Жоғары оқу орындарында мамандықтарды дайындауға жауапты кафедралар болатыны белгілі. Әрбір кафедрада өзі оқытатын мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары дайындалады. Оқу жылы аяқталған соң алдағы оқу жылы үшін жұмыс сағаттарының көлемі есептеледі. Жұмыс сағатарының көлемі кафедраға тиісті әр топтың жұмыс оқу жоспарында көрсетілген осы оқу жылында өтілетін пәндер, іс-тәжрибелер, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс, бақылау жұмысына бөлінетін сағаттар бойынша есептеледі. Бұдан соң осы сағаттардың көлемінен келіп шығып кафедраға берілген штат бірліктері профессор-оқытушыларға бөлініп беріледі.
Бұл құжаттар көбінесе Excel, Word программаларында дайындалады. Оларды дайындап шығудың өзі уақыт пен еңбекті талап етеді. Егер жұмыс оқу жоспарына өзгеріс енгізілсе онда онымен байланысты барлық құжаттарға да жеке-жеке қолмен өзгеріс ендіруге тура келеді. Құжаттарды дайындау және оларға өзгеріс енгізу процессін оңайлату үшін жұмыс оқу жоспарының негізінде мәліметтер қорын құрып, осы мәліметтер қорынан қалған құжаттарды сұраныс арқылы дайындау қолайлы болар еді. Бұл үшін Access программасы таңдалып алынды.
Құрылатын «Пәндер» атты мәліметтер қорына жұмыс оқу жоспарынан мына өрістерді енгіземіз: пән коды, пән аталуы, емтихан, курстық жұмыс, кредит саны, лекция практика, лаборатория, СӨЖ, бақылау жұмысы(сыртқы бөлім үшін). Ал қалған өрістерді — жалпы сағат саны, ОБСӨЖ, семестрлер бойынша пән сағаттарының аптаға бөлініп жазылуын енгізілген өрістердің негізінде ала аламыз. Сондықтан оларды енгізудің қажеті жоқ, тек апта саны атты өрісті қосымша енгіземіз. Бұл мысалы лекция сағатын апта санына бөліп, аптасына неше сағат қойылатындығын анықтау үшін керек(оқу процессінің графигі). Бұлардан бөлек енгізілген өрістер төмендегіше:
- Циклдер – пәндерді циклдер бойынша топтастыра алу үшін;
- Компонент түрі – пәндерді компонент түрі бойынша ажырата алу үшін;
- Балама — таңдау пәндерінің әрқайсысында балама екі пәннен бар, оларды негізгі пәннен ажырата алу үшін;
- Емтихандар — әр пәннен қабылданатын емтихан түрі көрсетіледі. Дара жүктеме құжатындағы Емтихандар атты өрісте егер тест түрінде қабылданса 2 саны, ал билет түрінде болса 3 саны көрсетіледі. Бұл өріс осы мақсатта енгізілген;
- Біздің пәндер — факультет аралық пәндерді кафедраның пәндерінен ажырата алу үшін;
- Топ – пәндердің қайсы топқа тиістілігін анықтау үшін;
- Жыл – осы оқу жылында өтілетін пәндерді ажырата алу үшін;
- Оқытушы — пәндердің қайсы оқытушыларға үлестірілгенін белгілеу үшін;
Жоғарыда аталған 6 түрлі құжатты дайындау үшін бізге қосымша кестелер қажет болады.
- «Оқытушылар» кестесі — «Штат» құжаты үшін оқытушының аты-жөнінен бөлек оның қызметі және ғылыми дәрежесі туралы мәлімет қажет. Бұл кестенің өрістерінде осы мәліметтер сақталады.
- «Студенттер контингенті» кестесі — «Жалпы сағат саны» құжаты үшін әр топқа сәйкес студенттер контингенті көрсетілуі керек. Бұл кестеде топтардың шифрлары, әр топтың студенттер контингенті, топтың 2011-2012 оқу жылында қай курста екендігі, оқу түрі және мамандық шифры енгізіледі.
- «Курс семестр» кестесі — «Сағаттардың 2 семестрге бөлінуі» атты құжатты дайындау үшін семестрлердің 1-ші және 2-ші жартыжылдыққа бөлу қажет. Бұл кестеде әрбір курсқа қай семестрлер тиістілігі және олардың қай жартыжылдыққа жататындығы көрсетіледі.
- «Практика» кестесі. «Жалпы сағат саны» құжатында Оқу-танысу практикасы, Өндірістік практика, Педагогикалық практика атты бағандар бар. Бұл бағандарда іс-тәжрибе үшін бөлінетін сағаттар көрсетіледі. Топтардың жұмыс оқу жоспарларында іс-тәжрибе атаулары түрліше: өндірістік іс-тажрибесі, оқыту-педогогикалық іс-тәжрибе, оқу іс-тәжрибесі, оқу есептеу іс-тәжрибесі, касіби іс-тәжрибе, есептеу іс-тажрибесі, кәсіптік(педогогикалық) іс-тәжрибе, педагогикалық іс-тәжрибе, психологиялық-педагогикалық іс-тәжрибе. Бұл әр-түрлі атаулы іс-тәжрибелерді жоғарыда аталған 3 атаудың біреуіне жатқызуымыз керек. Осы мақсатта «Практика» кестесіне «Практика аты», «Жүктемедегі аты» атаулы өрістер енгізілген.
