Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. «Көзіңді аз, оян қазақ, көтер басты… »
2.1. Ахмет Байтұрсынов және «Қазақ» газеті
3.2. Көсем десе көсем еді…
4.3. Түркістан ұлттық кұресінің көсемі – М.Шоқай
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді.
«… Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды… Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды»
Қазақ ауылының басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-өміршілдік аппаратымен біте қайнасып кеткен байшонжарлар өкілдерінің қолындаболды.
Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік – экономикалық және саяси хал-ахуал,негізінен,аграрлық,ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді.Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталды.
Басқа сөзбен айтқанда, ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары бірінші орыс ревалюциясы жылдарында империяда,оның ішінде Қазақстанда да, қалыптасқан қоғамдық-саяси хал-ахуал жағдайында орталықтың(центристік) позицияда болуға тырысты. Өз бастамаларын халыққа түсіндіріп,оларды жүзеге асыру үшін әрекет жасау барысында ұлттық интеллигенция жетекшілері екі жақтан – сол және оң бағыттардағы саяси күштерден сынға ұшырап, қарсылыққа кездесті.Солшыл бағыттағы саяси күштер (социал – демократтар мен социалист-революционерлер) қазақ интелигенттердің орталықтық позициялары ревалюциямен халыққа қарсыпозиция депайыптады.Ал,оңшыл бағыттағы саяси күштер(монархистер мен оларды жоқтаушылар) қазақ интеллигенттерін солшылдарды қостаушылар және біртұтас империялық мемлекеттің негізін шайқалтуға бағытталған саясат жүргізушілер деп байбалам салды.
Қазақ зиялылары жалпыдемократиялық мәндегі ұлттық тең құқылық,халықтың мәдениетін көтеру,әйел теңдігін қамтамасыз ету,отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты маңызды мәселелерде өз шығармаларының өзекті тақырыптарына айналдырды.Жалпыдемократиялық мазмұндағы талаптілектердің өзі халық арасында обьективті,табиғи түрде отарлық езгіге қарсы саяси хал-ахуалды қалыптастыруға қызмет етті. Осындай өмірлік сұраныстан туған және оған жауап берген санаулы дүниелердің бірі 1909 жылы Уфа қаласында жарық көрген Міржақып Дулатовтың «Оян,қазағы» еді.Кітапқа эпиграф ретінде алынған:
«Көзіңді аш,оян қазақ,көтербасты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті,дін нашарлап,хал һарам бол.
Қазағым,енді жату жарамасты».-
деген шұмақ «Оян,қазақтың» айтайын деген басты идеясын дәл берді. Сол кезде Ахмет Байтұрсынов қаламынан туған,біріқ оның 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағына цензура енгізбей тастаған мына жолдар да жоғарыда келтірілген Міржақып өлеңімен сабақтас;
«Қазағым,елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып».
