Адам баласы жаралғалы берi өз денсаулығының сақталуына және жұмыс қабiлетiнiң жоғары әрi ғұмырының ұзақ болуына нақты қадамдар жасап – ақ келедi. Адам өз денсаулығының жақсы болуын, еңбек қабiлетiн қартайғанға дейiн сақтауды қалап, елу немесе алпыс жас қана өмiр сүру емес, тоқсан, жүз және одан да көп жасауды көздейдi.[1]
Ең алғашқысында И. И. Мечниковтың [2] жуан iшектерде дамитын iрiңдiк микробтардың тiршiлiк әрекетi өнiмдерiн үнемi интоксикациясы салдарынан ағзаның құлдырауы жөнiнде айтылған болжауы. Мечников бойынша ағза «игi» паренхимадан, яғни ағазалар мен жүйелердiң негiзгi қызмет атқаратын құрылғы бөлшегiнен және «жаман» жалғаушы терi қабатынан құралған. Оның ойынша қартаю процесi кезiнде ең алдымен паренхима өзгерiске ұшырайды. Интоксикациямен әлсiзденген ол, оны ығыстыратын жалғаушы терi қабатының өсуiне қарсылық бiлдiре алмайды. Осы күйреу процесiнiң соңғы бөлiгi болып өскен терi қабатының склероздануы, ағзаның толық кәрiлiк склерозы болып табылады.
Бiрақ, қартаю процессi — өте күрделi құбылыс, ол тек ағзаның өзiн өзi жуан iшек микробтарының тiршiлiк әрекетi өнiмдерiмен уландыруымен ғана түсiндiрiлмейдi. Қартаю барлық жануарларға тән нәрсе, тiптi жуан iшегi жоқ жануарларға да тән құбылыс. Мечниковтың теориясы қартаюдың тек кейбiр ғана құбылыстарын түсiндiре алды, бiрақ оның толық маңызды көлемiн аша алмады.
Алайда, ағзаның өзi өзiн уландыру қартаю процесiне әсер тигiзуi жайындағы ойды қазiргi заман теорияларында да көре аламыз.
Мысалы, Карелл, Коринчевский, Пирл өмiрлiк процестердiң нәтижесiнде, жасушалар өзiнде және өздерiн қоршаған ортада жиналған зат алмасу өнiмдерiмен уланады деп санайды. Богомольцтiң көзқарасы Мечниковтың көзқарасына қарама қайшы келедi. Оның ойынша ағзаның қартаюы дәл жалғаушы терi қабатынан басталады. Ағзаның жалғаушы терi қабатының өз жасы болады. Жалғаушы терi қабатының физиологиялық жүйесi, А.А. Богомольцтiң түсiнiгi бойынша, ағзада төтенше маңызды трофикалық қызмет атқарады, ол арқылы және оның белсендiлiгi арқасында қаннан жасушаларға заттардың тiршiлiк ету әрекетiне қажеттi паренхималар келiп түседi.
Жануар мен адамның қартаюына әкелiп соғатын негiзгi себептердiң бiрден бiрi, ағза ақуыздарының 30%-ын құрайтын коллагеннiң қартаюы. Коллаген — жалғаушы терi қабатының жасушалық емес құрылымдарының негiзгi субстраты. Колагеннiң қартаюы, ағзаның жалпы қартаюының нышаны. Коллаген молекулаларының қартаюы, қартаю процесiнiң нұсқасы болып қызмет атқаруы мүмкiн.
Академик И.П.Павловтың оқушысы профессор М.К.Петрова қартаюдың нейрогендiк теориясын жасап, жетiлдiрдi. Ол иттердегi тәжiрибелiк шалығуларды зерттедi. Ол тежеу процессiнiң қиналыс жағдайларын тудыратын және жүйке қызметiнiң негiзгi тежелу және қоздыру процестерiн соқтығыстыратын, ауыр да күштi тiтiркендiргiштердi қолданып, иттерден шалығуларды байқады. Ол шалығулар апталар, айлар, тiптi жылдар бойы жалғасуы мүмкiн болды.
Нейрогендi теорияны қолдаушыларға өзiнiң қарсылығын Богомолец: «Жүйке жүйесiнiң трофикасын зерттеу әрине қажет, бiрақ, ағзадағы кәрiлiк атрофияның пайда болуын тек жүйке жүйесiнiң өзгерiсiне қарап қана түсiндiретiн болсақ, өзiмiздiң iлтипатымызды тек соған ғана аударатын болсақ, ол үлкен қателiк болады… бақылаулар бойынша қартаюдың белгiлерi көптеген жүйелер жағынан, әсiресе, бәрiнен бұрын жалғаушы терi қабатының физиологиялық жүйесiнiң қартаюы жүйке жүйесiнiң қартаюынан бұрын байқалады», — деп бiлдiрдi.
