Баскетбол ойынына сипаттама

Ең алғашқы баскетбол сайысы өткен күн деп 1891 жылдың21 –желтоқсанда Сприч- филд колледжінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Джеймс Нейсмитке қолайлы көңіл күй көтеретін қимылдар ойлап тауып гимнастика сабағын жандандыру тапсырылды.

Нейсмит “ойлап тапқан ”ойынның ең алғаш рет өз сыныбында өткізілді.

Орналаласқан болион ернеуіне яғни 3 метр биіктікке ол өзі шабдалы салынған карзиноларды бір-біріне қарама-қарсы орналастырды. Бұл корзиналарға доп лақтыру қажет. Сүйтіп баскетбол ағылшын тілінде “карзина доп” деген сөзден құралған. Ойын үшін футбол добы қолданылды және оған әр командаға 9-ойыншыдан бөлінген 18-адам қатысқан. Кейін бұл сан 7-ге 1897 жылдан 5-ке дейін қысқартылды. Себебі ойыншылардың көп болуы алаңда тек кедергі – кесір әкелетін еді. Ойыншылардың үнемі қақтығысып қалып отыруы ойын ережесін жасауды талап етті. Олардың ең алғашқысы 13 бөліктен құралды.

Ойын АҚШ- та тарала бастады, баскетбол спорттық ойындар қатарына ене бастады. 1894 жылы ең алғаш рет ойынның заңды ережесібасылып шығарылды және соның негізінде жарыстар өткізіле бастады. Біртіндеп ойын тактикасы мен тәсілі қалыптасты. Тәсілдік қолданыстар белгілене бастады, қағып алу, әрі жіберу және баскетболшылардың ойындағы қызметі анықталды – шабуылшылар мен қорғанушыларға бөлінді.

1936 жылы баскетбол ең алғаш рет ХІІ олимпияда ойындары бағдарламасына енді .

1921 жылдары баскетбол Орта Азия елдеріне тарай бастады .

Біздің Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Қызылорда, Ташкент қалаларында алғашқы жарыстар өткізілді.

1946 жылдан бастап жергілікті жарыстар өткізіле бастады. Ал оның жеңімпаздары республика чемпионы атағы үшін жарыста 1947 жылы алғаш рет КСРО біріншілігіне қатыса отырып қазақсатандықтар 10 команда ішінен 6-шы орынды иеленді .

Баскетбол федерациясыныњ ќ±рылуы.

Қазақстан мемлекетінің тәүелсіздігінің алуына байланысты респуликамызда баскетболды дамытудың жаңа беттері ашылды. 1991 жылы Қазақстан респуликасының баскетбол федерациясы құрылды 1992 жыл ұлттық чемпионат өткізілді. Қазақстан репуликасының құрама командалары Азия ойындарында Әлем чемпионаттарында Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғауға дайындалуда. Атап айтар болсақ елордамыздың намысын қорғап жүрген «Астана» камандасы.

Жақсы денсаулық адамның жеке және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі.

Спортшылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Баскетболмен шұғылдануды мектеп табалдырығынан бастамай жоғары жетістіктерге жету өте қиын. Сондықтан оқушылардың Жеке адамды жан-жақты дамытуды дене тәрбиесінің маңызы зор. Баскетболшыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге, сүиеніп дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарсатырайық. Баскетболшылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығайуы, жұмыс қабілетілігің сабақтарда, сабақтан тыс уақытта,спорт саябақтарында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әр бір мектепте барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтар мен құралдар және жақсы жарықталған спортзалдары мен алаңдары болуы тиіс. Өмірге қажетті дағды және іскерлік қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғат қозғалыстың түрлері; жүгіру, қарғу, жүзү, лақтыру, өрмелеу т.б.

Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көлемімен ширап,дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық , төзімділік сияқты адам қабілеттерін дамыту, оқушылардың қозғалғыш тәжірибесіне бағытталады және дене қозғалысын үйлестіреді, бұл баскетболшыларға өте қажет.

