Қазақ халқының ауыз әдебиеті жеке пән ретінде мектеп программасымен басталады. Педагогика институттары мен университеттердің филология, журналистика факультеттерінде қазақ халық әдебиеті бойынша курс лекциясы оқылады. Жоғары оқу орындарында үш бөлімге бөлініп халық әдебиеі арнайы үйретіледі. Алғаш студенттерге теориялық білім беріледі. Ауыз әдебиеті шығармалары әрбір жанр бойынша текстермен таныстырылады. Студенттерді оқулықтармен қалай жұмыс істеуге жаттықтырылып, сюжет желісін талдап үйренуге, ғылыми жұмыс істеу тәсіліне баули береді. Екіншіден, программа бойынша белгілі мөлшерде белгіленген семинар (практикалық) сабаңғы кезінде жанрлық ерекшеліетерімен танысып, талдап үйрену зерттеу мәселесіне тереңдей түседі. Үшіншіден, ауыз әдебиетін жинау практикасы (фольклорлық экспедиция) басталады.
Халық әдебиетінің нұсқаларымен танысып, жинау үшін ел арасындағы ақын, жыршы, жырау, өлеңші, ертекшілердің репертуарын анықтап, қазақ фольклорын жазып алу, жинау бағытын жоспар бойынша жүргізіледі. Осы бүгінгі күнге дейін қазақ халық әдебиетін жинаушылаарға арналған көмекші құрал бар. Мұнан басқа іліп аларлық көпшілікке лайық әдістелмелік құрал жоқтың қасы. Сондықтан, практикалық-семинар сабағын өткізу үшін студенттер мен оқушыларға қазақ фольклорын жинау жұмысының жан-жақты да толық тәсілін нұсқайтын көмекші құрал, әдістемелік үлгі жасау қажет болды. Бұл әдістемені негізінен өзіміздің 1968 жылдан бері Низами атындағы Ташкентттің мемлекеттік педагогика университетінің оқу программасы төхрт апталық практика тәжірибелері негізге алынды. 1978 жылдан бастап «Филология» факультетінің студенттеріне арналған оқу порграммасынан соң міндетті түрде сынақ тапсыру енгізілді. Оқу жоспары бойынша Жоғары оқу орындарында қазақ ауыз әдебиетінің теориялықкурс сағаты мен практикалық-семинар сағатттары бірінші семестрде толық өтіледі де емтиханмен аяқталады. Күндізгі бөлім студенттері практикалық жұмысты жазғы демалыс айында жүргізіледі. Ал, сыртқы бөлім студенттеріне жоспар бойынша оқытушы – профессорлар бақылау жұмысы ретінде немесе реферат түрінде фолькло үлгілерін бірнеше ай бұрын жазып, жинап келуді тапсырса жақсы нәтиже береді. Студенттер аудиторияда фольклордан алған теориялық білімін практикалық жұмыс кезінде жетілдіре түседі. Комплексті фольклор экспедициясының құрамында болған студенттер халық әдебиеті үлгілерін білетін ұқпа құлақ халық таланттарымен танысып, олардың халық мұрасын қаншалықты білетінін байқағаны мақұл. Студент-практиканттар ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін ұғып алған айтушы, тыңдаушлардың өзіндік тәсілін таниды. Олар халық арасында бұрыннан белгілі немесе жаңа пайда болған халық әдебиеті үлгілерін тыңдаушы көпшілік қандай қабылдайтынын аңғарады. Әсіресе, практикалық жұмыс кезінде негізгі мақсат халық әдебиетін жазып, жинау екені белгілі. Низами атындағы Ташкенттің мемлекеттік педагогика университеті қазақ филологиясы кафедрасы жыл сайын бірінші курс қазақ бөлімінің студент филологтарымен 1968 жылдан бері үздіксіз фольклор жинау экспедициясын ұйымдастырып келеді.
Жақсы болса ағаңыз,
Көкірегің басылмас.
Жаман болса ініңіз,
Күнде думан ашылмас.
