АҚШ-тың сыртқы саясаты.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған экономикалық және әлеуметтік проблемалар (капитализмнің қарқынды дамуының салдарлары) АҚШ-тың сыртқы саясатының және халықаралық мәселелерге қатынасының өзгеруіне әкеліп соқтырды. Ірі кәсіпкерлер шикізаттың жаңа көздері мен өнімді және шикізатты шығарудың жаңа рыноктарын белсенді түрде талап етті. Рыноктарды қайта бөліске түсіру үшін күресті айналып қаша алмады.
Америка континентіндегі гегемонияны алу үшін АҚШ сол кезде өте танылған панамериканизм козғалысын (ол американдық мемлекеттердің қызығушылығының бірлігін уағыздаған) кең көлемде пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ алғашқы американаралық конференцияны шақырды. Онда 1910 жылы «Панамерикандық одақ» деген атауға өзгертілген жанында тұрақты коммерциялық бюро құрылған өзара — экономикалық ақпаратты алмасу мақсатында американ мемлекеттерінің Халықаралық Одағы құрылды.
АҚШ дипломатиясының әдеттегі құралы бұрынғы доктриналарды кеңейтіп талқылау болған. Бұл жағадй Олни доктринасымен де болды, оған сылтау болған Венесуэла мен Британдық Гвианасының Ориноко өзенініңсағасы үшін болған шекаралық дау еді. Ол үшін күрестің ушығуына бұл жерде табылған алтын қоры болды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Р.Олнидің 1895 жылдың 20 шілдесіндегі сөзінде Америка территориясында еуропалық бақылаудың болуының еш мән-мағынасы жоқ деген. Бұл позицияны анықтау үшін Монро доктринасы сілтеме жасалынды. Нәтижесінде Ұлыбританияға АҚШ-тың талаптарын орындауға тура келді, оның қолдауын иелену үшін Венесуэла мен Британдық Гвианасының арасындағы шекара АҚШ-тың қызығушылықтарын ескеру арқылы жүргізілді, Америка Құрама Штаттары ерекше белсенділікті Қиыр Шығыста да жүргізді. Олар Жапонияның агрессиялық саясатын қолдап, бәсекелестерін әлсіздендіргісі келді. 1876 жылы Кореяда тең емес келісімге қол жеткізген Жапониядан соң Америка Құрама Штаттары 1882 жылы сол аймақта өзінің азаматтары үшін сауда, өнеркәсіп, теңізде жүзу, құқықты жағдайының жағымды жағдай жасауға қол жеткізді.
Америка Құрама Штаттары Қытайға еніп, ондағы еуропалық державалардың ықпаларының өсуіне кедергі жасауға тырысты. 1884 жылы Америка Құрама Штаттары Гавай аралдарында Перл-Харбор әскери теңіз базасын орнатты. Америка Құрама Штаттары кәсіпкерлері Гавай экономикасында басты рөл атқарды, әсіресе қант өндіруде. 1893 жылы Америка Құрама Штаттары елшісі бастаған бір топ плантаторлар Гавайда патша-әйелді тақтан түсіріп, онда қуыршақ үкімет құрды, ол үкімет келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай өткен соң Гавайды АҚШ-тың құрамдас бөлігі деп таныды, бұл аннексия 1898 жылы заңды түрде бекітілді.
Америка Құрама Штаттары Самоа аралдарын да жаулап алмақшы болды, бірақ онда Англия мен Германияның қарсы әрекетіне тап болды. Нәтижесінде 1889 жылы үш державаның кондоминимумы орнатылды, бұл АҚШ-тың Тынық мұхит суларындағы тағы бір базасын әкелді.
АҚШ үшін стратегиялық және экономикалық маңыздылығы өте көп болған -бұл Филиппин аралдары, әсіресе Куба болды. Кубаны иемдену-Кариб бассейнінде үстемдік ету. XIX ғасырдың аяғына қарай Куба шаруашылығының басты бағыты шала өңделген қант пен темекі өндірісінің негізгі бөлігін бақылады. Сонымен қатар, солтүстік американдықтар Кубада темір жолдар, рудниктер, сауда қаржылық мекемелерді иемденді. 1895 жылы куба халқының Испанияның отарлық езгісіне қарсы күресін пайдаланып, Куба халқын қорғау ұранын жабылып, солтүстік американдық баспасөз елдегі көзқарасты соғысқа дайындады.
Америка Құрама Штаттары Испаниямен соғысты бастау үшін сылтау іздеген. 1898 жылдың 15 ақпанында Гавана рейдінде солтүстікамерикандық «Мэн» крейсері атылды да онда 260 офицер мен теңізшілер қайтыс болды. Атаудың себебі табылмағанмен, инцидентті зерттеу үшін АҚШ құрған комиссия испандықтарға кінә тақты. Конгресс 50 млн.доллар ақшаны әскери дайындықтарға бөлді.
19 сәуірде Америка Құрама Штаттары Испаниядан Кубаға тәуелсіздік беруді талап етті. Испания келісім бермеді де 23 сәуірде АҚШ -қа соғыс жариялады.
Бірақ әскери қимылдар Кубада емес, Тынық мұхитта басталды. 1898 жылдың 1 мамырында Солтүстік Американдық эскадра Манила бухтасында испан флотын талқандап, сол арқылы өзіне Филиппин аралдарына бақылау орнатты. 3 шілдеде Куба жағалауларын қорғап тұрған испан эскадрасы Сантьяго түбінде жойылды. Испания көпке шыдамай 22 шілдеде бейбітшілікті сұрады.
Бейбіт келісімшартқа 1898 жылы 10 желтоқсанда Парижде қол қойылды. Шарттар бойынша Испания Куба мен Пуэрто-Рико, және де Мариан аралдар тобындағы Гуам аралдарын қоса Вест-Индиядағы басқа да аралдық иеліктерден бас тартты. АҚШ-қа Испания ол үшін 20 млн доллар алған Филиппин аралдары өтті.
Филиппин халқы өзінің елінің үстіндегі АҚШ егемендігін мойындамады да 1902 жылға дейін созылған көтеріліске шықты. Куба тәуелсіз деп жарияланды, бірақ АҚШ-тың бақылауында болды.
