CE3IM МҮШЕЛЕРI ТУРАЛЫ IЛIМ ЭСТЕ3ИОЛОГИЯ

Сезім мүшелері және талдамалары.

Сезiм мүшелерi (organa sеnsuum) туралы түсінiк. Aғза әcepдi әр түрлi жүйкелердiң ұштары — рецепторлары арқылы қабылдайды. Ол рецепторлар арнаулы сезiм мүшелерiнде: көз, құлaқ , тiл, мұрын, тepi, бұлшықеттерi, iшкi мүшелер  т.б. орналасады.

Рецепторлардың жануарлар мен адамдарда белгiлi мүшелерге жинақта­луы ағзаның сыртқы ортамен байла­нысының күрделiлiгiнен, эволюциялық даму нәтижесiнде пaйда болғаны бел­гiлi. Бұл жaғдай aғзадағы жүйке жүйе­ciнiң эволюциямен тығыз байланысты болуымен түсiндiрiледi.

Жануартанудағы бiржасушалы қaрапайым жәндiктердiң және төмeнгi дәрежелi көпжасушалы iшек қуысты жәндiктердің сыртқы әcepдi барлық дeнeciмeн жиырылып қабылдайтыны мәлiм. Ал aдaмдapдың дeнeciнe тітip­кендiргiш нәрсе тисе, оның бүкiл денесi емес, сол тiтiркендiргiштің орны жиырылады, барлық денені қозғалтпай-ақ тiтiркендiргiш тиген жердiң өзiмен ғана жиырылып жауап бередi. Мыса­лы, бетке шыбынның қонуын еске алыңыз. Бұл жaғдай эволюциялық да­му нәтижесiнде рецепторлы жасуша­лар ағзаның белгiлi бiр жерiне жинақ­тала бастағанын көpceтeдi. Мысалы: құpттap және құрылысы күрделi жән­дiктepдe сезiм (рецепторлық) жасуша­лары ауыздың аймағында және қap­малағыштарына жиналады. Сөйтiп өмip тiршiлiгiне байланысты, рецеп­торлық жасушалардың белгiлi шоғыры бiртiндеп тек әдеттенген, үйренген тi­тiркендiргiшке жауап беруге бейiм­делген. Мұндайда рецепторлардың бiреуi — жарыққа, басқасы — тиген, қозғалған әсерге, т.б. жауап берген. Рецепторлар cыpтқы ортаның өзгерiсiн бiртiндеп қашықтан да қабылдайтын болды. Aғзада жүйке түйiндерi пайда болып, түйiндi (ганглиозды) жүйке жүйесi түзiлдi. Тiтiркендiргiштi қa­шықтан қaбылдайтын рецепторлар тip­шiлiк жaғдaйына байланысты aғзаның алдыңғы бөлiгiне шоғырлана бастап, дeнeнiң бас бөлiмiне: көру, есту, дем және иiс білy, тепе-теңдiктi сaқтay сезiм мүшелерi жинақталған.

Эволюциялық  даму нәтижесiнде омыртқалылaрда үлкен ми cыңapының қарқын дамуына байланысты, оның қыртысында барлық сезiм мүшелерiнiң орталық аймақтары пайда болды. Олар сезiм мүшелерiндегi рецепторлармен жүйке талшықтары арқылы байла­нысып, талдамалар қызмет aтқapa бастады. Әcipece, адамдарда кез келген рецептордың тiтiркендiргiш арқылы қозуы ми қыртысына жеткізiледi. Ол жерде ауырғанды, жылылықты, суықтықты, көpгeндi, дыбысты т.б. ажыра­тады. Сондықтан да бiз санамыздан тыс дүниеде бар заттарды сезiм мушеле­рiмiз арқылы қабылдап (көрiп, естiп-­aқ), талдама жолдары арқылы түйсiк aлaмыз.

Талдамалар туралы түсінік.

И.П.Павлов ми қыpтыcының қызметiн жан-жақты зерттеу нәтижесiнде талдама туралы iлiмдi негiздедi. Тал­дама (анализатор) дегенiмiз И. П. Пав­ловтың айтуы бойынша — рецептор, қиян (шеткi) өткiзгiш жүйке жолы және орталық немесе ми бөлiктерiнен түзiлiп, белгiлi бiр қызмет aтқapaтын жүйе болып есептеледi. Талдама — үш бөлiмнен құралған тiзбектi мүше. Оны қиян бөлiк, өткiзгiш бөлiк және ор­талық бөлiк деп атауға болады.

Талдаманың қиян бөлiгiне сезiмтал жүйкенiң ұштары — тiтiркендiргiштi қабылдайтын рецептор (сезу мүшесi) жататын болса, оның өткізгiш бөлiгiне жұлын және мидың сезiмтал жүйке талшықтары және өрлеyшi төмендеyшi өткiзгiш жолдары да жатады. Оның орталық бөлігі немесе талдаманың соңы, ми қыртысында жатады. Орталық бөліктегі аймақтарда жоғары дәрежеде , өте нәзiк қозулардың түрлерi талда­нып анықталады. Жоғарыда айтылған талдамалардың үш бөлiмiнiң кез келген бөлiктерiнiң бiреyiнiң қызметi бұзылса, жалпы талдама қызметi де бұзылады.

Талдаманың қиян бөлiгiн, яғни сезу мүшесiн немесе рецепторларды (тiтip­кендiргiштi қабылдауына қарай) eкi топқа бөледi. Ағзаның iшкi ортасынан берiлген тiтiркендiргiштeрдi қaбылдай­тын рецепторларды iшкi қабылдағыш­тар (интероцепторлар), ал cыpтқы орта­дан келген тiтiркендiргiштi қaбылдай­тын рецепторларды cыpтқы қaбылдағыштар (экстероцепторлар) деп атайды.

Интероцепторлар iшкi мүшелер: жүрек, қарын, iшектер, талaқ, қaнтa­мырлар т. б. болады. Мысалы, қaнтa­мырындағы рецепторлар арқылы қaн

қысымының өзгергенi немесе қанның химиялық құрамындағы өзгерiстер қабылданады. Осылай интероцептор­лар aғзаның iшкi ортасындағы химия- лық, механикалық, температуралық, т.б. тiтiркендiргiштердi қабылдайды.

