Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.

Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға көшцге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және әшкә товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.

Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады.

Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен анықталады. Қазақсстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде Республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты бағалары дүниежүзілік бағалардың серпінін сақтампаздық болжалды негіздей отырып белгіленеді.

Қор республикалық және жергілікті бюджеттдің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйысдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың, бонустардың, роялтилердің бектілген соммаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен қалыптасады.

Ұлттық қор мына түсімдердің есебімен қалыптасады.

  • шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсу ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
  • республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
  • шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетке жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
  • ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;
  • қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиім салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.

Қаражаттарды ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.

Негізгі қызметі табиғи ресурстардың өндіру мен өңдеу болып табылатын заңи тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі белгілейді.

Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер – шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы:

Корпорациялық табыс салығы;

Қосылған құнға салынатын салық;

Үстеме пайдаға салынатын салық;

Бонустар;

Роялти;

Жасасқан келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.

Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттерді, республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті тақару жөніндегі орталық уәкілетті ортган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

Үшінші тармақшада көрсетілген ресми трансфеттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жер участкелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер маслихаттың тиісті қаржы жылына арналаған жергілікті бюджет туралы шешіммен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын ресми трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджетті атқару барысында оны маслихатта нақтыламай-ақ Ұлттық қорға аударады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Ұлттық қорды қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналасуынан құрылады.

Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:

  • тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойныша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін. Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы срмасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтемжүзеге асырылмайды;
  • Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансфеттер түрінде;
  • Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
  • Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;
  • Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;
  • инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.

Рұқсат етілген қаржы активтерін және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұснысы бойынша Ұлттық банкпен бірлесіп Үкімет айқындайды.

Ұлттық қоры жеке және заңи тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен Республикалық бюджеттің шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімен қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры» туралы жарлығымен қорды басқару кезіндегі мемлекеттік биліктің өкілеттігі анықталған.

Қазақстан Республикасының Президенті:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестік құрамын құрады;
  • Қор мәселелері жөнінде Кеңесте, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
  • Қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;
  • Ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;
  • Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:

  • есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;
  • ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқарумен байланысты қызмет бойнша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;
  • Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті және парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөнінде ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • Қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлік есебін қамтамасыз етеді;
  • Қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:

  • Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқаруға беруді қоса дербес инвестициялау;
  • Инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп, бекіту;
  • Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті ұсыну;
  • Сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер.

Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) — өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігінен Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап — жасайтын консультатциялық – кеңесші орган болып табылады.

 Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің мәжілістері Президентін немесе оның тапсыруы бойынша кеңес мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді. Кеңес шешімі Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көп дауысымен қабылданады және заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіреді: Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-министрі, Сенаттың төрағасы, Парламент мәжілісінің төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банктің төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.

Кеңестік жұмыс органы Қазақстан республикасы Президентінің Әкімшілігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестік функциялары:

  • ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап жасау;
  • қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап –жасау;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап -жасау болып табылады.

Қазақстан Респубубликасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді.

Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей Президентке бекітуге табыс етеді.

Ұлттық қордың қалыптастыруылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының парламентіне ұсынады.

Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепнамаларды кіріктіруі тиіс:

  • Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегші қызметі туралы есеп;
  • Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзгеде мәліметтер.

Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметін транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

Ұлттық қор қызметі туралы 2003 жылғы есеп бойынша қордың таза активтерінің өсімі 2002 жылғы 57,5 % -ның орнына өткен жылы 76,6% құрды. Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллионнан 3662.7 миллионға өсті. Активтер өсімінің негізгі үлесі экономиканың шикізат секторы кәсіпорындарының нормативтен тыс пайдасынан алынған кірістерге тиеді. Мұндай конъюнктура мұнайға жоғары әлемдік бағаның арқасында қалыптасып отыр.

Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметін барлық жылдар ішінде 4,23%-ға бағаланады.

2003 жылғы Ұлттық қор активтерінің пайдалылығы 8,69% құрды, өткен жылы 222,8 млн доллар мөлшерінде инвестициялық кіріс алынды. Сонымен бірге тұрақтандырушы портфельдің пайдалылығы 1,87% тең болды, ал қордың негізі бөлігін құрайтын жинақтаушы портфель 11,98% пайдалылық берді.

Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысын толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнгтурамен, ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.

Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түстетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп қорды қалыптасытру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.

Инвестициялық кірістердің бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.

Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атуға болмайды.

Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және де оны алу кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауырпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.