АҚШ-тын сыртқы экспансиясы
XX ғасырдың басында Америка Құрама Штаттары стратегиялық жағынан маңызды теңіз аралық канал құрылысымен айналыспақша болды. Колумбия үкіметімен келісім дайындалды, ол бойынша АҚШ-қа белгілі төлем үшін каналдың құрылысы аймағында бақылау берілу керек болды, бірақ Колумбия Сенаты бүл келісімнен бас тартты. Сонда АҚШ Панам провинциясьшың этникалық азшылығының қозғалысын пайдаланып, оны тәуелсіз мемлекет деп жариялануына көмек көрсетті. 1903 жылы 4 қарашада Панаманың тәуелсіздігі жарияланған соң 18 карашада Вашингтонда АҚШтың болашақ канал зонасына қажетті құқықтарын берген келісімге қол қойылды, сонымен қатар, бұл АҚШ-тың Панамаға протекторатын білдірді.
Т.Рузвельттің «үлкен қолшоқпар» саясатының (АҚШ-тың Латын Америка елдерінің ішкі саясатына араласуы) тәжірибеге енуі Доминикан Республикасының (1904, 1914), Куба (1906-1909, 1912), Гондурас (1905, 1907, 1911, 1912), Никарагуаны (1912) Солтүстік Американдық теңіз жаяу әскерімен оккупациясында да білінді.
У.Тафт экспансиялық саясатты жүргізген кезде АҚШ-тың экономикалық күшіне негізгі ұстанымдылықты қойды. Ол «доллар дипломатиясын» қолданды. Бұл «дипломатия» қарыздар беру, қаржы-экономикалық «көмек» беруге бағытталып, жеке капиталдың Латын Америка елдеріне шығаруға көмектесті. Соның нәтижесінде АҚШ Аргентина, Бразилия, Боливия, Венесуэла, Парагвай, Перу және тағы басқа елдердің экономикасының түрлі салаларына бақылау орнатты. «Доллар дипломатиясының» арқасында Америка Құрама Штаттары Еуропалық державалардың Латын Америкасындағы ықпалын жоюға ұмтылды да 1914 жылға қарай Латын Америкалық сауданың 50 пайызын бақылап тұрды.
Америка Құрама Штаттары өзінің экономикалық басымдылығын пайдалана отырып, Қиыр Шығыстан да бәсекелестерін ығыстыруға үміттенді. Осы мақсатпен АҚШ мемлекеттік хатшысы Дж. Хэй 1899 жылы «ашық есік» доктринасын ұсынды. Бұл доктрина батыс державаларының Қытайдағы тең құқықты талап етті. Қытайда бекініп қалуға ұмтылып АҚШ 1900 жылы болған Ихэтуанэй көтерілісін басып-жаншуға қатысты.
Орыс-жапон соғысы кезінде Америка Құрама Штаттары Жапонияны қолдады, осылайша Ресейдің Қиыр Шығыстағы, әсіресе Манчжуриядағы, позицияларын әлсіретпекші болды. Соғыс аяқталар алдында қүпия Кацура-Тафт келісімі жасалды. Ол Жапонияның Кореяға протекторатын мойындады, ал Жапония Филиппин аралдарында Солтүстік Американ басқарылуының сақталуына қызығушылығын танытты. Алайда, бұл келісім орыс-жапон соғысынан кейінгі жапон-американ қатынастарының шиеленісін болдырмай қоймады.
1902 жылдың аяғы 1903 жылдың басында «Венесуэла қақтығысы» пайда болды. Ол Англия мен Германияның әскери-теңіз флотының көмегімен Венесуэла үкіметінен біршама асыра-сілтенген оның қаржылық қарызын қайтармақшы болды. Англия мен Германияның еуропалық саясаттағы сүрақтарды шешудегі қиыншылықтарын және Венесуэланың қиын ішкі жағдайын біле тұра Америка Құрама Штаттары дауласқандарға өз арбитражын байлап сол арқылы Батыс жарты шеңбердегі өзінің басымдылығын көрсетпекші болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Латын Америкасы мемлекеттерінің арасындағы шиеленістер АҚШ-тың экспансионистік идеологиясының тамыры тереңде жатыр. (1776-1900 жылдар аралығында АҚШ территориясы 10 есе артты). АҚШ-тағы экспансия идеологиясының қайнар көзі тек қана американдық идея емес: бірқатар теориялар Еуропадан алынып жергілікті жерге жерсіндірілген. Ерекше ықпалды Еуропа тарихнамасындағы германдық концепциясы жасады.
Экспансионизм Строгтің Америка Құрама Штаттарын әлемді христиандандыру миссиясының құрамдас бөлігі болды. Алайда оның оның жүйесі діни емес сипатқа ие болды. Стронг англосаксондықтардың басқа халықтардың үстінен саяси үстемдігі туралы нәсілдік тұжырымдарды кеңінен пайдаланды. Пайдалы бір қыры ретінде Стронг англосаксондықтардың «ақша жасай білу» кабілетін атады. Басқа экспансияшылдарға қарағанда ол «өткізу ерігі» мен іскерлік мүдденің арасындағы байланысты бұрынырақ атап көрсетті. Стронг экспансияның қажеттілігін американ өнеркәсібінің қуатының артуымен ақтауға тырысты.
Экспансияның пайдалы жақтарын тізе келе Стронг англосаксондыктардың ертеңгі күнін былайша сипаттады: «Ұлы еркіндіктің, таза христиандықтың және жоғарғы өркениеттің таратушысы, бай эрі жігерлі, өз институттарын тарату үшін бойында агрессияны жинақтаған нэсіл бүкіл жерге тарайды. Менің болжамым дұрыс болса, бұл нәсіл Мексикаға, Орталық және Оңтүстік Америкаға, мұхиттағы аралдарға, кейіннен Африкаға және одан ары да жылжиды».
Стронг АҚШ-тағы экспансионистік идеологияның таралуына зор ықпал етті. Оның идеялары экспансионистік миссионерлерді белсендірді.
Келесі бір концепция Тернердің «шекара» теориясы. ХІХ ғасырдың соңындағы АҚШ-тағы әлеуметтік қайшылықтардың ұшығуын Тернер «бос» жерлердің сарқылуымен түсіндіреді. Бұл «шекара» теориясының саяси түйіні АҚШ-тың ары қарайғы дамуы үшін негізгі шарт сыртқы саясаттағы экспансияны жариялау болды.