Сезiмтал жүйкелердiң ұшы бұл­шықеттерде, сіңiрлерде, байламдарда және буын қалталарында болып, солардaғы өзгерicтердi қабылдайтын болса, меншiктi қабылдағыш немесе оны проприоцептор деп атайды. Бұл рецепторларды интероцепторлардың бiр түpiнe жатқызуға болады.

Проприоцепторлар жәрдемiмен буын және бұлшықет қызметi алма-

­кезек, бiр-бiрiнiң қызметiне сәйкес қозғалып, жүру, қимылдау, т.б. жұ­мыстары iске acaды.

Экстероцепторларға сыртқы сезiм мүшелерi жатады. Сезiм мүшесi де­генiмiз әрбiр сезу талдаманың алшaқ жатқан бiр бөлiгi, яғни түрлi сыртқы тiтiркендiргiштердi қабылдайтын орны болып есептеледi. Адамның дeнeciндe бес сезiм мүшелерi бар. Eндi солармен танысайық.

Сезім мүшелерінің жүйелерге бөлінуі.

Сезiм мүшeci (organa sеnsuum) туралы ғылымды эстезиология (aist­ hessilogos) деп атайды. Адамда бес сезім мүшелері оқылады: 1. Көру мүшесі (organum uisus); 2. Есту мүшесі (organum vestibulo cochlare); 3. Дәм сезу мүшeci (organum gustus); 4. Иіс сезу мүшeci (organum olfactus); 5.Тері (cutis) немесе сипап-сезу мүшесi. Осы аталған бес сезiм мүшелерiнiң қыртысындағы орталықтарға және  жүйкелерге жалғасып жататын тiзбектерi олардың талдамасы болып саналады. Мысалы, көру талдамасы, есту талдамасы, дәм

сезу талдамасы, иіс сезу талдамасы және тepi немесе сипап-сезу талдамасын атауға болады.

Адамзатқа тән түйсiк жолындағы екі жүйенiң қaлыптасуына байланысты И. П. Павлов бiрiншi peттiк түйсік  жүйеciнiң талдамасы және екiншi реттік түйciк жүйеciнiң талдамасы деп бөледі.  Оның бiрiншi peттiк түйсiк жолы сыртқы дүниеден экстероцептор арқылы, яғни көргенде, eстiгeндe, дәм

сезгенде ғана қалыптасады. Сондай-ақ ­iшкi дүниеден интерцепторлар apқылы, яғни ашыққанда, тойғанда, ауырғанда, қaн қысымы байқалғанда, т.б. өзгеpicтepдi тiкелей сезгенде ғана бiрiнші peттiк түйсiк жүйесi қалыптасса; екiншi peттiк түйсiк жолы жүйесi талдамасы ойлау, еске түсiрiп сөйлеу, жазу арқылы қалыптасады. Cондықтан да онда рецептор және өткiзгіш жолдары болмайды, талдаманың соңғы бөлiгi ми қыртысындағы орталық қана болады. Өйткенi eкiншi peттiк түйсік жүйесi тек бiрiншi peттiк түйсiк жүйесі қалыптасқанда ғана пайда болады.

КӨРУ МҮШЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

Көру мүшесі және көру талдамасы.

Жарық тітіркендіргішінің әсерінен жануарлар дүниесінде арнаулы көру мүшесі пайда болды, оның басты бөлігі барлық жануарларда эктодермадан пайда болатын және жарық сәулелерінің тітіркендірулерін қабылдай алатын арнаулы сезімтал клеткалар болып табылады. Олардың көбі пигментпен қоршалған. Пигменттің маңызы жарықты белгілі бір бағытта өткізіп, артық жарық сәулелерін ұстап қалуда.

Қарапайым жануарларда мұндай клеткалар бүкіл денеде шашырай орналасқан, ал кейін нерв келетін сезімтал клеткалармен астарланған шұңқыршақ пайда болады.Омырқасыз жануарларда шұңқырдың алдында торлы қабықшаға түсетін жарық сәулелерін шоғырландыруға арналған жарық сындырушы орталар пайда болады. көздері барынша дамыған омыртқалы жануарларда бұлармен қатар көзді қозғалтатын бұлшықеттер және қорғаныш бейімдіктері пайда болады.

Омыртқалы жануарларға тән бір ерекшелік мынада : көздің арнаулы клеткалары бар жарық сезгіш қабығы тікелей эктодермадан емес, томпаю арқылы алдыңғы ми қуықшасынан дамиды.

Көру анализаторы дамуының бірінші кезеңінде оның шеткі ұшында таяқша пішіндес жарықсезгіш клеткаклар болады, ал көру орталықтары тек ортаңғы мида ғана орналасады. Мұндай көру мүшесі тек жарықты сезіп, заттарды ажыратуға ғана қабілетті.

Құрлықта тіршілік ететін жануарларда торлы қабық жаңа жарықсезгіш клеткалармен – сауыт тәрізді клеткалармен толығып, аралық мида, ал сүтқоректілерде ми қыртысында да жаңа қөру орталықтары пайда болады. осының нәтижесінде көз түрлі түстерді көріп ажырату қабілетіне ие болады. мұның барлығы бірінші сигнал жүйесімен байланысты. Ақырында, адамда ми қыртысында ең жоғарғы көру орталықтары ерекше дамып, солардың арқасында онда көру образдарымен байланысқан дерексіз ойлау және жазбаша сөз пайда болады. Бұлар адамға ғана тән сигнал екінші сигнал жүйесінің құрам бөлігі.

Көз эмбриогенезі жалпы алғанда былай жүреді. Алдыңғы ми қуығының қабырғасының бүйір томпақтары жандарына қарай созылып, ішінде жіңішке қуысы бар аяқша арқылы ми қысымымен жалғасатын екі көз қуықшасын түзеді. Аяқшадан көру нерві, ал көз қуықшасының шеткі бөлігінен торлы қабық түзіледі. Көз бұршағының дамуына байланысты көз қуықшасының алдыңғы бөлігі аяқшаға қарай ойыстанады, соның нәтижесінде қуықша қос қабырғалы «көз бокалына» айналады.

