Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі және оның мемлекеттік егемендік алуы оларды басқарудың жаңа әдістерін табудың қажеттігін тудырады. Оны қалыптастырудың негізгі жолдары, мәселелері әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету, және екінші жағынан, инновациялық дағдарысты жеңіп шығу жолдарын анықтауды қажет етеді..
Ондірістік бизнесті дамытуда инновацияның негізгі мақсаты — шын мәніндегі нарықтық тетіктер мен әлеуметтік бағдарланған экономиканы қалыптастырып, неғұрлым тәуелсіз, сонымен бірге Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай келетін саясатты жүргізумен қатар, республиканың әлемдік шаруашылыққа кіруін және осының негізінде адамдарың өмірін жақсартуға қажетті жағдай туғызу көзделді. Бұл мәселені шешудің негізгі мақсаттары болып:
— макроэкономикалық тұрақгыққа жету және құнсыздануға қарсы күресу;
— меншік қатынастарын өзгертуді жеделдету;
— бәсекелес нарық ортасын және нарықтық инфрақұрылым құрау кәсіпкерлікті жандандыру;
— сыртқы сауданың тиімді саясатын жүргізу;
— экономикада өндірістік құрылымдық өзгерістер жасау және оларды мемлекеттің қолдауы;
— халықтың табысы аз топтарына көңіл бөлетін әлеуметтік саясат жүргізу;
— шаруашылық міндеттерді шешуге мемлекеттің тікелей араласуын бәсеңдету, сонымен қатар болжамдау міндеттерін, есеп және бақылауды нығайту,мемлекеттік реттеудің жанама тәсілдерінің ролін күшейту көзделді.
Аталғанміндеттердішешумемлекеттікбюджет тапшылығын жалпыұлттық өнімнің 3-5 пайызы деңгейінде сақтау, банкроттық механизмін енгізу, несие саясатынқатайту,тұтынуғажұмсалатынқаржының өсуін реттеу, салық және баға саясатын жетілдіру банк жүйесінің реформасы есебінен жүзеге асырылды. Сол үшін экономиканың басым салаларын дамыту, қаржыландырудың сыртқы көздерін тартумен бірге инвестицияларды қаржыландыру көздері мен механизмдері жасалды. Таңдамалы әлеуметтік көмек көрсету саясаты жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, ұйымдық-құқықтық әзірлікті аяқтап, кең көлемді институциялық өзгерістерді бастау, басқару ұйымдарының жүйесін жетілдіру көзделді.
Жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформа жолдары мен қазіргі экономикалық жағдайларды талдау көрсеткендей, қолданылып жүрген мемлекетгік реттеу дұрыс нарықтық экономикаға жақындауға толық әсер ете алмай келеді.
Қазақстан республикасының қазіргі экономикадағы өндіріс құрылымы өнім шығару салаларын дамытуда мамандандырылды, соның есесінен өнеркәсіп және ауыл шаруашылық үлесі қоғамдық өнімнің төрттен үш бөлігін құрады.
Жалпы қоғамдық өнімдерде өнеркәсіп салмағының жоғарылығына қарамастан, оның құрылымы ішкі базардың қажеттігіне сай емес. Машина жасау және химия өнеркәсібі салалары, экономиканың АӨК салалары, жеңіл өнеркәсіп, денсаулық сақтау сияқты маңызды жүйелерін техникалық жабдықтауға қажетті қарқын мен көлемін қамтамасыз етуде инновацияның ролін толық қолданбай келеді. Қазір республикадан сыртқа шығарылатын өнімнің көбі шикізаттың әр түрлі түрлері мен алғашқы салада өңделген шикізат есебіне тиіп отыр. Ал республикаға әкелінетін өнімнің көбі әлеуметтік- техникалық мәндегі дайын өнім мен халық тұтынатын тауарлар үлесіне келіп отыр.
Құрылымдық және инвестициялық саясатты нарық экономикасына сай жүзеге асыру халық шаруашылығында қалыптасқан құрылымды жетілдіріп, экономика мен экономикалық жүйені өзгертудің басты міндеттерінің бірі халық шаруашылығында қалыптасқан құрылымдықты жетілдіру болып табылады. Мәселен нарықтық тетікдермен қатар мемлекет өндірістің құрылымдық қайта құрылуын, жұмыссыздықтың, салалалық және аймақтық диспропорцияның жеңілдетілуін, ғылыми-техникалық прогрестің ынталандырылуын және инновация жаңалықтарын кеңінен қолдануды қамтамасыз ететін кәсіпорындарды қаржы көмегімен қолдаудың үйлесімді саясатын жүргізуді талап етеді. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасы үшін халық тұрмысын қаржымен қолдау перспективті сала ретінде өндіріс шығындарына жол бермеу үшін дағдарыстың даму кезеңінің өзінде-ақ жүргізілуге тиіс. Ол жеңілдікті несие беру, оның негізінде кәсіпорындардың бір бөлігінің бағытын өзгертуге қаржы бөлу түрінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы салалар мен өндірістерді ілгері дамытуға бағытталған басқа да шаралар жүзеге асырылды.
