Зейнолла Қабдолов өз еңбектерінің бірінде жазушының еңбегіне байланысты творчествоның азабы деген ұғым туралы айта келіп, Лев Толстойдың «…миллион сөз ойлап, соның тек бірін ғана таңдау – қандай қосымша: «Алайда шын таланттың рахаты да сол – азапта: …миллион сөз тауып, дәл орнына дір еткізе түсіру – азаптан туған рахат,» — дейді.
Сол азап пен рахаттың дәмін татып жүрген жазушылар сөз құдіретін жете түсінген. Көркем шығарманың тілі, онда қолданылатын сөздер адам сезіміне әсер етуші үлкен күшке ие.
Біз баяндамамызда тіліміздің сөздік қорындағы, сондай-ақ, жазушылар мен ақындардың шығармаларында қолданылған кейбір сөздердің этимологиясына, олардың жасалуына алдымен болжам жасап, содан оны дәлелдеуге тырстық.
Сонымен, қазақ тілінде мынадай сөздер ауызекі сөйлеу тілінде де, жазушының шеберлігінің арқасында эмоционалды-экспрессивті реңкке еніп, көркем шығарма тілінде де көптеп қолданылады, олар: дулат, дулыға, тұмақ, дубпи (өзбекше) түрк, доп, домалақ, думбоғим (еркелету мәніндегі сөзі, өзбекше), төбе сияқты есім сөздер; ай, айналайын; шаш, сақал, мұз, сүз , море (орысша) сияқты есім мен етістіктер.
Бір қарағанда бұл сөздер мағналары әр түрлі сөздер, дегенмен, бұл сөздердің тұлғаларына жете мән беріп қарайтын болсақ, олардың шығу төркінінде бір жақындық бар сияқты.
Тілдегі сөздердің жасалуына байланысты мәселені тіл білімінің сөзжасам жүйесі қарастырса, оның мағынасының дамуы мен жасалуын семасиология мен этимология қарастырады. Алайда тілдегі сөздердің мағынасын, оның жасалуын түсіндіру үшін, аталған салаларды бірлікте қарастыруға тура келеді.
Дулат сөзі қазақтың Ұлы жүзіндегі тайпалардың бірінің атауы. Қытай жазбаларында бұл сөз дулу деп те қолданылады. Жалпы сөздің этимологиясына байланысты. С. Аманжолов: олар Дулу өзенінің бойында жасағандықтан бұл сөз олардың тайпалық атауы болып кеткен деген пікір айтқан болатын. Бірақ бұл пікірді керісінше де айтуға болады, бәлкім дулаттар осы өзеннің бойында жасағандықтан сол тайпаның атауы өзенге берілген шғар. Себебі, біздің ойымызша дулат атауының келіп шығуы олардың таңбасымен байланысты. Дулат тайпасының таңбасы.Мұны ай таңба деп те атайды.
Қазақтың біраз тайпаларының атауы олардың таңбаларынан келіп шыққан, мысалы: жалайыр, ашамайлы, балталы, найзалы, ойық. О. Сүлейменов осы пікірді айта келіп, қыпшақ сөзінің келіп шығуын да оның таңбасымен байланыстыра қарайды (II қыпшақ таңбасы). Дулат сөзінің тұлғасына талдау жасасақ, мынадай морфемаларға бөліп қарастыруға болады: ду-түбір морфема, ла-// -лы аффиксі есім сөз көрсеткіші, -т аффиксі көне түркі тілінде көптік ұғымды беретін қосымша. Жоғарыда айтылып өткен сөздердің (дулыға, тұмақ, дубли, түрк, доп, домалақ, думбоғим, төбе ) сөздерінің түбірі де ду не до, немесе то сөздері (олардың түрліше дыбысталуы үндестің заңының әсері). Ал олардың құрамындағыбасқа морфемалар қосымшалар немесе түбір морфемалар. Кезкелген туынды сөздің жасалуына негіз болатын сөздің лексикалық мағынасы болады. Ал біз түбір морфема деп ажыратып алып отырған ду сөзінің лексикалық мағынасы қандай?