Дене тәрбиесіне оқыту дегеніміз адамның яғни баскетболшыныңдене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесі мен қимыл әрекетке үйрету, оны меңгеру процесі. Дене тәрбиесіндегі үйретудің нәтижесі дене қуаты бөлімі болып келеді. Қозғалысқа үйрету теорялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогтың принцптерімен анықталады.

Жаттыѓу т‰рлері.Жаттығу мақсатына , жаттығушылар контингентіне сәйкес үш топқа бөлінеді

  1. Дене тәрбиесінің баскетболшыға әлеуметтік қажетілігі туралы мағлұмат.
  2. Дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережерелі туралы мағлұмат.
  3. Медициналық биологиялық мағлұмат.

Қимыл-әрекетке үйрену алдында баскетболшы оның ережелерін, адам денесінің қозғалу зияндықтарын, арнайы терминология туралы мағлұматалу керек. Теориялық мағлуматтар алу кезеңдері қимыл–тәжірибесі , арнайы оқулық, сөз және көрнекі қабылдау, мұғалімнің әрекеті, кино және бейнефильмдер көрсету т.б. Теориялық мағлұматтарды баяндау, кіріспе сабақтар мен оқу материялдарын үйрену кезінде жүзеге асырады. Қимыл-әрекетке үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру,үйрену ,жетілдіру кезеңдері

Қимыл әрекеттік тыныстыру кезеңнің міндеті жаттығушылар үйренетін жаттығулартуралы түсінік беру және соны үйретуге ынтасын ояту, түсіну, ұғыныу процесі қалыптастыру кезеңде бір-біріне байланысты үшкезең пайда болады.

  1. Үйрену міндеттерін ұғыну кезеңінде жаттығушылар міндеті бір жаттығудан немесе бірнеше жаттығу орындауды ұғыну. жаттығушылар тәсілдің негізін түсіну керек, ал бөлшектерін келесі оқыту кезеңдерінде үйренеді.
  2. Орындау таңбасын құру кезінде оқытушы қимыл тәжірибесі мен білімін ұсынады , ал жаттығушыларды сол арқылы жаттығуларды қалай орындауға болатыны туралы қисынды бейнелі түсінік қалыптасады .

Қимылды бөліп немесе тұтас орындау кезеңі. Қимылды орындап көру танысу кезеңінің бастапқы элементі. Орындап көру арқылы жаттығушы өз міндетін қаншалықты ұққанын қозғалысқа үйрену міндетін қалай құралғанын тексеруіне болады. Қимыл-әрекетінің күрделілігіне байланысты жаттығуларды бөліп немесе тұтас орындауға болады. Қарапайым жаттығуларды толық орындай білуге болады. Күрделі жаттығуларды бөлшектеп орындаған жөн. Қозғалыс тәсілін тұтас орындауға жаттығушы қате жіберсе, бөлшектеп орындау әдісін қолдану қажет.

Қимыл -әрекетті үйрету кезеңі.

Жақсы денсаулық адамның жеке және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі.

Баскетболшылар денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Бірақ жоғарыда айтылғандай жоғары жетістіктерге жету үшін жас кезінен дене тәрбиесімен айналысу керек. Сол себептен оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әр бір мектепте барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтар мен құралдар және жақсы жарықталған спортзалдары мен алаңдары болуы тиіс. Өмірге қажетті дағды және іскерлік қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғат қозғалыстың түрлері; жүгіру, қарғу, жүзү, лақтыру, өрмелеу т.б.

Жас баскетболшының денесітүрлі жаттығулар көлемімен ширап,дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық , төзімділік сияқты спортшы қабілеттерін дамыту, шұғылданушының қозғалғыш тәжірибесі бағытталады. Дене қозғалысын үйлестіреді.

Дене тәрбиесіне оқыту дегеніміз баскетболшының дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесі мен қимыл әрекетке үйрету, оны меңгеру процесі. Дене тәрбиесіндегі үйретудің нәтижесі дене қуаты бөлімі болып келеді. Қозғалысқа үйрету теорялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогтың принцптерімен анықталады.