«Шекара» теориясы әдебиеттерде кең көрініс тапты, университеттерде тарады, әр түрлі бағыттағы саяси қайраткерлер де мұны құптады. Концепцияның мұндай табысқа жетуінің себебі — оның американдық-ұлттық сипатта болуында. Екінші бір себебі- еркін жерлер туралы арман болатын. Тернердің айтуынша империалистік экспансия бұл «еркіндік экспансиясының» көрініс табуы болып табылады. Бұл саясат демократияны сақтап қалу үшін және оны мемлекеттің сыртына тарату үшін жүргізіліп отыр — мыс.
Міне осы сынды концепциялар американың қоғамының арасындағы пікірге терең әсер етті. Оның әрбіреуінің өзіндік бағыты болды. Экспансинионизмді үгіттеу саясаты қарқынды жүргізіліп жатты. Ондағы ойлар университет кафедраларында да, шіркеу пірадарларының ауыздарынан да айтылып жатты. Экспансиялық идеяларды саяси қайраткрлер, әскери қызметкерлер, дипломаттар кеңінен пайдаланып, олардың эрі қарай етек жаюына ат салысты. Олар экспансиялық идеяны насихаттау мен іс жүзінде агрессиялық сыртқы саясат жүргізуді араластырып империалистік концепцияны қүрады. Монро доктринасына жаңа атау беріп, «ашық есік» доктринасын жариялауға дайындалып, дүниежүзіндегі ең бірінші империалистік соғыс-испан-американ соғысын жүргізді.
1861-1865 жылдардағы азамат соғысы аяқталды. Мемлекеттің дамуының жаңа қырлары пайда бола бастады. ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында АҚШ дамудың империалистік жолына түсті. АҚШ-тың сыртқы саясатына тән экспансионизм өзіне нәсілшілдікті, элеуметтік дарвинизмді, геосаяси теорияны сіңірді. 1893 жылғы Гавай аралдарын басып алу жеке отарлық империяның пайда болуының бастамасы болды. Алайда әлем бөлініп қойған еді. Экспансионистер қайда көз салса да, бүрыннан бергі отарлаушы державалар американдықтарды өздерінің ықпал ету аймақтарына жібергісі келмеді. АҚШ-тьщ карулы күштері еуропалық державалардың күшімен тең келе алмады. Американ халқының басым көпшілігі отарлау идеясын құптамады. Бес жыл өтті. АҚШ-тың империалистік даму жолындағы келесі қадамдары, олардың конгресс пен үкімет мүшелеріне әсерінің артуы, монополистік ортанын қолдауы, флоттың күшеюі жэне сыртқы саясаттағы қолайлы жағдай АҚШ-тың соғысқа енуін белгілеп берді. Бұл жағдай оның өзінің, көршілес мемлекеттерінің тағдырына және халықаралық қатынастардың сипатына зор ықпалын тигізді.
1895 жылы 25 ақпанда кубиндіктер Испан езгізісіне қарсы көтерілді. Көтерілісті ұйымдастырушылар кубиндік патриот Хосе Марти басқарған Кубиндік революциондық партия болды. Испан әскерінің қудалау жорықтары да, 1895 жылы 19 мамырдағы Дос-Риостағы ұрыста Мартидің қазасы да көтерілісшілердің салын суға кетірмеді. Олар әскери командир Масимо Гомесо мен оның көмекшісі Антони Масеоның басшылығымен күрестерін жалғастырды. Кубадағы жағдай және 1895-1896 жылғы ағылшын-венесуелдік қақтығыс Құрама Штаттардың Латын Америкасының ісіне деген қызығушылықтарының оянуына түрткі болды. Оның үстіне Испания үлкен дағдарыс үстінде еді, Кубадағы көтерілісті басумен байланысты әскери және экономикалық жағынан нашарлап қалған болатын. АҚШ алдында оңайлықпен арал үстінен үстемдік жүргізудің керемет мүмкіндігі ашылды. Тек сылтау керек болды.
Кубаның генерал-капитаны Мартинес Кампос көтерілісті баса алмады. Испан үкіметі оның орнына генерал Валериано Вайлерді койды. 1896 жылы 10 ақпанда ол өз қолымен Кубаға келді. Осы күннен бастап арал тұрғындары аяусыз жаншу басталды. Он мыңдаған бейбіт тұрғындар, ішінде әйелдер де балалар да бар, аштықтан, эпидемиядан, аяусыз қарым-қатынастан түрлі лагерлерде қаза тапты. Вейлер тұқрғындардың үштен бірін қырып тастады. Бүны американ империалистік ортасы өз мүддесіне пайдаланып, америка халқы мен әлем халқына бұл іске АҚШ-тың араласуы сөзсіз керек деген ойға сендірді. Алайда олардың негізгі мақсаты Куба халқын «Қанішер» Вейлерден құтқару емес, керісінше жеке мүдделері болды.
Кубадағы жағдай АҚШ үшін ел ісіне араласу үшін сылтау ғана емес, сонымен бірге өзінің қарулы интервенциясының негізгі мақсатын жасырып, жақсы жағынан көрінудің де бірден-бір жолы болды.
Дегенмен, әлі де нық қадамдар жасауға батпады. «Куба мәселесін» шешуде демократтар мен республикандықтардың бірігуі үшін уақыт керек болды. Бұл жағдай президент-демократ Кливлендтің қолын байлады. АҚШ әскері испандықтарға карсы соғысқа дайын емес еді.
Кубадағы соғыс ұзаққа созылды. Құрама Штаттар антиисттандық кампанияны күшейтті. Бұл өз нәтижесін берді. Себебі, Вейлердің қатыгездігі артып келеді, ал аралдағы кәсіпкерлік және сауда ісі орнында қатып қалған болатын.
1896 жылы тағы бір испан отарында, Филиппин аралында көтеріліс ошағы жанды. Метрополиядан мыңдаған шақырымға, Атланттан Тынық мұхитына күштерді тасыған Испания дал болды.
1896 жылы қарашада АҚШ президенті болып Маккинли сайланды. Оның бағдарламасындағы негізгі мәселе Куба мәселесіндегі нақты әрі батыл саясат болды. Экспансионистер Испаниямен соғыс жариялауды талап етті.
Желтоқсанда ұрыс кезінде Масео қаза тапты. Кубиндықтар үшін бүл қайғылы жағдайды АҚШ-тағы Кубаның ресми өкілі Эстрада Пальма өз еліндегі қарсыластарының Вашингтонмен әскери әріптестігін әлсірету үшін пайдаланды. Куба мәселесіндегі Ұлыбританияның позициясы да күннен күнге американдық бола бастады. Әбден пісіп жетілген Куба эскері өз қарсыластарын ірі қалаларда тұсау қылды. Басқаша айтқанда, кубалықтардың Испанияға қарсы соғысына қатысуына АҚШ үшін қолайлы жағдай туа бастады.
