Оңтүстік Қазақстанда 200-ден астам әр түрлі ауруларды тудыратын организмдер — бунақденелер, кенелер, омыртқасыз жануарлар және бірнеше ондаған микроорганизмдер мақта дақылдарында өсіп дамиды.Сонымен бірге 50 -ден астам зиянкестермен қоректенетін жыртқыш бунақденелер тіршілік етеді.
Мырзашөл өңірінде аталған зиянкестің көптеп кездесетінімен ерекшеленіп тұрады. Мырзашөл өңірінің ауа-райы жағдайы зиянкестің өмір сүру жағдайына қолайлы, себебі бұл жерде қыс айларының жылы келуі мен және көктем айларында (наурыз, сәуір) жауын шашының мол болуымен байланысты. Мақта шаруашылығындағы зиянкестердің ең негізгілері қатарына мақта көбелегі (Heliothis armigera Hbr) жатады. Ол негізінен мақта алқаптарында және басқа да ауылшаруашылық өнімдері далаларында өте көп мөлшерде таралу жағдайы кездеседі. Мәліметтерге қарағанда оның зиянкестік тәсірі, кейбір жылдары өңірде 26-28 %, ал кейбір ұжымдарда 60-70 % — тан жоғарыны құрайды.
Қазақстанда дақыл зиянкестерінің энтомофагтары 1955—1960 жылдардан бастап қана зерттеле бастады. Сондықтан көптеген зиянкестердің энтомофагтарының түр-құрамы, олардың биологиялык ерекшеліктері және зияикестердің жаппай өніп-өсуін тежеудегі немесе олардың сан мөлшерін азайтудағы ролі туралы мәліметтер жоқ болған жағдайдың өзінде өте жеткіліксіз. Оңтүстік Қазақстан жағдайында көп қоректі зиянкес насекомдардың ішінде өздерінің зиянкестік дәрежесі жағынан кеміргіш қоңыр көбелектердің (подгрызающие совки) практикалық маңызы өте зор. Бұл топқа жататын зиянды көбелектердің ішінде әсіресе күздік және мақта кеміргіш қоңыр көбелектері аса қауіпті болып саналады. Олар облысымыздың онтүстік және онтүстік-шығыс аймақтарында бау-бақша, техникалық дақылдардың бірқатарына қатты зиян келтіреді. Сондықтан да көп қоректі зиянкестердің басқа топтарымен салыстырғанда кеміргіш қоныр көбелектердің энтомофагтары толығырақ зерттелген.
Кеміргіш қоңыр көбелектердің паразиттерінің ішінде ең басты роль атқаратыны кәдімгі трихограмма.Трихограмма туысына жататьн түрлердің бәрі ауыл шаруашылық дақылдары мен жеміс және орман ағаштарының бірқатар зиянкестерінің жұмыртқаларында паразиттік тіршілік ететін насекомдар. Трихограммалар жарғақ қанаттылар (Нуmепорteга) отрядының хальцид тұқымдасына жатады. Олар — өте ұсақ, ұзьндығы бір миллиметрге де жетпейтін, қара немссе сары түсті насекомдар. Артқы канаттары ұзьн және енсіз болады. Мұртшалары қысқа, ұрғашыларынікі шоқпар басты, бес буыннан тұрады, еркектерінікі үш буынды.
ТМД-да қазіргі кезде дақылдар зиянкестерінің 10 түріне қарсыбиологиялық күресте трихогрммалардың үш түрі және 15 шақты түр аралық формалары зерттеліп, сыннан өтті. Олардың түрлерінің бір-бірінен фрагмаларының түсі, пішіні, жұмыртқа салғыш апараттарының, ұзын-қысқалы және сонымен қатар ересектерінің биологиялык ерекшеліктері мен мінез-құлықтары арқылы ажыратуға болады.
Трихограммалардың ішіндегі ең негізгі түрі — кәдімгі трихограмма. Ол тым көп қоректі және өте кең таралған паразит. Оның иелерінің жалпы саны 80 түрден асады. Бірақ ең көп ұнататыны қоңыр көбелектер (Noctuidae).
Трихограмма өздерінің жұмыртқаларын басқа насекомдардың жұмыртқаларының ішіне салады. Сөйтіп, оның ересек фазасына дейінгі дамуы иесінің жұмыртқасының ішінде өтеді. Көбелектің бір жұмыртқасының ішінде паразиттің 2—4 дернәсілі бірден жетіле алады. Дамудың төртінші-алтыншы күндерінде залалданған жұмыртқалар меруерттей кұлпырып тұратын қара түске айналады. Осы белгі арқылы көбелектің, трихограммамен залалданған жұмыртқаларын сауларынан оңай ажыратуға болады.
Ересек трихограммалар еркін тіршілік етіп, углеводты қоректер және шық тамшыларын сорып қоректенеді. Трихограмма 17-ден 30°-ке дейінгі температура мен 55-тен 95%-ке дейінгі ауа дымқылдығында өніп-өсіп, дами алады. Әрбір ұрғашы трихограмма мақта көбелектің жұмыртқаларына орта есеп пен 40—50 (ен көп дегенде 80), ал лабораториялық иесі дән күйесі көбелегінің жұмыртқаларына 30-дай жұмыртқа салады.
