Президент Н. Назарбаев атап көрсеткендей, «қырғын соғыс, құлақ естіп, көз көрмеген лаңкестік әрекетттер, әлемдік деңгейдегі текетірес, ұлтаралық мемлкетет аралық қақтығыстар толастар емес». Осы қақтығыстардың дінмен байланыстырылуы, біздіңше тегін емес. Бұл мәселе едәуір жарияланымдар болғанына қарамстан, әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді. Осы күнге дейін діни фундаментализм идеясының мәні және оның адамдардың психологиясы мен мінез-құлқына әсері толық зерттеліп болған жоқ. Лаңкестік жолға түскен адамдардың іс-әрекеті неліктен дінмен байланыстырылады. Неліктен терроризм мен антитероризм арасындағы күрес діни белгілеріне карай жүргізіледі. Діни идеяларының қайта күшейе түсуінің Қазақстанда діни экстремизм бас көтеруіне қаншалықты ықпалы бар? Адам немесе белгілі бір топтың лаңкестік екенін анықтаудың критериі неде? Бұл жұмысымда осы және басқа мәселелер қарастырылады.
Шынайы әлемдік діндер тікелей экстремизмге шақырмайды. Оның тек фундаментализм бұрмалаған түрлері ғана экстремизмге лаңкестікке бой ұрады. Олардың көріністерін тарихи деректерден білеміз. Фундаментализм не дегенде, ол ең алдымен мынада: Фундаментализм қай дінде болсада бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі дінді «бұзылды» оны жақсартамыз деп немесе өзге діндердің «озбырлығынан қорғанамыз» деген сылтаулармен жүргізілетін экстремистік тіпті лаңкестік әрекеттер. Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, «фундаментализм» деген ұғымнның өзі Исламның өңін айналдырғаны сияқты, Хрестияндықтыңда, Иудайзмнің де өңін айналдырған ұғым екенін атап өткен жөн. Керек десеңіз, біздің ұғымымыздағы осы күнгі «фундаментализм сөзінің» төркіні де Исламға мүлде қатыссыз болған. Алғаш рет XX-ғасырдың, 20-жылдарында кальвинистер, пресвитериандар және баптистер сияқты християндық қауымдар өкімін фундаменталистер деп атай бастағанды. Міне, олай болса, фундаментализм тек Ислам дініне қауіпті құбылыс емес. Ол тағы да Н. Назарбаев айтқандай айтқандай «бүгінгі дүниеде Фундаменталистік ағым әлемнің барлық тарабына АҚШ-та Еуропада, Оңтүстік Шығыс пен Орталық Азияда, Солтүстік Африкада және Таяу Шығыста, сонымен бірге әлемдік діндердің барлығында төбе көрсетіп отырғанын да ескерген абзал» «Фундаментализм» «экстремизм» ұғымдары қызметіне де байланысты. Терроризм оның асқынған көрінісі — бейкүнә адамдарды жаппай қырып жоятын, қорқыныш пен үрей тудыратын күштеудің шектен шыққан ең жеккөріністі түрі. Оның себептері де алуан түрлі. Бірақ олардың көбінің саяси сыр-сипатын анықтау оңай емес. Белгілі бір саяси күштер радикалдық жолға түскендердің наразылықтарын қалуға тырысады. Оның да түр-түрі бар: жиналыс, шеру, антиглобалдық, антиамерикандық наразылық және т.б. осындай қазғалыстар экстремизм идеологтарының назарына ілігеді, осы арқылды түрлі желеулермен радикалды көңіл-күйдегі адамдар легін толтырады. Олар өз реттерінде экстремистерге, сепаратистерге бөлініп, көбінде діндер араснындаығы текетірес ретінде көрініс беруде.
Қазіргі кезде ислам дүниесі әлемдік азуы мықты ақпарат құралдарының «азығына» айналып отыр. Кез-келген бас көтеру, террорлық акт болсын түп негізін Исламцға тірей салуға әуес. Ал осындай «ақпараттар соғысының» нәтижесінде «Ислам терроризмді» деген пікір қалыптасып кетті. Осыған байланысты әлем елдерінің көпшілігі АҚШ- президентін исламға қарсы бастаған жорығы үшін қатты айыптауда. Оған себеп АҚШ-тың негізінен ислам елдеріне қарсы соғысатыны. Пакистан унивверситетінің ректоры Маулан Сами-уль-Хактың айтуынша: «Это борьба межлу крестом и исламом, начавшаяся атакой США на Афганистан».
Соңғы кездері, әсіресе орыс тілді баспасөз беттерінде де ислам экстремизмі туралы жиі айтылуда. «Қазақстан Еуропадан келген әртүрлі қоғамдық ұйым өкілдері «Ислам экстремизмі» тақырыбы ғылыми конференциялар ұйымдастырып, оған өзіміздің атқарушы билік басындағылар, саясаттанушылар да қатынасып, тіпті кейбір лауазым иелері осы тақырыпта баяндама да жасап жүр»-деп қынжылады Балқаш ауданынан С.Мұқанқызы.
Шындығында ислам дінінде адамдарды бір-біріне қарсы қоятын бірде бір идея таба алмайсың. Бүкіл адамзатты оқуға, білімге, ізденіске, ғылым жаңалықтарын ашуға үндейді. Таза жүруге, адал еңбек етуге, бір-біріне кешірімді болуға шақырады. Ең бастысы, өзіне дейінгі бірде-бір дінді, бірде-бір пағамбарды жоққа шығармайды.
Бұл айтылғандардың шығатын қортынды: терроризмге қарсы күрес ислам дініне қарсы күрес ретінде жүргізілмеуі тиіс.
Сонда діни негіздері экстремизм, конфессияаралық төзбестік қайдан шығады? Мәселе осында. Зерттеулер көрсетіп отырғандай олардың негізінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және діни айырмашылықтар қайшылықтары жатыр. Қалай дегенде де діни экстремизмнің сол дінмен бір байланысты жағы бар. Оны анықтау үшін фундаментализмнің пайда болуы тарихына көз жүгіртіп, ой елегінен өткізу қажет. Бұл жөніндегі біздің зерттеулеріміз мынаны дәлелдеп отыр.
