Түсінікке ертеден философтар адамдық рационалдың танымының маңызы элементі ретінде ерекше мән беріп келді. Нақты айтсақ, жалпы қабылданған түсінік анықтамасы төмендегідей: «Түсінік-объективті шындықтың құбылыстары,заттарының мәнді,жалпы белгілерін тануға көмектесетін адамзаттың ойлау формасы. Бұл ғасырлар тарихымен қалыптасқанәрі қабылданған қағида десек те болады, себебі «түсініксіз» ешбір мақсатты,ұйымдасқан немесе кез-келген сезімдік танымның да болуы мүмкін емес. Адамның табиғатты тануы сезімдік танымнан басталады. Тілі шықпаған сәбиді қоршаған алуан түстер сен заттар қызықтырады,ал алғашқы сұрақтары «ол не?» «бұл неге мұндай?» т.с.с. мағынада жалғасып кете барады. Бірақ адам баласының танымы мұнымен тоқталып қалмайды. Ол танымын жалғастыра түседі, дамытады. Танымды дамыту түсініктердің қалыптасуына алып келеді.
Түсініктер әлемі өте күрделі,әрі қайшылықты. Әдетте, қарапайым түсініктер күнделікті іс-әрекетте қолданылса, кейбір түсініктер күрделі болып келеді. Бірақ қай ұғымның болмасын қалыптасуы – күрделі құбылыс (феномен). Бүгінгі ғылыми-эмпирикалық зерттеулер бойынша ұғымдардың қалыптасуы адамның монополиясы ғана болып табылмайды. Жануарлар әлемінде, әсіресе, маймылдарда түсініктердің дамуыүлкен назарға ілікті. Қазіргі зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе этологтар жануарлардың абстрактілі ойлайтындығына ешбір күмән келтірілмейді. Мәселен мынадай қызықты фактілер бар, этологтардың бақылауында тәрбиеленген маймылдар (шимпанзе) олардың жоспарлағанынан әлдеқайда көп. Сөздерді айта алған және ұғына алған. Бірақ, «түсінік – бұл заттармен құбылыстардың арасындағы жалпы мәнді байланыстарды сипаттайтын ой»-деп келетін ғылыми тұжырымдама этологтардың жоғарыдағы пікірін жоққа шығарады. «Түсінік» деген сөздің мәніне тереңдесек, ол ешқашан белгілі-бір дайын нәрсені білдірмейді, немесе ол таза ойдың іс-әрекетін де көздемейді. Сондықтан, адам баласы белгілі бір түсінікті қолданғанда сол объектінің мәнін меңзейді. Мүмкін, осы себептен де біз түсінік адам ойлауына ғана тән таным құралы деп айтқанымыз шығар. «Философиалық дәптерлер» еңбегінде В.И. Ленин «түсінік – материаның жоғарғы желісі» деп берген анықтамасында біз тек «ми» деген ұғымын «адам миының деп толықтыруымыз орынды. Сезіну, қабылдау және елестетуден түсініктің айырмашылығы түсінікті ешуақытта сезіну, көру, байқау мүмкін емес. Сонымен «түсінік» қалай қалыптасады деген сұраққа толғанып көрелік ?
Нақты заттар мен құбылыстарға ықпал ете отырып, оларды қолдану және қайта жасау процесінде адамзат өзара қоғамдық қатынастарды жасай отырып, біртіңдеп сол қатынастар туралы әралуан білімдерді меңгереді. Әртүтлі материалды объектілер арасындағы қатынастар танылады. Заттар, құбылыстар, процестер байланыстары әралуан болғандықтан, осыған сәйкес байланыстар мен қатынастар түралы білім де алуан болып келеді. Мәселен, адам мен ақыл қасиеттерінің арақатынасы туралы білім де алуан қырлы болуы мүмкін. Адам ақыл арқылы табиғат әлемінде ерекшеленеді. Бұл үрдіс адамзат үшін жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.
Өмірдегі практикада біз нақты заттармен әрекеттесеміз, ол заттарды біз түйсігіміз арқылы табамыз, танимыз. Міне, осы кезеңде біз заттар мен құбылыстардың арақатынасын ашықтай отырып, сонымен қатар оларға деген біздің қатынастарымызды да анықтаймыз. «Адам», «ақыл», «ағаш» т.с.с. сөздер тек біз анықтаған белгілі бір объектіге , нақты зат немесе құбылысқа ғана қатысты қолданбайды. Мәселен, «Адам» деген сөз бір біріне ұқсас объектілерге қатысты да қолданыла береді. Сол сияқты «ақыл», «ізгі» сөздері де әртүрлі құбылыстарға қатысты айтыла береді.