Қаржаубай Сартқожаұлы өзінің «Байырғы түрік жазуының генезисі» атты еңбегінде түрік сөзі екі жеке тұлға түбірден құралған болуы мүмкін деген пікір айтады да, бұл сөз Төр +ук= түрік болып өзгерген дейді. Көне түркі тілінде төр= өкімет, билік мағынаснда жұмсалып, ок — өктем, күшті, қуатты, жүректі, қайратты мағынасында жұмсалғандығын айтып, дәлел ретінде көне түркі жазба ескерткіштерінен бірнеше мысалдар келтіреді. Осы атауға байланысты А.С. Аманжолов: «Термин-этноним тюрк имел первоначально нарицатльное значение 1) голова; глава, вожак; 2) верхняя часть чего-либо, верхушка, вершина, начало, и.т.д. Выступал обсолютным синонимом общетюркского слова баш, бас или общемонгольского слова толга (толугай, тологой)»- деп атап өтеді. Ду сөзінен жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық ұясы:
— түрк
— дулыға
— төбе
— доп
Ду:- дубпи (өзбекше, бас киім атауы)
— думбоғим (өзбекше, еркелету мағынасында)
— тұмақ
— домалақ
— домалау
— төркін
Бұлардың қатарынан екі сөзге: дулыға және тұмақ сөздерінің жасалуын былайша түсіндіріп өтуге болады. Дулыға сөзі сөзжасамның аналитикалық тәсіл ақылы, яғи бірігу арқылы дул+ық+а= дулыға, яғни басқа ық, пана болатын, қорғайтын бас киім дегенді білдіреді. Тұмақ сөзі тұ+м+ық бұл сөздің мағынасы да жоғарыда атап өткен сөзбен мағыналас.
Сонымен бірге тіліміздегі сөздердің мағынасының жасалуы семантиканың заңдары арқылы жүзеге асады, олар: функционалды –семантика заңы, ұқсату заңы, бөлшектің бүтінге ауысу заңы, сөз мағынасының кеңею мен тараю заңы.
Қараңғы түнде сәулесін шашып, жарық беріп тұратын айды көргенде, біз ай толыпты дейміз. Себебі белгілі бір уақыт өткеннен кейін айдың формасы дөңгеленіп шеңберге айналады. Дулаттардың өз таңбаларын ай таңба деп атауының себебі де сол таңбаның формасына байланысты. Таңбалардың пайда болуы өте ерте замандардан басталады. Хойт-Ценхэр үңгірінен (Батыс Монголия) табылған пиктографиялық гравюралармен қатар шартты белгілер, таңбалардың суреттері де бейнеленген, олардың жасы б.з.б.VIII-VIIғ. сәйкес келеді. Ай таңба бастапқыда олай емес, дулы немесе ду деп аталған болып, ал оны иеленуші тайпа сол таңбаның атауымен аталып кеткен болуы да мүмкін. Бұндай тәжірибенің бар екенін біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Сонымен, дулат этнонимі өзінің тайпа таңбасының атауы негізінде қалыптасқан деп айтуға негіз бар. Ал сөздің мағынасы семантиканың ұқсату заңы бойынша қалыптасқан. Адамның дене мүшесі бастың формасы шар тәріздес. Бұл мүшенің ду немесе дулу деп аталуы да оның формасына байланысты.
Енді қысқаша шаш және сақал сөздерінің этимологиясына тоқталып өтсек. А.С. Аманжолов өзінің «История и теория древнетюрского письма» деген еңбегінде … скозь призму историко-этимологического анализа отчетливо обнаруживается семантическая адекватность термина тюрк шумерской фонетической логограмме САГ «голова; глава» (IV-I тысячалетия до н. э.)» — деген болатын.
дуай (толғанай ай)
дулығаайналайын (өзб. думбоғим синоним)
домалау ______ айналу
Түркі тілдеріндегі сөз басындағы және сөз соңында с//ш алмасуларын ескертетін болсақ (таш-тас, қаш-қас), қыпшақ тобына жататын қазақ тілндегі шаш (есім сөз) сөзі оғыз тобына жататын азербайжан тілінде сач түрінде дыбысталады. Ал сақал сөзінің жасалуында аналитикалық тәсілдің ізі байқалатын сияқты, яғни са деген түбір морфема мен қыл түбір морфемалардың бірігуі арқылы сақыл болып қалыптасып, бірінші буындағы а дыбысының ықпалымен екінші буындағы ы дыбысы үндесіп сақал болып қалыптасқан болуы мүмкін. Қалай болғанда да бұл екі сөздің келіп шығуы бас сөзімен байланысты сияқты. Тіліміздегі сөздердің жасалуы мен мағынасы көне түркілік негізге барып тіреледі. Олай болуы заңды да, өйткені қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде түркілік қалпын сақтап қалған ең таза, қоспалары аз тілдердің бірі.