Екі жапырақша «бокал» жиегінде біріне-бірі ауысып, қарашық бастамасы түзіледі. «Бокалдың» сыртқы жапырақшасы торлы қабықтың пигментті қабатына, ал ішкі жапырақшасы жарық сезгіш қабатына айналады. «Көз бокалының» алдыңғы бөлігінде оның қуысында орналасатын көз бұршағы артында шыны тәрізді дене түзіледі.

Көздің сыртқы – тамырлы, ақ қабық және мөлдір қабықтары «көз бокалын» көзбұршақпен бірге қоршап жатқан мезодермадан дамиды. Мезодерманың сыртқы, тығыздау қабатынан мөлдір қабықпен қоса ақ қабық, ал ішкі тамырларға бай қабатынан кірпікті дене, нұрлы қабықпен қоса пайда болады. Ұрық көзінің алдыңғы бөлігінде екі қабат бір-бірінен бөлінетіндіктен алдыңғы камера пайда болады. Мезодерманың бұл жердегі сыртқы қабаты мөлдірленіп, мөлдір қабық түзеді. Мөлдір қабықты алдынан жабатын эктодермадан қабықтың ішкі бетіне ауысатын коньюнктиваның эпителиі түзіледі (1-сурет).

Көздiң құрылысы.

(Көз-жас безi және көз бен мұрынның жас жолы жарып көрсетiлген):

1 – көз-жас безi (glandula lacrirnalis); 2- үстіңгi қабақ (palpebrae superior) оның кiрпiктерi (ciliaris); 3 — жас түтiгi (ductus excretorii); 4 – көз көлі (lacus lacrirnalis); 5 ­жас қапшығы (saccus lacrirnalis); 6 – көз бен мұрынның жас жолы (ductus naso lacrirnalis); 7 – төменгі қабақ (palpebrae inferior) оның кiрпiктерi; 8 – көз алмасы (bulbus ocu1i); 9 ­- көздiң түcтi қабаты – көздiң қаpa немесе көк болып көpiнeтiн бөлiгi; 10 – көздiң қарaшығы(рарilliа) — түcтi қабаттың ортасындағы тeciк; сондықтан да қандай көз болса да қап-қара болып көpiнeдi; 11 – көздiң қиығы (angulus оculi); 12 — қас (supercilium).

Көз алмасы және оның қабықтары.

Көз алмасы көз шарасында жайғасқан шар тәрізді дене. Көз алмасындағы мөлдір қабықтың ең дөңес нүктесіне сәйкес келетін алдыңғы полюсті және көру нерві шығатын жерден латеральды жатқан артқы полюсті ажыратуға болады. Екі полюсті қосатын түзу сызық оптикалық немесе сыртқы көз білігі деп аталады. Оның мөлдір қабықтың артқы беті мен торлы қабық арасындағы бөлігі ішкі көз білігі деп аталады. Ішкі көз білігі сүйір бұрыш жасай сыртқы көру білігімен айқасады, көру білігі қарап-көріп отырған заттан түйін нүктесі арқылы тролы қабықтың орталық шұңқырындағы ең жақсы көрінетін жерге келеді. Көз алмасы шеңбері бойымен екі полюсті қосатын сызықтар – меридиандар, ал оптикалық білікке перпендикуляр жазықтық көз алмасын алдыңғы және артқы жартыларға бөлінетін көз экваторын түзеді. Экватордың горизонтальды диаметрі сыртқы көз білігінен біршама қысқалау. Қалыпты көзде ішкі көз білігі 21,3 мм , жақыннан көретіндердің көзінде ол ұзындау, ал алыстан көретіндердің көзінде қысқалау. Осы себепті жақыннан жақсы көретіндерде түйісетін сәулелердің фокусы торлы қабықтың алдында, алыстан жақсы көретіндерде оның артында жатады. Мұндай ауытқуларды жою үшін көзілдірік арқылы тиісті үйлестіру қажет.

Көз алмасы оның ішкі ядросының қоршап жатқан үш: сыртқы талшықты ортаңғы тамырлы және ішкі торлы қабықтардан құралады (2-сурет).

Оң көз алмасының көлденең қимасы:

1 — қасаң қабықша (cornea); 2 – көздiң aлдыңғы камерасы (camera anterior bulbi); 3 ­нұрлы қабықша (iris); 4 — оның apтқы камерасы (camera posterior bulbi); 5 – көз бұршaғы (lеns); 6 – көз бұршaғының шеңберлі байламы (zonula ciliares); 7 — кiрпiктiк дене (corpus сilliarе); 8 – мөлдiр дене (corpus vitreum); 9 — тор қабығы (retina); 10 – тамырлы қабықша (charioidea); 11 — айқабықша (scler) және айқабықшаныц веналық қойнауы (sinus venosus sclerae); 12 — сары дақ (fovea centralis); 13 – көру жүйкесiнiң тегерiшi (discus nervi орtici); 14 – көру жүйкесі  (n. opticus)­.

Көз алмасының қабықтары .

  1. Талшықты қабық – көз алмасы сыртынан қауысырып, қорғаныш қызметін атқарады. Оның артқы үлкен бөлімі ақ қабық, ал алдыңғы бөлімі мөлдір қабық ьдеп аталады. Талшықты қабықтың екі бөлігі бір-бірінен циркулярлы жүлге арқылы бөлінеді.
  2. Ақ қабық- тығыз дәнекер тканьмен тұрады және ақ түсті болады. Оның екі қабық арасындағы көрінетін бөлігі күнделікті өмірде көздің ағы атпен белгілі. Мөлдір қабықпен шекарада ақ қабықтың қабатында дөңгелек вена қойнауы өтеді. Жарық көз алмасы ішінде жататын торлы қабықтың жарық сезгіш элементеріне дейін талшықты қабықтың алдыңғы бөлімі мөлдірленіп, мөлдір қабыққа айналады.

2.Мөлдір қабық – ақ қабықтың тікелей жалғасы, мөлдір, дөңгелек, алдына қарай дөңес те, арт жағына қарай ойыс табақша секілді, ол сағат әйнегіне ұқсаған, өзінің жиегімен ақ қабықтың алдыңғы бөліміне еніп тұрады.

ІІ. Көз алмасының тамырлы қабығы – тамырларға бай, жұмсақ пигменттерге орай қара түсті, дәл ақ қабықтың астында жатады. Онда үш бөлімді: меншікті тамырлы қабық, кірпікті дене және нұрлы қабықты ажыратады.

