Шардара су қоймасы өсімдіктерінің экологиялық топтары

Шардара су қоймасы Мақтарал, Келес, Шардара аудандары аралығында жайласқан. Теңіз негізінен аталған аудандардыңауылшаруашылық егіндерін суландырады.

Шардара су қоймасында өндірістік балықтардың бірнешеқұнды түрлері өршітіледі. Олардыңбасым көпшілік түрлері өсімдіктермен қоректенеді. Олар ақ, қара амур балығы, толстолобиктер (дөң пешенелер).

Су өсімдіктері витаминдердің негізі. Өсімдіктер балықтар үшін керектіқұнды заттар – көмірсулар, белоктар, минералды тұздарға бай. Табиғи су қоймаларында өсетін өсімдіктер құрамындаорташа 20-30% крахмал және макро, микроэлементтер бар.

Өсімдіктер қауымдастықтары арасында балықтар қоректік жәндіктерді тауып қоректенеді. Құнды — қоректік жәндіктердің саны мен құрамы өсімдіктер түрлеріменқауымдастықтарына байланысты.

Су өсімдіктері қоймадағысудың гидрохимиялық режимін жақсылауда әсері бар. Олар су ортасын еріген оттегімен байытады. Шардара су қоймасына бірнеше коллектор – дренаж сулары тасталады. Олар негізінен ауылшаруашылығындақолданылатын улы химиялық заттар мен жануарлар, тұрмыстық шығындылармен ластанған. Су өсімдіктері су ортасын еріген оттегімен байытып, органикалық заттарды тотықтандырып бейорганикалық заттарға айналдырады. Бейорганикалық – биоген элементтер өсімдіктер үшін қоректік орта есептелінеді. Нәтижеде су ортасында табиғи тазалану процессі жүреді.

Өсімдіктердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы олардың экологиялық топтары, түрлері және қауымдастықтарына байланысты.

Шардара су қоймасы өсімдіктері геоботаникалық негізде зерттелінбеген. Өсімдіктер қауымдастықтарын құрайтын өсімдіктердің био – экологиялық ерекшеліктері, қауымдастықтар құрау заңдылықтары анықталмаған.

Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде Шардара теңізі және бассейінінде орналасқан, қоймамен байланысты ұсақ су қоймалардан 46 түр су және су жағалауы өсімдіктері анықталды. Олар 28 туыс, 18 тұқымдасқа тиісті.

Су қойма флорасыныңқұрамы негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктерден құралған, олар 80,3% құрайды, қалған 19,7% бір жылдық және екі жылдық өсімдіктер.

Өсімдіктердің таралуы олардың экологиялық топтарының құрылымы ортаның экологиялық факторларына байланысты (температура, су тынықтылығы оныңхимиялық құрамы, газ режимі, судың қозғалысы, жарық сәулесініңсу ортасына ену дәрежесіне, су жағалауының рельефі және грунт құрамына).Өсімдіктер өз ретінде су ортасын физикалық – химиялық өзгеріске алып келеді.

Су өсімдіктері (жоғарғы сатыдағы және балдырлар) өз өнімдерімен су ортасының жарық түсу режимінеәсер етеді.

Рдестер, уруть, роголистник және планктон балдырлар, кейбір жіпшетәріздібалдырлар жарық сәулесініңсу тереңдігінеенуін төмендетіп, су қоймасы температурасынжоғарылатады. Қыс мезгілінде суық температуралыкүндері су қоймаларыжағалауы, қамыс фитоценозының ортасындағы ауа температурасы өсімдіксіз мекен жайлардағы ауа температурасына салыстырылғанда жоғары болады. Фитоценоздар әсеріндесу қоймаларындағы ауаның құрамы және қозғалысы өзгереді. Су өсімдіктері және балдырлар фотосинтез нәтижесінде оттегінібөліп шығарып, суды оттегімен байытады.

Өсімдіктер су толқындарыныңдәрежесінтөмендетіп, су жағалауын эрозияға ұшырауы және судың булануын тездетеді.

Мысалы қоға қауымдастықтарыортасында судың булануы 1,8 рет, өсімдіксіз, ашық су қоймаларымен салыстырғандакөбірек болады. Жіпше тәрізді және планктон балдырлар биомассаларының су қойма түбінде көптеп жиналуы және олардың шіруі нәтижесінде қалың қабатты органикалық лайқалар пайда болады. Жыл өткен сайын лайқа қабаттары қалыңдаса барады, бұл су қойма тереңдігінтөмендетеді және судың органикалық, минерал режимінің өзгеруінеәсер етеді.