Тілімізде мұз (судың 0º градуста қатуы) деген сөз бен сүз (малдың сүзуі) деген етістік сөздер бар. Бұл сөздерді мұ, сү днген түбір морфема мен –з аффикстеріне ажыратып қарастыруға болады. Му көне түркі тілінде су дегенді білдіреді. Осы түбірден тілімізде Амудария, жаңбыр (еғмур), мұз сөздері туындаған. Мысалдардағы бірінші, екінші сөздер түбірлердің бірігуі (аналитикалық тәсіл) арқылы жасалса, мұз сөзі синтетикалық тәсіл арқылы жасалған, -з аффиксі есім сөз көрсеткіші болғанымен заттың бір қалыптан екінші қалыпқа өту процесін аңғартып тұр.Демек, бұл аффикс түбінде етістік көрсеткіші болған болуы мүмкін. Белгілі бір аффикстің деривациялық мағына тудырушы жұрнақ екенін дәлелдеу үшін, ол кемінде екі түрлі түбірге жалғанып, туынды сөз жасауы шарт.Сүз (етістік мағынасында) сөзін де түбір мен қосымшаға ажыратуға болады деп жоғарыда айтқан едік. Сү көне түркі тілінде әскер деген мағынаны береді. Ал әскердің негізгі функциясы шабуылдау, олай болса сүз сөзінің мағынасы шабуыл жаса деген сөзбен мағыналас. Мұнда сөз мағынасының жасалуы мен туындауында семантиканың функционалды-семантика заңы мен сөзжасамның синтетикалық тәсілі қолданылған, яғни –з аффиксі есім сөзге жалғанып, туынды түбір етістік жасаған.
Орыс тіліндегі море (көне түркі тілінде үлкен су деген мағынада) сөзі көне түркілік негізден жасалған. Осындағы мор түбір, –е қосымша екеніне мына мысалдарды келтірсек жеткілікті: морской, моряк, мотрос. Му түбір морфемасынан жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық ұясы:
- мұз
- Амудария
- Амур
- жаңбыр (ёғмур, көне тркі)
Му —море
- моряк
- мотрос
- морской
Қорыта келгенде, біз лексикалық қорымыздағы кейбір сөздердің сөзжасамына, мағыналары мен этимологиясына байланысты болжамдар жасап, оны дәлелдеуге тырыстық. Әрине, бұл сөздердің жасалуы дәл осылай, басқаша болуы мүмкін емес деген ойдан аулақпыз. Өйткені адамзат қоғамының жер бетінде пайда болуы, мыңдаған жылдармен есептеледі. Сондықтан бір сөздің этимологиясын дәл мынадай деп көрсету мүмкін бола бермейді. Тілімізде XX ғасырдың өзінде қалыптасқан кейбір сөздердің немесе фразеологиялық оралымдардың (тұрақты тіркестер) мағыналарының қалыптасуы кейде белгісіз болып жатады. Мысалы, Мырзашөл өңірінде жасайтын қазақтардың тілінде қолданылатын сыр мен сордың арасы (ұзақ, қашық, шалғай) деген тұрақты тіркестің шығу тарихын бүгін біреулер білсе, біреулер біле бермейді. Ал тарихқа көз жүгіртсек оның жасалуы былайша қалыптасқан. Қоңырат тайпасының Оразгелді атасынан тарайтын Бәткей руының Кенжебай балалары осыдан бірнеше ғасыр бұрын еншісін алып, Сордан (бүгінгі Шымқорған өңірі) Сыр өзенінің (Өзбекстан, Сырдария обл., Шыбынтай ауылы) бойына қоныс аударады. Бірақ ағайынды жұрт барыс-келісін үзбей қатынасып тұрады. Осы екі аралықтың арақашықтығы біраз жер болғаннан кейін, сыр мен сордың арасы ұзақ деген тіркес кейінірек фразеологиялық оралымға айналған.
Түркологияда түркі тілдерінің қалыптасуына байланысты Алтай дәуірі кезеңі туралы айтқанда, ғалымдар гипотезаға сүйенеді. Дегенмен, айтылған жорамалдар мен пікірлер тіл білімінде әбден орнықты. Ал біздің жасаған болжамдарымыз бен дәлелдерімізге құрметті аудитория өз бағасын бере жатар деген ойдамыз.