  1. Меншікті тамырлы қабық – тамырлы қабықтың артқы, үлкен бөлімі болып табылады. Аккомадация кезінде меншікті тамырлы қабықтың үнемі жылжып тұратындықтан бұл жерде екі қабық арасында саңылау тәрізді лимфалық кеңістік түзіледі.
  2. Кірпікті дене – тамырлы қабықтың алдыңғы жуандаған бөлігі, циркулярлы буылтық түрінде ақ қабықтың мөлдір қабыққа ауысатын аймағында орналасады. Кірпікті дене кірпікті шеңбердің артқы жиегімен тікелей меншікті тамырлы қабықпен жалғасады. Кірпікті дене алдыңғы жағынан нұрлы қабықтың сыртқы жиегімен жалғасады. Кірпікті дененің, кірпікті шеңбердің алдында 70-ке таяу жіңішке радиалды орналасқан, ақшыл түсті кірпікті өнімділері болады.

Тамырлары көп және олардың құрылысы ерекше болғандықтан, кірпікті өсінділер сұйықтықты – камералар ылғалын бөліп шығарады. Кірпікті дененің бұл бөлігін мидың меншікті тамырлы қабықпен салыстырып, оны бөлуші бөлік деп қарастырады. Аккомадациялық бөлік – кірпікті дененің қабатында кірпікті өнімділерінен сыртқа қарай жайғасқан еріксіз бұлшықеттен түзіледі. Бұл бұлшықет үш: сыртқы медиональды, ортаңғы радиальды және ішкі циркулярлы бөліктерге бөлінеді. Кірпікті бұлшықеттің негізгі бөлігі түзетін мердиональды талшықтар ақ қабықтан басталып, арт жағында меншікті тамырлы қабықта аяқталады. Көздің жақын қашықтыққа аударғанда ол жиырылып меншікті тамырлы қабықты көріп, көзбұршақтың капсуласын босаңсытады. Циркулярлық талшықтар кірпікті өсінділердің алдыңғы бөлігін жылжыта отырып, аккомодацияға көмектеседі, сол себепті олар аккомадация аппаратына көп салмақ түсетін алыстан көргіштерде күшті дамыған. Серпімді сіңірінің арқасында бұлшықет жиырылып болғаннан кейін бастапқы қалпына келеді, сол себепті антагонисты керек етпейді.

Бұлшықет талшықтары өзара шырматылып, біріңғай салалы бұлшықетті – серпінді жүйе түзеді, ол балаларда көбіне меридиональды талшықтардан, ал қарттарда циркулярлы талшықтардан тұрады. Қартайған сайын бұлшықет талшықтарының біртіндеп жоғалып, дәнекер тканьмен ауысуы байқалады, аккомодацияның нашарлауы осыған байланысты. Әйелдерде кірпікті бұлшықеттің дегенерациялануы еркектерге қарағанда менопаузаның басталуымен 5-10 жыл ерте басталады.

  1. Нұрлы қабық – тамырлы қабықтың ең алдыңғы бөлігін құрайды және дөңгелек, қарашық деп аталатын тесігі бар, тік тұратын шеңбер тәрізді табақша. Қарашық оның дәл ортасында жатпайды, сәл мұрын жағына қарай ығысқан. Нұрлы қабық көзге келетін жарық мөлшерін реттейтін диафрагма қызметін атқарады, сол себепті қарашық күшті жарық түскенде жиырылып, жарық азайғанда көбейеді. Өзінің сыртқы жиегі арқылы нұрлы қабық кірпікті дене және ақ қабықпен байланысқан, ал қарашықты қоршап жатқан ішкі жиегі бос жатады. Нұрлы қабықтың мөлдир қабыққа қараған алдынғы бетін және көз бұршаққа жанасып жатқан атрқы бетін ажратады. Мөлдір қабық арқылы көрінетін алдынғы бетін бояуы ар адамда әр түрлі. Адам көзінің түсі соған байланысты. Көздің түсі нұрлы қабықтың беткі қабаттарындағы пигменттің мөлшеріне қарай қалыптасады. Егер пигмент көп болса , көздің түсі қоңыр түстен қара түске дейін, егер пигмент қабаты нашар дамыса немесе тіпті болмаса, керісінше, аралас жасыл-сұрғылт және көгілдір реңдер пайда болады, бұл негізінен нұрлы қабықтың арт жағында орналасқан торлы қабық қара пигментінің мөлшеріне байланысты болады. Диафрагма ролін атқаратын нұрлы қабықтың тамаша қозғалғыш қасиеті бар, бұл оның құраушы бөліктерінің нәзік бейімделгендігі және үйлесімділігі арқылы іске асады.

Мәселен нұрлы қабықтың негізгі тор тәрізді дәнекер тканьнен тұрады, оның ішінде шеттен қарашыққа қарай баратын тамырлар аралас орналасады.

Бұл тамырлар құрамында серпінді элементтер бар. Олар дәнекер тканмен бірге оған көлемін оңай өзгертуге мүмкіндік беретін нұрлы қабықтың серпінді қаңқасын түзеді.

Нұрлы қабықтың өзі строма қабатында жайғасқан бұлшық ет жүйесі арқалы қимыл-қозғалыстар жасайды. Бұл жүйе біріңғай салалы бұлшықет талшықтарынан тұрады, олардың бір бөлігі қарашықты айнала орналасып, оның тарылтатын бұлшықет түзеді, ал бір бөлігі қарашық тесігінен радиалды қарай шығып, қарашық үлкейтетін бұлшықет түзеді. Екі бұлшықет те өзара байланысқан және бір-біріне әсер етеді: сфинктер кеңейткіші созады, ал кеңейткіш сфинктерді жазады. Осының арқасында әрбір бұлшықет өзінің бастақы қалпына қайта келеді, осы арқылы нұрлы қабықтың жылдам қозғалыстар жасауы қамтамасыз етіледі. Бұл біріңғай салалы бұлшықет жүйесінің кірпікті денеде орналасады.

Дифрагманың жарық өткізбейтіндігі оның артқы бетінде екі қабаты пигментті эпителиидің болуы арқылы жүзеге асады. Оның сұйықпен шайылып тұратын алдынғы бет алғы камера эпителииімен жабылған.