Қазақты сынау мен ояту үрдісін үлкен ұлттық мәселе ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында ұлы Абай негіздеген еді.ХХ ғасыр басында оны Міржақып Дулатов пен Ахмет Байтұрсынов жалғастырды. Міржақыптың «Оян,қазағында»ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық , қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер көркем сөзбен шыншыл кестеленген. Патшалық Россияның отарына айналған ел мен жердіңтағдыры,оқу-ағарту мен дін жағдайы, жетімдер мен жесірлер халі,ауылдағысайлау ісі сияқты мәселелер – «Оян,қазаққа» тақырып болған мәселелер. Сонымен бірге Міржақып қазақ жастарына оқып,білім алуға, өркениетті елдерденүлгі алуға шақырады. Міржақыптың өз сөзімен баяндасаң, ол халқының «өткенін сайрап, өз өмір сүрген сол кезеңнің кемшілігін зарлап айтты». «Оян, қазақ» ең алдымен патша үкіметінің отарлық саясатын әшкерлеумен құнды. Патшалық отарлаушылар, дейді М.Дулатов, ең алдымен қазақтың жерін тартып алды. «Әйтеуір ата – бабам мұсылман» деген дүрмекті қоятынкезең келді дей отырып, Міржақып Дулатов «Қазақтың көп жерінде мешітіжоқ,жоғына себеп болған миссонер поп» депбасып айтты. М.Дулатов қазақтың езілген, адасқан,тығырыққа кез келген халін барынша дәл көрсетті. Осылай болудың басты себептері патша үкіметінің саясатына (жерге,дінге,әкімшілік сайлау жүйесіне тікелей қатынасы бар) байланысты деп түсінді, алайда ол басты айып жаңа дәуірге (Россияның отары ретінде метрополиямен бірге капиталистік қатынастарға ене бастаған дәуірге) ыңғайласа алмаған халықтың өзінде деп санады.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенттерінің басым көпшілігі тек қана бір кәсіби мамандықтың тізгінін ұстаумен шектелмейді, әмбебап мамандар ретінде қызмет етті, олар оқу-ағарту ісімен де, қазақ тілінде басылымдар шығару қамқарекетімен де, жан-жақты шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. Осылардың барлығына ортақ қасиет, ортақ ерекшелік олардың қазақ қауымының қоғамдық-саяси сұраныстарына мүмкіндігінше толық жауап беруге ат салысуы еді.
Зиялылардың саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады.
Осы жылдары қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің белгілі өкілдерінің көпшілігі (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Б.Қаратаев, М.Дулатов, т.б.) бірінші орыс революциясы ықпалымен елде орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен қарады, ал содан кейін барып сол кезде империяның орталықтарында пайда болған саяси ұйымдардың қайсысынан үлгі алу мәселесін шешуге тырысты.
Солардың алғашқы көрінісін бірі 1905 жылдың соңында Орал қаласында өткен Ә.Бөкейханов, Ж.Сейдалин, М.Дулатов, Б.сыртанов, Б.Қаратаев сияқты қазақ өкілдерінің «Бес облыстық дегегаттар съезі» аталған бас қосуда жасаған «Қазақ конституциялық» саяси партиясын құру жөніндегі әрекеті болды. Бұл әрекет сол кезде Петербургте оқуда жүрген Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты.
Жаңадан дүниеге келген осы саяси ұйымның жетекшісі болып Ә.Бөкейханов бірауыздан мойындалды. Осы кезден бастап ғалым-экономист, публицист, әрі әмбебап терең білім иесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың жалпыұлттық саяси тұлғаға айналу жолы басталды.
Демек, бірінші орыс революциясы жылдарында Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары өздерінің саясатқа араласқан алғашқы қадардарында сол кезде патша үкіметіне оппозоцияда болған кадеттер партиясы өздеріне белгілі дәрежеде үлгі тұтты.
Сондықтанда да 1905-1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Россия қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп нақтылы іс-әрекеттерге барды. Олар атап айтқанда, біріншіден, қазақ қауымын басқарудың ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі отарлық сипатын өзгертуді талап етті.
Қазақ зиялылырының белсенділігі І және ІІ мемлекеттік Думаның жұмысына тікелей араласуымен шектелген жоқ. Олардың кейбір өкілдері бірінші орыс революциясы жылдарында өріс алған Россия мұсылмандарының қоғамдық-саяси алған Россия мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысына қатынасты, мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының қызметінің сапалы атқарылуына жәрдемдесті, Түркістан мен Қазақстаннан Думаға депутат болып сайланғандарды олардың сайлаушыларымен байланыстырып тұрды.
1908 – 1913 жылдардағы қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясының саяси қызметі үшін өзіне тән айтарлықтай ерекшеліктері бар уақыт болғандығын байқау қиын емес. Осыған орай мына жәйттерді ерекше атау қажет сияқты: 1) 1908-1912 жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі кейбір жекелеген қайраткерлердің орнын қоғамның көкейтесті проблемаларын білетін, оларды шешудің жолдары мен әдістерін анықтауға қабілетті зиялы қауымның белгілі топтары алмастырды; 2) Қазақ интеллигенциясының осы жаңа буыны өзінің шығармашылық еңбегі арқылы халықтың тарихи зердесіне барлау жасай отырып, оның ұлттық сана жоқ жағына себебі болған миссионер поп, деп басып айтты.
Түптеп келгенде М.Дулатов халықты оқу, өнер үйрену, оянуға, мұсылманшылық арқылы имандылыққа шақырды.
Қазақты сынау мен оятудың Міржақып Дулатов уағыздаған идеясына ұқсас, сонымен сарындас сөздерді Ахмет Байтұрсынов та, Әлихан Бөкейханов та, кейін Алаш қозғалысын бастаған зиялылардың көпшілігі айтты. Мәселен, 1911-ші жылы жазылған Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында мынандай жолдар бар: «… Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесапаты өр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай келеміз… Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз…» Осығалым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсыновтың ойынша халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. Осыныұққысы келмегендерге, халықты өркениетті елдер қатарына қоссам деп өзін-өзі азапқа салғанда сөз ұғып, жөнді жолға түсу былай тұрсын, оның өзіне қастандық жасап, абақтыға жаптырғандарды А.Байтұрсынов «көк есектерге теңеді, ашу-ызыға булықты.
«… Қинамады абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз аулымның иттері үріп, қапқаны».
Ахмет Байтұрсынов: «… газет -халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек… Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», -деген тұжырымы арқылы мерзімді баспасөздің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді.
Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінің бірінші санындағы халыққа арнауын былай деп аяқтады. «Аталы жұртымыздың адуынды ұлтымыздың әруақты аты деп газетіміздің есімін «Қазақ» деп қойдық. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына күшін қосып, көмектесер қызмет ету қазақ баласына міндет. Қызмет етем десеңдер, азаматтықтың зор жолының бірі осы». Осы сөздерден анық көрініп тұрғандықтай, «Қазақ» газеті жалпыхалықтық мүдделерді көтеріп, «Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына» қызмет етуге тиісті болды. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов 1923 жылы «Шолпан» журналында жарияланған «Қазақ» әдебиетінің қазіргі дәуірідеген еңбегінде салиқалы ой түйген екен. «Қазақ» газетінің мезгілі – қазақ жұрты 1905-ші жылдың өзгерірісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жинап патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп талап қыла бастаған уақытқа келді. Бұл тұтынған жолында «Қазақ» газеті өз міндетін дөп атқарды». Мұхтар Әуезовтің осы сөздерінен «Қазақ» газетінің халық зиялыларының патша саясатына қарсы күрес құралы ретінде «Бос сөзден іске қарай аяқ басар кезде» дүниеге келгенін немесе оның қазақ қауымының саяси-рухани сұранысына жауап ретінде шыға бастағанын көреміз.
Х.Досмұхамедов «Қазақ» газетінің дүниеге келу жағдайы оны ұйымдастырған қайраткерлер және олардың қазақтың саяси-қоғамдық ойын қалыптастырудағы рөлі туралы өз пікірін қылышынан қан тамған ОГПУ тергеушілері алдында басы істі болған 1931 жылы былай деп білдірген екен: «1913 жылы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов ұлттық-демократиялық бағыттағы «Қазақ» газетін шығара бастады. Олар өздерінің төңірегіне мұғалімдердің айтарлықтай бөлігін, Орынбор мен Уфа қалаларының медреселерінде оқитын шәкірттерді топтастыра білді. – Орта және жоғары білімді қазақ, зиялыларының басым көпшілігі «Қазаққа» ерді Бөкейханов «қазақтың» басты жетекшісі болды, оның платформасын анықтауға ат салысты. «…Қазақ» газеті бірінші орыс рефолюциясы оятқан қазақ халқының белгілі қауымын ұйымдастыратын және оған басшылық жасайтын орталыққа айналды. Газет қазақтың саяси өмірі жөнінен маңызды мақалалар беріп тұрды, көптеген көкейтесті мәселелер бойынша пікірталас ұйымдастырды және сол кездегі қоғамдық саяси ойды бір арнаға бағыттаушы болды».
Әлихан Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық-либералдық саяси партиясын құруға әрекет жасаса, олардың 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы Ақпан революциясы жеңісінен кейін ұлттық-демократиялық мүдделерді көздейтін «Алаш» саяси ұйымын құруға алып келді.
Алаш ұраны Әлихан Бөкейханның кең білімі мен терең танымы арқылы қазақ халқының басына түскен саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани күрестің басты ұранына айналды. Әлихан Бөкейханның 1899 жылы «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше нөмірінде жарияланған «Қобыланды батыр жырындағы әйел» атты мақала осының дәлелі.
Ал осы мақаласының кіріспе бөлімінде қазақтың әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көне тіршілік іздері, өмір сүру қалпы туралы сөз қозғай келе «Алаш» ұранының мән-мағынасына да тоқталады. «… Бұл рулардың ешқайсысы кез-келген қазақты жәбір көрген қандастарына қол ұшын беруге ұмтылдыратын жалпыхалықтың «Алаш» ұранынан ешқашан бас тартқан емес, тіпті бұл тұста олар өзара жауластық пен өшпенділікті ұмытып, жеке өміріне жауының тым күштілігінен туатын қатерге қарамастан «Алаш» ұранының соңына еретін болған» деп жазады.
Осылайша, ол хан мен қарашаның бірлігін Алаша хан туралы халық аңызындағы басты тағылым – қазақтың бірлігін көксейтін «Алаш ұранын жаңа күрестің ұранына ұсынады.
«Алаш» деп бірлік базарына шақырған ұранның маңына топтаса білген зиялылардың ой-пікірлері, ұстанған бағыты бір-бірімен үндесіп жатты. Оның «Қазақ» газетіне жетекші болғанын Алаш азаматы Х.Досмұхамедұлы 1931 жылы ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында былай баяндаған: «1913 жылы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов ұлттық-демократиялық бағыттағы «Қазақ» газетін шығара бастады».
Қазаққа арман болған азатыққа саяси күрес арқылы қол жеткізуді мұрат-мақсат еткен Ә.Бөкейханов бұл жолда жеңіске жетудің ең тиімді әдісі – халықтың білімін көтеріп, ұлттықсанасын ояту, дамыту деп ұғынды. Ол үшін қазақтың рухани байлығының басты арналары, қайнар көзі – тіл, әдебиет ісін насихаттау, баспасөзді дамыту керектігін алға тартты.
1917 жылдың жазына қарай қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені ол Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша жүзенде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар саяқты қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-территориялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәрежеде көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметте шешуші бағытқа ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейханновтың көзқарасы күрт өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов «Қазақ» газетінде жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым? Деген ашық хатында жан-жақты негіздеді.
Атап айтқанда, Әлихан Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық съезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдеді.
Түркістан ұлттық күресінің көсемі Мұстафа Шоқай өздері қолға алған бұл күрес оңай болмайтынын және ол еңбек — әрекетсіз түпкі нәтижесіне жете алмайтынын жақсы білді. Ол ең алдымен құлдықтан азат болу жолында тұрған барлық ұлттық күштердің бір майданда бірлесе жұмыс істеуін және орыс империализмнің орын алуы себепті ұлттық болмысы хауіп-қатерге ұшырап отырған халықтардың осы майданды нығайтуы керектігін бірінші түсінген әрі мұның нәтижелілігіне сенім арту үшін осылай ету қажеттігі жөнінде мәселе көтерген ой мен істің адамы болды. 1917 жылғы революцияның алғашқы айларынан бастап ол осы мақсатын іске асыру жолындағы жұмысқа тұтасымен берілді. Украиндық, польшалық және кавказдық достарымен алғашқы байланыстар жасаған кезінде ол осы істі қолға алды. Оның жат жерде жарияланған алғашқы материалдарыерікті Конфедерациялық Одақ туралы сөз қозғайды. өзінің өлімімен аяқталған саяхаты кезінде жазылған оның соңғы мақаласы тағы да осы майданның бірлігіне жету сипатында болғандығы назар аудартады. Демек, Мұстафа Шоқай ішкі ұйымдық тұрғысынан Түркістан ұлт-азаттық қозғалысын әзірлей отырып, Ресей империализміне қарсы бірлесіп күресу майданын ешқандай жағдайда да көңілінен шығармаған. Шын мәнісінде ол бұл қозғалыстар бірін-бірі толықтыра түседі деп есептеді. Сондықтан да Мұстафа Шоқайдың өлімі осынау екі жақты майданда ұзақ уақыт бойы тола қоймайтын бос қуыс болып сезіліп тұрмақ.