Жаман болса қызың қор,
Еңбегің еш те, тұзың сор.
Жаман болса келінің,
Ауыл қылмас ауылда,
Туғызар күнде дауылды.
Ақылсыз туған жаманнан,
Ақылды дұшпан тәуірді.
Ала болса аулы сен,
Ағайының күнде жау болар.
Ауылың күнде дау болар.
Ақылсыз туған жаманнан
Ақылды туған жат артық.
Баянды болса бота артық.
Баянды болып тап болса,
Бәрінен де тай жақсы.
Дөңгелдегі шөлдерден,
Сулы болса сай жақсы.
Барымен базар етейін,
Қолға түссе қай жақсы.
Жаяу жүрсең таларсың,
Ауылың ұзақ көшкенсің.
Олақтықтан пайда жоқ,
Бүлдіріп шапан пішкенсін.
Ақыл енбейді жігітке,
Ащыдан молдау ішкесін.
Өлең айтпай басылмас,
Біреу жетім, біреу жас,
Біреу жесір, біреу мас,
Өлшеп берген несібе,
Біреуге біреу асылмас.
- Сиырлар тұрса жарасар,
Қамысты көлдің құрағы,
Жаратқан артық екі көз,
Басымыздың шырағы.
Аяққа баспа ғылымды,
Көзіңіз болар қырағы.
Бәлен-түген десекте,
Малсыз адам күні жоқ,
Малменен адам шырағы.
Әйел алмай мал жима,
Жисаңда малың құралмас.
Ойласаңдар өлімді,
Шалықтап жүрген күніңді,
Түседі дейді кесіп бұралмас.
Жарлылық сені қайтейін,
Жалған сені қайтейін,
Тағдыр сені қайтейін,
Жөніме қарап жүргізбей,
Әркімге бір тигізген.
Кесірлік сені қайтейін,
Айтып-айтпай нетейін.
Түсінбейтін пенде жоқ,
Қайтадан шешіп кетейін.
Ағайынды жат еткен,
Жалғыздық сені қайтейін.
Ағайынды жат еткен,
Жалғыздық сені қайтейін
Сөйлеген сөзге мат еткен,
Нәпсім сені қайтейін.
Мынау аз да, мынау көп,
Қанағат етіп тоймаған.
Тағдыр сені қайтейін,
Жалғанды күні қоймаған.
Жалған сені қайтейін,
Мың күн ойнап күлгеннің,
Бір күнгідей болмаған.
Кімдер жетім қалмаған.
Кімдер жалғыз тумаған.
Тентекті қылған жігіттік,
Көбісі қалды пайдадан.
Адамға керек сөз еді.
Жігіттер тыңдап пайдалан.
Айтқанменен таусылмас,
Бұлақпын сөзге қайнаған.
Сөйлейтін жері келгенде,
Қызыл тілім сайраған.
- Мысалы бұл жастығың алқызыл гүл,
Гүліңнің өтпей тұрып қадірін біл.
Қалдырмай тағатыңды талап етің,
Келмейді екі айналып өткен күндер.
Табасың талап етсең несібеңді,
Оңғарса жаратушы кәсібіңді.
Дүниеге келіп кеткен талай ерлер,
Бас қосқан мыңсан қолға сергелдеңдер.
Секілді жан жүрмеген болып жатыр,
Не жақсы дәурен сүріп жүрген жерлер.
Есіңе ал сонда өтіп кеткендерді,
Мұратқа іждаһатпен жеткендерді.
Мұратқа жету қайда бізге десең,
Тағдырда жазған шығар бізг деген.
Себепсіз ешбір нәрсе болған емес,
Бар болса көңіліңде адамшылық.
Өткізбе өміріңді бекер жүріп.
Безерден халық безер деген нақыл,
Ізденің жастық уақыт өтпей тұрып.
Қолында бақыт деген тұрмайтұғын,
өзімді асыл қайда тыңдайтұғын.
Мәнісі жақсылықтың қандай болу,
Жырығы үйге түскен шамдай болу.
