Қазақстан экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар

“Инвестициялар” деген ұғым ағылшын тiлiнен аударылған (investment) “капитал салу” деген мағына бередi. Көп авторлардың айтуы бойынша бұл терминдер орыс тiлiнде  синоним ретiнде ( яғни бiр мағынадағы сөздер ретiнде) қарастырылады. Қазақ тiлiнде де, дәл осындай түсiнiк қалыптасқан. Экономикалық әдебиеттерде   “капитал салу” (капиталдық шығындар) ұғымы жаңа кәсiпорындарды құру, iстеп тұрған үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылысқа (өндiрiстiк емес капиталдық шығындар) жұмсалатын қаржы құралдары ретiнде айқындалады.

Мәселен, кең ұғымда экономикалық әдебиеттерде “қаражат салу” түсiнiгiнiң анықтамасы берiлген-әрекет етiп кәсiпорындарды қайта салу, техникалық кеңейту, ұлғайту және жаңа кәсiпорындарды салу үшiн (өндiрiстен қаражат салу) жұмсалатын қаржылар, сонымен қатар, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени –тұрмыстық құрылыстар салу үшiн өндiрiстiк емес, қаражат салу) жұмсалатын қаржылар деген. Яғни, қаражат салу дегенiмiз – негiзгi қорлардың туындауына, кеңеюiне және дамуына мақсатталған шығындар. Инвестиция ұғымына Дж.Кейнс келесiдей анықтама бередi. “Нақты кезеңдегi өндiрiстiк қызмет нәтижесiнде пайда болған капиталды  мүлiк бағалығының ағымды түрде өсуi” немесе, нақты кезеңдегi кiрiстiң тұтынылған бөлiгi.  Ал, Массе пiкiрi бойынша, “инвестицияланылған игiлiктiң көмегiмен бүгiнгi күштi қажеттiлiктi қанағаттандыруды күтiлетiн болашақтағы нәтижеге алмастыру актiсi иевестициялау болып табылады” деген. Осы жалпы анықтама  капитал салу актiсiне сәйкестендiруге болады.

Х.Г. Лобесс анықтамасы бойынша: “инвестиция деп — өндiрiстiк күштi құру үшiн тiрi еңбек күшiн пайдалану процесi, осының көмегiмен өндiрiс процесiнде тiрi еңбек күшiнiң маңыздылығын өсiредi”

Жоғарыда айтылған анықтамаларды сарай келiп, осы күрделi экономикалық ұғымның епекше белгiлерiн айта кетейiк. Ерекше белгiсi ретiнде қаржы-қаражат танылады, осы қаржы-қаражаттың қозғалысын инвестициялық құралдардың заттарға және еңбек құралдарына шығындалуын, сонымен қатар, материалдық және рухани игiлiк өндiрiсiне салынған еңбек ретiнде қарастыратын процесс есебiнде тануға болады.

“Капитал” инвестициясы — өндiрiстiк қызметтiң нақты кезеңдегi тұтынылатын жинақталған және қолданылмаған кiрiс бөлiгi және ол өндiрiске қайта салынуы тиiс, осындай жағдаймен бұл процесс бiрнеше рет  қайталанып тұрады.

Осыған сәйкес, инвестиция дегенiмiз — өндiрiстiң барлық факторларын кешендi түрде бiрiктiрiп тұратын инвестициялық процесс, яғни әлеуметтiк-экономикалық заңдылық.

