- студенттердің «педагог» мамандығына деген дербес таңдауына лайықты қатынасын қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасының мақсатына сәйкес педагог мамандығының беделін арттыруға ықпал ету;
- болашақ мамандардың өзін-өзі кәсіби дамытуға даярлықтарын дамыту;
- студенттердің өзін-өзі кәсіби тану және дамыту әдістемесі мен теориясы туралы біртұтас түсінігін қалыптастыруға ықпал ету;
- педагогикалық міндеттер мен жағдайларды шешудің тиімді жолын табу тәжірибесін қалыптастыру.
«Педагогтың өзін-өзі кәсіби тануы және дамытуы» модулі аяқталған соң студент төмендегідей біліктерді меңгеруі тиіс:
- мамандықтын негізін құраушы қағидаларды, құндылықтарды, артықшылықтарды;
- педагогикалық іс-әрекеттің құнды-мағыналы бастаулары;
- өзін-өзі кәсіби дамытудың негізгі заңдылықтары;
- педагогтың өзін-өзі кәсіби танудың және жоғары деңгейде дамытудың өзекті механизмдері мен жағдайлары;
- студенттердің өзін-өзі тану үдерісінде педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары;
- педагогикалық міндеттерді шығармашылықпен шешу;
- кәсіби біліктілікті жүйелі арттыру;
- кәсіби портфолионы жасау;
- кәсіби қарым-қатынас мәдениетін.