Экономикалық қиыншылықтар мен либералдар мен консерваторлар арасындағы саяси тартысты бастан өткізіп жатқан Испания үкіметтің саясатына қарсы халық наразылығынын алдында түрды. 1897 жылы Кубадан Вейлер қайтарылып алынды. Кубаға берілген автономияны кубалықтар да, американдықтар да мойындамады. Аралдағы әскери әрекеттер жалғасып жатты. 1898 жылы қаңтарда Ақ үй бұл Испанияға қарай иілудің белгісі деп Гаванаға броненосец «Мэнді» жіберді.
Испания «Мэнді» Гаванаға жіберді. 1898 жылы испан елшісі Дюпуи де Ломның Маккинли туралы жағымсыз түрде жазылған жеке хаты ұрланып алынады. Хатты баспаға беріп, оны АҚШ-тағы шовинистік жағдайдың қалыптасуына сылтау ретінде пайдаланды. Елші жұмыстан кетуге арыз берді. Мадридтегі үкімет оны қабылдады.
Бірнеше күн өтті. 15 ақпанда Гавана тұрғындары жарылыс естіді. Жарылысты зерттеуге келген американ делегациясы жарылыста Испанияны кінәлі деп тапты. Испан-Американ соғысынан қашып құтылу мүмкін емес болды.
АҚШ-та соғысқа дайындық аяқталды. 19 ақпанда конгресс Испаниядан Кубадағы биліктен бас тартуды талап ететін резолюцияны қабылдады. Екі күннен кейін Испания ультиматумды қабылдамай тастады. АҚШ президенті аралды коршау туралы жарлық берді. 23 сәуірде Испания, ал 25 сәуірде АҚШ Испанияға соғыс жариялады. Соғыс жарияланды, Куба жағалауларында Американ флотының Атлантикалық эскадрасы жүрді, бірақ әскер әлі жағалауға орныққан жоқ. АҚШ соғыс жариялаймын деп асығыс жасаған сияқты. Волонтерлік бөлімдер әлі қалыптасып бітпеген еді, оның әскер мен флотпен әлі де байланысы орнап бітпеген, әскер шоғырланған жерлерде түсініспеушіліктер көп болды. Испанияға жаны ашушылар бұл жағдай оның есін жинауға, өзіне одақтастар тауып, кубалықтармен келісімге келуге қолайлы болар деп ойлады. Алайда 1898 жылы 1 мамырда американдык эскадра Манилаға басып кіріп ондағы адмирал Монтехоның испандық флотын су астына батырды. Американдықтар бір де бір адам жоғалтпай, бүкіл Филиппин бұғазындағы теңіз коммуникациясына бақылау орнатты. Тынық мұхитындағы АҚШ-тың кенеттен жасаған әрекеті көпшіліктің бұл соғыстың Кубаны азат ету үшін жүргізіліп жатыр деген ойын күмәнға келтірді. Бұл әрекеттің астарын АҚШ-тың империалистік бақталастары нық түсінді. Германия согысушы жақтардың арасына өзінің эскадрасын жіберді. Мұны американдықтар қабылдамады.
Вест-Индияда испандықтар өздері үшін қайғылы шешімді өздері тездетті. Кубага американдықтардың көзінен таса Испаниядан адмирал Сервердің эскадрасы келді. Ол соғысқа жарамсыз еді, бірак жағалаудағы қамалдарға арқа сүйеп кубалықтарға қарсы әрекет еткші жаяу әскерді және арал жағалауларын күзетуге жарады. Сервер абайсызда оны ашық теңізге шығарып жібереді. Американ кемелері оны жолда қолдарына түсіреді. 3 шілдедегі ұрыста Сервер эскадрасы талқандалады. Американдықтар жақтан 1 адам қаза тауып, 10 адам жараланады.
Куба толығымен метрополиядан оқшау қалды. Аралдағы испан әскері өзінің тығырыққа тірелгенін сезінді. Оның командирлері енді қарсылысу жөнінде ойламады. Американдықтар, керісінше, теңіздегі жеңіске масайрап жүрді. Испан гарнизоны капитуляцияланды. 12 тамызда олардың аралдағы қимылдары тоқтатылды. 14 күні американ әскерлері мен филиппин көтерілісшілері Манилаға ие болды. Соғыс бұл аймақта да тоқтады. Бейбіт келіссөздер басталды.
Испания мен АҚШ арасындағы бейбіт келісімге 1898 жылы 10 желтоқсанда қол қойылды. Испания Кубадағы және Вест-Индиядағы басқа да аралдық иеліктеріндегі және Гуам аралдарындағы иеліктеріндегі құқықтарынан бас тартты. АҚШ-на Филиппин аралдары өтті, ал ол үшін Испания 20 млн. доллар алды.
Келісімшартта Кубаның тәуелсіздігі жайлы, аралдағы американ әскерінің болу мерзімі жайлы сөз қозғалған жоқ. Американдықтар өздерін жаулап алынған елде жүргендей сезінді. Куба азат ету әскеріне испандьгқтар тастап кткен жерлерге енуге тыйым салынды. Аралды толық бағындыру мақсатымен АҚШ кубалық карулы күштерді таратуға бел байлады.
Куба әскері мен халқының американдық «жаңа» басқыншылардың саясатына наразылығы көтеріліске оңай үласып кете алар еді. Вашингтондағылардың мазасы кетті. 1899 жылы президент Маккинли аралға өзінің эмиссарларын жіберді. Ол генерал Масимо Гомесқа жуық арада аралдағы американ әскерлерін эвакуациялау туралы және түрғындарға өз тәуелсіздіктерін мойындауға құқық беру туралы жарлық шығатынын айтты.
АҚШ Кубаға өз әскерін енгізу үшін соғыс жариялады. Испаниямен келісімге отырып ол қағаз жүзінде бұған құқық алып аралдағы оккупацияны еш қиындықсыз жүргізді. Куба әскері таратылған соң американ оккупациясы айдан анық болды. Америка Құрама Штаттарына тәуелсіз егеменді Куба республикасын құру енді мүмкін емес еді. Париж келісімінің мазмұны АҚШ білгеннен кейін американдықтардың көпшілігі аң-таң болды: Кубаны азат етуге арналған соғыс шын мәнінде Атлант және Тынық мұхитындағы тағы бір американдық отардың пайда болуына әкелді. Американдықтардың прогрессивті өкілдері бүл жағдайды сынға алды.
Келісім шарт 1899 жылы 6 ақпанда тек 2 дауыс артықшылықпен ғана ратификацияланды. Нәтижесінде, пуерторикалықтар мен филиппиндіктер тағы да отарлық езгіге түсті, ал Кубаның тәуелсіздігі тағы да шешілмеген мәселе болып қала берді.
Филиппин халқы өз еліндегі американ тәуелсіздігін мойындамады. 1902 жылға дейін созылған жаулаушыларға қарсы күрес басталды. Оны басу үшін американдықтардың қылығы Вейлерден кем түспеді.
Кубаны оккупациялай отырып американдықтар өз каржысының Кубаға еркін енуін қамтамасыз етіп бүкіл Куба экономикасын өз бақылауына алды. Осыдан кейін Кубалыктарға өз конституциясын құрауға рұқсат беруге және американ әскерін Кубадан шығаруға уәде берді. 1901 жылы 14 ақпанда Конституция мәтіні қабылданады. Бірақ 25 ақпанда АҚШ конгресінде сенатор Плато АҚШ пен Куба арасындағы қатынастардың шарттары туралы ұсыныс жасайды. Сондықтан бұл ұсыныс тарихта «Платтаның түзетулері» деген атпен қалды. Конгрес оны 1901 жылы 2 наурызда қабылдап, сол күні президенттің қолдауына ие больш, 1903 жылы 22 наурызда АҚШ пен Куба арасындағы келісімге қол қойылған соң күшіне енді.
АҚШ-тың түзетулерінің шарттары бойынша Кубаның сыртқы саясатына бақылау орнады, оған Американың санкциясынсыз шет елдік державалармен келісім шарттар жасауға және олардан қарыз алуға тыйым салынды. АҚШ оның ішкі саясатындағы да тізгінді өз қолына алды. Елдің ішкі тыныштығына зиян деп тапқан кез-келген бүлікті американдық полиция тәртіпке келтіруге міндеттенді. Куба Америкаға әскер теңіз база құру үшін өз территорияларының кейбіреуін жалға беруге міндеттенді. Іс жүзінде Кубаның үстінен Американ протектораты орнады.
Кубаның құрылтай жиналысы «Платта түзетулерін» Куба конституциясына қатысы бар деп тауып қабылдаудан бас тартты. Бұл жағдайда Вашингтондағылар оккупацияны созамыз деп қорқытты.
«Платта түзетуі» және Кубадағы американ капиталының үстемдігі елді АҚШ-ның жартылай отарына айналдырды. Өз үстемдігін пайдаланып американдықтар Кубадағы президент сайлауын бақылады. Өздеріне сенімді Эстрада Пальменің жеңісін қамтамасыз етті. 1902 жьтлы 24 ақпанда ол Куба республикасының президенті болды. 20 мамырда елде Куба жапауы желбіреді. Американ әскері аралды босата бастады. Алайда, Куба халқына толыққанды бақытқа кенелу үшін әлі ұзақ күресу керек еді.
Испаниядан Филиппинды, Пуерто-Рико мен Гуамды тартып алып АҚШ бөлініп қойған әлемді қайта бөлісуге кірісті. АҚШ үшін испан-американ соғысы «үлкен таяқ» саясаты мен «доллар дипломатиясының» бастамасы болды.
Әлемді қайта бөлісу үшін күрес барысында АҚШ тек қана Испаниямен ғана емес басқа да империалистік державалармен кақтығысты. Бұл қақтығыстар испан-американ соғысын кеңейтпесе де, державалар арасындағы бәсекелестікті ушықтырды.
Испан-американ соғысы, сонымен қатар, Самоа мәселесінің шешілуін тездетті. 1899 жылы желтоқсанда (АҚШ, Англия, Германия) үштік протектораты тоқтатылды; аралдар Германия мен АҚШ арасында өзара бөлінді. Германия ең үлкен Уполу мен Саваи аралдарын иемдендіү АҚШ Тутуилу мен шығыс ендіктегі қалған аралдарды иемденді. Англия Германиядан компенсация ретінде Тонган мен Соломон аралдарының бІр бөлігін, батыс Африкадағы кейбір территорияларды алды.
Латын Америкасының нарығына ең алғашқы болып және ең терең енген Англия болды. Францияның 1861-1867 жылдары Мексикада орын тебемін деген талпыныстары жүзеге аспады. Испанияның Америкадағы бұрынғы отарларының бір бөлігін болсын өзіне қайтарамын деген үміттері де зая болды. Америка Құрама Штаттары ешкімге дес берер емес.
АҚШ-тың оңтүстікке экспансиясы оның мемлекеттік еркіндігін алмай жатып ақ басталған. 1803 жылы Луизиана сатып алынды. Латын Америкасындағы еркіндік үшін соғыс жылдары АҚШ көтеріліске шыққан испан отарларының бір бөлігін басып алған. Кейіннен олар Мексиканың көптеген территорияларын басып алды. 1823 жылы Монро доктринасы жарияланғаннан кейін ол басқыншыларының негізгі идеологиялық құралы болды. «Америка американдықтар үшін» деген сөздің астарында «АҚШ үшін» деген ой жатты.
Азамат соғысынан кейін экономикалық тұрғыдан әлденіп алған АҚШ Кариб бассейніндегі ағылшындықтарды ығыстыра бастады. 1879-1884 жылдары Тынық мұхитындағы соғыс кезінде олар оңтүстікке қарай орнықпақ болды. Соғыстың бірінші кезеңінде АҚШ дипломаттары Перу жағалауларындағы чили флотының әрекеттеріне қарсы наразылықтар ұйымдастырды. Мұнымен ол американдықтар үшін Оңтүстік Америкадағы саудаға жол ашпақ болды.