Тәулік бойындағы орташа температура 32°-тан жоғары және ауаның дымқылдығы 25%-тен төмен болғанда, сонымен қатар кәктемде және күзде 13° температурада тұрған жағдайда ұрғашы трихограмманың өсімталдығы күрт төмендейді де, 10°-та жұмыртқа салу мүлде тоқталады. 11 — 13° температурада трихограмманың ересектерінің әрекеттері бәсеңдейді. Олардың белсенділігі 14 градустан басталып, 17°-тан артқанда күшейе түседі. Трихограмма жарық сүйгіш насеком, әсіресе жарық күші 20—36 мың люкс аралығында белсенді келеді, бірақ тура түсетін күн сәулелерінен қашады. Таң ертеңгі кезде жапырақтық жарық түсетін жағына жиналады да, күн ысыған кезде оның астықты бетіне көшеді. Температура 36 градусқа жеткенде ол көлеңке жерге тығылады. Ересек особтарының табиғи жағдайларда өздері үшін қолайлы температурасы, дымқылдығы және жарығы бар микроучаскелерді белсенді түрде таңдап алу қабілеттігі де бұл түрдің, тез икемге келгіштігінің негізгі көрінісі болып табылады.
Біздің өңірде биологиялық күресу тәсілінің ең негізгі бір жетістігі аса қауіпті зиянкестердің бірқатарына, солардың ішінде кеміргіш қоңыр көбелектерге қарсы трихограмманы қолдану болып саналады.
Трихограмманы лабораторияда қойма зиянкесі — дән күйесінің ( Sitotroga cerealela Oliv.) жұмыртқаларында(20) өсіріп көбейтеді. Ситотроганы жыл бойы үздіксіз арпа және жүгері дәндерінде есіреді. Дән күйесінің өсімталдық дәрежесі жоғары болатын көбелектерін алу үшін астық дәндерін дұрыс сақтау және оларды залалдау ережесін бұлжытпай орындау керек.
Трихограмманы қолдануда жақсы нәтижеге жету үшін оны жаппай өсіріп көбейткен кезде тіршілік қабілеттілігі, белсенділігі және қолайсыз жағдайға төзімділігі жоғары дәрежеде болатын паразиттерді алуға тырысу керек. Ондай паразиттерді трихограмманы табиғи жағдайларға (яғни өзгермелі температура мен дымқылдылықта) максималды түрде жақын келетін жағдайларда тәрбиелегенде ғана алуға болады. Трихограмманы тәрбиелеп өсіру орындарында температура күндіз, яғни паразиттің ең белсенді сағаттарында, 25—29°, ал түнде 14—16° болуы тиіс. Трихограмманың дамуын баяулатпау үшін тәулік бойындағы орташа температура 22°-тан, түнгі минимум температура 11°-дан төмен, ал күндізгі максимум температура 30°-дан жоғары болмауы керек.
Зиянды қоңыр көбелектерге қарсы күресте әдетте егіннің бір гектарына зиянкестің сан мөлшеріне байланысты 20—30—40 мың трихограмма шығарылады.
Трихограмманы қолданудан жақсы нәтиже алу үшін оны шығарудың нормасын және мерзімдерін дұрыс сақтау керек. Паразиттерді кешіктіріп, сондай-ақ күні бұрын шығару, күткен нәтижені бере алмайды. Практикада трихограмма екі мерзімде шығарылады: бірінші рет зиянкестің әрбір генерациясыныд жұмыртқалау кезеңінің алдында, екінші рет— жаппай жұмыртқалаудың бас кезінде. Әрбір мерзімде көрсетілген норманың, жартысын жібереді. Бірақ ол нормаға ауа райы жағдайларына, жұмыс жүргізіліп жатқан аймаққа, зиянкестің сан мәлшеріне және оның қандай түрге жататындығына байланысты түзету енгізіп тұру керек.
Трихограмма жұмыртқадан жаппай шығып болған соң құтыларды егін даласына жеткізеді. Шығару жұмысын таң ертеңгі немесе ыстық болмайтын кешкі (кеш алды) сағаттарда ұйымдастырған жөн. Егін даласы бойынша біркелкі тарату үшін трихограмманы бір гектар жердің, кем дегенде 50 нүктесінен шығарады. Ол үшін паразиттердішығарушы жұмысшылар бір-бірінен 20 метр қашықтықта егін даласы бойынша жүріп отырады да, 10 метр жүрген сайын тоқтап, трихограммалар бар жапырақты кұтыдан пинцеттің көмегімен ептеп алып, өсімдіктің үстіне қояды.Трихограмманы шығару методикасы мен техникасын бұлжытпай дұрыс орындау бұл істің айтарлықтай жақсы нәтиже беруінің негізгі кепілі болып саналады.
Мақта дақылдарында зиянкестердің жаппай таралып кетпей тұрғанда,энтомофагтардан ерте көктемде трихограммадан пайдалануды ұсынамыз.Себебі аса қауіпті болып саналатың мақта қоңыр көбелегінің бірінші генерациясы (дамуы) мақта алқаптарының маңайында өсетін өсімдіктерге жүреді.Сол себепті дихандар үшін трихограммадан пайдалану өте тиімді әрі арзан.
Мақта кеміргіш қоңыр көбелегінің (Heliothis armigera Hbr) мақта зиянкесі ретінде Оңтүстік Қазақстанда зерттелуі және экологиялық факторларды ескере отырып биологиялық күресу шараларды трихограммадан тиімді пайдалану. Мақта алқаптарындағы зиянкестерге қарсы тиімді күрес шараларын жүргізу үшін мынадай практикалық ұсыныс жасалады.
1.Ерте егілген мақтада көсек құртының зиянкестігі төмен болады.
2.Қозаның зақымдануы құрттардың санына ғана байланысты
емес сонымен қатар құрттардың І м2, бір-құрттың даму фазасына
байланысты.
3.Трихограммадан зиянкестерге қарсы тиімді пайдалану үшін, сәуір
және мамыр айларының бірінші он күндігінде мақта алқаптарының
маңайында өсетін өсімдіктерде жұмыртқаларын салған мақта қоңыр
көбелегіне қарсы пайдалануды ұсынамыз.