Кәсіпкерліктің мәні ерте кезден бері әлеуметтік-экономикалық ғылыми орталардың басты назарында болып келді. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық-әлеуметтік және мәдени көкейтесті қырлары кеңестік экономикалық теорияның сыртында қалып қойды. Көптеген онжылдықтар кезінде отандық саяси экономиканың нәтижесінде капиталистік пайдаланудан артта қалды. Шаруашылық қызметтердің арнайы субъектісі ретінде кәсіпкерліктің дәрменсіздіктерін дәлелдеді. Бұл экономикалық дамуда іскерліктің кері әсер етуіне және ғылым саласындағы терминдер жиынтығына сәйкес келетін қолданудан алып тастауға әкелді.
Шағын кәсіпкерлік — нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын анықтайды. Тәуелсіз еліміздің аграрлық реформаны жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік маңызды мәселелерінің бipi болып табылады.
Қазақстан Республикасында «2003-2005 жылдарды ауылды көтеру жылдары» деп белгіленіп, жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламаларда аграрлық саладағы шағын кәсіпкерліктің тиімді жүйесін қалыптастыру, ішкі және сыртқы нарықта оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру және тағы сол сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазіргі кезде шағын кәсіпкерлік бәсекелестікке қабілеті бар аграрлық өндірістік құрылымдардың бір бөлігіне айналып және еліміздегі экономикалық үрдістердің белсенді қатысушысы болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы шағын кәсіпкерліктің негізгі формалары – шаруа(фермер) қожалықтар және жұртшылық шаруашылықтар.
2006-2009 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің ішінде шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарының үлесі 73 пайызды құрайды. Дегенмен, өркениетті кезеңдегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен ондағы өндіріс қарқындылығын арттыру барысына әліде қажетті мән берілмейді. Оның көптеген мәселелері күні бүгінге дейін өз деңгейіндегі ғылыми және практикалық шешімдерін таппай отыр.
Ауылдық елді мекендерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын өркендету емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмысын жақсарту олардың тұрақты өндірісін және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады.
Рыноктік қатынастар жағдайында тәуелсіз мемлекет тұрғысынан аталған мәселелерді шешудің басты жолы — еркін шаруашылық жүргізу, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өндірісті икемді ұйымдастыру және кооперация мен интеграцияның алуан түрлі формаларын игеру, инновация мен прогрессивті технологияларды кеңінен қолдану мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін көтере түседі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «түрі жеке меншік, мазмұны ұжымдық шаруашылықтар күш біріктіргенде ғана тығырықтан шыға аламыз» деген сөзі ой салады. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік қолдаудың тұтастай жүйесі қалыптасып келеді. Оның ұйымдық – құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері «Агроөнеркәсіп кешенін және ауыл аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР-ның заңында (2005ж.) нақты қарастырылған. Алайда мемлекеттік қолдау көбінесе бәсекелестік қабілеті жоғары, қайтарымы бар орта және ірі кәсіпорындарды қамтиды. Елдегі көп көлемде тараған шағын кәсіпкерлік, әсіресе шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бұл көмектен көбінесе қалыс қалуда. Рыноктің мүмкіндігі экономикалық тұрақтылық пен макроэкономикалық тепе-теңдікті ұстап тұруда шектеулі болғандықтан, аграрлық секторда шағын бизнестің тұрақты дамуы үшін мемлекеттік қолдаудың жан – жақты бағыттарын жетілдіруді талап етеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы ең алдымен рыноктік ортаны құрайтын әр алуан түрлі бизнестің дамуымен тікелей байланысты, яғни шынайы экономикада қоғамдық қажеттіліктердің өзгерісіне тез әсер етушілік және қозғалмалылық қажет. «Бизнес» — бұл барлық өндіріске қатысушылардың арасындағы icкepлiк қарым-қатынас және тауарларды тұтынуға жеткізу болып табылады. Бұл жерде іскерлік қарым-қатынас — классикалық саяси экономияда өндipicтiк қатынас деп аталатын қоғамдық құбылыстың бір көрінісі.