Тамырлы қабықтың талшықты және торлы қабық арасында орналасуы оның пигментті қабатының торлы қабыққа келетін артық сәулелерді тұтып қалуына және тамырлардың көз алмасының барлық қабаттарында таралуына қолайлы жағдай туғызады.

Тамырлы қабықшаның нерытерінде сезімтал парасимпатикалық және симпатикалық талшықтар бар.

ІІІ. Тор немесе торлы қабық көз алмасының үш қабығының ең ішіндегісі, ол тамырлы қабыққа қарашыққа дейін жанасып жатады. Басқа қабақтардай емес, ол эктодермадан пайда болады және өзінің пайда болуы тетігіне қарай екі: пигменті бар сыртқы және ішкі бөліктерден тұрады (3-сурет). Ішкі бөлік өзінің қызметі мен құрлысы жағынан екі бөлімге бөлінеді: артқы бөлімінде жарықсезгіш элементтер барда, ал алдыңғы бөлігінде ондай элементтер болмайды. Олардың арасындағы шекара меншікті тамырлы қабықтың кірпікті дененің кірпікті шеңберге ауысу деңгейінде орналасқан тісті жиек арқылы өтеді. Ішкі бөліктің артқы бөлігі тіпті өте мөлдір, тек өлікте ғана күңгірттенеді.

Тор қабықшаның микроскоптық көрiнiсi:

1- iшкi қабыршақтық шекара; 2 —  ­сәулелi талдары; 3 — түйiндi жүйке жасушасы;  4 — жүйке жасушасының аксоны; 5 — спангиобласты; 6 — eкi ұшты жасушалары; 7 – көлденең жасушалары; 8 ­- таяқша жасушаның ядросы; 9 – құтыша жасушаның ядросы; 10 — бояулы эпителий.

Рим сандары:

І — бояулы тамырлы қабат (stratum nentosum retinae); П — ганглиозды (таяқша, құтыша) қабаты; ІІІ — сыртқы шекаралық тақташа (дақты қабат) (membrana limitans gliae externa); IV — сыртқы дақты қабат (statum gangliosum externum); V — сыртқы қабат (stratum plexiforme externum retinae); VI- iшкi дақты қабат (stratum granulosum isternum); VII — iшкi кабат (stratum plexiforme isternum); VIII — ганглиозды мультиполярлы жасуша қабаты (stratum ganglionare); IX ­– көру жүйкесiнiң қабаты (stratum fibraum nervosatum); Х — iшкi шекаралық тақташа (membrana limitans interna).

Офтальмоскоп арқылы тірі адамның көзін қарағанда, оның түбі мөлдір, торлы қабық тамырлары қабықтағы қанның әсерінен қызыл-қошқыл болып көрінеді. Осы қызыл фонда көз түбінде көру нервінің торлы қабықтан шығатын жері болып табылатын ақшыл дөңгелек дақ көрінеді. Көру нервісінің торлы қабықтан шығатын жері кішекене ойысы бар. Айнамен қарағанда осы ойыстан шығып торлы қабыққа кететін тамырлар да жақсы көрінеді.

Көру нервінің талшықтары өздерінің миелинді қабығыннан айрылып, дискіден барлық жаққа қарай ішкі бөліктің артқы бөлімі бойымен таралады. Диаметрі 1,7 мм-ге жуық көру нерві көздің артқы полюсінен сәл медиальды орналасады. Одан қарай көлденеңі 1 мм сопақ пішінді алаң түріндегі macula деп аталатын дақ байқалады. Оның ортасында нүкте тәрізді шұңқыры бар және тірі адамдарда қызыл-қоңыр түске боялған. Бұл көздің ең өткір жері.

Торлы қабықта шеткі ұштары таяқша мен сауытқат ұқсайтын жарықсезгіш клеткалар жатады. Олар пигментті қабатқа жанаса торлы қабықтың сыртқы қабатында орналасқандықтан, жарық сәулелері оларға жету үшін бүкіл торлы қабық қабатынан өту керек. Таяқшаларда көру пурпурі дейтіні болады, олар қараңғыда торлы қабыққа қызғылт түс береді, ал жарықта түссізденеді. Пурпурда пигменттік қабаттың клеткалары түзеді деп есептелінді. Сауыт тәрізді клеткаларда көру пурпуры болмайды. Мacula-да тек сауыт тәрізді клеткалар ғана бар, ал таяқшалар жоқ. Көру нерві дискісі аймағында жарықсезгіш элементтер жоқ, сол себепті бұл жер көру сезімін бермейді, сондықтан соқыр дақ деп аталады (4-сурет).

Көз алмасының түбi: 

1 — артериясы; 2 — венасы; 3 — сары дақ; 4 — сары дақтың орталық шұңқыры

 Көздің ішкі ядросы.

Көздің ішкі ядросы мөлдір жарықсынғыш орталардан: кескінді торлы қабықта құруға арналған шыны тәрізді денеден, көзбұршақтан және көздің тамырсыз түзілістерін қоректендіруге арналған, көз камераларын толтырып тұратын сулы ылғалдандырады.

А. Шыны тәрізді дене көз алмасы қуысының торлы қабықтан ішке қарай толтырып тұрады. Ол іркілдек келген, көзбұршақтың артында жататын мөлдір зат. Көзбұршақтың батып тұруын себепті шыны тәрізді дененің алдыңғы беткі жиектері арнаулы жалғамы арқылы көзбұршақ капсуласымен қосылатын шұңқыр түзеді.

Ә. Көзбұршақ көз алмасының тым маңызды жарықсындырғыш ортасы. Ол мүлде мөлдір және пішіні жасымық немесе қос дөңесті шыны тәрізді. Ол алдыңғы және артқы беттерінің орталық нүктелері полюстер деп аталады. Ал көзбұршақтың екі бетінің бір-біріне ауысатын шеткі жиегіне экватор деген ат берілген. Алысқа қараған кезде, көзбұршақтың екі полюсі қосатын білігінің ұзындығы 3,7 мм, ал аккомодация кезінде көзбұршақтың дөңестеу пішінге келгендігі ұзындығы 4,4 мм. Көзбұршақтың экватор жазықтығы оптикалық білікке тік бұрыш жасай тұрады, алдыңғы беті нұрлы қабықшаға, артқы беті шыны тәрізді денеге жанасып жатады.