Қазіргі уақытқа дейін толық жауап бере алатын жалпы қабылданған табиғи су өсімдіктерінің классификациясы жоқ. Бұл классификацияның негізі өсімдіктердің тіршілік ететін ортаның экологиялық факторлары есептелінеді.

Қазіргі ғылымдағы классификациялар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, тіршілік формалары т.б. белгілеріне байланысты құрылған. (О.М. Зедельмейер, 1925) [1]

Түрлі зерттеушілер өсімдіктердің экологиялық топтары мәселесіне түрліше пікір жүрітеді. Көпшілік авторлар су өсімдіктері қауымдастықтарына су балдырларын қоспайды.

А.П.Шенников (1950) [2] су және су жағалауыөсімдіктерін үш негізгі топқа:

  1. Су бетінен жоғары жайласқан
  2. Суда жапырақтары жүзетін
  3. Суға батып тіршілік ететіндерге бөлінеді

Leo Aaorio (1933) [7] су өсімдіктерін сублитораль, эулитораль және супралитораль топтарға бөледі. Бірінші топқа ол Alisma plantaqo, Sparqanium ramosum, Typha latifolia т.б., екінші топқа – Carex qracilis – Equisetum fluviatilla – лар енгізсе, үшінші топқа құрылықта өсетін өсімдіктерді қосады.

Н. Steffen (1931) [8] су қоймалары өсімдіктерін : жағалаулы бұталы, жағалаулы бұтасыз және ашық (айдын) су беттері өсімдіктеріне, Т.Менкель – Шапова (1930) су және су жағалауы өсімдіктері ассоциацияларын ажыратады.

Н.Я.Кац (1936) [3.136], В.Сукачев (1915) [3.3 — 243] принципі бойынша су қоймалары фитоценоздарын 4 топқа ажыратады :

1). Еркін су бетінде сүзуші өсімдіктер

2). Су түбіне бекітілген, толығымен батып тіршілік жасаушы өсімдіктер

3). Су түбіне бекітілген, жапырақтары жүзіп өмір сүруші өсімдіктер

4). Өркендері және жапырақтары су бетінде орналасқан өсімдіктер.

К.В.Доброхотова (1952) [9] ғылыми жұмыстарында гидромакрофиттерді төрт негізгі типке бөліп төмендегі олардың классификациясын көрсетеді.

1). Еркін су бетінде сүзетін өсімдіктерден құралған ассоциация су тереңдігіне байланысты :

а) су бетінде

б) су ортасында өсетіндер

2). Су қоймасына органдарымен бекітілген өсімдіктерге :

а) суға толығымен батып өмір сүретін өсімдіктер

б) гүлдері су бетінде, қалған органдары суға батып тіршілік ететін өсімдіктер

в) жапырақтары су бетінде жүзетін өсімдіктер

г) өркендері және жапырақтары су бетінен жоғары жайласқан өсімдіктер

3). Су беті өсімдіктерінен құралған өсімдіктер

4). Өсімдіктердің түрлі топтарынан құралған ассоциациялар

Т.Таубаев (1954) [10] Амударьяның төменгі ағымы қоймалары үшін үш топтағы өсімдіктерді келтіреді.

1). Су жағалауы

2). Жартылай батып

3). Суға толығымен батып өмір сүретін өсімдіктер

Ш.И. Коган (1955) [11] Мургаб оазисы су қоймаларының өсімдіктерін алты биологиялық топқа бөлді.

1). Суға толығымен батып тіршілік ететін және су ортасында гүлдеп, ұрықтайтын өсімдіктер.

2). Суға толығымен батып өмір сүретін, бірақ генератив органдарын су жоғарысында құрайтын өсімдіктер.

3). Жапырақтары су бетінде жүзіп жүретін өсімдіктер

4). Су жағалауы және батпақты өсімдіктер

5). Ылғалды топырақ ортасының өсімдіктері

6). Уақытынша сулы жер өсімдіктері

А.М. Барсегян (1955,1958) [3] Армениядағы Аракс дарьясының су және су жағалауы өсімдіктерін зерттеп төмендегі өсімдіктер топтарын ажыратады.