Бiр топ ғалымдар қартаю процесiнiң дамуын жыныс бездерiнiң әлсiреуiмен байланыстырған. Осы болжаулардан «жасарту» операциялары туындады. Штейнахтың, Вороновтың, Броун — Секардыңғажайып ашылымдары баяғыда айтылып өтiлген, бiрақ қартаю процестерiндегi эндокриндiк жүйенiң маңызын жоққа шығаруға болмайды.[3]
Бiз неге қаусап – қартайамыз? қартаюдың бағдарламасында өлiм адам организмi жасушасының кiшкентай органелласында — митрохондрияларында жасырын жатады. Оларды тек микроскоп арқылы ғана көруге болады, ал бiрақ олар үлкен өндiрiс сияқты жұмыс орындайды, яғни күн сайын 400 литр оттегiн өңдеп, оны тiршiлiк қуатына айналдырып отырады. Бiрақ әрбiр өндiрiс орнындағы сияқты митрохондриялар да қалдықсыз болмайды – оттегiн өңдеу процесiнде 0,5 литр улы зат — супероксид бөледi, ол тіршілікке зиянды әсерін тигізеді. Организмнiң даму барысының белгiлi бiр кезеңiнде (оның өсуi тоқталған кезде) улы супероксид организмге бұйрық бередi: «Ендi сен қартаясың, ақырында өлесiң!»- деп. Бұл қатыгез қылмыскердi қалай жеңуге болады? Таза өндiрiс үшiн күрес жүргiзе алатын жасылшыларды қайдан алуға болады?
Уды жоятын препаратты – антиоксидтi (мысалы, Е витаминiн) адам баласы ойлап тапты. Бiрақ бар болғанның өзiнде антиоксидтер әлi де толық жетiле түспеген, ал ас қорыту жүйесіне түскен кезiнде бұлар біршама бұзылып кетедi.
Антиоксид дегенiмiз — организмдегi жақсы жасушаларды зақымдайтын зиянды молекулалармен күрес жүргiзетiн заттар, яғни бос радикалдар. Дүние жүзiндегi ғалымдар, адамзаттың үзақ өмiр сүруiне баратын жолы тек антиоксиданттарға тәуелдi деген тұжырымды бұрыннан айтып келедi. Сонда адам ағзасында антиоксиданттардың жоғары болуы өмiр сүрудiң ұзаруында шешушi роль атқарады. Антиоксиданттар – С, А, Е, F витаминдерiнде және селеннiң, мырыштың құрамында болады.[4]
Сол себептен осы еңбекте қойылып отырған мақсатым – адамның өмір сүру уақытын ұзарту, адамзатты ұзақ және бақытты өмiр кешуге қалыптастыру.
Қартаю процесi ағзаның қандай да болса жүйесiндегi өзгерiстерiмен басталады. Оның жұмысының қандай да болсын ауытқулары ағзаның толық өзгерiсiне әкелiп соғады.
Қартайғанда барлық мүшелер жүйкелiк әсерлердi өте қатты сезе қоймайды екен. Бiрақ түрлi-түрлi химиялық заттарға деген сезiмталдық едәуiр көтерiледi.
Жүйелердi молекулярлы деңгейде қарастыру нәтижесiнде пайда болған қазiргi заманның қартаю теорияларын түсiну үшiн, қысқаша ғана «тiрi жасушалар» құпиясын еске түсiрейiк.
Биолог үшiн — жасуша, физикке атом тәрiздi. Тiрi жасушаларда үнемi химиялық құрамының жаңару процесi жүредi, арнайы «құрастыру цехында» ақуыздар синтезделедi.
Күрделi тiрi ағза қартаюына және сипатына байланысты әр түрлi ақуыз бен ақуыз комплекстерiнен тұрады, және де оның әрқайсысы өзiндiк бiр нақты рөлді атқарады. Ақуыздардың биологиялық сипаттары аминқышқылдардың тiзбегiнiң орналасуынан құрылған ерекше бiр нұсқамен байланған қатарларға байланысты.