Орта Азияда діни фундаменталистер, яғни Ваххабистер Ислам Дінін тазарту желеуімен саяси экстремистік жолды ұсынады, Тіпті лаңкестікке бой алдырып ұрады. Ал оның шығу себептерін түсіну үшін мұсылман елдерінің әлеуметтік өміріндегі исламның рөлін жете түсінбей болмайды. Ол үшін оны тереңірек қарастырып көрейік. Шығыстағы исламның рөлі, Еуропадағы хрестиандықтан гөрі өзгеше. Еуропа инкивизацияның шарықтап тұрған кезінің өзінде, хрестианшылдық зайырлы билікті түгелімен ығыстыра алған жоқ. Ал ислам діні болса барлық жағынан, саяси әкімшілік, әлеуметтік құрылым, мәдениет және діншілдердің тұрмыстық жақтарының бәрін, яғни мсұсылман қауымының өмірін түгелдей қамтыды. Мұсылман елінің адамы исламға қарсы шығатын болса, онда ол, әлемге және қоғамға қарсы болып табылады, яғни өзін осы қоғамнан тыс, заңнан тыс қояды. Осының барлығы мұсылман елдерінің саяси-әлеуметтік өмірінде исламның ерекше рөль атқаратындығын көрсетеді. Исламның күші оны жақтайтындардың санында емес, ең алдыммен, Мұхаммед белгілеп кеткен мұсылман қауымдастығының идеялық – институционалдық бірлігінде. Ол әлем мұсылмандарын, олардың мәдени және этникалық ерекшеліктеріне теориялық жағынан ғана емес, керек болса тіпті, іс-жүзінде топтастырады. Қоғамдағы діннің осындай жағадайда, рухани және әлеуметтік – саяси жіктерді ажырата қарау мүмкін емес. Олар бірнеше жүздеген жылдар бұрынғыдай рухани өмірге үлкен ықпал етеді және саясатта белсенді рөль атқарады. Оның үстіне үстіне соңғы жылдары исламның беделі мен белсенделігі ислам мемлкеттерінің батыстық экспансияға қарсы наразылықтарына байланысты арта түсті.
Исламның этикалық ілімі бойынша, жақсылыққа жақсылық, қайырымды болу парыз. Сол сияқты туған-туыстарға, қарттарға құрметпен қарау міндет. Осы және басқада айтылған әлеуметтік идеяларының мұсылман елдерінде билік басындағылардың саяси билігін күшейту үшін пайдаланылады. Халық бұхарасы мұны кеңінен мойындайды, әлеуметтік әділеттік деп түсінеді. Сонымен Шығыста исламның қоғам өміріндегі тәртіптері тек діни түрде ғана сақталған. Міне осының өзі бір жағынан белгілі бір жағдайда тілалғыштарды жанкештілікке итермелейді. Мұның негізінде біздіңше сол жанкешті фанатик жанның исламдық ілімді жете игере алмай кателесуінде жатыр.
Ислам фундаменталистері халқының көпшілігі мұсылман болып табылатын мемлкеттерде Мұхаммед пайғамбардың кезіндегідей тәртіп орнатпақшы болады. Басқаша айтқанда исламдық өркениет құндылықтарын сақтап, байырғы мұсылман мемлекетін қайта орнатпақшы болады. Осы жолда олар ислам дінінің бұрынғы негізіне қайта оралуыды көздейді. Ал, ол бойынша, исламдық діни қайраткерлер мемлекетті де басқаруы тиіс. Ислам фундаментализмнің мәні осында. Оның үстіне исламшыл теоретиктер халықаралық қатынастар докртинасын құран уағыздарына негіздейді. Онда бүкіл әлем екіге бөлінеді: Мұсылман қауымдастығы және қалған басқа дүние. Бұлайша бөлу исламдық және исламдық еместіктердің теңсіздігі болып саналады.Осы талап бойынша мұсылман еместерді мұсылмандықты қабылдауға шақырады. Бұл сияқты талап кезінде хрестиан дінінің тарапынан да қойылған болатын. Олар осыны өркениеттілік деп есептейді. Бұл өз алдына зерттеуді қажет етеді. Ислам теоретиктері өз доктриналарының бейбітшілік сипатын дәріптеп, Құранға жүгінетіні рас. Бірақ Құранда «дінге зорлап кіргізуге бомайды» делінген. Осы қағидаларда біздіңше, қайшылықтар бар. Ислам дінін тарату туралы уағыз оның докртинасының бейбіт бағытына толық сәйкес емес.
Шындығында бұл саяси тәжірбиеде исламға ғана емес, Хрестиандық дінде де орын алып келеді. (Рим Папасының католик дінін тарату уағызын айтуға болады). Осылайша әлемде діндердің өзара қарам-қайшылығы орын алуда. Мұның үстіне «біріңғай исламдық мемлекет» құру идеясы күштеу әдістеріне, тіпті лаңкестікке соқтырула.
Діни фундаментализмнің Қазақстанға ықпалы: Орта Азия мемлекеттеріндегі діни фундаментализмгің (Уаһһавистік идеялардың) Қазақстанға таралу қаупі жөнінде біріне-бірі қарама-қарсы екі пікір барын жасыруға болмайды. Олардың бірі Қазақстанға діни фундаментализм ешқандай қауіп төндірмейді десе, екіншілері, қауіптің қатерін асыра бағалап, «еліміздегі қазіргі діни жағдай іргесіне жарылғыш заттарды жинап қойған алып үйдің жағдайымен бірдей», дейді. Еліміздегі діни ахуалды талдап қарайтын болсақ, біздіңше келешек тұрғысынан қарағанда соңғы көзқарас дұрысырақ сияқты. Енді сол діни фундаменталистердің Қазақстанға таралу қаупінің алдын-алу мәселесіне келгенде де, көзқарас екіге жарылып отыр. Мсалы, Ж. Жеңіс ол жөнінде өз ойын былай деп білдіреді: «Осы болмай қоймайтын бітіспес қақтығыстардың алдын алудың бірден бір жолы-дәстүрлі исламды мемлкеттік дәрежеде қолдау көрсетіп, кеңінен насихаттау. Батыс мәдени-экономикалық саяси экспансиясына қарсы тұра алатын бірлен-бір күш ислам» Бұл пікір бір қарағанда біздіңше, қате. Біріншіден, дінді насихаттап қанша қолдау көрсетілмегенімен, олардың арасында діни эксртемистердің де қосыла келетін ұмытуға болмайды. Екіншіден ислам лінін мемлекеттік дін деп жариялау, басқа жағын айтпағанның өзінде, конституцияға қайшы.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «идеологиялық және саяси көптүрлілік мойындалады» деп бекітілді де, әртүрлі плюралистік бағыттағы көзқарастар мен ағымдардың қатар өмір сүруіне жағдай жасады. Кейбір саяси күштер осыны және Қазақы көңілшектікті ұтымды пайдаланып, түрлі діни секталардың елімізде қаптап кетуіне жол беріп алды. Ал, оның салдары жақсы болмайды. Кейбір сарапшылардың пікірінше елімізде дәстүрлі емес діни ағымдар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап, қатарларын көбейтіп, парламентке өз өкілдерін сайлай алатындай халге жетіп отыр. Ортақ саяси-экономикалық мүдделер үшін неден де болса тайынбайтын алпауыт мемлекттердің қаржылық қолдауымен еліміздегі діни ағымдар өзара бірігіп, жаман ойға кетсе қауіпті. Сондықтан бұд жөніндегі құқықтық негіздегі осы бастан реттемесе болмайды. Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «жалпы екі заттан-діни фанатизм мен діни дүмшеліктен бірдей сақтанған жөн». Діни дүмшелік қалай келсек, оған мысалдар жетіп жатыр. Қазақстанда проваслевие дінін жақтаушылар батыстық және шығыстық шіркеулердің айырмашылықтарын жете түсіндіріп жете түсіндіріп бере алмайды. Сол сияқты өздерін мұсылманбыз деп есептейтін қазақтарда, шииттер мен сунниттердің айырмашылығын айтуға қиналады. Бұл сөзсіз діни дүмшелік. Оның бір себебі ондаған жылдар жүргізілген мемлкеттік атейзм саясаты. Ал діни фанатизм ұғымы дегенде, тарихтан белгілі болғандай, шамалы ғана діншілдік өзі өмірге фанатизмнің небір ұшқары түрлерін әкелген. Оның үстіне біздің Республикамен шектес Орта Азия мемлекеттерінде дінді саяси өмірдің бір кілтіне айналдырған құпия немесе жария діни орталықтар бар.
