Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптастыру – адамның мінез–құлқы мен іс–әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасаубүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жеке ғылым болып, жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған 2050 Қазақстан- стратегиялық бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын[1]. Аталған құнды құжаттарды басшылыққа ала отырып, кез келген ұстаз өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, прасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологияларымен қарқынды өсу жағдайына өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне де қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда. Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мумкін емес. Адамның табиғатты «сарқылмас байлық» деп тұтынушы ретінде бағалауы адамзат пен қоршаған ортаның тепе-теңдігінің бұзылуына жол берді. Оның кері әсерінің жылдан-жылға ұлғайып бара жатқандығын аңғарған адамзат экологиялық мәселелерді шешу үшін дабыл қаға бастады. Онда түрлі табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдық акциялар ұйымдастырылуда. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарыла бастады. Дегенмен, биосфераның тозуы, озон қабатының жұқаруы, радиоактивті қалдықтардың көмілуі сияқты әлемдік деңгейдегі экологиялық мәселелер тиімді механизмдердің іске қосылуын талап етеді. Адам мен табиғат арасындағы қатынастардың жалпыға ортақ ережелерін шығарып, оларды құқықтық жауапкершілік деңгейінде бекіту сияқты шешімдер экологиялық жағдайының одан әрі асқынуына жол бермейді деген тұжырым жасатады. Экологиялық мәселенің бірегейлігі, ерекшелігі осында. Демек, әлемдік дәрежедегі экологиялық жағдайды жақсартудың тұрақты бағдарын ұстану үшін адам санасын қалыптастыруда түбегейлі өзгерістер қажет. Ал бұл жаппай экологиялық білім алу ісін жолға қоймай мүмкін емес. Экологиялық білім мен тәрбие қоғамның әрбір мүшесіне бағытталып, оған табиғатты қорғау және көркейту шараларын үйретуді көздейді. Мұның түпкі мақсаты – табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін біріншіден, білім алушыға, тәрбиеленушіге жаратылыс пәндерін негізге алып, белгілі дәрежеде экологиялық білім беру; екіншіден, осы білімін табиғатты қорғау мен көркейту ісіне бағыштай білуге тәрбиелеу қажет. Осы аталған екі шараны тиімді ұштастыру нәтижесінде оқушыда қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік көзқарас қалыптасып, жалпы адамдзат мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық мәдениет дамиды.
Экологиялық білім беруді адамгершілігі жоғарғы жеке тұлғаны қалыптастыру үрдісінен ажыратып алуға болмайды. Адам жоғарыдан келетін нұсқауларды бұлжытпай орындау емес, өз бетімен дұрыс шешімдер қабылдай алатын шығармашыл болуы керек. Ерте жасынан бастап, әр адам өзінің қоршаған ортаға деген бейберекет көзқарасы неге әкеліп соғатынын білуі тиіс. Табиғи ортаның ластануы қандай ауруларды туғызады қандай генетикалық ауытқуларға апарады? Жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерінің сан жағынан азаюы немесе, тіпті, таусылу себебі неде? Топырақ құнарлығының нашарлауы,ауызсу қорының азаюы неліктен? деген сияқты табиғи ортадағы келеңсіз өзгерістер жөнінде білуі керек. Біліп қана қоймай, үрдіске қатысатын кез келген адам белгілі бір әрекеттерді өз бетінше таңдай алады. Олардың қоршаған ортаға әсерінің пайдалы немесе зиянды болуы осы адамға байланысты. Міне, сондықтан әр адамның санасында қоршаған ортаға зиян келтіруге мүмкіндік бермейтін, табиғатпен тиімді әсерлесуге ұмтылдыратын адамгершілік ұстанымдары қалыптасуы керек. Мұндай адам күрделі жағдайларда экологиялық жағынан дұрыс шешім қабылдап, ұнамсыз нәтижелерге жол бермейтін болады. Осыған байланысты экологиялық білім мен тәрбие мектепке дейінгі, орта, арнаулы және жоғарғы білімнің құрамдас бөлігіне айналып, жасы, мамандығы, білім деңгейі әртүрлі адамдарда жаңа экологииялық сананы қалыптастыруға бағытталуы керек(Сызба 1).
Сөйтіп, экологиялық білім мен тәрбие берудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Қазіргі республикамызда қоршаған орта жөніндегі білімді дамытудың құқықтық негіздері қалыптасты: Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңында (63-65 баптар), Қазақстан Респуликасының “Білім беру туралы” Заңында (3 бап) білімнің экологиялық бағыты мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың негізгі ұстанымы ретінде анықталады[2]. Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтау болып отыр. Бұл мәселені бір жағынан ғылым екінші жағынан ғылымның ашқан жаңалықтары негізінде іс-әрекет жасауға бастайтын білім ғана шешіп береді. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұл проблемалар Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан -2030” Стратегиясында басты орында тұр [3,4]. Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелік тәсілге негізделіп,үздіксіз жүзеге асырылғанда ғана жеңіске жетеді. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты – ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты,мінез-құлық,іс-әрекетті қамтамасыз ету. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі экологиялық білім және тәрбие беруді қолма-қол өмірге енгізіп,жетілдіру керек. Өйткені, табиғаттағы апатты жағдайлар жасынан “экологияландырылған” ұрпақтың өсіп жетілуін күтуге, ұзақ мерзімді эксперимент жүргізуге уақыт қалдырмайды. Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілікті ұялатып, қоғамның әр мүшесінің бойында табиғатқа деген аяушылық сезім қалыптастыруы тиіс.
Резюме
Важносте повышения экологического разума и культуры показывает пути формирование экологических понятий и мнений у школьников, которым долатся экологические знания.
Summary
The importance of impraving the ecological mind and culture shows the ways of forming of ecological concepts and epinions among schoolchildren (pupils) which are gives an ehvironmental education.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. –Алматы,1999ж.
- К.Салпынова Экологиялық тәрбие берудің қазіргі жағдайы //География Казахстана и экология №3 2004 – 8б.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша түсіндірмелері) және оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. – Астана, 2000.
- А.Е.Манкеш. Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбие беру. –Алматы: РБК, 1998ж.