Шағын кәсіпкерлік — рыноктік экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол бизнес – талап, рыноктік ұсыныс, сұраныс және бәсеке арқылы рыноктік механизмнің әрекеттерін толықтырады және жетілдіреді, яғни монополизмді залалсыздандыра отырып, рыноктік механизмнің әрекет етуіне ықпалын тигізеді. Кәсіпкерлік пен бәсекелестіктің әсерінен рыноктік механизм экономикалық қатынастардың дамуына үлесін қосады. Мұнда өндірістік қызмет экономикалық жағынан әлсіз, әрекет етуге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның орнына олардың тиімді қызмет ететін болашағынан үміт күттіретіндеріне қолайлы жағдай жасайды.
Адам жаңа кәсіпорынды құрып дамытқанда, рынокты жаулап алудың жолын тапқанда, бизнесті бұрынғы идеяларынан басқа жаңаша тәсілмен жүзеге асырғанда кәсіпкерліктің өзінше орны пайда болады. Ендеше шағын бизнестің дамуы кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. «Кәсіпкер» деген ұғымның өзі «шағын кәсіпкерлікті басқарушы» деген мағынаны білдіреді.
2010 жылдың 1 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 114342 бірлік, оның ішінде ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы бойынша кәсіпкерлік субъектілері 61331 болды. Қазіргі таңда кәсіпорындар 1929 бірлік, шаруа қожалықтары 59402 бірлік деңгейінде өз қызметтерін атқаруда (1,2-сурет).
сурет 1 — Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны, жыл басына, бірлік
Ескерту – Автор статистикалық мәліметтермен құрастырған
Облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 2009 жылдың бағамы бойынша кәсіпорындар 81955 млн теңге құраса, 2005 жылы 34344,1 млн теңге болды, ал шаруа қожалықтарының шығарылған өнімдері 2009 жылы 42465 млн теңге болса, 2005 жылы 40587 млн теңге көлемінде болды, яғни 2009 жылы шығарылған өнімдерден 2005 жылы шығарылған өнімдердің 105%-ға өскенін байқаймыз.
Қазіргі күні Қазақстанның ауыл шаруашылығында шағын және орта бизнесті дамыту аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Елімізде мемлекеттің ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру негізінде шаруашылықтардың әртүрлі ұйымдық-құқықтық құрылымдары құрылды.
сурет 2 — Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнімдер көлемі, млн. теңге
Ескерту – Автор статисикалық мәліметтермен құрастырған
Кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 145,1 мың бірлікті құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,4 пайызға артты. Қазір кәсіпкерлік қызметпен облыстың экономикалық белсенді халқының үштен бірі, яғни 335,1 мың адам айналысуда.
2008 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 132,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2007 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 104 пайызды құрады. Кәсіпкерлік қызметін дамытуға шамамен 80 млрд. теңге бағытталған.
Кәсіпкерлік құрылымдарға құрал-жабдықтар алуға және айналым қаражаттарын толықтыруға екінші деңгейлі банктер арқылы 33,3 млрд. теңгеден астам несие қаржысы берілді. «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ екінші деңгейлі банктер арқылы тұрақтандыру бағдарламасы бойынша 7 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді.
2008 жылы микронесиелеу бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚАФ арқылы облыстың 25 микронесиелік ұйымы 941,5 млн. теңгеге қаржыландырылып, 3 микро-кредиттік ұйымға 220,5 млн. теңге бөлінді.
Кәсіпкерлердің бизнесін дамыту үшін «Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдауқоры»микронесиелікұйым (МНҰ) қоғамдық қорымен 72,4 млн. теңге несиелік қаржы берілді. «КагМісгоҒіпапсе» (Қазақстанның несиелік қоры) МНҰ ЖШС-мен берілген несие 3 739,0 млн. теңгені құрады.
2009 жылы шағын және орта бизнесті төмен пайызда несиелендіруге облыстық бюджеттен 2 259,2 млн. теңге қаржы арналды.
«СодБИ» бизнес инкубаторы және «ЮСАИД» корпоративтік қоры арасында өңірде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бірлескен жоба түзілді. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік органдардың тексеруі жөніндегі сайт ашылды.