Тiрi материяға тән нәрсе түрлi – түрлi алмастыру мен үйлестiрунәтижесiнде мүмкiндiктер мен сипаттардың таңқаларлық тiршiлiгiн қамтамасыз ете алатын жиырма және химиялық құрамы бойынша әр түрлi аминқышқылдардың болуы. Бiр күндік мерзімде ақуыз молекулалары құлдырайды, олардың орнына бос аминқышқылдар мен пептидтерден құралғандар пайда болады. Тiрi жасушаларда сол сияқты биохимиялық матрицалар табылған болатын. Оларың үстiнде аминқышқылдар қалдықтарының тiзбектiлiгiнiң қатаң реттелуiнен, ақуыздар синтезi iске асырылады. Тґл матрицалар болып нуклеин қышқылдары: рибонуклеин қышқылы (РНК) және дезиксирибонуклеин қышқылдары (ДНК) табылады. Олар төрт түрлi өзара ұзын — ұзын тiзбектерге байланған нуклеотидтерден құралған.[5]
Адам өмірінің ұзақ жасауы үшін сүттің маңызы өте зор. Сүттің құрамына әр түрлі заттар кіреді және ол жеке бөлшектердің қоспасы ретінде емес, күрделі коллоидтық жүйе ретінде қарастыру керек.
1 кг сүттің орташа химиялық құрамы 2720х10 Дж\кг (650 ккал) калорииге тең.Бір кг сүттің құрамында 33 г ақуыз, 38 г май және 47 г сүтті қант бар. 0,5 л сүтті қолдану барысында бір күндік май қажеттілігі 50%-ға ақуыз 30%- ға фосфолиттер, 6,3%- ға кемиді. Сүт — минералды заттардың (негізінде кальций, фосфор), микорбөлшектердің, витаминдердің құнды негізі болып табылады.
Сүттің құрамды бөлшектері жоғары төзімділігі және сіңімділігі қасиетіне ие болады. Д.Аллисонның пайымдауынша казеиннің төзімділігі 95- % ға, альбуминдікі 97- % ға жетеді. Сүттің ақуыздары толық құнды болып табылады. Олардың құрамында таптырмайтын өмірлік маңызды аминқышқылдар бар (триптофан, фенилаланин, метионин, лизин, валин, треонин, аргинин, цистин, изолейцин және лейцин). Сүт майының сіңімділігі 95- % ды құраса сүтті қант 98- % ды құрайды. Сүттің сіңімділігі ас қорыту үрдісінде жүзеге асады, сүт ішек – қарын жолының жұмысын қамтамасыз етеді. Сүттің құрамды бөлшектерінің жақсы қорытылуы ақуыз, май және көмірсутектердің жоғары сіңімділігі арқасында сүт диеталық қасиеттерге ие болады. Сонымен қатар ол организмнің қышқылды — сілтілі тепе-теңдігінің реттелуіне қатысады. Сүтті қолдану барысында организм ортаның жағымсыз факторларынан жақсы қорғалады. Сүт ақуызы маңызды қорғаныс факторы болып табылады. Өйткені ол амфотерлік қасиетке ие, қышқыл мен сілтілік жұптарды байланыстырады, зиян басқа да заттарды нейтралдайды. Сүттің химиялық құрамы өте күрделі. Сүттің құрамына 250-ге жуық компоненттер, сонымен қатар май қышқылының 20 глицеридті түрі, 23 витаминдер, козеин мен басқа ақуыз ертінділерінің бірқатар фракциялары, 20-дан астам амин қышқылы 30 макро және микробөлшектер, қанттың 4 түрі, пигменттер, ферменттер, фосфатиттер, лимон қышқылы кіреді. .[6]
М.Ж.Нұрышевтің зерттеулеріне жүгінсек бір литр сүттен жасалатын өнімдерді (айран, май, құрт, т.б.) адам күнделікті өз рационында қолданатын болса, ол адам орта есеппен өз өмірін 10-12 жылға ұзартатыны айтылған. Онымен қоса егер біздің ата-бабаларымыз жаңадан туған балаға қырықынан шыққанша биенің сүті немесе уызымен көректендірген болса, көшпелі қазақ халқы 2-2,5 есе көп болған болар еді. Ерте кезде 7-9 құрсақ көтерген шешеден 1-2 бала тірі қалып жүрген, ол әйел адамдарының 90% нан астамы анемия, авитаминоз, сүттің күрт аз болуына тікелей байланысты болған, ал жас нәресте организімінде 40 күнге дейін иммунитеті қалыптаспайды. .[9] Сол кезде жетпеген сүтті, биенің сүтімен толықтырғанда біздің халқымыздың саны мүлде басқаша болар ма еді? Неге десеңіз биенің сүтінің құрамы ананың сүтіне ұқсастығы өте жоғары. Салауатты өмiр салтына ең басты- еңбекқорлық, үнемi бұлшық ет қызметi, рационалды тамақтану мен белсендi тынығу жатады.