Діни фундаментализм мен лаңкестіктердің таралу аясы: Қазіргі кезде діни фундаментализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Қазақстанда қазіргі кезде діни конфессиялардың өзара келісім жағдайында болуына қарамастан, бұған керісінше, әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діндер арасындағы қақтығыстар жалғаса түсуде. Оған мысалдар көп Мысалы Англиядағы Ольстер мәселесі, Индия-Пакистан шиеліністі, Шығыс тимордағы қанды оқиғаларды Нигериядағы конфессияаралық қақтығыстар, діни факторларды пайдалану арқылы саяси мәселелерді шешуге тырысуда.
Қысқасы терроризм мен антитерроризм арасындағы күрес негізінен діни белгілеріне қарай жүргізілуде.
Тарихқа үңілетін болсақ, діндер арасындағы шайқастар не бір адам айтқысыз қантөгістер сұмдық терроризмге әкелген. Жавахарлам Нерудің «әлем тарихына көзқарас» еңбегінде айтылғандай, «жүз жылдан аса уақыт бойы хрестиандық пен ислам Сирияда, Палвестина мен Кіші Азияда үстемдікке жету үшін күреседі, олар бір-біріне күшін сарқып, әлгі елдердегі жердің әрбір бөлігін адам қанына бөктіреді. Бұрынғы гүлденген қалалар саудасын тоқтатып, бір кездегі көркінен айбатынан айырылады». Нерру айтқандай күрес біздіңше, қазір де жалғасуда.
Соңғы кездері әлемдегі кеңінен таралған христиандық пен исламдық өркениеттердің тайталастылығы негізінде қауіп-қатер күшейе түсуде. Себебі осы кезде орта ғасырлық «крест жорығы» және «жихад» ұғымдары кеңінен қоданылды. Ал Қазақстанда діни негіздерге қайта оралудың кұшейгендігін мына деректерден-ақ байқауға болады: Қазақстандағы мешіттердің саны 25-1500-ге дейін жетсе, проваславиялық приходтарының саны – 4 есеге дейін көбейген, католикалық шіркеулердің – 3/1 есеге артқаны мәлім. Протестанттық бірлестіктердің миссиялары мен мінәжәт үйлері, иудейлердің қауымы – 21-ге дейін жетті. 40 астам конфессияны қамтитын 3000-ға жуық діни бірлесттіктер бар. Басқа да дінибағыттар өсе түскен. әлеуметтік зерттеулер көрсетіп отырғандай республика тұрғындарының 95,2 пайызы діндарлар, 2 пайызы ғана өздерінің дінінің ашық қарсыластарымыз деп санайды, қалғандары бейтарап қараушылар.
Бірақ бұларды қол жеткен жетістіктер дегенімізбен, оған қарама-қарсы жаһандану мен информациялық процестердің әсері мен түрлі жалған тәлімдерді, әдейі саясаттандырылған діни фунданментализмнің жандануы барлық басқа да діндерге байланысты болып отыр. Ал бұл дегеніміз, біздің ше өркениеттер қақтығысының террориз мен антитерроризм түрінде жүргізілуінен басқа ешнәрсе емес.
Діни фундаментализм мен лаңкестікті анықтау критерия – адамның немесе белгілі бір топтың діни фундаменталист даңкест екенінің өлшемі (критери) әлі де болса да нақты анықталған жоқ. Тарихқа көз жіберсек, Ұлы Римнің ірге тасын шайқалтқан «Спартак» бастаған құлдар көтерілісін террористерден де жаман қарғап сілеген. Амал не, көтерілісшілер күші басым Римдіктер «баскесер», «қарақшы», «терроршы» деп қаралды. Ал көтерілісшілердің асқақ арманы еді. Римдіктердің лаңкестер жөніндегі өлшемі бір басқа да, спартакшылардың өлшемі екінші басқа болды. Қазіргі кездегі терроршыларды анықтау жөніндегі өлшемде осы айтқандай буалдыр. Ал, мұның өзі террористермен күресу мәселесін тіпті қиындатып жіберді. Бұрында, қазірде адамзаттың бірі – қанаушы, бірі оған қарсы тұрушы. Олардың қайсысы экстремистік, террорлық жолды таңдаушы, қайсысы әділет, бостандық үшін күресуші – міне мәселе осында.
Әлеуметтік, саяси, экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігі әлем халықтары арасындағы өткелі жоқ қиын асу. Дамыған елдер жер жаһанға өздерінің игіліктері мен мүдделерінің түрлі жолдармен таратуды көздейді. Олар тіпті күш қолдануға, агрессияға дейін барып, террористерден кем түспеуде. Онымен қоймай Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Африка, Таяу Шығыс пен Азияны жаппай жайлап алған террорлық топтармен ұзақ қиын күреске дайындалып, қоқан-лоқы көрсетуде. Ал АҚШ бұған қарсы өздері терроршы деп танығандардың бәріне алдын-ала соққы бермек. Ол үшін түрлі айла-шарғыларды, сылтауларды оп-оңай табады. Турасын айтқанда, дінге көз-қарас нағыз әлемдік идеологиялық майданға айналып отыр. Оны әр ел әр түрлі пайдалануда. Мысалы, АҚШ Иракқа қарсы аттандырылған жауынгерлердің рухын көтеруде діни сенімді кеңінен пайдаланды. Әскерилер арасында христиан священниктері олардың ажырағысыз бөлігіне айналған. Олар Америка жауынгерлеріне бұл соғыстың әділетті соғыс екендігін, олардан «құдай жалында» соғысатындықтарын, олардың бұл жерге әділеттік орнату миссиясымен келгенін құлақтарына құйып келген. Сөйтіп лаңкестік критериін діни айырмашылыққа байланысты анықтай салған. Ал, шын мәнінде, оның өлшемі жалпы адамзаттық құндылықтар мен әділеттілік принциптері тұрғысынан анықталуы тиіс.
Қорыта келгенде, Қазақстандағы дін жөніндегі саясат көрші орта азиялық мемлкеттермен салыстырғанда бірсыпыра ерекшеліктерге ие. Ең бастысы конфессиялық татулық пен келісімдер сақталуда. Бұл жөнінде тиісті заңдар қабылданып, көптеген жұмыстар атқарылғанымен, зайырлы мемлкет құру бағыты мықтап ұсталынып отыр деп, біздіңше, айту ерте. Мемлкет басшысы, үкімет, парлмент конфессиялардың біреуіне біржақты басымдық тырысқан емес. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттердің зайырлығын шайқалтуға тырысатын кейбір қозғалыстардың атап айтқанда, белгілі бір дінге басымдық бергісі келетін қозғалыстарда жоқ емес. Мысалы бұған Валентин күнін мейрам етіп жариялау туралы хрестияндардың ұсынысын, құрбан айт және ораза айт күндерін мейрамдау жөніндегі мұсылман дінін жақтаушылардың ұсыныстарын жатқызуға балады. 2003-жылдың Наурыз айында Қазақстан парламентінің соңғы ұсыныстарды қабылдамай тастағаны мәлім. Бір дінге артықшылық бергісі келетін саяси күштер діни уағыздарды таратуға Қазақстан кең мүмкіндіктер жасалғанын пайдаланып, дін арқылы саяси үсткемдікке қолдарын жеткізгісі келеді. Сондықтан дін жөніндегі толеранттықтың теріс нәтиже беретінін де ұмытпаған жөн. Саясатта оны еске алып, діни экстремизмнің алдын алу шараларын жүзеге асыру, өте күрделі және қиын іс. Билік пен бұхара арасындағы алауыздық жоғарыдағы басшылық арасында коррупцияның асқынуы жер дауының әділ шешілмеуі және т.б. қайшылықты мәселелер кекшілдер легін тудырды. Әділдік болмаған жерде араздық бар. Мысалы, наразылықтың бірі жерді сату мәселесімен байланысты болып отыр, сол сияқты жұмыссыздыққа, кедейшілікке, қайыршылыққа сауатсыздыққа ұшыраған адамдар терроризмге қолайлы. Тығырыққа тіреліп басқа жол таппай тарыққандар өте қауіпті ондайлар экстремистер, террорлық жолға өз еркімен оп-оңай бара алмайды. Осындай жағдайда Қазақстанда діни экстремизм таралуының жол бермеу үшін көптеген сақтық шараларын жүзеге асыруға тура келеді. Біріншіден, түрлі секталардың ел ішіндегі тұрақтылықты шайқалтуға бағытталған іс-әрекеттеріне заң жүзінде тиым салу. Екіншіден, діни фундаментализм идеяларын әшкерлейтін діни ағарту жұмыстарын жандандыру. Үшіншіден, оқу орындарында жастарды зайырлылық рухында тәрбиелеуді кушейту. Төртіншіден, ең бастысы, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға арнайы көмек шараларын іске асыру және тағы да басқалар.
Тақырыпты таңдау барысында басты назар аударған нәрсе Уаһһавизмге деген көзқарастардың біркелкі, ол туралы әлем жұртшылығының ой-пікірлерінің әр алуандығы, осы құбылыстың саясатпен байланысты сияқты маңызды мәселелер болды. Басқадай айтар болсақ, осы мәселеде дін, саясат, халықаралық лаңкестік, қылмыс сияқты элементтердің арасалмағы қандай деген сұрақтарға жауап іздедім. әлбетте, бүгінгі діни сенімдердің бүркеніш қылып, көптеген елдерде қантөгіске әкелетін қақтығыстар мен лаңкестік әрекеттердің жазықсыз бейбіт адамдардың өмірін қиып жатқандығы ешбір елді алаңсыз қалдыра алмайды. Ал осындай мәселеге атлант мұхитының арғы жағында жатқан алпауыт АҚШ сияқта елдің назар аударып, онымен күресудің барлық мүмкін болған жолдарын қарастырып жатқандығы ескерсек, Қазақстан сияқта көп ұлтты, көп мәдениетті, көп тілді, көп дінді ел үшін Уаһһавизм сияқты лаңкестік пен зорлықты, күштеу рақылы белгілі бір тәртіпті орнатуды көздейтін экстремистік ағымның зиянкестігі, онымен күресудің маңызы қандай екені жөнінде ойланудың өзі бос уақыт жоғалту мен әрбір мүлт кеткен жерде адамдар тағдыры кауіп-қатерге түсетіндігі айтпасада түсінікті.
Ал енді осыған еліміздің орналасқан жерін, қандай елдермен көршілес екендігін, және де осы аймақтағы қауіпсіздік мәселесі төңірегінде бір мезет оилансақ, еліміз үшін мәселенің қаншалықты маңызды екендігін анықтап, талдап жатуды қажет етеді.
Сонымен ойды әрі қарай өрбітіп, шатасқан түйіндерді шешіп, қорытындылар жасамас бұрын, ең әуелі Уаһһавизм пайда болу тарихы, дамуы және идеологиясына яғни құндылықтарына қысқа бір шолу жүргізу жүргізуді орынды деп есептеймін.
Уаһһавизм сондай-ақ әртүрлі деректерде уаһһавизм деп айтылып жүрген діни ағым әлемдегі халықтардың басым көпшілігінің түсінігінде ислам дініндегі көзқарастарды біріктіретін бір қозғалы немесе бір үлкен ұйым. Сондықтан уаһһавизмді әркім әртүрлі бағалайды, біреулер үшін ол көре алмаушылық, зорлық-зомбылық дәнін себетін зұлымдық доктрина болса, енді басқа бір топ оны қасиетті Құран-кәрім мен шариғатты бұрмалаушылық, қате уағыздаушылық деп бағалайды. Үшінші бір топтың ойына сенсек, уаһһавизм деген дініндегі ағым, бірнеше ғасырлар бұрын ислам дінін тазарту, жаңарту мақсаттарында қозғалыс бастаған мұсылман ғалым Мұхаммад ибн Абдул Уаһһабтың есімімен тығыз байланысты. Бұл ағым мұсылмандардың суннит бөлігінен құралады.
Көріп отырғанымыздай, осында әр алуан көзқарастардың әрқайсысы да белгілі бір дәрежеде шындықты көрсетеді. Расында да Вахавизм өз тамырын сонау XVIII ғасырда өмір сүрген мұсылман ғалым Мұхаммад ибн Уаһһабтың (1703-1792) Ислам дінін көп құдайға сенушілерден (дінсіздерден) тазарту жолында бастаған қозғалысынан алады. Алайда, бүгінгі күнгі деректерге сүйенсек Уахавизм құндылықтары нағыз экстремистік барлығы «адасушылық», я болмаса тура жолдан таю, азғындау болып табылады екен.
Уахавизм мойындайтындардың (уахавистердің) пікірінше ислам дінінің тек осы ағым ғана шынайы құдайға құлшылық ететінін, діни заңдардың шартын бұзбайтын жол, ислам дінінің басқа ағымдарда, және де жолда жүргенде тиісінше, осындай «дінсіздер», я осындай «тура жолдағы» дінді қабылдаулары керек. Осылардан кейін болар кейбір Уахаб тұңғыш ислам фундаменталисті ретінде де суреттеледі.
Уахавистер сондай атауынан гөрі «салафизм» атауы дұрысырақ көреді, және де өздерін Салаф-ас, Салиһ (тура жолдағылар әуелде ибн Таймия, кейінірек Мұхаммед ибн Абдул Уаһһаб бастаған жолмен жүрушілер) жолындағылар санайды Уахавистер немесе Салафистердің көзқарасынша ислам діні дүниеге келгеннен кейінгі үш ғасыр бойы өзінің таза күйін сақтап тұрды да шамамен 950-жылдан б.д. кейінгі кезең ислам дініне енгізілген «бұрмалаушылықтармен сыртқы ықпалының» қор болғандығын айқындайды.
Фронтлайн журналында жарық көрген мақалада ғалымдармен зерттеушілер «Уаһабизм Сауд Корольдігінде екі ғасырдан астам уақыт үстем болған дін» деп ойларын түйіндейді. Аль сауд жанұясы Уаһһабизмді Араб түбіндегі Осман империясына қарсы күрес кезінде бүкіл империясына қарсы күрес кезінде бүкіл Сауд Арабиясы аумағында мемлекеттік дін етіп қабылдайды. Уаһһабизм тиісінше үлкен саяси қолдауға ие болады. Сондай-ақ Саудтықтар 1932-жылы, билік басына келген соң қоғамды, қала берді Араб түбегін түгелдей «тазарту» ісіне ден қояды. Басқа сөзбен айтар болсақ, үкімет елдегі діннің барлық ағымдарын «тура жолдан тайған» исламнан «тазарту» ісіне ден қояды басқа сөзбан айтар болсақ, үкімет елдегі діннің барлық ағымдарын «тура жолдан» таймаған Уаһһабизм ағымына бағындыруға әрекет етті. Арабтанушылармен ислам дінін зерттеген ғалымдардың пікірінше Уаһһабизм 1970-жылдары мықты қолдауға ие болып канатын кең жая бастады. Осы уақыттан бастап Сауд үкіметі әлемнің түпір-түпкірінде көптеген медреселерді (діни оқу орындарын) қаржыландыруды қайырымдық ұйымдары жүргізіліп отырады.
Осы тұста Сауд Арабиясының зайырлы емес, теократиялық мемлекет екендігін (дін мемлекеттен ажыратылмаған) еске түсірсек, мемлкет емес ұйымдар жоқ жерде барлық қайырымдылық шаралар кімнің бақылауында болатындығын көп ойландырмайтын сұрақ болар деп ойлаймын. Сондай әртүрлі қайырымдылық арқылы жасалған қаржыландыру Африка, Ауғанстан, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия, Кавказ, Балқан елдері және де АҚШ сияқты елдерге дейін жеткендігі таң қалдырмай қоймайды. АҚШ та Нью Иорк пен Калвер қаласында (калифорния) Уаһһабизм ағымын оқытатын медреселер бар көрінеді.
Әрине АҚШ та мұсылман халқы басым емес, ресми деректерге сүйенсек жеті милионның ар жақ бер жағы. Бұл жалпылай алғанда АҚШ-тың жалпы халық санының 2 пайыз айналасы болады екен. Демек, айтарлықтай қауіп төндірмейтін көрінеді, алайда егер мен Америка шейіттерінің 80 пайызы Уаһһабистер қаржыландыруымен бақылауында екенін ескерсек, бұлда бір ойлайтын мәселе екені анықталып шыға келеді. Әлбетте, сол мешіттерге баратын мұсылмандардың барлығы Уаһһабистер деуден аулақпын, бірақ мешітті кім қаржыландырса, бақылауында ұстаса соның көзқарасы және бағалайтын құндылықтары уағыздалатыны хақ.
Пенсильвания Университетінің Профессоры Ареф Аль-Хаттардың мәліметтері бойынша әлемдегі мұсылмандардың небәрі 18 пайызы Араб әлемінде өмір сүреді екен. Жер бетіндегі ең үлкен мұсылман ел Индонезия екенінде білеміз, яғни дүниедегі мұсылман халқының басым көпшілі Араб әлемінен тыс жерлерде өмір сүреді. Бұлда Уаһһабизмнің жаһандығын қатерге айналуына өз әсерін тигізбей қоймайды.
Уаһһабизмнің басты құндылығы Аллаһтың бірлігі, яғни басқа ескі діндердегі әруақтарға бас ию, зират басына барып құран оқу сияқты шынайы мұсылмандыққа жат нәрселер дінсіздік, шариғат нормаларына қайшы келетін болып саналып, жойылу керек деп саналады. Ал енді ұлы адамдарға қойылатын ескерткіштер, фотопортреттер және кез – келген тірі адамның бейнесі туралы әңгіме қозғаудың өзі артықшылық. Сондай-ақ, Шейіт мұсылмандардың дәстүріндегі әулиелердің дүниеден өткен немесе туған күндерін атап өту де Уаһһабистерше шариғатқа қарсы болып бағаланады. Суфизм де Уаһһабистердің мойындамайтын және күнаға жақын нәрселердің бірі болып саналады.
Осылайша Уаһһабистер өздерін ұстанған бағыттарының демократиялық қоғамда орын таппайтындығын дәлелдеп үлгерді. Олардың діннің «тазалығы» үшін лаңкестер әрекеттер арқылы жүргізетін «күрестері» ешбір киелі қасиетті кітапта орын таппаған. Ал енді өздеріне қарсы соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар, бірақ дұшпандықты бастамаңдар. Аллаһ басқыншыларды жақсы көрмейді. Оларды тапқан жерлеріңде жойыңдар және оларды кезінде сендерді қуған жерлерден қуыңдар, қудалау өлтіруден де жаман.
Деген жолдарға келер болсақ, бұл тек қорғаныс мақсатында, жау басып алған жарлерді азат ету жайында айтылғандығын көруге болады. Құранның басқа ешбір жерінде зорлық-зомбылық, күш қолдану жөнінде айтылмағандығын ғалымдар баса айтады. Расында да Ислам діні өзінің атына сай(Араб тілінен аударғанда «бейбітшілік» деген мағынаны береді екен) төзімділікке, інгі лаңкестер және олардың рухани басшылары немесе идеологтары осындай сөздерді өз беттерінше бұрмалап, осындай соғысты жаһандық деңгейге дейін көтеріп, әлемде қанды қақтығыстардың орын алуына себепкер болып отыр деп түйіндеуге негіз бар.
Мінеки осы себептен болар, осындай идеологтардан, Уаһһабисттік медереселерде дәріс алатын жас жігіттер мен қыз-келіншектердің өздерінің ұстаздарының айтқан сөздерінің немесе Құрандағы жазылған сөздердің жаһандық деңгейде қолданылуына күмән келтірмейтіндігі. Қаншама жас адамдар өз өмірлерінің құнымен дін жолында «ерлік» жасап, көптеген жазықсыз адамдардың өмірін қиып кетіп жатыр. Уаһһабистердің медреселерде оқитын жастар өз өмірінің құнымен лаңкестік әрекет жасап, «дінсіздерді жоюды» Құранда жазылған «мұсылмандық парызды өтеу» деп санайды.
Осылайша көптеген адамдардың дін мен саяси мүдделердің ара жігін ажырата алмай, атап айтар болсақ дін лаңкестік әрекетерді дұрыс етіп көрсететін бүркеніш қана екенін түсіне алмай, атап айтар болсақ дін лаңкестік әрекеттерді дұрыс етіп көрсететін бүркеніш қана екенін түсіне алмай, турасын айтқанда белгілі бір ұйымның саяси мүддесінің құрбан болып кетіп жатқаны өкінішті. Сөзім дәлелді болу үшін Вали Наср деген Сан Диего университетінің доцентінің «фронтлайн» журналына берген сұхбатына үзінде келтіре кеткенді жөн көріп отырмын.
Мұндай әрекетерге тек себеп бар деп айтуцға болмайды.Осындай әрекеттерге бірнеше себептер бар, және Сауд Арабиясы солардың біреуіне жауапты. Лаңкестерді дайындау үшін, лаңкестік әрекетрді қолдаушыларды табу үшін, дінді күш қолдануға, зорлық-зомбылық қолдануға қарай бұрмалау үшін, өз өмірін қиып, өздерін өздері ғимараттарға соғуға ниетті әрі 5.000 кінәсіз жандарды өлтіруге дайын адамдар жасау үшін Исламды белгілі бір бағытта насихаттау керек.
Сондай жолда исламды насихаттау Сауд Арабиясынан қаржылай көмек алатын мереселерде жүргізіледі. Анықтап айтар болсам, мұндай медреселер Сауд Арабиясының қаржылай көмегінсіз жұмыс істей алмас еді. Сауд Арабиясының қаржылай көмегінсіз медреселер «Уаһһабистік» Пакистан, Үндістан, Ауғаныстанда тамырын жая алмас еді. Сауд Арабиясының қаржысынсыз ондай медреселер батылдық рухқа ие болмас еді, және Саудтықтардың қаржылай көмегінсіз осыншама көп адам Уаһһабист медреселерге өтпес еді.
Наср мырзаның пікірінше Уаһһабизм тек қана дінмен байланысты емес. Оның ойынша мұнда діннен басқа да күштер роль ойнайды. Наср мырза өз ойларын былай түйіндейді меніңше/Уаһһабизм/ Исламға қатысы жоқ. Меніңше бұның ислам дінін қандай бір түрде болсын насихаттаумен де ешбір байланысы жоқ. Әлбетте догмаға байланысты проблема бар. Алайда меніңше бар проблемадінді падйаланып отырған саяси жүиелерде»…
Осы орайда осы зерттеуімді жазу барысында Техас Агро Механикалық Университетінің Араб ұлтты шәкірттерімен және басқада мұсылман адамдармен болған әңгімелерімде олардың:
«Ұлы дініміз және ұлы мұсылман ғалымының атына кір келтірмей барлық лаңкестік әркеттерді ұйымдастырушы, іске асырушы немесе сол Аль-Кайеда сияқты ұйыдардың жеткешілері немесе белсенді мүшелерінің атымен Уаһһабизм деп атаудың орнына «БинЛаденизм» «Аз-Зарқауизм» т.с.с. атағаның жөн»…-деп айтқандары есіме оралады.
Наср мырза сондай-ақ мұсылман әлемінде (халқына мұсылман бөлігі бар елдерде) фанатизмді наихаттайтын, Ислам дінін нағыз экстремистік тұрғыда бұрмалайтын ұйымдарды қаржыландыратын бірегей мемлкекет Сауд Арабиясы екендігін баса айтады. Ғалымның пікірінше әлемде осылай және осындай бағытта дінді уғыздау ісінде Сауд Арабичсының көп қаржы жұмсайтын ел жоқ көрінеді.
Енді Уаһһабизмнің зұлымдық пен араздықты, соғыс пен жаугершілікті насихаттау арқылы жаһандық қатерге айналғандығын дәлелдеу үшін Сауд Арабиясының мектептерінде тоғызыншы сынып оқушылары оқитын кітаптан үзінді келтірген жөн болар.
«Қиямет» күні Мұсылман Яхудилермен (Еврейлер) соғысып, мұсылмандарЯхудилерді өлтірмеиінше, Яхудилер бір теректің немесе тастың артына жасырынбайынша келмейді. Сонда жаңағы теректің немесе тастың артына жасырынбайынша келмейді. Сонда жаңағы терек және тас «Ей мұсылман, ей Аллаһтың құлы міне мені артымда. Келде өлтір оны. Тек бір ғана терек олай айтпайды, ол яхудилердің терегі. Ол терек олай айтпайды.»
Мінекей осындай кітап Тафсир /Тафсир/ Сауд Арабиясының мектептерінде 14-жастағы мектеп оқушыларының оқытуда қолдынылады екен. Бір қызығы осы және осы тектес оқулық кітаптар Сауд Арабиясының Үкіметінің мақұлдауымен мекетепте оқыту ісіне қабылданған. Яғни, Сауд Арабиясының Үкіметі қандай саясат ұстанатындығы, Уаһһабизмді мемлекет тарапынан қолдау ісі айқын екені анық көрінеді осыдан.
Одан қызық бір жайт, Сауд Арабиясының АҚШ бастаған лаңкестікке қарсы жаһандық соғыста АҚШ-тың одақтасы екені. Парсы шығанағы аймағындағы АҚШ әскерлерінің ең үлкен базасы Сауд Арабиясында екендігі, және осы Королдіктің қауіпсіздігіне белгілі бір дәрежеде АҚШ-тың кепілдік беретіндігі де өте қызық факт. Бәлкім бұлда АҚШ-тың екіұдай стандарттарына бір дәлелі шығар. Кім біледі Уаһһабизмді Сирия немесе Иран сияқты қаржыландырғанда жағдай әлдеқайда өзгеше болар ма еді.
Уаһһабизмді басты құндылықтарына көз жүгірту арқылы, осы ағымның қаншалықты демократияға қарсы, төзімсіздікке тәрбиелеп, нағыз экстремистік көзқараста екендігінекөзжеткізейік Сауд Арабияда Уаһһабистік (барлық) медреселер, немесе оқу орындары жер бетіндегі дадмдарды екі санатқа бөліп қарайды екен:
- Салафистер (Уаһһабистер) немесе жұмаққа баратындар
- Басқалардың барлығы, яғни Уаһһабизм жолына туспегендер (Уаһһабист емес мұсылмандар, Еврейлер, Християндар, т.с.с.) көріп отырғанымыздай, Уаһһабистер өздеренің басқа мұсылмандары (Шеийт және қарапайым Суннит мұсылмандар) мұсылман санамайды екен. Тиісінше, сондай «басқалар» тұтастай жойылу керек.
-Хижаб-әйелдер бас орамалы (әйел адамдарға міндетті).
-Отбасында ердің үстемдігі (әйел мен ерлердің теңдігі) тең хұқылығы «табиғи емес» немесе «Исламға жат», я болмаса «Батыстан кірген импорт» болып саналады.
Көп әйел алушылық рұқсат етілген және жақсы бағаланады.Бұл Уаһһабистерше әйелдерлің «абыройын ар-намысын сақтауы» үшін ойластырылған шара, ерсіз әйелдер де өзге еркекті де «күнаға» жетелейтінсекілді
-Зайырлы көзқарстарағы көшбасшыларды өлтіруге болады, себебі олар Ислам дінінің «сатқындары» болып саналады.
Осылардың тізбектей келе «қасиетті ыза: Діни зорлықты түсіну» атты кітабында Чарлз Селенгут Мысырелін «экстремисттік топтар жаулап алып барады деп сипаттайды. Сондай-ақ Селенгут мырза «..Мұсылман еместерге Мұсылман дәстүрін бұзатын маденйетті сақтауға еш мүмкіндік жоқ болды» деп түйіндейді.
Американың Дрекесел Универсиетінде Уаһһабизммен дәріс оқитын, әрі Америка ұйымының төрағасы Шейх Усама ибн Ахмед мырзаның осы аты аталған білім ордасының студенттер газетінде жарық көрген Америка қауымына тастаған үндеуінде Уаһһабизмнің бағалайтын құндылықтары жөнінде біраз «анығырақ» айтылады. Демократия мен бостандықтың елінде өмір сүріп жүрген Уаһһабизм профессоры Уаһһабизмді «Қасиетті Сауд Арабиясы Корольдігінің заңы және де Америка халқына да жүктейміз» деп батыл айтады. Шейх Ахмед жалпылай алғанды ойын былай тұжырымдайды.
Америка /жалпы әиел хұқықтарының теңдігі бар елдеразғырған. Осында елдерді «шайтан басқарады». Шайтанның азғыруының дәлелдерін Уаһһабистер демократиялық қоғамдардығы әйелдерге «артығымен» берілген бостандығы көреді. Әиел затының басынан табанына дейін оранып жүруі және де ер адамсыз өз бетімен үйден сыртқа шықпауы Уаһһабистердің түсінігінше адам баласын «күнә жасаудан сақтау» үшін қабылданған. Әиелдердің бар міндеті отбасында бала тәрбиелеу (оқып білім алу және еңбек ету әиел заты үшін емес). Фотосуреттер, тірі адам немесе кез-келген жануарлардың бейнесін жасау да күнаға жатады екен.
Уаһһабистер қазіргі заман қажеттіліктері үшін фотосурет орнына саусақ іздерін пйдылануға болындығын алға тартады. Егерде сапалы білім алу үшін «дінсіз» елден суреттері бар кітап немесе журнал алсаңыз, оның суреттерін толың\ғымен жойғаннан кейін ғана оқу керек екен.
Осы және басқа да құндылықтарын баса айтып, Уаһһабистер адамзат күнәсінен арылу үшін я ерікті түрде, я күш қолдану арқылы Уаһһабизмді қабылдауы керектігін баса айтады.
Уаһһабизмнің Шешенстанда да орныққаны бүгінде ешкімге жаңалық емес екені анық. Шешенстан халқының өз тәуелсіздігі үшін саяси күресінің артынша Уаһһабизмнің әсерімен «Жиһад»-қа айналып кеткендігі де мәселені күрделендіріп, Уаһһабизмнің лаңкестікке жақын жүретіндігін тағы дәлелдеп берді. Өзін Хавттаб атаған Саудтық Самир Салиһ Абдуллаһ Шешен халқына Уаһһабизмді таныстырған адам. Уаһһабизмді Шешен халқы қалай бағалайтындығын Стивен Шварц былай деп жеткізеді:
Мен көрнекті Шешен және халқы және Ингуш мұсылмандарымен ерекше жемісті пікірталастар жүргіздім. Олардың сөздерінен Саудтық Хаттабтың бейнесінде келген Уаһһабизмнің Шешен халқының тәуелсіздік үшін бастаған күресінің бағытында, мәнісінде өзгертіп, шешендерді лаңкестер қылып көрсеткенннен басқа еш нәрсе бермегенін аңғардым.
Шварц мырза тек тау халықтарымен ғана тілдесіп қоймай, бұрыңғы кеңестер одағының басқа да мұсылман республикасының ішінде Өзбакстан мен Тәжікістан елдерінде де халықтың Уаһһабизмді қабылдауы теріс. Дегенмен де Шварцтың айтуына қарағанда сонау Босния-Герцовина, Косово, Шшешнстан және арты Өзбекстан мен Тәжікістан елдерінде де Сауд Арабиясының бастау алатын Уаһһабизмнің иісі бар.
Осылайша қақтығыстың ошағына айналған мұсмылман халқы бар елдерден бастап, дүние жүзінің барлық тупкір-түпкірінен өз идеолгоияларын жаяюды ойлаған Уаһһабистер өздерімен бірге лаңкестік, дін жолындағы соқыр соғысты да ала жүреді екен, Уаһһабистердің бар көздегені Сауд өкіметінің қаржысының арқасында қарапайым басқа халықтардың мұсылмандары арқылы өздерінің идеологияларын және экстремистік насихаттау.
Өзінің қортында сөздерінде Шварц мырза мұсылман әлемі бойынша деген дұшпандық және жиіркеніш бар екенін айтады. Расында да мұсылман елдерінің көпшілігінде Құран мен Шариғатты осылай бұрмалау ешқандай қолдау таба алмады. Тек Сауд өкіметінің зор қаржысын арқасында әл-ауқаты нашар елдерде медреселер арқылы Уаһһабизмді өзінің ғұмырын ұзарта алады.
Осындай жаһандық қатерге айналған Уаһһабизм мен дәстүрлі мұсылмандық айырмашылығының тағы бір белгісі-зираттарды қирату. Егер 1998-жылы, Косово қанды қақтығысы басталар алдында Албаниялық мұсылмандар Уаһһабистердің Македонияның Албандар тұратын бөлігінде зираттарды қирата бастағаны жөнінде де мәліметтер алған екен Шварц мырза. Зерттеушінің айтуынша зираттарды қирату Уаһһабизмді енгендігіннің алғашқы көрінісі.
