Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибиесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім – тәрбие.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микросаясатының басты басымдылығы.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынадай:
- Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
- Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешу әдістері, қызметтің әр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
- Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру.
- Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып абтылатын коммуникативтілікті дамыту.
Сабақтастылықты қамтамасыз ету құралдары үздіксіз білім беру технологиясы болып табылады.
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсізді алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасады, Әлемдік өркениетпен ықпалдасуда, жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда.
Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің экономиялық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде қазіргі білім беру жүйесінің адам капиталының ролі мен мәні артуда.
Білім беру саласының жәй күйін талдау бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларымен нашар қамтылған деп атап көрсеткендей – ақ. Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдік тұрғыдан ескірген,- деп жақындаған көпшілік талқысына ұсынған білім министірлігінің Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасында анықтан – анық көрсеткендей біздер балабақша әдіскерлер қарап отырмауымыз керек. Бұл орайда тұжырымдама жобасы біздердің алдымызға мақсат міндеттерқойып отыр: — білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіруді жүктейді.
Білім берудің деңгейлері әрине, тағы да балабақшадан басталмақ. Мақсаты – мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзету бағдарламаларымен қамтхуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейге қызыметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын,оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиіспіз.