Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту ісі егеменді еліміздің саяси, әлеуметтік, қоғамдық даму талаптарының туындап отыр.
Бұрынғы одақтық бағдарламаларда баланың жеке тұлға ретінде дамуына нақты әсер ететіндей емес, жалпы ұжымдық мақсатқа жету жолдары ғана көзделген. Әрі баланың өз ой-пікірін, сезімін еркін дамытып, үлкендермен, құбылыстармен қарым-қатынаста болуына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына ойдағыдай көңіл бөлінбей келгені белгілі.Сондықтан Қазақстан Республикасын «Білім туралы» Заңы, «Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің тұжырымдамалары» басшылыққа алына отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңартуға негізгі тірек бола алатын, қазақ халқын елдік рухани ерекшелігіне бейімделген жаңа «БАЛБӨБЕК» бағдарламасы жасалды.Аталмыш бағдарламаның басты жаңалықтарының бірі-тақырыптық жүйеде топтастырылып, баланың мінез-құлқын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне үйлесімді қалыптастыру көзделген имандылық-инабаттылық тәрбиесі бөлімінің енгізілуі, әрі тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру.