Өнімнің сапа деңгейі оның көрсеткіштер жүйесінің негізінде анықталады. Ол деңгейді анықтау үшін әр көрсеткіштің сандық мағынасын біліп, салыстыруға негіз ретінде алынған өнім көрсеткіштерімен салыстыру керек. Өнім сапасының көрсеткіштері ретінде оның сандық мазмұнын табу танылады. Ол үшін іс жүзінде өнім ерекшеліктеріне байланысты бірнеше әдістер қолданылады:
- өлшеу әдісі (құралдар мен жабдықтар көмегімен);
- тіркеу әдісі, ол тіркеу мен санаққа негізделеді (белгілі оқиғалар, заттар). Тіркеу әдісі арқылы патенттік-құқықтық, стандарттау, унификациялау сияқты көрсеткіштер анықталады.
- есептеу әдісі өнім сапасын анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді пайдалануға негізделеді;
- органолептикалық әдіс адамның сезу, тану мүшелерінің талдауын қарастырады;
- әлеуметтік әдіс өнім туралы тұтынушылардың көзқарастарының талдауының негізінде жүргізіледі;
- эксперттік әдіс мамандар (дизайнерлер, дегустаторлар және т.б.) тобымен іске асырылады.
Cонымен, осы әдістерді сызба түрінде беретін болсақ, ол жоғарыдай болып келеді.
Сонымен қатар, іс жүзінде өнім сапасын бағалау үшін өнім сапасынның жеке және жалпылаушыларын қамтитын көрсеткіштер қолданылады. Сапаның жалпылаушы көрсеткіштері өнім сапасын бір кәсіпорын бойы тұтастай сипаттайды. Оларға сорттылық, марка, класс, пайдалы заттың болуы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнім үлесі және т.б.
Жеке көрсеткіштер түрлі болып келеді де, олар өнімнің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты болады. Оларды үлкен екі топқа жинақтауға болады: жеке еңбек құралдарының көрсеткіштері және жеке еңбек қаражат құралдары.
Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар
Кез- келген кәсіпорында өнім сапасына түрлі факторлар ықпал тигізеді. Сонымен қатар олар дәстүрлі түрде ішкі және сыртқы факторлар болып бөлінеді. Факторлардың атаулы екі түрін де кесте арқылы беретін болсақ, ол мынандай болып келеді:
Кесте – 1. Өнім сапасына әсер ететін факторлар
№ |
Факторлар |
|
Ішкі |
Сыртқы |
|
Ішкі факторларға кәсіпорынның тиесілі сапалы өнім шығару қабілетімен байланысты факторлар жатады. Олар түрлі болып келеді. | Сыртқы факторлар нарық қатынасы кезінде өнім сапасын қамтамасыз етуде үлкен әсерін тигізеді. Бұлардың қатары көптеген түрлермен толығып отырады. | |
1 | Техникалық. Өнім сапасына тікелей әсер етеді. Сол себептен, жаңа техника мен технологияларды енгізу, жаңа материалдарды пайдалану, неғұрлым сапалы шикізат қолдану бәсекеге қабілетті өнім шығарудың негізі болып табылады. | Нарық және тұтынушылар талаптары. |
2 | Ұйымдастырушылық. Еңбек және өндірісті ұйымдастырумен, өнім сапасына деген тәртіп пен жауапкершіліктің жоғары болуы, қызметкерлердің сәйкес келген біліктілігімен, сапаны басқару мен оны сертификаттау және т.б. ұйымдастырушылық қызметтермен тығыз байланысты болып келеді. | Бәсекелестік. |
3 | Экономикалық. Өнім шығару мен оны іске асыру шығындарымен, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету шығындарымен, баға жасау саясаты және жоғары сапалы өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін қызмемткерлерді экономикалық ынталандыру жүйесімен шартталады. | Өнім сапасы саласындағы нормативті құжаттар. |
4 | Әлеуметік-психологиялық. Ұжымдағы сау әлеуметтік-психологиялық хал-ахуалдың болуына, ыңғайлы жұмыс орынына, қызметкерлердің өз өніміне деген мақтанышының болуына ықпал етеді. | Кәсіпорын имиджі. |
Берілген кестедегі ішкі факторларға тоқталсақ, кәсіпорын өндірісіндегі кейбір мәселлерді шешкен кезде қай фактордың басым екенін анықтау қиынға түседі, себебі олар бірін- бірі толықтырып отырады да, өнімнің сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Ал сыртқы факторлар жалпы өндірістің дамуына әсер етеді. Мысалы бәсекелестік факторын алатын болсақ, ол атап кеткен техникалық фактордың іске қослыуын қамтамасыз етеді, яғни жаңа технологияларды, жаңа құрал-жабдықтарды, жаңа материалдарды қолдану мен енгізуді талап етеді, соған дәнекер де болады. Бәсекелестік экономикалық тұрғыдан екі кәсіпорын арасындағы бақталастықты білдіреді. Сол себептен барлық ыңғайлылықтарды ескеріп, шешім қабылдауға жағдай жасайды. Бәсекелестіктің түрлері көп. Олар сала аралық және ішкі салалық болып бөлінеді. Іске асырылуы бойынша бағалық және бағалық емес болып бөлінеді.
Сонымен қатар өнімнің сапасына ықпал етуші факторлардың бірі болып стандарттау танылады. Бұл да дүние жүзіндегі ҒТП жылдамдатушылардың бірі болып табылады. Сыртқы факторлардың құрамына кіретін нормативті құжат стандарт деп аталады. Стандарт стандарттау нысанасының ерекшеліктеріне және оған қойылатын талаптарына байланысты келесідей болып келеді:
- негізгі стандарттар;
- өнім мен қызмет көрсету стандарттары;
- үрдіс стандарттары;
- бақылау әдістерінің стандарттары.
Стандарттаудың жайылу көлеміне қарай олар келесілерге бөлінеді:
- ұлттық. Бір елдің стандарттау бойынша ұлттық органымен қабылданған стандарт.
- Аймақтық. Стандарттау бойынша халықаралық аймақтық органмен қабылданған стандарт.
- Мемлекетаралық. Стандарттау, метрология және сертификация саласында ортақ келісімге келген мемлекеттер арасында қабылданған стандарт.
- Халықаралық. Стандарттау бойынша Халықаралық ұйыммен (ИСО) қабылданған стандарт.