Такна мен Арикадағы перуліктердің жеңіліс табуы чилиліктердің басымдылығын көрсетті. АҚШ барлык жерлер чилиліктердің қолында (яғни ағылшындықтардың) қолында қалуы әбден мүмкін екенін жете түсінді. 1880 жылы 22 қазанда Перудегі американдық елші Христианси арадағы елшілік қызметін атқарды. Ол Африканың маңында орналасқан американдық әскери кемеде соғысушы жақтардың өкілдерін жинады. Бейбіт келісім туралы сөз қозғалғанда Христианси Гарси Кальдеронның жаңа үкіметіне АҚШ Перудің бөлшектенуіне жол бермейтіндігін айтты. Христиансидің орнын басқан Хэрлбат та осы жолды жалғастырды. Хэрлбаттың жеке мүддесі американдықтардың мүдделерімен байланысты. Бұл капиталистер Перу мен Боливияның әлсіздігін және оның АҚШ-қа арқа сүйеп отырғанын пайдаланып, «Перулік компания» құрудың жобасын жасады. Оның қолына перулік және боливиялық селитралар және Чили оккупациялаған территориялардағы гуано қоры өтуі керек болатын. Бұл алаяқтыққа мемлекеттік хатшы Блейн де қатысты. Гарсия Кальдерон перулік жерлердің кейбір бөлігін Чилиге өткізетін құжатқа қол қоюдан бас тартты. Чилилік әскери басқарма оны қамауға алды. Американдық дипломаттардың бұл мәселеге араласуы чилиліктерді жэне олардың артында тұрған ағылшындықтардың ызасына тиіп, Перу мен Боливияның жағдайын одан әрі ушықтырды.
Вашингтондық саясаткерлердің Чилидегі сәтсіздігі олардың сағын сындырмады. 1889 жылы АҚШ-тың ұсынысы бойынша бірінші американаралық конференция шақырылды. Мемлекеттік хатшы Блейн бұл конференцияны шақырудьщ негізгі мақсаты келешекте АҚШ-тың Латын Америкасындағы билік етуі екенін ашық айтты.
Алты жыл ғана өткеннен кейін АҚШ-тың келесі мемлекеттік хатшысы Олни Монро доктринасының жаңа нұсқасын ұсынды: «Қазіргі таңда АҚШ осы құрлықтың толыққанды иесі боып табылады, ал оның әрбір іске араласқандағы әрекеттері заңды болып табылады. Неге? Оларға таза достық пен мейірлі қарағандықтан емес. Олар жоғары өркениетті мемлекет болғаннан кейін немесе АҚШ-ның әрекеті әділеттілікпен сипатталатындықтан емес. Мәселе мынада, жоғарыда айтылған себептермен қоса, АҚШ-тың оқшаулы позициясы оны жағдайдың қожайыны болуға себепкер болады».
1898 жылғы испан-американ соғысы кезіндегі АҚШ-тың жетістіктері оны бүкіл әлемге өз экспансиясын кеңейтуге итермеледі.
Рузвельттің «Үлкен шоқпар» саясаты және АҚШ-тың Орталық Американың Кариб бассейніне қарулы интервенциясы.
Америка президенттері Рузвельт пен Тафттың Латын Америкасына байланысты саясаты ерекше қатал болды. Оның үстіне олардың ешқайсысы өздерінің империалистік ойларын жасырмады. 1904 жылы Рузвельт былай деп жариялады: «АҚШ-тың батыс жарты шардағы Монро доктринасын қабылдауы оларды халықаралық полицияның міндеттерін атқаруға міндеттейді» Президент Тафт мұны былай толықтырды: «Біздің сыртқы саясатымыз біздің капиталистер мен саудагерлердің өз капиталын тиімді инвестициялауы үшін белсенді араласу саясатын батыл түрде жүргізеді». Бірінші президенттің саясаты «Үлкен шоқпар» саясаты деген атқа ие болса, екінші саясат- «доллар дипломатиясы» деп аталды.
«Доллар дипломатиясы» және АҚШ-тың Латын Америкасы елдеріне экономикалық енуі. «Үлкен шоқпар» саясаты Латын Америкасына империалистердің капиталын еш тосқауылсыз енгізуді, және оның игіліктерін иемденуді қамтамасыз ету үшін жүргізілді. «Доллар дипломатиясы» Американ капиталының қауіпсіздігігінен қамтамасыз ету үшін жүргізілді.
«Үлкен шоқпар» саясаты мен «Доллар дипломатиясының» қалай жүргізілгенін АҚШ пен Никарагуа қатынастарынан көруге болады. АҚШ бұл мемлекет арқылы мұхитаралық канал жүргізу туралы келіссөздерді ұзақ жүргізді. Англия бұл келіссөздердің бітпеуіне ат салысты. 1903 жылы Панама Республикасының құрылуы АҚШ-тың Никарагуа экономикасына тосқауылсыз енуіне себебін тигізді. Республика территориясында елдің ауылшаруашылығының негізгі саласы-банан өсіруді қолға алған американдық «Юнайтид Фрут компани» компаниясы қызмет етіп жатты.
Никарагуаның президенті либерал Хосе Сантос Селайя американ экспансиясына шамасы келгенше тосқауыл қоймақ болды. 1909 жылы АҚШ-тың көмегімен Эмилиано Чаморро бастаған антиүкіметтік қастандық жасалды. Ол көтеріліс үйымдастырды. Оның қарулы отрядында бірнеше американдық мамандар да болды. Оның екеуі әскери қимылдар болып жатқан жерге кетіп бара жатқан, құрамында 300 үкіметтік әскердің адамдары болған кемені жарып жіберді АҚШ-та антиникарагуалық компания басталды.
Интервенция қаупін жою үшін Никарагуа президенті жұмыстан кетті. Оның орнына 1910 жылы Хосе Мадрис келді. Оның күштері Блуфилдс қаласындағы қарсыластардың негізгі базасын қоршады. Сол кезде жақын маңдағы американ кемелерінен десанттар келіп түсті. Бұл жағдайда қалаға басып кіруді жалғастыру АҚШ-қа соғыс жариялау деген сөз еді.
Мадрис бұл жағдайдан шығу жолын таба алмай биліктен кетіп, орнына конгресс мүшесі Хосе Долорес Эстрада келді. Эстрада бүлікшілердің жетекшілерінің бірінің ағасы болды және ол АҚШ-пен қақтығысқа баруды қаламады. Көп ұзамай бүлікшілер астананы алды. «Жеңімпаздар» арасында билік үшін күрес басталды. 1912 жылы тамызда АҚШ-тың теңіз әскері Никарагуа территориясына тәртіп орнату үшін келді. Жаңа президент Адольфо Диас Құбыр қүрылысына және американдықтарға сауда жеңілдіктерін беруге қатысты шарттарына көнгеннен кейін ғана, 1913 жылы қаңтар айында әскерлер территорияны босатты. Мұндай көнпіс басшыны қолдау үшін Никарагуаға қарыз берілді. Оның көлемінің көп болуы және пайыздық өсімінің соншалыты жоғары болуы Никарагуаны АҚШ-қа тәуелді етті.