Баскетболшыны жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы зор. Баскетболшыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге, сүиеніп дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарсатырайық. баскетболшының денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығайуы, жұмыс қабілетінің артыуы, сыртқы ортаның қолайсыз жағдаларына қарсы тұруы.

Дене даму ретінде индивидумның (жеке адам) тексерілу сәтінде дене жұмыс істеу қабілетімен жасына қарай биологиялық даму деңгейін анықтайтын морфо қызметтік көрсеткіштердің кешені түсіндіріледі. Дене даму генотиптің фенотипке ауысуы жүріп жатқан кезде антогенездің жекелеген кезеңдерінде ағзаның өсуімен даму үдерісін бейнелейді. Ағзаның ата – анасынан қалғаны және морфологиялық ерекшелігін сипаттайды. Сыртқы орта факторының ықпалымен генотип фенотипке айналады. Фенотип дене дамуын жас ерекшелігін бөлінуін ерекше бейнелей отырып бүкіл өмір бойы өзгеріп отырады. Өмірдің әлеуметтік экономикалық жағдайын сыртқы ортаны өзгеде факторлардың ықпалы сенсетивті жас ерекшелігінің кезеңінде көбірек білінеді. Бұл кезеңде өсу мен даму эволюция (қарт және қартайған жас) үдерісі қарқынды жүріп жатады. Дене бітімі деп – дене бөліктерінің өзара орналасу көлемін формасын пропорция ерекшелігін сондай – ақ сүйек, май және бұлшық ет ұлпаларының дамуының ерекшелігін айтады. Конституция ағзалардың сыртқы және ішкі тітіркендіргішке жауабының өзіндік анықтайтын туқым қуалауының жане журе пайда болатын қасиеті негізінде қалыптасқан ағзаның морфологиялық ерекшелігінің жиынтығы.

Дененің даму дәрежесін зерітеу әдісі дененің дамуының зертеуінің негізгі әдісі жане морфологиялық қызметтік көрсеткішін өлшеу қатар зертеудің суретке тусіру прибордың көмегімен омыртқа буғананың қисығын олшеу буындағы қозғалу бұрышын угламердің көмегімен өлшеу оны және тағы басқа әдістермен зерттеледі. Атропометрялық стандарттар әдісі бұл адамдардың біркелкі контингентін өлшеудің орасан үлкен санын статистикалық өңдеу жолымен алынған дененің даму көрсеткіштерінің орташа шамасын пайдалану дене дамуының белгісі бір – бірімен байланысты және олардың бірі өзгерген кезде екіншісі де өзгереді.

Баскетболшы тәсілі үлкен екі бөлімнен тұрады, шабуыл және қорғаныс тәсілі. Тәсілдің қолданыстар қорғаныс және шабуыл әрекеттерін міндетті түрдегі бірлігі негізінде ғана үйретілуі және жетілдіру керек. Ал бұл бірлікке қол жеткізу үшін қолданыстардың кең қорына ие болуы және оларды ойында қолдана білуі керек, ұтымды тәсілдіңболуы баскетболшыныңдене қабілеттерін барынша толық және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Баскетболшылардың тәсілдік дайындығынсатыға бөлуге болды және оған сәйкес міндеттер шешіледі.

Бірінші сатыда негізгі қолданыстармен оларды орындау, негізгі амалдары сонымен қатар бұл қозғалыстардың негізгі бірліктері қолданылады. Қолданыстардың қозғалыста жасалуына және оларды бағытты өзгерте отырып орындауға оң жаққа, сол жаққа, оң сол қолмен жасауға баса назар аударған жөн.

Екінші сатыда, бұрын үйретілген қолданыстардың басқаша жаңа амалдар мен біріктіре отырып қолдану тәсілдері жетілдіріледі.