Көзбұршақ жұқа, мүлде мөлдір құрылымсыз капсула жабылған сол қалпында ерекше жалғама кірпікті белдікше бекітілген. Белдікше көзбұршақ капсуласына кірпікшелі денеге барып, сол жерде негізінен кірпікті өсінділер арасында жайғасатын көптеген жіңішке талшықтардан құралады. Жалғама талшықтар арасында көз камераларына қатынасатын сұйыққа толған белдікше кеңістіктері орналасады.

Көзбұршақ өзінің капсуласының серпімділгі арқасында алысқа немесе жақынға қарауыңызға байланысты өзінің дөңестігін өзгертіп отырады. Бұл құбылыс аккомодация деп аталады. Бірінші жағдайда көзбұршақ кірпікті белдешенің керілуінен біршама жазылады, екінші жағдайда, жақынға қарауға керек болғанда кірпікті белдікше жиырылуы әсерінен көзбұршақ капсуласы бірге босаңсып, көзбұршақ біраз дөңестенеді. Соның арқасында жақын орналасқан заттан шыққан сәулелерді көзбұршақ көбірек сындырып, олар торлы қабықта қосылады. Көзбұршақта, шыны тәрізді денедегі сияқты тамырлар болмайды.

Б. Көз камералары. Нұрлы қабықтың алдыңғы беті мен мөлдір қабықтың артқы жағы арасындағы кеңістік көз алмасының алдыңғы камерасы деп аталады. Камераның алдыңғы және артқы қабырғалары оның шеңбері бойымен, бір жағынан мөлдір қабықтың алдыңғы қабыққа ауысатын жері, екінші жағынан , нұрлы қабықшаның цилиярлы жиегі түзетін бұрышта түйіседі. Бұл бұрыш дәнекер жалғамалар торы арқылы дөңгеленеді. Көпіршелер арасында саңылау тәрізді кеңістіктер жатады. Камерадағы сұйықтың циркуляциясында үлкен роль атқарады, сұйық аталған кеңістіктер арқылы көршілес ақ қабық қабатында орналасқан веналық синусқа барады.

Нұрлы қабықтың арт жағында, құрамына кірпікті белдікшенің кеңістіктері де енетін көздің таралу, артқы камерасы орналасады, оның арт жағынан көзбұршақ, бүйір жағынан камерамен қатынасады. Екі камера да мөлдір сулы ылғалмен толған. Ол ылғал ақ қабықтың веналық қойнауына ағып отырады.

 Көз алмасының бұлшықеттері.

Көз алмасының бұлшықеттері. Көздің қозғалыс аппараты алты ерікті: жоғарғы, төменгі, медиальды және латеральды түзу бұлшықеттерден, жоғарғы және төменгі қиғаш бұлшықеттерден тұрады. Төменгі қиғаш бұлшықеттен басқа бұлардың көз шарасының түбіндегі көру өзегінің айналасына жанасып жатқан бөлігінде осы жерде жайғасқан ортақ сіңірлі сақинадан басталады (5-сурет).

Көз бұлшықеттерi.

1 – Көздің тік жоғарғы бұлшықеттерi (m. rectus superior); 2 – көздің бүйiр тiк бұлшықeтi (m. rectus lateralis); 3 – көздiң ортадағы тік бұлшықетi (m. rectus medialis); 4 — үстіңгi қабақты көтеретін бұлшықетi (m. levator раlреbrае superioris); 5 – көздің жоғарғы қиғаш бұлшықеті (m. оbliguus superior); 6 — шылғыр (iлгек).

Түзу бұлшықеттер өздерінің алдыңғы ұштары арқылы көз алмасының экваторы алдында, оның төрт жағына бекіп, сіңірлердің көмегімен ақ қабықшамен бітісіп кетеді. Жоғарғы қиғаш бұлшықет маңдай сүйекке бекінген талшықты-шеміршекті кішкене сақина арқылы өтеді, содан кейін сүйір бұрыш жасай артқа және бүйір жаққа қарай бұрылып, көз алмасына оның жоғарғы латеральды жағында экватордың артында бекиді. Төменгі қиғаш бұлшықет көзжас қапшығы шұңқыршағының латеральды шеңберінен басталып, бүйір және арт жағына қарай төменгі түзу бұлшықеттің алдыңғы ұшынан төмендеу көз алмасы астына кетеді; оның сіңірі көз алмасының бүйір жағынан экватордың арт жағында ақ қабықшаға бекиді.

Түзу бұлшықеттер көз алмасын екі білік айналасында айналдырады: көлденең білік айналасында қарашықты жоғары немесе төмен бағыттайды және вертикальды білік айналасында қарашықты бүйір немесе медиальды жаққа бұрады. Қиғаш бұлшықеттер көз алмасын сагитальды білік айналасында айналдырады. Жоғарғы қиғаш бұлшықет көз алмасын айналдыра қарашықты төмен және бүйір жаққа қарай, ал төменгі бұлшықет жиырылып, қарашықты бүйір және жоғары қарай бағыттайды. Екі көз алмасының да барлық қозғалыстары үйлесімді, өйткені бір көз қараған жаққа екінші көз де қарайды. Барлық бұлшықеттер бірқалыпты кернеуде тұрғанда қарашық тура алға қарайды да, екі көздің де кернеу сызығы бір-біріне паралельді бағытта орналасады. Заттарды жақыннан қарағанда көру сызықтары алдыңғы жағында түйіседі.

Көз шарасының шел майы мен көз алмасының қынабы.

Көз шарасының шел майы мен көз алмасының қынабы. Көз шарасы мен жоғарғы көз саңылауы жанында мидың қатты қабықшасымен бітесіп өсетін сүйек қабығымен астарланған.

Көз алмасының арт жағында көз шарасында жатқан мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алатын шел майы жайғасады. Шел майы көз алмасынан онымен тығыз байланысқан дәнекер тканьді жапырақша арқылы бөлінеді. Көз алмасының бұлшықеттерінің сіңірлі ақ қабықшадағы өздері бекитін жерлерге қарай бағыт алып, көз алмасы қынабы арқылы өтеді. Ал бұл қынап олар үшін жекеленген бұлшықеттердің шандырларында созылатын қынаптар береді.

