КСРО-ның экономикалық жағдайының күрделене түсуі Қазақстан оның құрамды бөлігі болғандықтан аздыкөпті қиындықтарға душар болды: халық шаруашылығының салалары тұыққа тірелді; қоғамдық өндірістің тиімсіздігі жалғаса берді; инвестициялық сала кемшін күйінде қалды; халық шаруашылығын басқарудың экономикалық және құқықтық тәсілдері жөнді меңгнрілмеді; жоспар,өндіріс және еңбек тәртібі олқылыққа ұшырады.
Сайып келгенде 80-ші жылдардағы қайта құру дегеніміз 1965ж. қайта құрудың жалғасы болып шықты, тек бұл қайта құру тереңдей түмті. 80ж-ші жылдардағы қайта құру мынадай механизмдері кеңінен қолдануды көздеді:
- өндірістын баспақты буынының тиімді жұмыс істеуіне ерік беру үшін оның дербес мекемелік шекарасын кеңейте түсу. Осыған байланысты оған дербестік, өзін-өзі басқару, өзін-өзі өтеу және өзін-өзі қаржыландыру енгізілді.
- кәсіпорындарды дербес басқару еркіндікті, ынталылықты және жауап кершілікке берік болуды талап етеді. Кәсіппорынның жауапкершілігі дегеніміз олардың бір-біріне тәуелділігі, қоғамдық еңбек бөлісінде алған орны түрлі жағдайларға байланысты: шаруашылық есеп, әкімшілік, құқықтық және адалдық сипаттар.
Өзін-өзі басқарудың мәні халық шаруашылығы мен халықтын өскелең талабына сәйкес кәсіпорын өндіріс жаспарын өзі жасайды, өнімдерді тарату және қызмет көрсетуді өзі белгілейді. Сөйтіп жаңа жағдайда иелік жасауда өндірістік бағдарламаны өзі жасайды, материалдық қамтамасыз етудің қамына кіріседі, өндірілген товарды өткізумен айналысады.
Қайта құрудың маңызды механизмі шаруашылық есеп болып табылады. Қайта құру жалдарында шаруашылық есептің екі түрі ұсынылды.
Біріншісі –пайданы нормалап бөлу. Пайданы бөлу механизмінің бірінші түрі- өнімді өткізгеннен алынған табысан, ең алдымен өндіріске жұмсалған қаржат қалпына келтіріледі және еңбекақы қорына төленеді. Еңбекақы қоры таза өнім нормативінен түзіліді, ал кен қазба саласында нақтылы алынған өнім бірлігінен түзіледі.
Екінші- шаруашылық есеп кірісінің нормативпен таратыуы балайша жүргізіліді: Біріншіден, өнімнен түскен тыбыстан материалдық шығындар қалпына келтіріледі. Табыстың қалған бөлігі нақты кіріс болып табылады да, одан қорлар мен еңбек ресурстарына төлем төленеді, мемлекеттік және жергілікті бюджетке бересілер төленеді, министрліктің қорына бересі беріледі, банктен алған несиенің процентті төленеді.
Сөйтіп экономикалық саясатты өз бетінше дербес жүргізудің орнына толық егемендіқ алғанға дейін Ресейдің қимылдарына тактикалық түрғыдан жалтандай берді. Ал Ресей болса, Польша, Югославия т.б. елдердің нарыққа көшу бағдарламаларына иек артты.
Республика экономикасында 1990 ж. аяғында нарықтық қатынастарға көше бастауы келесі жылы нарыққа көшу бағдарламысын қайта қарауды талап етті, өйткені 1991 ж. тамызда КСРО тарап кетті.