Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазіргі кезеңдегі оқушылардың әлеуметтік жағдайдағы дамуына үлкен өзгерістер келтіріледі, яғни олардың өзін-өзі бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі жүзеге асыру қабілетінің ерекшеліктері, яғни өзін-өзі бағалауы, қарым-қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.
Адам тұлға ретінде өзін-өзі бағалаушы тірі ағза. Өзін-өзі бағалаусыз өмірде өз тағдырын шешу қиын, тіпті мүмкін емес. Өзін-өзі бағалау өзінің бойында белгілі қасиеттердің барлығының деңгейі жөніндегі адамның пікірі. Бұл адамның өзіне бағалаушылық қатынастарының пайда болуы. Өзін-өзі бағалау, ең алдымен талдау, теңестіру, іріктеу, ойлау операциясының нәтижесі.
Психологтар да, педагогтарда адамның рухани интеллектуалдық кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру өмірдің әр кезеңінде әр қалай көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтар А.Дистерверг, К.Ушинский, А.Макаренко, В.Сухомлинский қазіргі оқушының дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу қажет деп атап көрсеткен[1].
Оқушының өзіндік жетіліп, дамуы үшін педагог-психолог өзінің алдына мынадай мақсаттар мен міндеттер қоюы керек: оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемдерін ескерту; жан-жақты ақпараттандыру; коммуникативті бейімдеу.
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда педагог-психологтар мынадай мәселелерге баса назар аударулары қажет: қолайлы және тиімді оқу жоспарын құру; жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз әрекет ету; оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету; оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру болып табылады.
Қазіргі таңда педагог-психологтардың жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін дамыту жұмысы білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Өзін-өзі жүзеге асыру – бұл саналы тұлғаның өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттігінен туындаған, өзін-өзі бекіту бойынша дербес, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті. Осы процестің механизмдері ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:
- Тұлғаның арнайы түрде ұйымдастырылған өзін-өзі зерттеуі (өзін-өзі тану);
- Адамның өз қасиеттері, қабілеттері, әлеуметтік құндылықтары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы (өзін-өзі анықтау);
- Өзіне бағытталған сыртқы талаптарды мақсатты түрде зерттеу, солармен өз әлеуметтік кемелдігін салыстыру, яғни өзінің әлеуметтік талаптарға сай болуға дайындығын анықтау (өзін-өзі саналау);
- Өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерін бөліп алу, қоғамдық пайдалы іс-әрекет барысында өз жеке басы бойынша тәрбиелеу жұмысын жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бағалау түрлерін анықтау (өзін-өзі дамыту)[2].
Орта білім берудің мақсаты Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында былайша нақтыланады. «Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағалай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру».
Оқушының білім алу үрдісіндегі өзіндік пікірі мен ой жүйесінің негізі бастауыш сатыда қалыптасатыны белгілі. Сондықтан оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге бастауыш сыныптан дағдыланғаны дұрыс.
Өз бетімен істейтін жұмыс деп берілген тапсырманы мұғалімнің басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды айтады.
Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету кезінде екі міндетті ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі – оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту, оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі – оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.
Өз бетімен жұмыс істей алатын оқушы, тек білім, білік дағдысы ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, саяси сауаттылығы өзіне деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығы, шығармашылық қабілеті оянады. Сондықтан өз бетімен жұмыстың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Өз бетімен жұмыс тапсырылғанда оның ауыр – жеңілдігі, қанша уақыт орындалатынына назар аудару керек. Өз бетімен жұмыс сабақтың кез келген уақытында беруге болады:
- жаңа сабақ түсіндіру кезінде
- қайталау сабағы кезінде
- сабақты бекіту кезінде.
Өзін-өзі жүзеге асыру – бұл жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, сараланған, арнайы әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, сараланған, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі аз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процесінің құрамдас бөлігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады. Әрбір педагог тек тәрбиенің заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін жақсы түсінуі керек.
Психологиялық – педагогикалық ғылымдарда өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т.б. саналады. Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі.
Өзін-өзі бақылау – адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процестер мен көңіл – күйлерін түсінуі, бағалауы мен реттеуі.
С.В. Кондратьева бойынша өзін-өзі тануды зерттеуде әр түрлі бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелігі және өзін-өзі тануы жеткілікті дәрежеде зерттелінбеген. Өзге адамды түсінуде және өзара байланыс механизмін, мазмұнын айқындауы, мінез-құлық рефлексивті қасиетін анықтауға жол ашады деп көрсетеді [3].
Педагог-психолог маманы оқыту үрдісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек. Сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.
- Ұйымдастырушылық – сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
- Мақсаттылық – оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
- Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
- Коммуникативтілік – педагог-психологтың сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
- Мазмұндық оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.
- Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңддау.
- Бақылау – бағалаушылық –сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.
- Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау[4].
Қорытындылай келе, білім беру процесінде жоғары сынып оқушыларының тұлғалық сана-сезімдерінің қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашағына жол сілтеу – қазіргі таңда ауқымды мәселе болып отыр. Атқарылған істердің көптігіне қарамастан, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі жүзеге асырудағы дамыту жұмысының білім сапасын арттыру, жоғары сынып оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми — ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ қажет.
Резюме
В статье рассмотрено работа педагога-психолога о саморазвитии учеников в страших классах. Указаны механизмы о саморазвитии.
Summary
In the article it is considered work of teacher-psychologist about self-development of students in senior classes. Mechanisms are indicated about self-development.
Пайдаланылған әдебиеттер
- В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань.1996
- Маралов В.Г. основы самопознания и саморазвития- М: Издательский центр «Академия», 2002.- 256 с.
- Ковалев А.Г. Самовоспитание школьников.-М., 1967.-7с.
- Шумилин Е.А. психологические особенности личности старшеклассника 123/ под ред. В.В. Давыдова. – М., Педагогика, 1979.-135 с.