Берілген «ақыл», «ізгі» т.с.с. сөздер қатынастарды, байланыстарды, мәнділікті білдіреді. Ең маңызды қыры, әрбір сөз «түсінік» ретінде әр зат немесе құбылыстардың мәнін білдіреді. Міне, философтардың ғасырлар бойы сарапқа салып келген тағы бір мәселесі, «түсінік» пен «мәннің» арақатынасы. Бұл мәселе батыс ойшылдарымен қатар түркі-мұсылман, әлем және қазақ даналарының да назарынан тыс қалмаған.
Адам баласы қонақ болып келген бұл дүниенің құпиясы көп. Әдемілігі көз жауын алатын сыртқы сымбаттың ар жағында түкке қажеті жоқ мәнсіздіктің, тіпті адамның өзіне қатер төндірер құпия қырының да ақиқат екендігі – заңды құбылыс. Күллі зат біткеннің сыртқы болмысы тек мәні арқылы ғана көрініп қана қоймай, танылады да. Сол зат не болмаса құбылыстың пайдасы мен зияны, жақсысы мен жаманы оның ішкі мәніне қарай айырылмақ. Мән – тұрақтап қалған, өзгермейтін дүние емес, ол қозғалмалы әрі объективті құбылыс. Міне осы мәнділікті табу да, тану да, дамыту да адамзаттың ісі. Ғұламалардың пікірінше, ақыл мен білім міне осы мәнділіктерді, оның ішінде, әсіресе адамдық мәнділікті тануға көмектесетін күш.
Мәселен, «ақыл» түсінігі философия тарихында аз өзгеріске ұшырамаған. Келесі түсінік кеңістігіндегі танымдық саяхатымыз «ақыл» түсінігінің қыр-сырын ашуымызда болмақ. Ақылсыз адам баласының тұрмыс-тіршілігінің мәні жоғалары анық. Ақыл қызметін сайып келгенде білім күші де атқара алмайды.
Ақыл – Алланың әмірімен берілген сый деп тұжырымдаған ұлы шейх Қ.А. Иссауи адам баласының қасиетін ақылда деп білген.
Ж. Баласағұнның пікірінше, ақыл – Алланың адам баласына берген еншісі.
«Ақыл – ес те хақтың берген еншісі,
Білім – кенге түске мидың еншісі» [2, 204 б].
Қазақ дүниетанымында ақыл – философиялық ұғым ретінде барлық қырынан танылған. Мұнда ақылдың мән – мағнасы адамның басқа адамдармен, қоғамен өзара қатынасы қырынан анықталады.
Ақыл – адам өміріне мән беріп, оған қорған болар ерекше күш. Ақыл – адам адам санасы жетпейтін тұйық жүйе емес, өзінің қабылеттері мен ерекшеліктерін танып білуге мүмкіндік беретін ашық құбылыс. Міне, осы мүмкіндікті ақын Ж. Баласұғұн діни ғана емес, антопологиялық тұрғыдан да пайдалану әдісі арқылы күні бүгінге дейін адамзатқа жұмбақ құбылыстардың мәнін ашуға талпынған. Бірақ, бұл мәселеге монистік шешім таппаған.
«Тек ақыл – ес табиғаттан бұйырар,
Ақыл – еске білім, өнер құйылар» [2, 192 б].
Ақыл адамға табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана қажет құрал ғана емес, өзін қоршаған ортаны, өз болмысын, мүмкіндігі мен қабылеттерін, жетістіктері мен кемшіліктерін танып, онымен күресуге болмаса дамытуға, өзгертуге билік ететін күшке ие ізгіліктік белсенділік.
Тән – жеке алғанда құндылық емес. Тіпті көрік, сымбаттың өзі де ақылдың орынын басып, қызметін атқара алмайды. Құлық іс, сөз, ниет, із сайып келгенде ақылға бағынуы тиіс. Яғни, ізгі жанның ізгілігін бағып, қорғайтын, сақтайтын қызмет те ақылдікі екен. Ізгілік белсенділік ретінде ақылдың адам болмысында атқаратыны басқа ізгіліктік белсенділіктермен салыстырғанда әлдеқайда маңызды. «Адам бақыты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл –парасат күші арқылы ғана пайымдайды.» [2, 124 б]. Деген тоқтамға әл-Фараби де тоқталады. Адамды қайуаннан бөлектейтін асыл белгі де ақыл. Хайуанда ми болғанмен онда ақыл сана жоқ. Ми – материя, оған рұх беретін күш – ақыл. Ақыл болмағандықтан хайуан мұндай мұндай рұхани құндылықтарды қажет етпейді.
Міне, біз біртіндеп мағанасы күрделі «түсініктерді» талқылауға көшкенімізде де байқамай қалды. Мысалы, қарастыратын келесі түсінік – «ізгі», «ізгілік» жай, қарапайым сөздерден емес. «Ізгілік» — философиялық ұғым. «Ізгілік» — адамзат санасымен бірге жасап келген мағнасы терең маңызды философиялық категориялардың бірі екендігіне сәл тоқтала кетсек. Сараптап қарасақ, «ізгі», «ізгілік» түсініктерінің мағнасы күнделікті карапайым қолданымнан әлдеқайда терең. Сондықтан «ізгілік» ұғымы емес, жай сөздердің қатарынан деп пікір айтушылармен келісе алмаймыз, Себебі, «ізгі», «ізгілік» сөздерінің философиялық ұғым ретінде қолдану бастамасы түрік мұсылман ойшылдарынан басталған. Әбу Насыр әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ.А.Иассауи сынды ғұламалар «ізгі» сөзін терең түсінік, ұғым формасында зерттеу нысанасына алады.
