміз бар.
Қазақстан Республикасындағы Акционерлік
қоғамдардың 2000-2004 жылдар аралығындағы өндірістік және шаруашылық қызмет нәтижелері.
Көрсеткіштер. |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2004ж- 2000ж-%-бен |
1.Өндірілген өнім көлемі. | 1133502,0 | 1255514,4 | 1492672,2 | 1834433,0 | 2166810,2 | 191,2 |
2.Сатылған өнім көлемі. | 1066900,3 | 1165198,5 | 1384357,8 | 1707284,8 | 2011767,8 | 188,6 |
3.Cатудан түскен табыс. | 1505236,1 | 1629764,5 | 2028587,0 | 2525476,0 | 3157967,2 | 2,9 есе |
4.Қарапайым қызметтен болған барлық шығыстар | 1552039,2 | 1733308,5 | 1844105,7 | 2297027,3 | 2672517,0 | 172,2 |
5.Таза табыс. | 187142,0 | 145706,9 | 239199,0 | 341183,7 | 523220,9 | 2.8 есе |
Ескертпе: ҚР-сы Статистика агенттігі мәліметтері негізінде әзірленді. |
Бұл кестедегі мәліметтерге қарай отырып өндірілген өнім көлемінің 2004 жылдың 2000 жылмен салыстырғанда 91,2 пайызға өсіп отырғанын байқаймыз. Ал сатылған өнім көлемі 88,6 %-ға өсті. Сонымен қатар сатудан түскен табыс мөлшері 2 есеге өскенін көріп отырмыз. Кәсіпорынның таза табысы 2000 жылы 187142,0 мың теңгені құраса, 2004 жылы 523220,9 мың теңгеге дейін жетті. Демек оның 2,8 есе %-ға ұлғайғанын байқауға болады. Республикадағы акционерлік қоғамдардың 2000-2004 жылдар аралығында өндірістік, қаржы сфераларында тиімді қызмет атқарғанын аңғаруға болады.
Бұның барлығы өндірісті қайта құруға, жаңа инвестицияның ағылуымен, менеджмент және маркетинг қолданумен байланысты. Міне осыған байланысты мемлекет экономикасына шетел инвесторларды, сонымен қатар менеджмент пен маркетингті жетік білетін кадрларды тарту талпынысына байланысты болды.Осыған орай 2004ж. аяғында Бельгия, Швецария, Япония, Оңтүстік Корея және Қазақстан шетел компания басшыларымен келісім шарт жасасты. Ал 2005ж. экономиканың түрлі салалары бойынша 46 акционерлік қоғамды қамтитын 24 келісім-шарт жасалынды.