Қабақтар көз алмасын алдынан қорғайды. Жоғарғы қабақ төменгі қабақтан үлкендеу, оның үстіңгі шекрасы қас маңдаймен шекарада жататын қысқа түтіктері бар тері жолағы.көзді ашқанда төменгі қабақ ауырлығы күшімен ғана сәл төмен түседі де, ал жоғарғы қабақ белсенді түрде жоғары көтеріледі.екі қабақтың бос жиегі алдыңғы және артқы қырлармен шектелген. Алдыңғы қырдың дәл арт жағынан қабақ жиегінен бірнеше қатар қысқа қатты түктер – кірпіктер өсіп шығады. Кірпіктер көздің ішіне бөгде заттың түсіп кетпеуінен қорғайды.

Қабақтардың бос жиегі арасында көз саңылауы жатады, ол арқылы қабақ ашылған кезде көз алмасының алдыңғы беті көрінеді. Көз саңылауының латеральды бұрышы сүйір, медиальды бұрышы дөңгеленген және ол көз жас көлі деп аталатынды түзеді. Оның ішінде май тканьі мен нәзік түкшелермен қоса ұсақ май бездері бар көз жас етшесі көрінеді.

Әрбір қабақтың негізі қабақ шеміршегі деп онша дұрыс аталмайтын тығыз дәнекер тканьді пластинкадан тұрады.

Көз саңылауының медиальды бұрыш аймағында қалыңдама қабықтардың медиальды жалғамасы орналасады, ол екі шеміршектен, көз жас қапшығының алды мен арт жақтарын орай горизантальды бағытта өтеді. Басқа қалыңдама көздің латеральды бұрышында орналасып, горизанталь жолақша түрінде сәйкес келіп, көз шарасының шеміршектері мен бүйір қабырғасы арасында орналасады. Қастардың шеміршектер қабатында альвеолалары бар бойлық түтікті жолдардан тұратын бездер жайғасқан , альвеолаларда қабақ жиектерін майлайтын май орналасады. Жоғарғы шеміршектегі бездерсаны әдетте 30-40, ал төменгі шеміршекте 20-30. қабақ шеміршектерінің бездері нүкте тәрізді тесіктермен қабақтың бос жиегінде, артқы қыр қасында ашылады. Бұл бездерден басқа әдеттегідей кірпіктерге қосарлана жүретін май бездері де болады. Атап өтілгендей, жоғарғы қабақтың оны жоғары көтеретін ерекше бұлшықеті бар. Қабақ шеміршектері арт жағынан олардың жиектерінде теріге ауысатын конъюнктивамен жабылған.

Көздің дәнекер қабықшасы қабықтардың бүкіл артқы бетін қауыстырып, көз шарасы жиегі қасында көз алмасына бүгіліп, оның алдыңғы бетін жабады. Конъюнктива алдыңғы жағында көз саңылауы аймағында ашық қапшық түзеді. Шығу тегі жағынан сыртқы тері жабынының жалғасы болғанымен конъюнктива кілегейлі қабықшаға ұқсайды. Ол қабақтарда шеміршектермен тығыз бітесіп, ал қалған жағында астында жатқан бөліктермен мөлдір қабықтың жиегінде оның эпителийлі жабындысы тікелей cornea эпителиіне ауысады. Конъюнктиваның қабақтардан көз алмасына ауысатын жерлері жоғарғы және төменгі күмбездер деп аталады. Жоғрғы күмбез төменгі күмбезден тереңдеу. Күмбез дегеніміз – көз бен қабықтың қозғалысы үшін қажетті конъюнктиваның қосалқы қатпарлары.

Көз жасы аппараты конъюнктивті қапшыққа жас бөліп шығаратын көз жасы безінен және сол безден басталатын көз жасын шығаратын жолдары тұрады. Көз жасы безі құрылысы бөлікті, типі жағынан альвеолалы-түтікті, оның 5-12 шығарушы өзектері конъюнктива қапшығы күмбезінің латеральды бөлігінде ашылады. Олардың бөлінетін көз жасы сұйықтығы көз саңылауының медиальды бұрышындағы көз жасы көлігіне ағып кетеді. Көз жабық тұрғанда бұл сұйықтық екі қабықтың жиектерінің артқы қырлары мен көз алмасы арасында түзілетін көз жасы жылғасы деп аталатын кішкене кеңістіктің бойымен ағады. Көз жасы көз жасы көлі қасындағы қабықтардың медиальды шетінде орналасқан кішкентай тесіктерге келеді. Тесіктерден кететін екі жіңішке көз жасы өзекшесі көз жасы көлін айналып өтіп, жеке-жеке немесе бірге көз жасы қапшығына құяды.

Көз жасы қапшығы көз шарасы ішкі бұрышының айрықша сүйекті шұқыршағында жатқан мұрын жас түтігінің жоғарғы тұйық шеті. Көз жасы қапшығы қабырғасынан басталатын шоғырлары оны кеңейтіп, сол арқылы көз жасының көз жасы өзекшелері арқылы сіңірілуіне көмектеседі. Көз жасы қапшығының төмен қараңғы тікелей жалғасы аттас өзекке өтіп, төменгі қалқан астында мұрын қуысына ашылатын мұрын-көз жас түтігін құрайды.

Қорыта келгенде, жарық торлы қабықшада жайғасқан жарықсезгіш элементтерді тітіркендіреді. Ол торлы қабықшаға келуден бұрын көз алмасының әр түрлі мөлдір орталарынан: ең алдымен мөлдір қабықшадан, содан кейін алдыңғы камераның сулы ылғалынан, одан әрі фотоаппарат диафрагмасы сияқты әрмен тереңге қарай өткізілетін жарық сәулелерінің мөлшерін реттейтін қарашықтан өтеді. Қарашық қараңғыда сәулені көбірек өткізу үшін үлкейіп, ал жарықта, керісінше кішірейеді. Бұлай реттелу вегетативтік нерв жүйесі арқылы нервтендірілетін арнаулы бұлшықет арқылы іске асырылады.