Егер жоғарырақ көрсетiлген ережелерге сүйенсек (В.М.Шумиловтың «капитал салу» және «инвестициялар» термиңдерiне беретiн анықтамаларын караңыз), тiкелей инвестициялар деп “тар” мағынадағы (тек экономикалық мағынадағы) капитал салуды тұсiнуiмiз керек. Яғни, мүндай жағдайда тике­лей инвестицияларға кәсiпорындардың айналымдағы кұралдарына салынатын салымдар жатпайды. Ал, шетелдiк инвестициялардың неiзгi капиталға да, айналымдағы капиталға да салынуы мүмкiн екенiн ескерсек бұл дефиницияны (аныктаманы) әлi де жетiлдiру кажеттiгi сөзсiз түсiнiктi болады. Бұл жағдайда капиталдың негiзгi не айналымдағы құралдарға салынуы маңызды болып табылмайды. Осыған негiзделе отырып, тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы Заң бойынша тiкелей инвестициялардың дефинициясына сүйенсек, шешiмiне әсерiн тигiзе алатын қазақстандык занды тұлғаның айналымдағы кұралдарына жасалған салымдар тiкелей инвестиция болып табылмайды. Сонымен, тiкелей инвестицияларды ұғымының нақты түсiнiгiн беру мәселесi заңдарымызда әлi де шешiмiн таппай отыр.

Бұған қоса, тiкелей инвестициялар ұғымы заңда нақтыланбаған кезде, портфельдiк инвестицияларды — инвестициялардың барлық басқа түрлерi деп аныктауды логикаға жатқызу қиын.

“Инвестор” түсiнiгi туралы айтып кетейiк.

Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтарындағы “Инвестициялар туралы” жаңа заңы  “инвестиция” ұғымына келесiдей түсiнiк бередi: Инвистиция болып табыс алу мақсатында кәсiпкерлiк қызмет объектiлерiне салынатын мүлiктi және санаткерлiк қазыналардың барлық түрi танылады.

«Инвестиция» ұғымының анықамасы халықарлық шарттар мәтiнiн де көрiнiс тапқан. Мысал ретiнде, 1959 жылғы 25 қарашадағы ФРГ мен Пакистанның арасындағы «Инвестицияларды қорғау және марапаттау туралы» шартты айтуға болады. Осы шарт бойынша, Инвестиция әр түлi нысандағы капиталдың бiр мемлекеттiң территориясынан келесi мемлекетке инвестициялануы.

Жоғарыда айтылған анықтамалардан көретiнiмiз, меншiктiң «шетел инвестицияларынын» негiзгi элементi ретiнде танылды. Көптеген ғалымдар мен мамандар қазiргi уақытта осы пiкiрдi ұстанады.

Шетелдiк меншiк ұғымының түсiнiгi Қазақстанның екi жақты шарттарында көрiнiс тапқан. ҚР-сы мен Германия Федеративтiк Республикасының арасындағы «Қаражат салуды өзара қорғау мен марапаттау туралы» 1992 ж. 22 қыркүйектегi шарттың 1 бабына сәйкес, барлық мүлiктiк және өзге қазыналар түрлерi:

а) жылжитын және жылжымайтын зат түрiндегi меншiк, және кепiлдiк құқығы және ипотекалык құқық сияқты өзге мүлiктiк құқықтар;

б) iскерлiк қатысуға құқықтық және өзге де нысандағы компанияларға қатысу;

в) экономикалық бағалығы бар қызмет көрсету немесе экономикалық бағалықты құру үшiн пайдаланылатын ақша қаражаттары бойынша талап ету құқығы;

г) санаткерлiк меншiк құқығы; авторлық құқық, патенттер, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер және модельдер және тауарлық белгiлер, фирмалық атаулар, өндiрiстiк және коммерциялық құпиялар “ноу-хау” технологиясы;

д) концессиялар, табиғи ресурстарды өндiру және барлау концессиялары;

Инвестицияны әр түрлi нысандағы және түрдегi меншiк ретiнде танығаннан кейiн, мемлекет меншiк иелерiнiң мүдделерi мен құқықтарын қорғайтын экономикалық нормаларды белгiлеуi қажет.

Осы жағдайға байланысты «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы 2003 жылдың 8 қаңтарында қабылданған болатын. Сондай-ақ оған дейiн елiмiзде «Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы» заңы қабылданғаны да белгiлi. Осы екi негiзгi  заң өзгi заңдармен кешендi түрде жалпы ұлттық режимдi құрайды.