Осы кезде 1914 жылы Панамада мұхитаралық кұбырдың құрылысы аяқталды. Бұл канал АҚШ үшін Орталық Америкаға экспансия жүргізуге жаңа мүмкіндіктер ашты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Латын Америкасына экспансия жөнінен АҚШ (1069 млн.долл) Англиядан (1148 млн.долл) қалып отырды.
1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыс Латын Америкасының Еуропамен дәстүрлі байланыстарын үзді. Кофенің, еттің, мыстың экспорт мөлшерінің азаюы осы тауарларды сататын елдердің экономикасын құлдыратты. Экспорттың, өндірістің мөлшері азайды, инфляция мен жұмыссыздық күннен күнге артты. Бұл екі жылға созылды. Соғыстың алғашқы жылдарында антиағылшындық және антиамерикандық ықпалдың әсерінен Латын Америкасы елдерінде прогермандык көңіл-күй қалыптасты. Алайда, немістер бастаған теңіз астындағы аяусыз соғыс бұл жағдайды өзгертті. Бұл соғыс Еуропа мен сауда коммуникациясын бұзды, АҚШ-пен экономикалық байланыстардың нығаюына сәйкесінше Латын Америкасы өміріндегі АҚШ рөлінің артуына әкелді. Сондықтан 1917 жылғы 6-сәуірде АҚШ Германияға соғыс жариялаған кезде Латын Америкасының көптеген елдері бұдан үлгі алды. Ең алдымен бұл АҚШ-қа неғүрлым тәуелді Орталық Америка мемлекеттері болды, олардың ішінде тек Сальвадор ғана Германияға соғыс жариялаудан бас тартты. Одақтастар жағына Куба мен Бразилия шықты. Перу, Боливия, Уругвай, Эквадор және Доминикан республикасы Германиямен дипломатиялық қатынастарды тоқтатты. Қалған мемлекеттер бейтараптылық сақтады.
Егер 1917 жылы сәуірде немістер Бразилияның үлкен кемесі «Парана» мен бірнеше кішкене кемелерін суға батырмаған жағдайда Бразилия да бейтараптылық сақтар еді. Бұған жауап ретінде маусым айында Бразилия порттарында 46 неміс кемелері қолға түсірілді. 26-қазанда соғыс жарияланды. Бразилия бұл соғысқа белсенді қатысқан жоқ. Айналып келгенде, олар тек одақтастарды кофемен, қантпен, етпен, каучукпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті, Оңтүстік Атлантикадағы Бразилия әскери флотының кемелерін жэне олардың ағылшындықтар жүргізген теңіз операцияларына қатысуын қадағалады.
Соғыс кезінде АҚШ Батыс жартышарды немістердің басып кіруінен қорғаймыз деген сылтаумен Латын Америкасы елдеріне бірқатар әскери интервенция жүргізді.
1914 жылы Мексикаға бірінші интервенция жасалған кезде АҚШ өзінің теңіз әскерін Гаитиға жіберді. Олар өз қимылдарын қауіпсіздік қажеттілігі деп түсіндіріп, бұл операцияны онсыз да тәуелді жергілікті үкіметті өзіне бағындыру үшін пайдаланды. Алдымен олар американдықтарға Гаитиға қаржы экономикалық бақылауды орнатуды тапсырды. Себебі, Ақ үй бұл мемелекетті өзінің сауда міндеттерін орындамайды деп тапты. Шын мәнінде, олар Гаитидағы француз капиталын ығыстырмақ болды.
Екінші интервенция 1915 жылы шілдеде Гаитида үкіметке қарсы бүлік басталған кезде жүргізілді. Американ әскері елде «тәртіп орнату» үшін келді. Американ әскерлері бақылауды өз қолдарына алып, елдегі АҚШ-тың билік етуін созбақ болды. Бұл Гаитиды 1915 жылы қарашада күшпен қабылдатқан келісімшартта көрініс тапты. Мемлекеттің оккупациясы 1934 жылға дейін жалғасты.
Бұған ұқсас жағдай Доминикан Республикасында да болды. Ол тіпті 1905 жылы АҚШ интервециясына ұшыраған. 1907 жылы оның үкіметі елді протекторат жағдайына қалдыратын келісімшартқа отырды. 1916 жылы шетелдіктерге тәуелділіктің әсерінен бой алған кедейшілікке деген наразылық көтеріліске ұласты. Тағы да Гаитидегі жағдай сияқты АҚШ қорғаныс мақсаттарымен деп елге өз әскерін енгізді. Елдің үкіметі Американ офицерлерінен құралды. Оккупациялық режим 1924 жылға дейін жалғасты.
Соғыс Латын Америкасы елдерін Еуропа нарығынан үзіп, осы елдегі жергілікті өнеркәсіптік өндірістің өсуіне себепкер болды. Мысалы, Бразилияда 1920 жылы өндіріс орындарының саны 13336-ға жетті, ал ондағы жұмыскерлер саны 275512-ге жетті. Өндірістің территориялық орналасуында айтарлықтай өзгерістер байқалды. Озық технологиялармен жабдықталған және жұмыскерлер саны көп ірі өнеркәсіп орындары пайда болды. Бұл орындарды бу мен ағын судың энергиясын электр энергиясы алмастырды.
Халықаралық қақтығыстардың шиеленісуі
Еуропадағы соғысты Американ буржуазиясы өз мүддесіне пайдаланды. 1914 жылдың аяғына таман АҚШ-тың өндірісінің көлемі артты. Өнеркәсіптік өнім ай сайын өсті. Әсіресе жарылыс заттарын шығаратын химия өнеркәсібі дамыды. 1915-1915 жылдары оқ-дәрі зауыттары айына 30 млн. фут (1913 жылы 500 мың фут) шығарды. Әскери жеткізілімдер американ капиталистеріне көп пайда әкелді. Біртіндеп алтын қоры Еуропадан Америкаға тасымалданды. Американдық капиталистері АҚШ-қа құйылған Еуропа банктеріне тиесілі бағалы қағаздардың көп мөлшерін сатып алды.Тіпті соғысушы жақтарға, ең алдымен, Антанта державаларына несиелер ұсынды. 1917жылы сәуірге дейін Антанта елдері АҚШ-тан 2 млрд, доллар, ал Германия — 20 млн. долларға жуық несие алған.