Одан әрі жарық көздің жарықсындырғыш ортасы арқылы өтеді, көз бұршақтың көмегімен көз заттары алыстан не жақыннан көруге бейімделеді, сондықтан қашықтықтың шамасына қарамастан нәрсенің кескіні әруақытта торлы қабықшаға түседі. Бұлай бейімделу көз бұршақтың денесін өзгертетін және парасимпатикалық талшықтармен нервтендірілетін арнаулы біріңғай салалы бұлшықет арқылы іске асырылады.

Екі көзде де бір кескін алу үшін көру сызықтары бір нүктеде тоғысады. Сондықтан заттардың орналасуына қарай бұл сызықтар алыстағы заттарға қарағанда ажырап, ал жақындағы заттарға қарағанда түйіседі. Бұлай бейімделу бас сүйек нервтерінің жұптары арқылы нервтендірілетін көз алмасының ерікті бұлшықеттері арқылы орындалады. Қарашық көлемінің реттелуі, сондай-ақ аккомодация мен конвергенция өзара тығыз байланысты. өйткені еріксіз және ерікті бұлшықеттердің қызметі оларды нервтендіретін, ортаңғы және аралық мида жайғасқан вегетативті және анимальды нервтерімен орталықтардың үйлесуі нәтижесінде өзара ұйқасымды жүйеге келеді. Осындай үйлесімді жұмыс нәтижесінде заттардың кескіні торлы қабықшаға түседі де ал оған келген жарық сәулелері жарық сезгіш элементтердің сәйкесті тітіркенуін тудырады.

Торлы қабықшаның нерв элементтері үш нейроннан тізбек тузеді. Бірінші буын – көру анализаторының рецепторын құрайтын торлы қабықшаның жарықсезгіш клеткалары (таяқшалар мен колбочкалар). Екінші буын – қосполюсті нейроциттер және үшінші буын өсінділері көру нервінің нерв талшықтарына айнала созылатын ганглилік нейроциттер. Мидың жалғасы ретінде нерв көз алмасы жанында ол үшін ақ қабықшамен бітісіп өсетін қынаптар түзетін барлық үш ми қабықшаларымен жабылған. Қынаптар арасында мидың қабықша аралық кеңістіктеріне сәйкес келетін аралықтар сақталады. Көру нерві көз шарасы арқылы шығып, мидың төменгі бетіне келіп, сол жерде жартылай айқасады. Торлы қабықшаның медиальды жартыларынан шығатын нервтердің медиальді талшықтары ғана айқасады, торлы қабықшаның латериальды жартыларынан шығатын нервтердің латериальды талшықтары айқаспацды. Сондықтан айқаспадан шығатын әрбір көру жолының өзінің латериальды бөлігінде өз көзінің торлы қабықшасының латериальды жартысынан келетін талшықтары, ал медиальды бөлігінде басқа көздің медиальды жартысынан келетін талшықтары болады. Айқаспа сипатын біле отырып ,көздің көру қабілетінің жоғалу сипатына қарай көру жолының зақымданған жерін анықтауға болады. Мәселен, сол жақ көру нерві зақымданғанда аттас көз соқыр болып қалады, сол жақ көру жолы немесе әрбір ми сыңарының көру орталығы заақымданғанда екі көздің де торлы қабықшасының сол жақ жартыларында көру қабілеті жоғалады яғни екі коз де жартылапй соқыр болып қалады, көру айқаспаса зақымданғанда екі көздін де медиальды жартыларында көру қабілеті жоғалады немесе екі көз де соқыр болып қалады.

Көру жалдарының айқасқан талшықтары да, айқаспағанталшықтары да екі шоғыр түрінде қыртыс астылық көру орталықтарында аяқталады. Бірінші шоғыр ортаңғы ми қақпа,ғының жоғарғы төбешіктерінде аяқталады, ол жерде көз алмасының көлденең жолақты бұлшықеттері мен нұрлы қабықшаның біріңғай салалы бұлшықеттерін нервтендіретін, ортаңғы мида жайғасқан нервтер ядролармен байланысқан көру орталықтары жатады. Осы байланыстың арқасында белгілі бір жарық тітіркендірулеріне жауап ретінде сәйкесті конвергенция, аккомодация және пупилярлық реакция жүреді.

Басқаша шоғыр жаңа нейрондар денелері жайғасқан таламустың жастығында аяқталады. Жаңа нейрондардың аксондары арткы бөлігі арқылы өтіп, одан әрі үлкен ми сыңарларының ақ затында мидың шүйде бөлігінің қыртысына жететін көру сәулесін түзеді. Сипатталған жарық рецепторларынан ми қыртысына дейінгі өткізгіш жолдар қосполюсті нейроциттерден бастап көру анализаторының кондукторын құрайды. Оның қыртыстық шеті жалғауларында жататын ми қыртысы болып саналады. Торлы қабықшада жайғасқан рецепторға келетін жарық тітіркенулері нерв импульстарына айналып, олар букіл кондуктор бойымен көру анализаторының қыртыстық шетіне дейін өтіп, сол жерде көру түйсіктері түрінде қабылданады.

Көру талдамасының өткізгіш және орталық бөлімі.

Көздiң өткізгiштік бөлiмi көз алма­сының тор қабықшасынан және бұлшықет-терiнен  басталады. Олардың нейрит ұштарын көру жүйкесiнiң тегерiшiнде жиналып, көру түтiгi арқылы ми сауытының iшiне өтeдi де жүйке қиылысады. Одан кейiн әрбiр жүйке саласы мидың екі будасына айналады. Оның бiр будасы төрт төбенiң жоғарғы төбесiнде аяқталады. Бұл жерде көрiп бағдарлау орталығы бо­латынын жоғарыда айтқанбыз. Басқа будасы орталық көру жолына қосылып,  үлкен ми сыңарының жүйде аймағының қыртысына барып шектеледi. Көздiң өткiзгiштік бөлiмiне П — IП — IV — VI ми жүйкелерi және V үшкiл жүй­кeнiң бiрiншi тармағы жатады (оларды ми жүйкелерiнен қара­ңыз). Көру мүшесiнен келген бейнелердi талдайтын және анықтайтын орталық көру ана­лизаторының жүйкедегi ядролық аймақтарында орналасады. Сөйтiп, көру мүшесiнiң орталығы үлкен мидың шүйде аймағында болады.