Бiрақ алдын — ала қартаюмен күресу үшiн, тек қана өмiрдi жалғастыруға қажет және пайдалы нәрселердi ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығына зиян келтiретiн нәрселердi де бiлу қажет.
Денсаулықты бұзатын табактағы никотин мен спирттiк iшiмдiктердегi алкоголь. Темекi шегушiлер өздерiнiң ғұмарлықтарын жүйке жүйесiнiң тынысымен түсiндiредi. Шынында бұл тым адасушылық болар едi. Себебi негiзiнде темекiнiң жаман әсерi бiрден бiлiнбейдi. Әсiресе никотин жүйке жүйесiне қатты әсерiн тигiзедi. Басында ол толқытады, содан соң ортаңғы жүйке жүйесiн қанатады. Сонымен жүйке жасушалары тозады. Шылым шегу жүректiң жұмыс жүйесiне терiс әсер етедi. Егер де денi сау адамның жүрек соғысы минутына 70-72 болса, 2-3 тал темекiден кейiн жүрек қағысы 100-120- ға дейiн барады. Жүрек ауруымен ауыратын адамдардың 60 % шылым шегедi.
Алкоголь- никотин сияқты «жүйке уы». Ол аздап, бiрақ үнемi iшiлгенмен қоса, сирек, бiрақ көптеп iшiлгенде де адам денсаулығына зиян келтiредi. Қанға тез құйылған алкоголь ағзаның барлық мүшелерi мен тамырларына сiңiп, оны құлдыратады.[6]
Қазақ халқы бірінші кезекте жүрек және жұйке жүйесінің ауруымен, қайғылы оқиғалардан немесе жарақаттан, апаттардан онкопатологияларда сонымен қатар салауатты өмір салтын жүргізбейтіндігінен – темекі, спирт ішімдіктерін қолдануына байланысты қайтыс болады. Әлбетте назар аударыңыз! Әйелдерге қарағанда ер адамдар жиірек қайтыс болады. Өмір ұзақтығын айқындайтын ортақ санды қарамай-ақ, барлық халықты әйелдер мен ер адамдарға бөлсек не аламыз? 61 жас ер адамдарда, 72 жас әйел адамдарда. Айырмашылығы кішкентай емес -11 жыл. Мұнымен қоса, біз Қазақстанда әрбір бесінші еркек 50 жасқа толмай қайтыс болады деп жар саламыз.
Қазақстан Республикасы орнықты дамудың негізгі өлшемі болып табылатын өмір сүру сапасы деңгейі бойынша да әлемнің негұрлым дамыған елдеріненартта қалып келеді.
Қазіргі әлемде өмір сүру сапасынегізгі құрамдас бөліктермен: өмір сүрудің ұзақтығымен, әл-ауқатының деңгейімен және қоршаған ортаның жай — күйімен айқындалады.
Қоғам, табиғат, және адам халықаралық университетінің (Дубна, Ресей) өмір сүру сапасы индексі бойынша рейтинг көшбасшысы Норвегияның коэффиценті – 3,83, Ресей – 1,57, Қытай – 0,34-ке тең болғанда,Қазақстан 1,17 коэффицентпен 78- орында тұр.
Қазақстанда халықтың денсаулық жағдайы мен адамдардың өмір сүруінің ұзақтығы басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда елеулі түрде арта қалып отыр. Осылайша, халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 2005 жылы 65,9 жасты құраса, ал Жапонияда бұл көрсеткіш 80 жасқа жақындайды.
Өмір сүру ұзақтығы
Мемлекеттер | Өмір сүрудің орташа ұзақтығы |
Қазақстан | 65,9 |
Россия | 65,4 |
Великобритания | 78,5 |
Эстония | 71,2 |
Азербайджан | 72,2 |
Украина | 67,4 |
Жапония | 80 |
Мемлекеттің әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктері мен халықаралық белсенділігін, халық денсаулығының экологиялық аспектілерін, экологиялық күйзелістерді, экожүйенің жай- күйінің көрсеткіштерін қоса алғанда, 76 параметр есебіне негізделген Йель экологиялық заңнама және саясат жөніндегі орталық (Йель университеті, АҚШ) пен жер туралы ғылымдар халықаралық ақпараттық желісінің колумбиялық орталығының (Колумбия университеті, АҚШ) экологиялық орнықтылық индексі бойыншаҚазақстан Республикасы 63,8 индексімен 70- орында тұр, ал көшбасшы елдер Жаңа Зеландия, Швеция және Финляндиядабұл көрсеткіш 87-88 балға жеткен.
Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, табиғи капиталдың тозуы мен жойылуын ескеретін шынайы жинақтау индексі (ШЖИ) Қазақстан Республикасы үшін -25,5- ті құрайды, ал Ресей Федерациясында бұл көрсеткіш -4,4, Норвегия +14,8, АҚШ +4,4. [7]
Қазақстан Республикасы халқының саны орнықты дамудың маңызды өлшемі болып табылады. Халықтың тығыздығының төмен болуы (шекара айтырлықтай созылған жағдайда) әрдайым мемлекеттіңдамуындағы тұрақсыздық факторы болып табылады. Ел аумағының елеулі бөлігі шаруашылықты игеруүшін қиын және халықты Қазақстанның барлық өңірлеріне бірдей орналастыру міндетін қою мүмкін еместігіне қарамастан халық санын белгілі бір деңгейде ұстап тұру қажет, сонымен бірге экономикалық мүмкіндіктерді өрістету (ең алдымен, еңбек нарығы проблемасын шеше отырып), қазақстандықтардың көршілес әлем ұлтттарының арасында генетикалық және мәдени әлеуетін сақтау, өңірлер арасындағы атап айтқанда, инфрақұрылымның әлсіздігі мен демографиялық теңсіздікке байланысты жағымсыз саралануды ескеру қажет.
Халық санының неғұрлым оңтайлы мақсатты деңгейі 2024 жылға қарай 18 миллион тұрғынға қол жеткізу болып табылады. Ол үшін табиғи өсім көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 12,68-ге (қазіргі кездегі 8,0-ге қарағанда ), өмір сүрудің орташа ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу, туу көрсеткішін 1000 адамға шаққанда өмірге келетін кемінде 22 адам деңгейінде ұстап тұру талап етіледі. Ерлердің және әйелдердің өмір сүруінің орташа ұзақтығындағы алшақтық қазіргі 11 жылдан 7,5 жылға азаюға тиіс.
Экономикалық өсім процесінде экологиялық талаптарды арттыру, қоршаған ортаға антропогенттік қысымды азайту қажет. Ол үшін 2024 жылға қарай экологиялық орнықтылық индексін ең кем дегенде, қазіргі ең жақсы көрсеткіш – 88 балға дейін жеткізу қажет.
Сол арқылы өмір сүру сапасының көрсеткіштерін ең жоғарғы әлемдік көрсеткіштерге жақындатып, айтарлықтай жақсарту қамтамасыз етілетін болады. [8]
Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін
белгіленген өлшемдерде бағалау (2005-2024жж.)
№ | Интегралды өлшеуіштер | 2005 | 2009 | 2012 | 2018 | 2024 |
1 | Халық саны,млн. адам | 15,05 | 15,66 | 16,13 | 17,13 | 18,18 |
2 | Қмір сүрудің орташа ұзақтығы,жыл |
65,91 |
67,87 |
68,89 |
70,99 |
73,14 |
3 | Әйел адамның орташа өмір сүру ұзақтығының ер адамның орташаша өмір сүру ұзақтығынан асуы,жыл | 11,47 | 10,00 | 9,3 | 8,5 | 7,5 |
4 | Өмір сүрудің орташа нормаланған ұзақтығы | 0,66 | 0,68 | 0,69 | 0,70 | 0,73 |
Пайдаланылған әдебиеттер
- А.В. Колосов,Е.А. Альтшулер «Ұзақ өмiр сүру туралы ғылым»,
Мәскеу «Бiлiм» баспасы 1974 жыл
- «Денсаулық» журналы,»Жедел басу» №11- 2007 ж.
- «Егемен Қазақстан» №11- 2006 ж.
- Л.П Леонтьева «Адам қанша жасайды?» Алматы «Қазақстан» 1983 ж
- П.Гарб «Ұзақ жасаушылар» Мәскеу «Қарқын» 1986 ж.
- Ф.Углов, И.Дроздов «Өз ғасырымызды сүріп жатырмыз ба?»Мәскеу «Жас Қыран» 1983 ж.
- «Ақ желкен» журналы, «Жедел басу» №1- 2007 ж.
- Қостанай таңы газеті №16- 2008 ж.
- Нурушев М.Ж. Адаевская лошадь; эволюция, современное состояние и перспективы разведения// Астана-полиграфия. – 2005. – 383 б.