Үшінші сатыда бұрын үйретілген қолданыстар кешені жетілдіріледі, кеңейтілдіреді және қайталанады сонымен бірге әр ойыншы мен жеке –жеке дайындық жүргізіледі. Тәсілдік қолданыстардың әртүрлі бірлігін үйретуде оларды орындаудағы реттіліктік болуын қадағалаған жөн , бұл үшін әдетте негізгі тәсілдің қолданыстары бірлігі жататын кешенді жатығулар қолданылады.

Баскетбол ойынында допты қағып алу – доппен ойнауда ең көп тараған қолданыс. Допты екі қолдап қағып алу үшін бір орында тұрып допқа қарап қолды түзү еркін созу керек.Мұнда бес бармақтар бірбіріне бағытталып үш бес сантиметрге дейін жақындатылады. Доп саусақтарға тиген кезде қолды сәл бүгіп допты кеүдеге қарай жақындатады. Әперу және басқа қолданыстармен бірлікте ғанақағып алуды жетілдіруге болады. Жүгіру кезінде допты қағып алу үшін қолдыдопқа қарай алға созған сәтте, жүгіруде кезекті қадамды жасаушы аяқпен барынша кең-кең қадам жасалады. Допты қағып алып денеге қарай тартадыда келесі қадамды жасап сүйеусіз жағдайда екінші қадамды жасап үшіншісін жасамас бұрын доп жіберіледі. Қозғалыста қағып алуда қате жібермес үшін аяқпен қол жұмысында дұрыс ырғақты бекітуге көмектесетін жаттығуларды қайталаған жөн.

  • Түзу сызық бойымен жүгіргенде, сол аяқпен итерілгеннен кейін бір кең қадам жасалады да жүгіру жалғастырады. Мұндай қадамды алдын ала дайындаған жерде дұрыс болады.
  • Допты саусақпен итерілгеннен кейін, екі кең қадамды қатарынан жасау. Жоғарыдан төменнен ұшып бара жатқан допты қағып алуда қол алға қарай жоғары төмен созылуы керек. Троектория бойынша доппен амартизация қимылдары жасалады.

Қарсыласкомандаларының негізгі мақсаты: орын алмастырулар, әперулер айла қимыл сериалары арқылы ойыншылардың бірін лақтыруға ыңғайлы жерге шығарыпқарсылас торына допты дәл түсіріп ойнау.

Допты торға лақтырарда ойыншыдан бұлшық ет күшін дәл есептепқол, дене, аяқ қимылдарын сәйкес келүі талапетіледі. Кеүдеден екіқолдап лақтыру түйін тәрізді жалпы беруден кейін допты шапшаң жүмсақ лақтыра отырып қажеттітраеокториябойынша торға түсіру.

Екі қолдап жоғарыдан лақтыру, көп жағынан алғанда лақтырудың кеудеден екі қолмен жасалатын түріне ұқсас, бастапқы қалыпта доп маңдайдан жоғарыұсталады, ал бүгілген қол шынтақтары бет деңгейіне дейін көтеріліп алға қарай бағытталады. Лақтырудың бұл түрін секіріп жасағанда айрықша тиымды себебі, доптың жоғары болуы оның ұшып бара жатқанда ұстап алуды қиындатады. Иықтан бір қолмен лақтырғанда дайындық қимылдарымен аяқпен жұмыс істеу. Сипатына қарай кеудеден екі қолмен лақтыру түріне ұқсас.

Бастан бір қолмен лақтырғанда орындауда доп қолдың бірінің саусақтарын ұстап тұрады. Бұл жағдайда допты екінші қолмен ұстауға болады. Басқа қимылдар бастан екі қолмен лақтырғанмен бірдей.

Секіріп лақтыру – қазіргі заманда баскетболдыңмаңызды және тәсілдік жағынан ең ауыр түрі. Мұнда секіруді лақтырумен үйлестіру керек. Лақтыруда бастапқы қалыпты қабылдаудың екі амалы бар.

  1. Ойыншы допты жоғарыдан лақтыру үшін бірден оны бастапқы қалыпқа әкеледі, сосын итеріле секіріп ең жоғары нүктеге допты нысанаға қарай жібереді.
  2. Ойыншы допты қағып алып бірден жоғары қарай секіреді де қолды сілтеп допты бастапқы қалыпта әкеледі.