Инвестициялык саясат экономикадағы құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асырушы басты тетiк болып табылады, яғни экономикалық проблемаларды шешедi, ғылыми және техниканың дамуын көздейдi, халықты жұмыспен қамтамасыз етуiн жүзеге асырады.

Инвестициялық климатқа әсерiн тигiзетiн экономикалық факторларға экономиканың жалпы жағдайын, елдiң валюталық, несиелiк және қаржылық жүйелерiндегi жағдайды, кеден режимiн, жұмыс күшiн пайдалану режимiн (оның құнын, бiлiктiлiк деңгейiн, жұмыс жасау өнiмдiлiгiн) жатқызуға болар едi. Әлеуметтiк факторлар қатарына қоғамның жеке меншiк пен шетелдiк инвестицияларға көзқарасын, қоғамда ел дамуының негiзгi әлеуметтiк-экономикалық сауалдары бойынша әлеуметтiк және саяси келiсiмдiлiктiң болуын жатқызамыз.

Осы соңғы он жылдың аралығында Қазақстан Республикасының экономикасы әкiмшiлiк басқаруға негiзделген жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға көшкелi бұл салада аталған елдiң экономикасында тың өзгерiстер орын алғаны белгiлi. Кеңестер Одағының ыдырауы нәтижесiнде тәуелсiздiк алған бұл жас мемлекет Қазақстан үшiн, әрине тарихи тұрғыдан бағалағанда бұл он жыл тым аз ғана уақыт болып табылғанмен, алайда осы аз ғана уақыт аралығында Қазақстан Республикасында қоғамдық формация ғана өзгерiп қоймай, сондай-ақ бұл елдiң экономикасы бұрынғыдан мүлдем басқаша жаңа принципке негiзделiп, жаңаша жұмыс жасай бастады деп айтуға болады.

Бүгiн қойнауы мұнайға бай Қазақстан Республикасында мемлекет экономикасы аса жоғары қарқынмен даму үстiнде деп айтуға болады. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттiк ретеудiң маңызы нарық жағдайында да өзiнiң өзектiлiгiн, яғни актуальдығын жоғалтқан жоқ деп айтуға болады. Себебi мемлекет барлық жағдайда да бұл елдiң экономикалық дамыуының негiзгi бағыттарын айқындап, әсiресе стратегиялық макроэкономикалық бағытта алдын-ала дұрыс жоспарлау жасап отыруға мүмкiндек бередi. Мiне осы тұрғыдан алғанда шетел инвестициясын тартудың және оны тиiмдi пайдаланудың аса жоғары стратегиялық мәнi мен маңызы зор. Әсiресе осы орайда мемлекеттiң ұстанған инвестициялық саясаты мен осы инвестицияны ұтымды реттеудiң экономикалық және саяси мәнi айрықша болып табылады.

Оның iшiнде:

-жылжитын және жылжымайтын мүлiктiк экономикалық, импорттаған және өңдемей сатуға арналған тауарлардан басқалары;

-акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзара нысандары;

-ақша салаларын, тауарларды, қызмет көрсету және инвестицияларға байланысты шарттар бойынша кез келген өзге орындауды талап ету;

— авторлық құқықтарды, патенттердi, тауарлық белгiлердi өнеркәсiп үлгiлерiн, технологиялық процестердi, ноу-хауды, норматива, техникалық, сәулеттiк, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы қоса, санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқықтық қызмет;

— қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензияға негiзделген немесе мемлекеттiк орган өзара нысанда берген кез келген құқық.

Сонымен бiрге, заңда «шетел инвестициялық» түсiнiгi берiлген, «ҚР-ның заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу нысанында жүзеге асырылатын инвестициялар және ҚР-ның заңды тұлғаларына кредит беру».

Мәселен, Қазақстандық экономистердiң мәлеметтерi бойынша, Салық пен инвестициялардың Халыкаралық орталығы батыс инвесторлары арасында өткiзген әлеуметтiк сұрау кезiнде қазақстандық нарыққа (рыноққа) деген олардың қызығушылығы белгiлi болды. Қазақстан Республикасындағы инвестиция­ларға әсер ететiн стратегиялык факторлар арасында бiрiншi орында тұрғандары — iрi нарықтық потенциал мен табиғи ресурстар екенi анықталады. Осы факторлар дүние жұзiнде iскерлiк сипаттағы негiзгi жағдайлар болып есептеледi. Басқа факторлардың да маңыздылығы жоғары, мысалы, жұмыс күшiнiң арзан болуы (салыстыру үшiн текстиль саласындағы жүмысшылардың бiр сағаттық еңбек ақысы Швецияда — 18,59 долларды, Италияда — 13,96; Францияда — 10,41; Тайваньда — 3,53; ал, Литвада — 0,26 долларды кұрайды). Осы сандар қазақстандык жұмыс күшiнiң де бәсекелестiк деңгейiн көрсетедi, бұл болса инвестицияларды тартудың косымша факторы.

Инвестициялардың келуiне үлкен кедергi жасайтын жайттар арасында шетелдiк инвесторлар бюрократияны, қаржылық қауiптi, салықтық (қаржылық) режимдi және құқықтық инфрақұрылымды (яғни, экономикалық саласын­дағы өзгерiстер жылдамдығын) атайды.

Жалпы жеке iшкi кәсiпке капитал салу кейбiр анықтамаларды қажет етедi. Бiрiншiден, оқулықта инвестиция негiзгi капиталға қосымшаны бiлдiредi. Gепеrаl Моtогs-тың акциясын, облигациясын сатып алу кiрмейдi. Iс жүзiнде инвестицияға үй, зауыт, фабрикалар, мекемелер құрылыстары және фирмалардын қолдағы тауарларының қосымшасы жатады.

Егер бiз инвестицияны болашақта экономиканың өнiм өндiру қабiлетiн арттыратын ағымдағы белсендiлiк деп ойласақ, онда бiз бұған тек қана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да енгiземiз. Адамзат капиталы дегенiмiз— жұмыс күшiне қажеттi бiлiмдiлiк пен қабiлеттiлiк. Бiлiм адамзат капиталындағы инвестицияға жатады.

Шығынды тұтыну немесе инвестиция ретiнде топтастыру — келiсiм мәселесi. Экономикалық жағынан қарағанда шаруашылықтың сұйық май қорын арттыруы мен бақал дүкенiнiң сол жүмысты атқаруының арасында пәлендей айырмашылық жоқ. Дегенмен ұлттық табыс есебiнде жеке адамның сатып алуы жеке тұтыну шығынына жатады, ал дүкенiң сатып алуы тауар қорларына капитал салу болып табылады. Мұндай шектен тыс жағдай кеадесетiндiктен, көз мөлшермен былай деуге болады: Инвестиция — кәсiби сектордың негiзгi капиталға қосымшасы, оған коса ол тауар қорларымен тығыз байланысты.

Кәсiпкерлiкке капитал инвестициялау бизнес секторына қосымша қаражат шығындауға байланысты. Шаруашылық шығынын тұтыну шығыны деп есептеуге болады. Мысалы, шаруашылықтардың автомобиль сатып алуын қалай қараймыз?

 Бұл ұзақ мерзiмдi пайдаланатын тауар болғандықтан, автомобиль сатып алуды бiз кәсiпкерлiкке капитал инвестициялар салынды деп ұғынуымыз керек. Және ол тұтыну шығынына жатады. Ұзақ пайдаланатын заттардың (автомобиль, тоңазытқыш) және басқа сатып алынатын заттардың сомасы бұдан басқаша.