«Ізгілік не?
Тегі қандай, түсі қандай?
Мінез-құлқы, ісі қандай өзінің» [2,124 б]
деп, ақын Ж.Баласұғанның «ізгілікті» — танып, білу қажет маңызды ұғым ретінде түсініп, жеткізуге талпынысы — «ізгіліктің» философиялық категория ретінде толыққанды қалыптасуының басы десекте болады. Ойшылдың, жоғарыда келтірілген бәйіттегі сұрақ қойылымы ізгіліктің табиғатының күрделілігін білдіреді. Ізгік – жұмбақ құбылыс. Мұнда «ізгілікті» түсінік ретінде түсініп, қабылдауымызға ықпал ететін бір көзқарастың қажеттігі мәселесі өздігінен бой көтереді. Мәселенің мәні – ізгіліктің игілік, әзәз, қайырымдылық сияқты адамның жасы қасиетінен танылып келуінде.
Енді ғұлама әл-Фарабидің ізгілікке қатысты саяси-этикалық ұстанымдарымен ойымызды жалғастырайық. Әл-Фараби «Бақытқа жету жайында» еңбегінде төрт түрлі ізгілікке тоқталып, әрқайсысын жеке сараптайды. Бұлар – теориялық, ойшылдық, этикалық, практикалық ізгіліктер. Трактатта қолданылған «ізгіліктің» сөз емес кең ұғым екендігін: «Теориялық ізгіліктер дегеніміз түпкі мақсаты — өмірде бар нәрселерді зерттеу болып табылатыны және пайымдаудағы (мазмұны) өзінің көздеген мақсатын ғана қамтитын білімдер» [3, 297 б]. Деп берген философтың анықтамасы дәлелдейді. Әл-Фарабидің пікірінше, бұл білімдердің әуел бастан көңілге тоқитыны және оған қарсы жағыда бар. Сонымен қатар, мазмұны кұрделі болып келетін – «ойлап, тексеріп, зерттеп, үйреніп, оқу» әдісімен келетін білімдерде бар. Теориялық ізгілікті біліммен байланыстыра түсіндіруі VIII-XII ғасырлардағы түрік-мұсылман әлеміндегі саяси-ағартушылық қозғалыстың ғылымға игі ықпалын білдіреді.
Ізгіліктің маңызды атрибуттары – оның ішкі «Мені» және сыртқы «Мені» — ойлайтын, есті субъект. Ол рационалды субъект ретінде бейнеленеді. Яғни ізгілікті тек сөз немесе қиял, бір іс-қимылы арқылы ғана білдіру мүмкін емес. Ізгіліктің күрделі табиғаты білінеді. Тұжырымдасақ, ізгілік – бірнеше аспектіде қарап, талдауды қажет ететін категория, философиялық кең түсінік, объективті шындықтың көрінісі ретінде және адамның жетілу көрсеткіші рөлінде зерттелетін объект (нысана) ретінде қабылдануы тиіс ұғым. Бұл үшін, әрине терең теориялық талдау қажет.
Ізгілікті толық түсіну үшін өзіңді ізгі жан, ізгі тұлға ретінде қойып көру, елестету кажет пе? Бұл талпыныстар әрине жеткіліксіз. Ізгіліктің түп тамырын суреттеу, эмпирикалық әдістердің күші жетпейтін тереңде жатыр. Ізгілік – жеке бір адамға танылған сапа, қасиет, атақ емес, ол бір адамның екінші адамға қатынасынан және адамның қоғамға қатынасынан көрінетін терең философиялық ұғым. Ізгілікті қатынас адамның өзін-өзі жетілдіру үшін қажет құрылыс материалы іспеттес.
Жоғарыда айтып өткен философиялық пайымдауларымыздан түйіндегеніміз, түсінік — сөздермен берілген, танымның әлеументік – тарихи үрдісінің жемісі түсініксіз адамзаттық таным мүмкін емес. Ұзақ тарихи прогрессті адамзат сөздерді ұғымдарға, яғни түсініктерге категорияларға көпғасырлық тәжірибесі арқылы айландыра алды және түсініктер күні бүгін де осылай дамуда.
Әдебиеттер:
- Қ.А. Иассуи «Халиттер». А, Даик Пресс 1991, 242 б.
- Ж. Баласағун «Құтты білік». А, Жазушы, 1996 594 б.
- Әл – Фараби «Әлеументтік – этикалық трактаттар».А, Ғылым, 1975. -364 б.