Студенттердің инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру

Мемлекеттік саясаттың басымдық бағыты- үздіксіз білім беру жүйесін жаңарту және дамыту. Қоғам жоғары оқу орнын бітіруші маманға жаңа талаптар қойып отыр.

Соңғы жылдары педагогикалық ғылым және практика педагогикалық кадрларды дайындауды жетілдірудің жолдарын іздестіруде. Бұл ізденіс Қазақстандағы үздіксіз білім беру жүйесінің модернизациялау талабына сай болу керек.

Педагогикалық практиканың ілгері дамуына байланысты жоғары педагогикалық білім беруді модернизациялау идеяларының бағыттары анықталды. Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың мазмұны мен ұйымдастыруына өзгерістер енгізу керек болды.

Педагогикалық практика дамуының қазіргі кезеңі педагогтың жаңа типін – педагог – ізденушіні, жобалаушыны, білім беру мен тәрбиенің жаңа технологияларын жасаушыны қалыптастыруды талап етеді. Бүгінгі күні альтернативті педагогикалық жобалар мен жүйелерде жұмыс істей алмайтын, мектептегі инновациялық қозғалыстың ерекшелігін үйренбейтін, білім беру саласындағы инновациялық іс – әрекеттің мәнін түсінбейтін, инновациялық білім технологияларын меңгермеген мұғалім педагогикалық тұрғыдан сауатты маман болып есептелмейді. Мұғалімнің инновациялық іс – әрекетін дамыту- бұл білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі.

Әлемдік педагогикалық ғылымда білім беру жүйесіндегі инновациялық процестің мәнін, компоненттерін, құрылымын және функцияларын анықтайтын үлкен потенциал жинақталған. Бірақ, бұл тәжірибе педагогикалық жоғары мектепте толық қолданылмай жүр. Сондықтан болашақ мұғалімдерді инновациялық іс – әрекетке жоғары оқу орындарында дайындау проблемасы өзекті болып отыр.

Болашақ педагогты инновациялық іс – әрекетке дайындауды қалыптастыру проблемасы көпсалалы болып есептеледі. Бірақ, оның шешуі жоғары білікті педагог кадрлар дайындауға берілетін әлуметтік тапсырыс пен оны жүзеге асырудың мүмкіншіліктері арасындағы қарама – қайшылықтың шешілуіне байланысты. Бұл педагогикалық кадрларды дайындаудың қалыптасып қалған жүйесі мен оларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптың өсуінің арасындағы қарама- қайшылық. Бұл педагогты инновациялық іс – әретке дайындауды жетілдірудің қажеттелігі мен осы процесті ұйымдастырудың әдістемелік негіздерінің толық жасалмағанды арасындағы қарама – қайшылық.

Аталған қарама – қайшылықтар өзінің шешімін табу үшін оқыту процесінде студенттердің инновациялық іс – әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен құралдарын, сонымен қатар болашақ педагогтарды инновациялық іс – әрекетке дайындауды қалаптастыратын және дамытатын оқытушы іс – әрекетінің құрылымын зерттеуді талап етеді. Болашақ мұғалімдерді оқытудағы негізгі мәселе педагогикалық жаңалықтарды меңгеру, қолдану және құруды біріктіретін инновациялық процестер болуы тиіс.

Болашақ мұғалімді инновациялық іс – әрекетке дайындау процесін қамтамасыз ету төмендегілерді талап етеді:

  • ЖОО оқу- тәрбие процесінде студенттерді инновациялық іс – әрекетке дайындау үшін теориялық және практикалық шараларды жасау және жүзеге асыру;
  • студенттерді инновациялық іс – әрекетке дайындауды қалыптастырудың моделін жасау және практикаға ендіру ( педагог дайындауға қазіргі методологиялық көзқарас негізінде);
  • студенттерді дайындауды технологизациялау ( болашақ мұғалімнің кәсіби- шығармашылық іс – әрекетін орындау үшін);
  • болашақ педагогты инновациялық іс – әрекетке дайындау деңгейін диагностикалау жүйесін қалыптастыру.

Болашақ педагогты инновациялық іс – әрекетке дайындауды қалыптастырудың маңызды құралы – оқу — зерттеу міндеттері мен тапсырмалары.

Болашақ педагогтарды инновациялық іс – әрекетке оқыту төмендегі мәселелерді шешуге бағытталу тиіс:

  • инновациялық міндеттерді (зерттеу іс – әрекетін және инновациялық әдістерді, формаларды, технологияларды, оқу- тәрбие процесін ұйымдастыру құралдарын меңгеруге байланысты міндеттерді);
  • кәсіби міндеттерді (адамның дүниетанымдық, этикалық, жалпы мәдени нормаларымен, мамандықтың ерекшеліктерімен байланысты міндеттерді).

Жоғарыда аталған міндеттерді шешу болашақ педагогтарда зерттеу іс – әрекетін ұйымдастыруға, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін жүзеге асыруға, инновациялық іс – әрекет туралы алған білімді кәсіби салада пайдалануға байланысты біліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Резюме

В статье речь идет о подготовке студентов к инновационной деятельности общеобразовательной школы.

Summary

In this article says about students preparation to innovational activities of school.