  1. Қазақстан экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк инвестициялық саясат жалпы ТМД елдерi арасындағы ең озық әрi оң нәтижелiсi деп айтуға толық негiз бар. Мiне осы таяу уақытта Қазақстанда арнайы инвестициялық қор құрылатын болады, бұл әрине бiздiң елiмiзде инвестициялық саясаттың жаңа да сапалы жоғары сатыға көтерiлгендiгiне куә болары рас. Бұл қордың капиталына үлестiк қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндiретiн қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесудi көздеуде.

Қазақстан Республикасы экономикалық өсiмнiң жоғары қарқынын тұрақты ұстап тұру үшiн бiздiң таяудағы 4-5 жылдың iшiнде негiзгi капиталдың жалпы жинақталу көлемiн 28 пайыз деңгейiне дейiн жеткiзу керек. Соның iшiнде мемлекеттiк инвестицияларды 2-ден 4 пайызға дейiн өсiру қажет.

Мемлекеттiк инвестициялар

Индустриялық-инновациялық бағдарламаның iске асырылуын қамтамасыз ететiн қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында:

— Даму банкiтiң жарғылық қапиталын ұлғайтуға жөне оның кредиттiк жадығатын молықтыруға — 12 миллиард тенге;

— құрылатын Қазақстан инвестициялық қорының жарғылық капиталына — 23 миллиард тенге;

— құрылатын Инноваңиялық қорға — 3 миллиард тенге;

— Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация құру үшiн — 7,7 миллиард тенге жiберiлуi керек.

Астананы дамыту Астананы елiмiздiң орталығына көшiрудiң стратегиялық қажеттiгi мен тиiмдiлiгi және оны осы заманғы үлгiде абаттандыру керектiгi бүгiнгi танда бiр кездегiдей ешкiмның күмән-күдiгiн туғызбасы  анық.

Бас қаламыздың сәулет сүңғатын келiстi ету жөнiндегi жасампаздық жоспарларды iске асыруды қолға алған, бұл iстi аяқсыз қалдырып, ақырына дейiн  жеткiзукерек.

Елiмiздiң жаңа астанасын салудың экономика­лық, саяси және әлеуметтiк тиiмдiлiгi өте маңызды. Астана қаласын салу мең дамытуды қолға алған жылдардың iшiнде оны абаттандыруға әртүрлi көздерден шамамен 2,5 миллиард доллар жұмсалып, мұның өзi елiмiздiң экономикалық өсуiне, өндiрiстi жандандыруға, жұмыс орындарын құруы, айтарлықтай болады .

Астананың үлгiсi бойынша елiмiздегi барлық облыс орталықтары көркейiп келедi. «Астананың өркендеуi — Қазақстанның өркендеуi» бағдарламасы жұмыс iстеп тұр.

Бiз астанамыздың құрылысына елеулi үлес қосып жатқан достас елдерге, шетел инвесторларына, отандық кәсiпкерлерге ризашылығымызды бiлдiру керекпiз.

Н.А.Назарбаевтiң өтiнiшi бойынша олар бөлген өтеусiз қаражатқа 2003 жылы 200 миллиондай АҚШ доллары сомасына құрылыстар салынып жатыр.

Алайда, алдағы уақытта астана құрылысын оны дамытудың ұзақ мерзiмдi және орта мерзiмдi жоспарлары мен бағдарламаларының негiзiнде бюджет қаражатының есебiнен жоспарлы түрде жүргiзуге көшу керек.

Үкiмет Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысының белгiленген жоспарларға сәйкес жүргiзiлуiне қамқорлық жасауға тiис.

Жеке инвестициялар

Бiздiң экономикамыздағы жеке сектордың рөлi барған сайын арта беруге тиiс. Бүгiнгi таңда зейнет-ақы жинақтау жүйесiнiң жиынтық капиталы 300 миллиард тенгеге жуықтап отыр. Банк жүйесiндегi депозиттер 600 миллиард тенгеден асып түстi.

Банктердiң жиынтық меншiк капиталы бiр жылдың iшiнде үштiң бiрiне ұлғайып, миллиард доллардан асып түстi, ал экономикаға берiлген кредиттер соңғы үш жылда 4,5 есе көбейдi.