Қаржылық капиталдың беделді өкілдері Германия қуатының артуынан қауіптенді. АҚШ-та Германиямен еркін сауданы сактап қалуға тырысқан монополистік топтар болды. Олар президенттен Ағылшын блокадасына қарсы әрекет етуі талап етті, тіпті оны конгресте қаруға эмбарго жүргізумен қорқытты. Алайда Вильсон үкіметі Антантамен тығыз қатынастағы ірі Морган, Дюпон сияқты монополистердің компанияларымен байланысты болды.
1917 жылы Вильсон елдің экономикалық жагдайын түзейтін шаралар жүргізді. Ірі монополиялар басқарған бірқатар мекемелер құрылды. Бұл ұйым ел экономикасын әскери жолға ауыстырумен айналысты. «Экономикалық реттеу» АҚШ-тағы мемлекеттік-монополистік капитализмнің қалыптасып келе жатқанының айғағы болды.
Еуропалық соғысқа деген елдің қатынасы елдегі ішкі қайшылықтарды шиеленістірді. Соғысқа мүдделі орта буржуазиялық баспаны, шіркеуді, университет кафедраларын кеңінен пайдаланып, милитаристік үгіттеу жүргізді. Пацифистік орта бейтараптылық сақтауға шақырды.
Еуропалық соғыстың әсерінен американдық социалистерінің арасында сызат пайда болды. Көшбасшысы Юджин Дебс болған коммунистік партияның сол қанаты соғысты империалистік деп сынады. Дебс соғысқа қарсы үгіттеу жүргізді. Социалистік партияның сол қанаты 1915 жылы социалистік үгіттеу Лигасын құрды.
Социалистік партияның Хилквит, Бергер сияқты өкілдері пацифистік ұсыныс жасады. Бұл жағдай соғыстың сипаты мен билеуші таптың саясатын дұрыс түсінуге жол бермеді. Басшысы Гомперс болып табылатын Американың еңбек федерациясы ғана үкімет саясатын колдады. 1917 жылы наурызда Американ еңбек федерациясының конференциясында Гомперс оң социалистермен бірлесіп соғыс басталған жағдайда үкіметті қолдау жайлы резолюция қабылдады.
1915 жылы әсіресе, 1916 жылы американ өнеркәсіп орындарында наразылық танытушылардың саны артты. Осы екі жыл ішінде 2 млн. адам қатысқан 5000 бүлік тіркелген.
Американ — герман қатынастарындағы алғашқы дағдарыс 1915 жылы жазда герман су асты кемесі 128 американдық қаза тапқан жолаушы кемесін суға батырғаннан басталды. Президент Вильсон Берлинге өзінің қатты наразы болғанын жеткізді. «Луйзитиана» сияқты құрамында американ жолаушылары болған «Арабик», «Сассекс» параходтарының суға кетуі ауа райын одан ары бұзды. Вильсон әскер мен флотын кеңейту үшін қолайлы жағдай деп тапты.
1915 жылы желтоқсанның басында Вильсон өзінің жаңа әскери бағдарламасын ұсынды. «Қорғанысқа дайындық» әрбір американ азаматының парызы болып жарияланды. Бұрынғы президент Рузвельт жастарға арналған алғашқы әскери лагерьлер ұйымдастырды.
Империалистік соғыстан империалистік бейбітке қарай бетбұрыспен байланысты 1916 жылғы халықаралық жағдайдағы өзгеріс АҚШ-тың әлемді қайта бөлісуден құр алақан қаламын ба деген қаупін тудырды. Антантаның жеңісіне деген американ буржуазиясының экономикалық мүдделілігі АҚШ-тың соғысқа араласуға деген талпынысын тездетті. Алайда, Вильсон көптің көзіне соғысты қаламайтын адам болып көрінгісі келді. Германияның 1917 жылы 1 ақпанда теңіз астылық соғыс жариялауы Вильсонның жұмысын жеңілдетті. 2 ақпанда АҚШ үкіметі Германиямен дипломатиялық қатынастарды үзді. Герман дипломаттарының әрекеттері де Вильсонға пайдалы болды. 16 қаңтарда герман сыртқы істер министрі Циммерман Мексика үкіметіне АҚШ — қа қарсы шабуыл жасау үшін одақтасуды ұсынды. Ағылшын тыңшылары бұл жедел хатты оқып алды. Вашингтонда елде осы жедел хаттың басылымға шығуы елдегі соғыстық көңіл-күйді арттырды. Ресейдегі патшаның құлауы соңғы тамшы болды, себебі, АҚШ-тың жоғарғы топтары мұны Ресейдің соғыстан шығуы деп бағалады.
Нәтижесінде, 6-сәуірде Германияға соғыс жариялаған Вильсон үкіметі бұл әрекетті көптің қалауы ретінде көрсетті. Істің мән-жайын білмейтін кейбір министрлер 1917 жылы көктемде былай деді: «егер президент шұғыл қадамдарға бармаған жағдайда, кабинеттің ресми ортасында қақтығыс болар еді». Іс-жүзінде бұның барлығы алдын-ала ойластырылған еді.
АҚШ-та пролетаризмнің қарқынды өсуіне байланысты ХІХ — ғасырдың соңғы ширегінде пайда болған экономикалық және әлеуметтік мәселелер оның сыртқы саясатқа және халықаралык мәселелерге деген қатынасын өзгертті. Бұл кезеңде АҚШ-тың әлемдік өнеркәсіптік өндірістегі және әлемдік нарықтағы көшбасшылығы айқындала түсті. Нарықты қайта бөліске салудан қашып құтылу мүмкін емес болды.
Экспансиялық жоспарларды жүзеге асыру үшін АҚШ-тың әскері мен флоты жеткіліксіз болды. Сонда милитаристік топтың алдындағы негізгі мәселе әскери-теңіз флотының қарқынды өсу болды.
Америка құрлығында экономикалық және саяси гегемонияға ұмтылған АҚШ панамериканизм қозғалысын шебер пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ бірінші американаралық конференция шақырып, американ республикасының халықаралық одағын құру туралы шешім қабылдады. Бүл Одақтың максаты: өзара экономикалық ақпаратпен алмасу және өз ішінде тұрақты коммерциялық бюро ашу. Кейіннен, 1910 жылы, ол «Панамерикандық одақ» болатынын өзгертті.