Сурет 1. Кестелер байланысы
Сонымен, барлық құрылған кестелер саны 5-еу болды. Бұл кестелердің байланысы 1-суретте көрсетілген.
«Жыл енгізу» сұранысы. Жоғарыда «Пандер» кестесінің Жыл өрісіне 2011-2012 жылы өтілетін пәндер үшін 2011 саны енгізіліп шығылатынын айтқанбыз. Мұны енгізуді автоматтандыру үшін мәндерді жаңарту сұранысын (запрос на обновление) құрамыз. Бұл сұраныстың көрінісі төмендегі суретте көрсетілген.
Сурет 2. Жаңарту сұранысы
Осы байланыстан соң сұраныс кестесін ашып қарар болсақ онда тек 2011-2012 оқу жылына тиісті пәндер ғана іріктелгенін байқаймыз, демек сұранысты іске түсірген соң «Пандер» кестесіндегі Жыл өрісіне іріктелген жазбалар үшін 2011 саны енгізіліп шығылады.
«Топшаға бөлу» сұранысы. Топтағы студенттердің саны 20 және одан көп болса, онда бұл топты лаборатория сабағында 2 топшаға бөлеміз. 2 топшаға 2 оқытушы лаборатория сабағын өтеді. Демек жалпы жұмыс сағатына қосымша сағаттар қосылады. Топшаға бөлінетін топтар туралы мәліметті (қай пәннен, қай семестрде, лаборатория сағаты қанша, т.б.) «Пандер» кестесіне қосымша енгізіп қоюымыз керек. Бұл сұраныс осы мақсатта жаңа жазбалар қосуға арналған сұраныс(запрос на добавление) түрінде құрылды.
«1 беттік кесте» сұранысы.«1 беттік кесте» құжатында оқытушылардың жалпы жылдық сағаты, 1-ші және 2-ші жартыжылдықтағы сағаттары, күндізгі және сыртқы бөлімдердегі лекция, практика, лаборатория, бақылау жұмысы, курстық жұмыс, диплом жұмысы, емтихандар, іс-тәжрибе сағаттары, магистратурадағы сағаттары және ОБСӨЖ сағаттары есептеліп жазылады. Мұны кафедрада оқытушылар әрқайсысы өздері есептеп бұл мәліметті енгізу үшін лаборантқа беретін. Сұраныс құру арқылы бұл процесске кететін уақыт шегеріледі.
Төмендегі 3-суретте осы сұраныстың конструктор режиміндегі көрінісі көрсетілген.
Сурет 3. «1 беттік кесте» сұранысы
«Жалпы сағаттар саны» құжаты үшін «Жалпы сағат саны» атты форма (сводная таблица түрінде) құрылды. «Жалпы сағаттар саны» құжатында сағаттар есебі топтар бойынша бөлініп беріледі. Әр топ бойынша жазбалар аяқталғанда қорытынды нәтижелер көрсетілуі керек. Бұл форма «Жүктеме» атты сұраныс негізінде құрылады (4-сурет).
Сурет 4. «Жалпы сағаттар саны» есеп беру кестесі
Кафедра оқытушыларының дара жүктемелерін дайындау үшін «Жүктеме» атты сұраныс құрылды. Оның көрінісі төмендегіше:
Сурет 5. «Жүктеме» сұранысы
«Жүктеме» сұранысында мәліметтер бір кестеде орналасады. Ал бізге жеке оқытушылардың дара жүктемелері жеке парақтарға тиісті үлгіде шығарылуы керек. Бұл үшін Отчеты бөлімінде «Дара жүктеме» атты есеп құрылды.
Кафедра профессор-оқытушыларының жұмыс сағаттарын 2 семестрге бөліп көрсетуге арналған құжаттты дайындау үшін «2 сем болу» атты форма құрылды. Есептеулері бар болғаны үшін форма есеп беру кестесі түрінде құрылды(6-сурет).
Сурет 6. «2 семестрге бөлу» формасы
Оқу процессінің графигі құжаты әр семестрдің басында оқу бөліміне сабақ кестесін құру үшін тапсырылады. Бұл құжатта осы семестрде өтілетін пәндердің атауы, кредиті, лекция, лаборатория, ОБСӨЖ, СӨЖ сағаттары, бақылау түрі, оқытушы көрсетіледі. Оқу процессінің графигі құжатын дайындау үшін құрылған есеп беру кестесі төмендегіше.
Сурет 7. «Оқу процессінің графигі» есебі
Сонымен, осылайша құрылған мәліметер қоры кафедра меңгерушісі және лаборантының жұмысын біршама жеңілдетері сөзсіз.