Мұның бәрi де экономикалық өрлеудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етедi[12].

Сонымен шетел инвестициясын елiмiздiң экономикасына тартып оны тиiмдi пайдалау үшiн бұл саясатты қолдап оны дамытып жүзеге асыру үшiн оларды жүзеге асырудың нақты механизiмдерiн жасау қажет.

Инвестициялық саясатты тиiмдi жүзеге асырып экономикалық қал-ақуалды жақсартыру үшiн келесiдей басты мiндеттердi шешу қажет:

 — құқықтық өндiрiстiк ресуртармен қамсыздандыру;

 — кәсiпкерлiктi өндiрiстiк ресурстармен қамсыздандыру;

 — нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;

 — кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметтiк мемлекеттiлiк қолдау және ынталандыру;

— кәсiпкерлiк қызмет құрылымдарында жұмыс iстейтiн маман-дарды дайындау;

— кәсiпкерлiктi ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан қолдау;

— кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу органдары жүйесiн жетiлдiру.

Кәсiпкерлiктi дамытуға арналған шаралары қарастыру қажет:

1.Шағын және орта бизнестi қолдау:

а) өнеркәсiп саласында:

— дәстүрлi өндiрiс салаларында шағын кәсiпорындарды дамыту;

— жаңа технологияларды игеру негiзiнде соңғы өнiмдi өндiру;

— қайта өңдеу өнеркәсiптерi жүйесiн дамыту.

ә) халықтық тұтыну тауарлары өндiрiсiнде:

— отандық шикiзатты қолдануға бағытталу;

— импортты алмастырушы тауарларды өндiру;

— экспортқа бағдарланған онiмдердi шығару.

б) жаңашылдық (инновациялық) қызмет саласында:

— ғылым  сыйымды өндiрiстерде ұйымдастыру және дамыту

— шағын жаңашыл кәсiпорындар жүйесiн, аймақтық инно-вациялық және технологиялық қолдау көрсету орталықтарын да­мыту:

— көлiк, байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материалдары өндiрiсiнде технологиялық және зерттеу парiктерiн, сондай-ақ, бизнес инкубаторларын құру;

  1. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң iрi бизнеспен үйлесiмдiлiгiн нығайту.

Осы бөлiмде Қазақстан Республикасындағы шағын орта және iрi кәсiпкерлiк еркiндiгiн қорғауға және мемлекеттiк қолдауға бағытталғын, қолданыстағы заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және жаңа заңдар мен нормативтi актiлердi шығару үрдiсi қарастырылады. Соны­мен қатар, жалпы кәсiпкерлiктi құқықтық тұрғыдан қолдау және қорғау тәжiрибесi үйретiлiп, кәсiпкерлер одағы мен бiрлестiгiнiң қатысуымен оларды дамы­ту және жетiлдiру ұсыныстары берiледi.

Үкiметтiң кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi саясаты жеке сектордың экономикадағы өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның нарыққа кiруiн жеңiлдетуге бағытталуы тиiс. Сондықтан да, кәсiпкерлiк құрылымдарының өкiлдерiмен бiрге пайдаланылмаған өндiрiстiк ғимараттар мен құрал-жабдықтарды, жер учаскелерi мен аландарды, аяқталмаған құрылыс объектiлерiн ша­ғын және орта бизнес кәсiпорындарына беру мақсатында санақтан (инвентаризациядан) өткiзу керек.

Концепцияда ұлттық бағдарлама үшiн шағын және орта кәсiпорындардың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету шарала­ры көрсетiлген.

Кәсiпкерлiктi қаржылық қолдау iсiнiң маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсiпкерлiк коғамдары табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды бiрiктiре отырып, инвестициялардың барынша тиiмдi қолданылуын қамтамасыз етедi. Сол себептен шағын және iрi бизнес арасындағы ынтымақтастық жүйесiн (франчайзинг) қалыптас­тыру мақсатына бағытталған мемлекеттiк қаржыларды көбейту аса маңызды.