1). Су өсімдіктері

2). Су және батпақты

3). Шалғын – батпақты

4). Тұзды жерлер өсімдіктеріне бөлген.

В.В.Седов (1959) [4] Бухара облысының коллектор – дренаж жүйесінің өсімдіктерін төрт экологиялық зонаға бөлген.

— су қоймасының түбінде жайласқан гидрато – гидрофиттер

— ылғалды жерлер немесе гигро-галофиттер

— құры жағалайулар немесе гало – ксерофиттер

— раш немесе ксерофиттер

— қоршаған орта өсімдіктері

В.М.Катанская (1959) [5] екі формация класын ажыратады : нағыз су өсімдіктері және амфибиялы. Нағыз су өсімдіктерін бірнеше топ және топшаларға бөледі.

1). Суға толығымен батып өмір сүруші өсімдіктер формациясы

2). Суға толығымен батып өмір сүретін, репродуктивті органдарын су бетіне шығарушы өсімдіктер

3). Суда жапырақтары жүзіп тіршілік ететін өсімдіктер.

Амфибиялы өсімдіктер класс формацияларын алты топқа бөледі : автордың пікірі бойынша Амударья дельтасының өсімдіктері қарапайым құрылған.

И.М.Распопов (1960) Бузулук дарьясы су қоймаларының су және су жағалауы өсімдіктерін зерттеп, өсімдіктердің орналасуына байланысты үш поясқа бөледі.

1). Гидро және гигрофиттер

2). Гидрофиттер және гигромезофиттер араласуы

3). Гигромезофиттер, мезофиттер

Мырзашөл коллектор – дренаж жүйелері өсімдіктерін (Эргашев 1968) [12] төрт экологиялық топтарға бөлген. Олар : гидатофиттер, гидрофиттер, гигрогалофиттер және мезофиттер. Біздер Мақтаарал өңірісу қоймаларыөсімдіктерін көп жылдықзерттеулер нәтижесі және ғылыми әдебиеттер негізіндетөмендегі экологиялық топтарға бөлеміз: гидрофиттер, гигрофиттер, гигрогалофиттер, мезофиттер және су өсімдіктерінің балдырларменбірлестік топтары.

Қорыта айтқанда Мақтаарал өңірі су қоймаларының өсімдіктері оларғаәсер етуші экологиялықфакторлардың әсерлеріне қарай олардың экологиялық топтары белгілі заңдылықтарға байланысты жайласады.

Әдебиеттер

  1. 1. Зедельмейер О.М.1925. Очерк растительности озера Чили «Изв» Табилиск политех, ин-та.
  2. 2. Шенников А.П. 1950. Экология растений М.Гос Изд-во «Советская наука».
  3. Барсегян А.М. 1958. Динамика водно – болотной растительности Араратской равнины Изд АН. Арм. ССР т.ІХ. №9.

4.Седов В.В. 1959. Флористический состав и биологические особенности засорителей коллекторно – дренажной сети Бухарской области и меры борьбы с ее зарастанием. Материалы по производительным силам Узбекстана вып 13.

  1. 5. Катанская В.М. 1959. Водная растительность дельты Р. Амударьи Тр. Лаб. Озероведения АН. СССР т. VIII. 1959.
  2. 6. Распопов И.М. 1960. Водная прибрежная растительность прудов верхней половины басс р.Бузулук Тр. Лаб. Озероведения АН. СССР т. ІХ, М-Л.
  3. 7. Ario Leo 1933 Veqetation und postqlarial qeschichtedesNurmyarvi – sees Helsinki.
  4. 8. Steffen H Pflanzen sozioloqia jena
  5. 9. Доброхотова К.В. 1952. Ботанические характеристика водоемов низовий дельты или Тр. Всес. Гидробиол об-ва ТІV.
  6. 10. Таубаев Т.Т. 1954. Водная растительность низовые Аму – Дарьи. Автореферат канд. дисс.изд. САГУ. Ташкент.
  7. 11. Коган Ш.И. 1955. Растительность озер Ташаузской области «Изв АН».Туркменской ССР №5.
  8. 12. Эргашев А. Э. 1968. Флора водорослей коллекторно – дренажной сети Голодной степи и ее значение. Изд «ФАН» Уз ССР Ташкент.
  9. 13. Келдибеков С.Е. 1981. Флора и растительность рыбоводных прудов Чирчик – Ангренского бассейна Изд «ФАН» Уз ССР Ташкент.