Кәсіпорынның қаржылық дағдарыс жағдайынан шығуының нақты жолдары оның тұрақсыздық себептеріне байланысты. Сондықтан көптеген кәсіпорындар тиімсіз мемлекеттік саясаттың әсерінен күйрейді. Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру жолдарының бірі қаржы жағдайы нашар шаруашылық субъектілердің мемлекеттік қолдау қажеттігі болып табылады. Бірақ мемлекеттік бюджеттің тапшылығы себебінен мұндай көмекті барлық кәсіпорындар ала алмайды. Акционерлік кәсіпорынның меншіктік айналым капиталы тапшылығын қысқарту мақсатында оны жаңа акциялар мен облигациялар шығару және орналастыру есебінен толықтыруына болады. Бірақ жаңа акцияларды шығару оның бағамының құлдырауына соқтыруы мүмкін және бұл банкроттықтың тағы бір себебі болуы мүмкін. Сондықтан батыс елдерінде көп жағдайда белгіленген проценттік кірістерімен конвертацияланатын облигациялар шығаруға тырысады және оны кәсіпорынның акцияларына ауыстыру мүмкіндігімен.
Банкрот деп танылған кәсіпорындарға бірқатар санкциялар қолданылады:
— өндірістік қаржы қызметін қайта ұйымдастыру;
- мүліктерін сатып, жою;
- кредиторлар мен кәсіпорын меншік иелері арасында келісім;
Қайта ұйымдастыру процедуралары төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жолымен белгілі бір ұйымдастыру техникалық шаралар жүргізуді қарастырады.
Талдаудың нәтижелері бойынша бағдарлама жасалуы қажет және банкроттыққа жібермеу және оны «қауіпті аймақтан» шығарудың ішкі және сыртқы резервтерін кешенді пайдалану мақсатымен кәсіпорынды қаржылық сауықтыру бизнес-жоспары жасалады.
Акционерлік кәсіпорындардың банкроттығын болдырмаудың жолдарының бірі акциялар бойынша дивиденттерді төлеуді қысқарту немесе толық бас тарту, акционерлерді қаржылық сауықтыру нақты бағдарламасымен және болашақта жоғары дивиденттер төлеуге сендіру шартымен.
Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың маңызды көзі факторинг болып табылады, яғни дебиторлық қарыздарды талап ету құқықтарын банкке немесе факторингтік компанияға беру, немесе келісім-шарт — цессия. Бұл бойынша кәсіпорын өзінің талаптарын несиені қайтаруды қамтамасыз ету ретінде дебиторларын банкке беру.
Кәсіпорынның материалды-техникалық базасын жаңартудың тиімді әдістерінің бірі лизинг болып табылады. Бұл бойынша жалға алынған мүліктің төлемін толық бір мезгілде талап етпейді және инвестициялаудың бір түрі ретінде қызмет етеді. Лизингтік операциялар бойынша жеделдетілген амортизацияны қолдану жабдықтарды оперативті жаңартуға мүмкіндік береді және өндірісті техникалық қайта жарақтауды жүргізеді.
Несиелерді кәсіпорынға жоғары табыстар алып келетін пайдалы жобаларға тарту тағы да бір кәсіпорынды қаржылық сауықтыру резервтеріне жатады. Осыған өндірісті диверсификациялау шаруашылық қызметтің негізгі бағыттары бойынша мәжбүрлік жоғалтулар бір бағыттағы басқа бағыттың пайдасымен жабылады.
Меншіктің капиталдың тапшылығын құрылыс мерзімін қысқарту, өндірістік коммерциялық циклды, қорларды жоғары нормативтік қалдығын, аяқталмаған өндірісті және т.б. қысқарту жолымен оның айналымдылығын жеделдету есебінен азайтуға болады.
Тұрғын үй, әлеуметтік, мәдениет, тұрмыс объектілерін ұстау шығындарын оларды жергілікті меншікке беру жолымен қысқарту негізгі қызметке капиталдың келуіне көмектеседі.
Негізгі өндіріс шығындарын қысқарту және тиімділігін жоғарылату мақсатында кейбір жағдайларда негізгі өндіріске қызмет көрсететін қызмет түрлерінің бірқатарынан бас тарту дұрыс және маманданған ұйымдардың қызметін пайдаланған орынды.
Егер кәсіпорын пайда алып, бірақ төлем қабілетсіз болса пайданы пайдалануды талдау қажет.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту резервтерін анықтау кезінде өтім нарықтарын, сұраныс пен ұсынысты зерттеу бойынша маркетингтік талдау жасау және осының негізінде өнім өндірісінің тиімді ассортименті мен өндіріс құрылымын жасау үлкен көмек көрсетуі мүмкін.
Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі және неғұрлым тиімді бағыттарының бірі өндірістің пайдалылығын ұлғайту бойынша және шығынсыз жұмысқа жету үшін ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Ол үшін кәсіпорынның өндірістік қуатын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсекелестік қабілетін жоғарылату, оның өзіндік құнын төмендету, материалдық, еңбек, және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік емес шығындарды қысқарту қажет.
Әр кәсіпорында жоғалтулардың барлық түрін жүйелі түрде анықтау үшін шығындарды немесе жоғалтуларды белгілі бір топтарға біріктіріп арнайы реестр жасау қажет:
А) брактан (жарамсыз өнім);
Б) өнім бермейтін өндіріс бойынша;
В) өнім сапасының төмендеуінен;
Г) сұраныс болмайтын өнімнен;
Д) пайдалы тапсырыс берушілер, пайдалы өтім нарықтарынан айырылып қалудан;
Е) кәсіпорынның өндірістік қуатын толық пайдалана алмағандықтан;
Ж) өнімнің бір бірлігіне белгіленген нормадан артық ресурстардың шығындалуы;
З) материалдар мен дайын өнімнің бұзылуы мен жетіспеушілігі;
И) толық тозбаған негізгі құралдарды істен шығарудан;
К) келісім-шарт тәртібін бұзғаны үшін айып санкцияларын төлеуден;
Л) мерзімі өткен дебиторлық қарыздардан;
М) Тиімсіз қаржыландыру көздерін тартудан;
Н) табиғат апаттарынан т.б.
Осы жоғарыдағы шығындар мен жоғалтулардың динамикасын талдау және оларды жою бойынша іс-шаралар өңдеу шаруашылық субъектінің қаржы жағдайын жақсартады.