Шағын және орта бизнеске шетелдiк компанияларды және жеке кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржыларын тарту  процестерiн күшейту қажет.

Кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң осы саладағы басты жобаларды атқаруыны қолдау көрсету мақсатында оларды мемлекеттiк несиелермен қамтамасыз ету мiндетi ұсынылған. Шағын және орта бизнестiң дамуына негiз болатын экономикалық ортаны жақсартуға бағытталған сақтандыру iсi, несие және салық жүйелрiне қажеттi өзгерiстерютердi енгiзу қарастырылған.

Сондай-ақ, экономиканың барлык салаларда, әсiресе халықтық тұтыну тауарлары мен азық-түлiк өндiрiсiнде шағын бизнестiң дамуына мүмкiндiк туғызатындай деңгейде салықтық алымдар мен мiндеттi төлемдер мөлшерiн белгiлей отырып, салық саясатында маңызды толықтырулар жасау қажет.

Тек осы жағдайда ғана елiмiздiң экономикасына инвестициялық қаржы тартудың нәтижесiнен елiмiз одан әрi де дами түсетiндiгi сөзсiз деп бiлемiн.

Инвестициялык климат — капитал салу кезiнде шетелдiк инвесторлардың қалай қабылдау жағдайларының жиынтығы, яғни, инвестордың капиталды қай елге салу керектiгiн есепке алуы. Бұл жерде экономика жағдайы, мәдениет және саяси тұрақтылық та орын алады.

Инвестициялық климатқа саяси, экономикалық және әлеуметтiк факторлар әсер бередi.

Саяси факторлар қатарына:

— шетел инвестицияларына қатысты мемлекеттiк саясатты, халықаралық шарттарды сақтау әдiсiн жатқызуға болады;

— мемлекеттiк институттардың берiктiлiгi;

— саяси билiктiң үстемдiгi;

— мемлекеттiң экономикаға араласу деңгейi, мемлекеттiк аппараттық жұмысының тиiмдiлiгi.

Экономикалық факторлар қатарына:

— экономикалық жалпы жағдайы;

— елдiң валюталық, қаржылық және кредиттiк жүйе жағдайы;

— кедендiк режим;

— жұмыс күшiн пайдалану режимi;

Шетелдiк кәсiпкерлер капиталдың еркiн қозғалыска бейiм болады. Осыған сәйкес, курстык тұрақтылығы, инфляциялық процестiң динамикасы, кредит кушi, салықтық реформалар маңызды роль алады.

Әлеуметтiк фактор келесiдей ерекшеленедi: қазақстандық қоғамның жеке меншiкке қатынасы, шетелдiк капитал салуға қатынасы; елдiң әлеуметтiк және экономикалық негiзгi мәселелер бойынша қоғамда консенсустың  болуы. Инвесторлардың құқық кепiлдiгi өз елдерiндегi капитал салудың жағдайына байланысты. Осыған сәйкес, шетелдiк капитал салудың режимдерiнiң түрлерi инвесторларға берiлген.

Шетелдiк инвестицияларды тарту iсi мемлекеттен нақты қолдау табуы тиiс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн, оған шетел банктерi мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсiпорындарды тiкелей шетел инвесторларының меншiгiне сатуға дейiнгi әрекеттер жатады. Мұның өтпелi формасы ретiнде бiрлескен кәсiпорындар ұйымдастырылуы да мүмкiн. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Бiрiншiден, шетелдiк инвестициялар елдiң өндiрiстiк базасын жедел жаңартуға және оның өндiрiстiк мүмкiндiктерiн арттыруға көмектеседi. Екiншiден, шетел фирмалары жаңа өндiрiс орындарын ашумен қатар, капиталисте бәсекелiк күресте шыңдалған еңбек пен өндiрiстiк ұйымдастыру тәжiрибесiн ала келедi.