«Фронт Пейдж» журналының бетінде жарық көрген бір мақаладан үзіндіден Уаһһабизмді басқа да зұлымдыққа жетелейтін әкстремистік идеологияларын айырмашылығын анық көруге болады.
Уаһһабизмнің «қарапайым» Израйльге қарсы идеологиядын, не болмаса көп айтылып жүрген «соғысшыл» Исламнан айырмашылығы, Нацизмнің Бірінші Дүние Жүзілік Соғысы кезіндегі Немі әскерлерінің менталитетінің айырмашылығы, не болмаса Сталиндік Камунизмнің радикалды социаризмнен айырмашылығы сияқты алшақ тұрады, апйтарлықтай үлкен, Уавһһабизм дегеніміз нигилстік, жорлық күш қолдануға көп иек артатын Ислам-Фашистік идеологя. Уаһһабистердің көздеген мақсаттары тек қана өздерінің өрескел бұрмаланған тәртіптерін әлемнің барлық мұсылмандарына бірдей міндетті қылу мен Шейіт мұсылмандарды жер бетінен жойып жіберу ғана емес, сондай-ақ олар әлемдегі Еврейлерге, Хресиандарға, Сикх, Үнді және басқада өзге дін өкілдеріне шабуыл жасау.
Осындай ойлармен фактілерден кейін Уаһһабизмнің расында да жаһандық қатер екендігіне көзіміз одан сайын түседі. Егер Шварц мырза батыстың саясаткарлерінің мүлт екткен жерлерін баса айтса, мен оны жаһандық деңгейге көтеріп, Уаһһабизм сияқты экстремизмнің бой алдырмауына барлығымыз теңдей жауаптымыз дер едім. Шварцтың пікірінше, батыстағы ел ағаларының ислам ішіендегі дәстүрлі мұсылмандық пен экстремистік ағым арасындағы болып жатқан қайшылықтарды түсіне алмауы лаңкестік әрекеттердің өошуіне әкеп соқтырады.
Араб антропологы әрі Сауд қоғамының зерттеішісі МАй Яманидің пікірінше барлық мәселе дінде емес, тіпті дінді қалай уаыздап насихаттауында да емес, бар мәселе Сауд Арабиясының уағыздап насихаттауында да емес, бар мәселе Сауд Арабиясының билік басындағы отырған режимде саяси және догма мәселелері роль ойнайды. Мұхтадар хан деген зерттеуші ғалымның пікірінше, осы екеуінің әсерінен Уаһһабизм діннің /ислам/ ергейжеленген, адам жиіркенетін көріністе айналды. Осылайша жер бетіндегі адамзатқа мейірбандық ретінде жіберілген қасиетті кітап өз құнын әлем жұртшылығы алдында төмендетіп барады.
Мәселе айтылуындай айтылып, дәлелдер келтірілгеннен кейін енді не істеу керек, шығар жол қайда деген сұрақ көкеиге келеді. Жеке өзім жауапкершіліктің ең үлкен бөлігін мұсылман әлемінің еншісіне қалдырамын, сол діннің нағыз табиғатын, ниетін қатаң немесе осал тұстарын мұсылмандардан артық ешкім білмейді. Сондықтан да Сауд Арабиясының әлемдегі жалғыз мұсылман елі емес екендігін ескеріп, келңсіздіктерді тоөтату үшін батыл қадамдар жасаулары керек.
Сауд Арабиясы үкіметі де Самуэл Хангингтонның «өркениеттер қақтығысы» үміт артып отырған Ислам өркениетінің өзегі болар ммелекеттен үмітекер болса өздерінің әрекеттерін мойындап жүргізіп отырған саясыттарын қайтадан қарауы керек. Дүние жүзі қауымдастығы болып баршамыз әлемдегі болып жатқан ең жойқын лаңкестік әрекеттерді қаржыландырғаны, жүзеге асырғаны және тікелей соған қатысқаны үшін Саудтықтар жауапты екендігін мойындау керек сияқты. Мемлкетте бақылау жүйесі болуыкерек не болғанда да. Ең ақырғысы,әрі ең маңыздысы бүкіл әлем болып Уаһабизмді қабыл алмайтын елдермен бірлесіп, Ислам дініне өзінің шынайы қалпына келуіне көмек көрсетуіміз де қажет.
Сауд Арабиясында өсіп өнген шейіт мұсылман Али Аһмедтің пікірінше, кешегі Ауғаныстандағы Талибанға, бүгіндегі Аль-Кайеда сияқты лаңкестік ұйымдарға қаржылай көмек беріа отырған Усама Бен Ладен сияқтылар сол Сауд Арабиясында білім алған, ағни енді әлемнің әр жеріндегі Уаһһабистер медреселерінде жастар сол Бен Ладенді жойған күннің өзінде де Уаһһабистік медреселерден түлеп ұшқан басқа Бен Ладен келеді орнына.
Бүгінде бір зұлымдағы екінші зұлымдық тудыратыны дәлелдеуді қажет етпейтін фактака айналды. 11-Қыркүйек, 2001-жылғы, АҚШ-та орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін Америкада ад мұсылман деген көз-қарастартың біраз өзгергенін барлығымыз білеміз. Алысқа батмай-ақ Шешендердің жасаған лаңкестік әрекеттерінен кейін ресеидің қалаларында да орыс ұлтшылдары кавказ тектес адамдарды соққыға жаққандарын да ақпарат құралдарынан местіп көрегнбіз.
Осының барлығын ескерсек мәселенің қаншалықты күрделі екендігін көреміз. Расында да ауқымы жаһандық денгейге жеткен қатерге айналғанн Уаһһабизмніңбаршамыз бірлескен, жақсы үйлестірілген батыл қимылдарын қажет етеді. Осы тұрғыда бұл қандай қатер: әскер ме сияқыт сұрақтар қою арқылы біз нысананың не екенін анықтаймыз. Байқағанымыздай Уаһһабизм белгілі бір ұлтта емес, әскер де емес, зұлымдықты, күш қолдануды, зорлық зомбылықты насихаттайтын докрина екен. Бұл компютер вирусы сияқты кірген ортасын улап, қалыпты жұмыс істеуден тайдыратын, адамдардың санасын улайтын сырттан енетін бір жұқпалы дерт сияқты. Мұндай «дерттің» салдарыжаппай қырып жою қаруларына парапар келуі де мүмкін.
Олай болса ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекші, ең дұрысы сол дертті жұқтырмаудың амалын жасау, жұқтырғандарды дереу асқындырып алмай тұрғанда емдеу керек. Әрине осылай айтыла салған екі ауызсөздің орнына кешенді шаралар тұр. Үлкен саяси денгейде шешімдер, барлық жағдайларды ескере келе толық таразыланып жасалуы керек. Мәселенің өзге көрнекті топтарын ғана көздемей, зұлымдықты тамырына балта шабуымыз керек.