Инновациялық процестерді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі олардың жалпы ұлттық емес, экономикалық маңыздылығымен де түсіндіріледі. Ол Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін және бюджетгік тапшылықты қысқартуға арналған.
Экономиканы қаржыландыру күрделі және көпқырлы іс. Мұнда меншік түрлері, басқару деңгейі арқылы ерекшеленіп, әр түрлі ұйымдастыру-кұқықтық түрлерге жататын әлеуметтік-экономикалық қызметтегі шаруашылық жүргізудің субъекгілеріне әсер ететін қаржы элементтері қолданылады.
Қаржы реттеу тетіктер іске қосылғанда баға, несие, салық, еңбекақысы сияқгы тұтасқан экономикалық категориялар элементтерінің бір мезгілдегі әсері болады. Сондықтан жеке категориялармен қатар қаржы қатынастары элементтерін жетілдіріп, жүйені нақты саралай отырып, шаруашылық жүргізудің есебіне әсер ету дәрежелерін бөлу маңызды болып есептеледі.
Бұл талдау жасау және экономиканы басқару процестерін ары қарай жетілдіру үшін қажет. Сонымен бірге бұл реттеудің қандай элементі дамудың белгілі сатысының нақты жағдайында ерекше тиімді екенін және оны қалай өзгерту, күшейту, шектеу немесе тіпті тоқтатуды білу үшін қажет.
Қазақстан экономикасын қаржылық реттеу проблемалары ерекшеліктерімен байланыстырылады. Шикізатты сыртқа шығару және дайын өнімді әкелудегі баға арасындағы теңсіздік қаржы қорларының ылғи жетіспеуін тудырады.
Біздің экономикадағы қиындыққа байланысты мемлекеттік құрылымдардың экономикалық процестерге әсерін күшейту керек. Тұрақтандыру үшін бюджеттегі тапшылықты жою, тұтынушылық сектордағы балансты қайта құру, халық шаруашылығындағы теңдік пен құрылымдарды қалыптастыру сияқты кешенді әрекеттер керек. Бұл жағдайда өзара келісілген салықтың бюджет саясатындағы макроэкономикалық жоспарлаудың ролі күшейе түседі. Макрожоспарлау процесінің қаржылық жағы халық шаруашылығындағы барлық табыстар мен шығындардың теңдігін көрсеткен жалпы қаржылық баланс жасауға жетелейді.
Жалпы қаржылық баланстың болуы мемлекеттің қаржы ресурстарын бақылауға мүмкіндік береді және бұл процеске әкімшілікпен қатар рыноктық реттеу сияқты өзгерістерді кіргізеді. Өтпелі кезең жағдайындағы шаруашылықтың бірінші деңгейі — макроэкономикада жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастың құрылуы макроэкономика теңдігіндегі бұзушылық тудырған материалдық игіліктердің тапшылығы баға өсуі арқылы өндірістің құлдырауына, кәсіпорын түсімінің жалақы қорына құйылуына, қаржының өндіріс жүйесінен айналым жүйесіне ашуына, табыстың төтенше бөлшектеуше әкелді. Бұл жағдайда қимылдың жалғыз мүмкіндігі ретіндегі мемлекеттің экономикалық саясатты күшейтуі ғана қалады. Қаржы-несие саясатын жүзеге асыру кезінде тапшылықты ауыздықтауға,ұлттық валютаны тұрақтандыру, Қазақстан Республикасының қаржы жағдайын жақсартуға бағытталған қатаң мемлекеттік реттеу қажет. Бұл жағдайда салық-баға саясаты, амортизациондық саясат кәсіпорындардың бюджеттен тыс қорлардың жеке қаржылық қорларын қалыптастыру және пайдалану, валюталық қорлар және оларды пайдалану қайта қаралу керек. Тек содан кейін ғана бюджеттік саясат анықталып, Қазақстан Республикасы бюджетінің жобасы жасалуы керек. Қаржы-несие реттеулерінің (салық, амортизациялық бөлулер, несие пайызы, эмиссия; қолма-қол және ауысу арқылы берілетін ақшалардың мөлшері) қызметін күшейту мемлекеттің қаржы-несие қорларының мүмкін көлемін жобалауға мүмкіндік береді және оларды ескеру аркылы республиканың жылдық мемлекеттік бюджеті жобасының әр түрлі нұсқалары жасалуы керек.