Сосын лақтыруды орындайды.

Мұны мынадай жаттығулар арқылы орындауға болады:

  • Биікке секіріп қолмен лақтыру жасағандай қимылдар орындау.
  • Дәл осыны тек қолына допты ұстап жасау.
  • Допты алаңға ұрып жіберіп алға бір қадам жасап алып оны ұстап алып аяғын бүгіп бастапқы қалыпқа келу.

Жақын қашықтықтан лақтыру, секіру арқылы жасалады. Бір қолмен лақтыру кең таралған. Оны орындау үшін жүгіріп келудің соңғы қадаммен бірге доп қағып алынады да екінші қадам жасапитеріле секіреді. Жоғары ұшып бара жатып секіруші аяқпен алға – жоғары қарай қозғалыс жасайды да, сосын тіреуіш аяққа қарай түсіреді. Секіргенсәтте допты қолмен шығара көтеріп ең жоғарғы нүктеде лақтыруды орындайды. Қозғала жүгіріп доп лақтырудан мынандай жаттығулар арқылы орындауға болады.

Жаттықтырушы допты қолын алға созып ұстап, ойын лақтыру сызығында тұрады. Айналысушы қалқанға жүгіріпкеліп бір қадам жасап допты жаттықтырушыныңқолын сүріп, сосын тағы бір қадам жасап лақтыруды орындайды.

  • Дәл осы кезде жаттығушы айналысушы допқа ие болар сәтінде оны жай ғана вертикаль күйде лақтырады. Бұл допты қолданалмай қағып алу үшін жасалынады.
  • Дәл осы,лақтыру қарсыкеле жатқансеріктіңәперуі арқылы жасалады.

Қорғаныста ойнау тәсілі.

Қорғаныстағы ойыншының әректі үнемі шабуылданушы командаға қарсылық көрсетуге бағытталуы және допты торғатүсіргенше оған ие болуға бағытталады.Қарсыласы допты торға түсіргеннен оныңшабуылынтоқтата білуқорғаныста ойнау тәсілін машықтану процестерініңең маңызды бөлімдері қатарына қояды.

Спортта көбіне орташа тұрысын қолданады. Аласа тұрыста ол қарсыласы допты жүргізіп жүргенде, ол биігін қысқа ғана демалыс уақытында қолданады. Қорғаушы үнемі белсенді әрекет ету керек. Қарсыласының соңынан қозғалып отыру керек және оның қолында доп бар жоғына қарамастан одан назарды аударыпәкетуге болмайды.

Қорғаушының міндеті:

  • Жаттығушының допты алуға ыңғайлы орынға көшуіне мүмкіндік бермеу .

Егер ойыншыдопты қағып алған болса онда оны қандайда болмасын қозғалыс жасауына кедергі келтіруі, допқа ие болуға тырысу

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Еркін Уаңбаев «Дене тәрбиесінің негіздері» .Алматы-1999 ж:

Атамұра-56- 65 бет.

  1. А.Г Хрипкова, Д.В. Колесов «Гигиена және денсаулық»

Караганда- 1989г:Дәуір- 98 бет.

  1. Тойжанов С, Ќ±лназаров А. Дене тєрбиесі Алматы- 1983ж. “Жазушы” 36 бет..
  2. Баскетбол. Спорт для начинающих . Москва 2004 г: Заря-66 бет.
  3. Гомельский А.Я. Тактики баскетбола. Москва-1998 г: Фис-198 бет.
  4. Грасис А.М. Методики подготовки баскетболиста. Москва. Фис-58 бет.
  5. Зинин А. Детский баскетбол. Москва-1967: Фис- 38-41 бет.
  6. Керамикас С.А. Баскетбол. Москва-1961: Фис- 61бет.
  7. Колпаков В. Очерки о советском баскетболе. Москва- 1960г: Фис –19 бет.
  8. Сгункус С.С. Индивидуальные тренеровки баскетболистов. Москва- 1967 г: Фис-

55бет.