Азамат соғысы жылдарында (1918-1920) Алашорда Кеңес өкіметіне жау күштермен одақтас болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш пен Алашорданы тарих сахнасынан кетірді. Кеңес өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен алаутауда алдау мен арбау әдістерін де, қару жұмсап күштеу жолын да қолданды.
Кезінде (1919 және 1920 жылдары) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатынасқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының оқу-ағарту ісінің әдебиеті мен өнерінің халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдері ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлер түгелге дерлік жалған жаламен «халық жауы» аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандары болды, ал олардың ғылыми және әдеби мұрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе жойылды.
Тек, соңғы 5-6 жылдың жүзінде ұлттық-демократиялық интеллигенциясының халық таныған көсемдерінің есімдері халыққа қайтарылып, олар қалдырған рухани мұра қалың жұртшылықтың игілігіне айналды.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Кеңес Нұрпейісов. Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция. //Егемен Қазақстан 5.12.1997 ж.
- Алмас Әбсадықов. Көсем десе көсем еді-ау. //Ана тілі. – 2004 ж.
- «Қазақ» газеті. 1917 ж.
- Тахир Шағатай. Қазақтың бір арысы. //Алматы ақшамы. – 1991 ж.
- Дулатов М. Шығамалар. Алматы. – 1991 ж.
- Әбдімәлік нысанбаев. Мұстафа Шоқай – Тәуелсіздік жаршысы. //Тағзым. – 2003 ж.
Қорытынды
Қорыта келе, Қайда едің? – атты өлеңімен қорытамын.
Кешегі қара күндерде, Құландай үркіп елдерің,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,Қалдырып мекен жерлерің,
Жол таба алмай сенделіп,Жаяу, жалпы жалаңаш
Адасып алаш жүргендеҚатын, бала, ерлерің
Бұ күнгі көп көсемдер, Аштықтан қырғын тапқанда,
Сұраймын, сонда қайда едің?Сыпыра жомарт, қайда едің?
Ақыл таппай дағдарып,
Жанашыр таппай сандалып, Кедейдің сорын қайнатып,
Барарын қайда біле алмай Майданға жасын айдатып,
Жүрген бір күнде сан ғарып, Тіл жоқ, көз жоқ, басшы жоқ,
Есепсіз көп, шешендер, Өлімге басын байлатып,
Жөніңді айтшы, қайда едің? Жіберерде, жаным-ау,
Жанашыр, жақын, қайда едің?
Сарыарқа сайран жерлерін,
Көк орай шалғын, көлдерін,Енді бүгін кім жаман?
Бәрін жауға алдырып, Данышпан емес, кім надан?
Асқар тау, биік белдерін Қамқор емес, кім жауыз?
Қасылып қазақ тұрғанда,Жомарт емес, кім сараң?
Данышпандар, қайда едің? Көсем емес, кім жалтақ?
Шешен емес жоқ адам?
Атадан бала айырылып, Бәрі білгіш, бәрі де ер,
Қанаты сынып қайырылып,Жеткердің аллатағалам.
Қасірет толып жүрекке
Тұрған бір кезде қайғырып,
Толып жатқан қамқорлар,
Елде жоқ едің, қайда едің?