Қазақстан Республикасының салық жүйесін қалыптастыру әлеуметтік, саяси, экономикалық ыңғайсыз жағдайда өтіп жатыр. Халықтың және кәсіпкерлердің төмен салықты мәдениеті салық жинауды қиындатып отыр. Ғылыми зерттеулер кешенді емес және салықтық тәжірибемен сәйкестігі алшақтау.
Қазіргі кезде салықтың реттеушілік ролі бағдарламаларда нақтылық болмауынан экономикалық бағыттың белгісіздігімен, сонымен қатар салықтық реттеулерді пайдаланулардың тәжірибесі аздығынан бөсеңсіп отыр.
Сондықтан Президенттіміз Н. Назарбаевтың биылғы жылдағы халыққа Жолдауында көрсетігендей “ жаңа Салық кодексін әзірлеуі ….. экономиканы жаңғыртуға. әр – тараптандыруға және бизнестің « көлеңкеден » шығуына жағдай жасауға ” экономиканың өсуінемүмкін береді ( 1 ).
Біздің көзқарасымызша,республикада өндірілетін, жақынжәнеалысшетелгешығарылатын,әкелетін халық тұтынатын тауарлардың номенклатурасына кешенді талдау жасау керек. Аса тапшы тауарлар мен сыртқа шығатын шикізат тауарларымөлшерін ғана ұлғайту керек, осы арқылы біз экономиканы қайта құрудытұтынушылықжәнеэкспорттықсекторлары иелігіне пайдалана аламыз.
Экономиканы дамыту мақсатында, бірқатар мемлекеттердің іс-қимылының өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, сонымен қатар өзара тиімділік және экономикалық мақсаттылық кейбір елдермен экономикалық қатынастар қысқартылып, ал кейбіреулерімен кеңейту мақсатында жүргізілуі тиіс.
Алыс және жақын шетелдермен арадағы валюта-несиелік қатысты талдау қазір республикада валюталық қорларды басқарудың біртұтас жүйесінің, сонымен бірге валюталық реттеудің қалыптасқан тетігінің жоқтығын көрсетті.
Қазақстанның алыс және жақын шетелмен жаңа валюталық-қаржылық қатынас тетігін сыртқы экономикалық кешенді негізде зерттеу арқылы қалыптастыруды қажет етеді.
Шетел бағдарларының валюта-ақшалық конъюктурасын зерттеп, шетел инвестициясының қаржылық проблемаларын және шетелдік капиталды қамтудың басқа формаларын зерттеуді талап етеді.
Келесі бір мемлекеттік реттеудің қаржы – несие жүйесіндегі бағалы қағаз базары — дамыған елдерде ұзақ мерзімдеі инвестициялық жобаларды қаржыландыру және несиелеу, сонымен бірге мемлекеттік бюджет шығындарын жабуда өте белсенді пайдаланатын перспективті шара. Бірақ ТМД басқа мемлекеттеріндегі сияқты Қазақстан Республикасында ол жоқ немесе жаңадан құрылып жатыр. Акция және облигация базарлары дамуын тежеп тұрған көптеген объектілі және субъектілі себептері бар. Тапшылшықтың жоғары деңгейі, төмен бөліс пен табыс, сенімсіздік және білмеушілік, мемлекеттендірудің, меншіктендірудің, кәсіпорындар мен фирмаларды акционерлеудің төмен қарқындары және қаржы саясатының жоқтығы. Кәсіпорындарды акционерлеу және жаңа акционерлік қоғамдарды құру, проблемаларын шешу ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін шешуге көмектесер еді. Алғашқы облигация базарында кезекте, мемлекеттік, соның ішінде муниципиальды бағалы қағаздарға қайта оралуға сенім көрсету қажет. Облигациялық несиеге сенімнің өсуіне байланысты орта мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларға берілетін несие мерзімдерін ұзарта беруге болады.
Қорыта келгенде, нарықтық экономика жағдайындағы инновациялық процестердің дамуының ғылыми — әдістемелік аспектілері мен оның әртүрлі типтерін зерттеудің нәтижесінде инновациялық процестердің дамуына әсер ететін факторлар және сонымен байланысты экономикадағы құрылымдық өзгерістер жолдары көрсетуі тиіс.
Қолданылған әдебиеттер мен басылымдар
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, 7 ақпан 2008 жыл