Бiздiң экономикаға iрi инвестицияларды келтiру үшiн бiрнеше шарттарды орындау қажет. Бiрiншiден, мемлекет шетелдiк инвестицияларға қауiпсiздiк кепiлдiгiн беруi қажет. Екiншiден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуiне жағдай жасауы керек. Шетелдiк инвестициялар қоғамдық санада әлi де болса елдi кiрiптар етудiң, оны шикiзат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретiнде көрiнiп отыр.

Ал әлемдiк тәжiрибе болса, дамыған рыноктық экономикалардың шетелдiк инвестицияларды молынан сiңiрiп алып жатқанын көрсетедi Мысалы, XX ғасырдың соңына қарай шетелдiктер АҚШ-та жалпы сомасы 329 млрд. долл. тең өндiрiстiк қорларды иемдендi. Бұл соманы көзге елестету үшiн Австралия сияқты дамыған елдiң жалпы ұлттық өнiмiнiң құнымен тең десек те жеткiлiктi. Бұл, қарапайым американдықтарды мазасыздандыруда, бiрақ Америка бизнесмендерi 80%-тiк шетел капиталының ел экономикасына құйылуын белсендi түрде қолдайды және үкiмет тарапының да бұл жағдай толық қолдау табуда.

Қазiр Қазақстанның аумағында көптеген шетелдiк компаниялар қызмет жасауда олардың ең басыларын атап өтер болсақ олар: Бритш-Петролум, Шеврон компаниясы, Исппат компаниясы, Лукойл, iрi қаржы инстиуттарын айтар болсақ олар Тексака банк, Кзи- банк, Лариба банк т.с.с. көп.

Лопатников П.И. Краткий экономико-математический словарь. М., 1979. 107-108 бет.

Богатырев А.Г. Инвестиции.М., 1992.С.43.

Сарсембаев М.А. Регулирование ВЭД. Алматы, 1997.С.134.

Программа привлечения прямых инвестиций в РК на  период 1999-2000гг.

Экономическое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы, 1997.134-бет.

Смешанная экономика: трансформационная модель развития Казахстана. Алматы, 1997.148-бет.

 Сонда. 155-бет.

Сонда.158-бет.

7-сiлтемедегi жалпы табысты есептеу жүйесiнде (ЖТЕЖ) инвестиция анықтамасы кеңейдi — оған адамзат капиталы ендi, бұл сол жүйеде жалпы инвестиция Ж??-нi? үштен бiрiнен көп дегендi бiлдiредi. Алайда бұл оқулыкта инвестицианы тек қана негiзгi капиталға қосымша деп бiлемiз.

ЖҚҚ есептерi кәсiби сектордың негiзгi капиталға қосымшасын инвестициялау деп жазылады. Жолдарға, мектептерге жұмсалған үкымет шығыны да негiзгi капиталға қосылады. үкіметтегi негiзгi капитал бағаларын “Күнделiктi бизнеске шолудан” табасыз. 1988, тамыз, 87-6. М?нда үкiмет инвестициясының да есебi бар.

Шаруашылық секторының үйлердi сатып алу келiсiмiне де түсiнiк берейiк. Үй құрылысы есептерi кәсiби сектор инвестициясына жатады. Үй жекешеге сатылғанда келiсiм мүлiк аударымы болып есептеледi, ол инвестициялауға жатпайды. Тiптен, егер үй арнаулы тапсырыспен салынса, есептер үйдi салуға жалданған құрылысшыға қатысты, себебi бұл – Үй құрылысын инвестициялау. Инвестиция сонымен кәсiби секторға жатады.

 Басты мұрат –халықтың әл-ауқаты. Егемен қазақстан. №79. 2003. 5 сәуiр. 1 бет:

 Қ.Т. Битемiров. КазМУ хабаршысы. № 1 (14).26-27.бет.

М. Байгiсиев. Экономикалық теория негiздерi. Оқулық.-Алматы. “Санат”, 1998. 346-347. бет.