Бұл менің бері қойып айтқан сөзім,
Аржағы атқан аңдай жарық болу.
Сол күнде көхпке сәулең берсең жақсы,
Жақсыдан көптен қайда артылмақшы.
Біреуін бұл айтқанның істемейсің,
Ақылға бақ қонса да болсаң тапшы.
Ақылдың бір жолдасы болар кеңдік,
Тар болсаң бақ қонғанмен болар кемдік.
Кеңдіктің бір жолдасы ақыл болар,
Түсінер бұл сөзіме аса зерек.
Кең болсаң кем болмассың молығарсың,
Тар болсаң бір бәлеге жолығарсың.
Тап болып бір бәлеге жолыққасын,
Сонан соң өзің шаршап орығарсың
Әр істі әуел баста ойлап істе,
Демеңдер менен басқа барма күшті.
Адам жоқ тайса бақыт тарықпайтын,
Қаларсын сенде болып бір күн істі.
Болмайсың шын асыл зат ақыл таппай,
Жүріңдер бойларыңа ақыл сақтай.
Жігіттер талап деген адал шарт дейді,
Талап ет жас уақытында қарап жатпай.
1975 жылы 1 июльден 31 июль арасында Қарақалпақстанның Қоңырат, Нөкіс, Қожелі аудандарында ежелден тұратын қазақтардың халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап қайтты. Экспедиция кезінде аты белгілі жыраулар мен жыршлардан шығармалар жазумен олардың өмірінен құнды деректер де жиналды. Соның ішінде күні бүгінге дейін аты белгісіз Таз жыраудың шығармаларын Раманқұлов Наурызбектің орындауы бойынша терме, толғауларын жазып алдық.
Сонда Таз жырау кім? деген сұрақ туады. Шын аты Тайпақ, әкесінің аты Шоқай деген кісі. Филология ғылымының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаев көп зерттеген қазақ әдебиетіне аты белгілі ақын Әубәкір (Кердері) Шоқановтың (1858-1912) немересі. Таз жырау «Арғы атам Әубәкір әкем Шоқай» деп өлең айтады екен. Таз жырау Ақтөбе облысы, Темір өзенінің бойындағы Шұбаршы деген жерде туылған. Таз жырау бір сөзінде өзінің жас кезінен бастап өлең шығарғандығын былай жазады:
Сұрасаң менің атым Тайпақ бала,
Ағалар бұл сөзімді байқап қара.
Жас шағында өлеңге жүйрік болғандықтан оған сөзді құдай берген, — деп бүкіл ел таңырқап «Құдайберген» деген лақап есімі аталады. Осылайша өзінің бала кезінде қойылған аты Тайпақ жас шағында ағып тұрған өлеңге жүйрік болғандықтан «Құдайберген» деген лақап тағылса, кейін үлкейгенде «Таз жырау» атанып кетеді. Әмудария өзенінің құйылысындағы қазақтар арасында «Құдайберген» және «Таз жырау» атымен танылып кеткен. Тайпақ деген шын атын көпшілік біле бермейтін дәрежеде ұмытылған.
Артында мол мұра, аталы сөз қалдырған Тайпақ Шоқайұлы 1912 жылы Қарақалпақ Республикасының ауданында қайтыс болған. Наурызбектің орындауында Тайпақ Шоқайұлының «Таз жыраудың» шығармаларынан біраз терме, толғаулар жазып алдық: «Жақсы болса ағаңыз», «Кісіге күнің салмасын», «Жігіттік деген бір дәурен», «Он сегіз жасқа келгенсін», «Атам әкім Лұқпан мың жасаған», «Мысалы бұл жастығың алқызыл гүл», «Атта бір жақсы болса құанда бір», «Жақсыға айтқан сөзім ем болады» т.б. атауға болады. Ғылыми конференцияың жинағы көпшілік оқушы қауымға Тайпақ Шоқайұлының «Таз жыраудың» бірнеше өлеңдерін таныстыруды жөн көрдік.