Үнді мұхитының физикалық – географиялық орны. Бұл мұхит планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы жоқ. Үлкен Зонд аралдары мен Австралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады. Атлант мұхитымен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық мұхитпен шекарасы -— Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді.
Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Аравия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Мұхитта вулкандық және маржан аралдары бар.
Мұхитты зерттеу тарихынан. Үнді мұхитының жағасы — ежелгі цивилизация дамыған аудандардың бірі. Ғалымдар онда теңізде жүзу басқа мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл бұрын басталған деп жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497 — 1499 жж.) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.
XIX ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды. «Челленджер» кемесімен шыққан ағылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер жүргізді. Алайда XX ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті зерттелмеді. Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған экспедициялар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде—«Михаил Ломоносов», «Океан» және басқа ғылыми кемелер бар.
Түбінің жер бедері. Мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең терең жері — Ява шұңғымасында 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен емес. Шарасы басқа мұхиттардағы сияқты, мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып жатады. Оны толып жатқан жоталар кесіп өтеді. Батыс бөлігінде су асты жотасы созылып жатыр, ол Африканың оңтүстігінде Атлант мұхиты ортасындағы жотамен жалғасады. Мұхит түбіндегі терең жарықтар, жер сілкіну және вулканизм аймақтары жотаның орталығына қарай шоғырланған. Кер қыртысының жарықтары Қызыл теңізге дейін жалғасып, одан құрлыққа өтеді. Қазіргі кезде олардың құрылысын орыс ғалымдары зерттеуде. Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне түсіп, жас базальт лаваларын бақылады. Бұл лавалардың пайда болуы мантиядан заттардың жоғары көтеріліп, Қызыл теңізде жер қыртысының ажырағанын, сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының түзілгенін көрсетеді.
Климаты мен ағыстары. Мұхиттың географиялық орны климаттың қалыптасуына күшті әсер етеді.
Мұхит климатының ерекшелігі — оның солтүстік бөлігінде маусымдық муссон желдері соғып тұрады. Мұхиттың бұл бөлігі субэкваторлық белдеуге
орналасқандықтан, оған құрлықтың айтарлықтай әсері тиеді.
Оңтүстікте мұхитқа Антарктиданың суық ағысы әсер етіп, оның суын едәуір салқындатады; мұхиттың ең суық аудандары осында орналасқан.
Су массаларының қасиеттері климаттың ерекшеліктеріне байланысты. Мұхиттың жақсы қызатын әрі суық су құйылмайтын солтүстік бөлігі — оның ең жылы бөлігі. Мұндағы судьщ температурасы басқа мұхиттардың осындай ендіктеріндегі судың температурасына қарағанда жоғары (-)-30сС-ге дейін). Оңтүстікке қарай судың температурасы төмендейді. Тұтас алғанда, Дүниежүзілік мұхиттың орташа тұздылығына қарағанда, судың беткі қабатының тұздылығы жоғары болады, ал Қызыл теңізде ол ерекше жоғары (42.%о—ге дейін).
Мұхиттың солтүстік бөлігінде ағыстардың пайда болуына желдердің маусымдық ауысуы әсер етеді. Муссондар судың қозгалу бағытын өзгертеді, оларды араластырады, ағыстар жүйесін өзгертеді.
Органикалық дүниесі. Үнді мұхиты тіршілікке бай. Балықтардан солтүстік бөлігінде сарданелла, скумбрия, акула; оңтүстік бөлігінде — ақшыл қанды балық, мысалы, мұзбалық және басқалары тіршілік етеді. Маржан рифтерінің маңындағы қайраңдар мен суы таяз жерлер тіршілікке ерекше бай. Балдырлар тоғайы су түбі шалғындарын түзеді. Африканың, Азияның және Австралияның жағасында шаян тәрізділер өте көп шоғырланған. Моллюскалардан каракатицалар мен кальмарлар көп.
Табиғат белдеулері. Мұхит бірнеше табиғат белдеулеріне орналасқан. Тропиктік белдеуде қоршап жатқан Құрлықтың әсерімен әр түрлі су массаларының қасиеттері бар комплекстер қалыптасады. Тропиктік белдеудің батыс бөлігінде жауын-шашын аз түседі, булану өте көп, құрлықтан су мүлде құйылмайды деуге болады. Су массаларының тұздылығы жоғары. Мұхиттың солтүстік-шығыс бөлігіне, керісінше, жауын-шашын мол түседі және Гималайдан басталатын өзендер арқылы тұщы су көп құйылады. Мұнда беткі суы аса тұщы комплекс қалыптасады.
Мұхиттың экваторлық белдеуінде оның түбін жоталар кесіп өтеді, маржан аралдары көп, судың беткі қабатының температурасы аз өзгереді. Аралдардың маңайынан тунец балықтарын аулайды.
Оңтүстік қоңыржай белдеудің су массалары ңыста суық жазда біршама жылы болады. Жиі соғып тұратын теңіз дауылдары судың беткі қабатын араластырады. Бұл мұхит толқындары еш бәсеңдеместен, бірнеше жүздеген километрге дейін жететін «гуілдеуік ендіктер».
Субантарктикалың белдеудің суы балыққа, крильдерге (теңіз шаяндары) бай; оларды киттер қорек етеді. Қыста мұхиттың бетін мұз басады. Суда теңіз мұздарынан басңа, мыңдаған айсбергтер ығып көшеді.
Мұхиттағы шаруашылық әрекет түрлері. Үнді мұхитының табиғат байлықтары тұтас алганда әлі де жеткілікті зерттеліп, игерілмеген. Мұхит қайраңдары пайдалы қазбаларға бай. Парсы шығанағының түбіндегі шөгінді жыныстар қабаттарында мұнай мен газдың орасан зор қоры табылған. Мұнайды өңдеу және тасымалдау суды ластау қаупін туғызады. Мұхиттың солтүстік-батыс жағалауына орналасқан, тұщы суы мүлде жоқ дерлік елдерде тұзды суды тұщыландыру жұмыстары жүргізілуде. Мұхит жағасына орналасқан дамушы елдердің техникалық мешеулігінен балың аулау кәсіпшілігінің маңызы онша үлкен емес. Үнді мұхиты арқылы көптеген кеме жолдары өтеді. Мұхиттың осы күнге дейін желкенді шағын кемелерді пайдаланатын солтүстік бөлігінде теңіз жолдары айрықша көп. Олардың бағыттары муссондарға байланысты.