Ассемблер пəніІntel процессорлары негізіндегі компьютер архитектурасын оқыған кезде базалық пəн болып табылады. Intel микропроцессорларының программалық моделдеріне түсініктемелер кетірілген. Сондай- ақ операндтарды адресациялау əдістері жəне ассемблер тіліндегі программа құрылымы түсіндірілген. Мұнда ассемблер тілінің негізгі түсініктері, ассемблер тілінде программалаудың қазіргі заманға сай талаптары, соның ішінде DOSжəне Wіndows үшін жүйелік жəне қолданбалы программалау қарастырылған. Соның ішінде MS DOSОЖ үшін жүйелік функциялар жəне Windows қосымшалар үшін API функциялардың түсініктері мен қолдану əдістері келтірілген. Пəннің өңделген оқу-əдістемелік кешені студенттердің алдына «Ассемблер» курсын сапалы жəне тиімді оқып шығу мақсатында жасалған.
Пəннің негізгі мақсаты –ретінде машина – бағытталған программалаудың білімінің негізгі түсініктерін студенттерге жеткізу, сондай-ақ қазіргі кездегі ассемблер тілінде программалаудың жаңа мүмкіндіктерін қолдана алу.
Жоспары: ассемблер тілінің негізгі түсініктері, Intel процессорлар негізіндегі компьютер архитектурасы, ассемблерде программалаудың заманға сай негізгі аспектілері, соның ішінде Windows жəне DOS үшін арналған жүйелік жəне қолданбалы программалау негіздері.
КҮТУ – БОЛЖАМ
Ассемблер пəнінің негізгі міндеті құрылғылармен тікелей жұмыс істеу кезінде тіл мүмкіндігін барынша қолдана білу, белгілі алгоритмдерді тарату, сондай- ақжүйелік жəне қолданбалы есептерді шеше алу.
Пəнді оқып болғаннан кейін студент білу керек:
- Програма жазу стилінің принциптарын жақсы меңгеру;
- Тілдің мүмкіндіктерін құрылғымен тікелей жұмыс істеу кезінде қолдана білу; — Ассемблер тілін оқу жəне практика жүзінде тиімді қолдана білу.
ПƏН БОЙЫНША ТАЛАПТАР
Қатысу: аудиториялық сабаққа қатысу – міндет. Егер студент қандай да бір себеппен сабаққа келе алмаса, ол жіберген сабақтың барлық материалына жауап беруге тиіс.
Аудиториялық жұмыс: Дəрістің жəне практикалық сабақтың уақыты – 50 минут. Сабақ негізінде тəртіпті бұзған жəне сабақ жүргізуге кедергі келтірген студенттерді шығарып жіберуге оқытушы құқылы.
Ұялы телефондар: Сабақ кезінде олар жұмыс істемеу керек.
Үй жұмысы: Міндетті түрде орындалуы керек. Практикалық сабақ кезінде, СӨЖ кезінде оқытушы үй тапсырмасын тексереді жəне балл қояды.Бақылау жұмысы:
- Бақылау жұмысын өткізгенде есептер өтілген материалдарға сəйкес келуі керек.
- Бақылау жұмысына арналған уақыт есеп мөлшеріне байланысты жəне 50 минуттан аспауы керек.
- Əрбір кредитті өткеннен кейін оқытушы аралық бақылау жұмысты жүргізеді. Оқытушы аралық бақылауға СӨЖ-дің материалдарын беруге құқылы.
Курстың саясаты – бұл тьютордың курсты оқыту барысында студентке қоятын талаптаржүйесі:
- сабақтан қалуға болмайды;
- сабық үстінде ұялы телефонды қолдануға болмайды;
- барлық тапсырмаларды өз уақытында сапалы орындау қажет;
- тьютер ұсынған сабақ жоспарын мұқият тыңдап, оған белсенді түрде қатынасуға міндетті; себепті жағдаймен қатыспаған сабағын (деканаттың рұқсатымен) қайта тапсыру тиіс; •өз бетінше кітапханада жəне үйде дайындық жасау керек.
Академиялық этика ережесі:
- тəртіп сақтау;
- тəрбиелік;
- адамгершілік;
- шыншылдық;
- жауапкершіліктің болуы.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Лекцияға қатысу-1 балл
Практикалық сабақ кезіндегі жұмыс min- 0 балл
max- 5 балл Аралық бақылауmin- 0 балл
max- 10 балл СӨЖ — 5 балл
Лекцияға қатысу30 x 1 = 30
Практикалықсабақкезіндегі
жұмыс 15 x 5 = 75Аралық бақылау2 x 10 = 20
СӨЖ 15 x 5 = 75
Семестрдің МБ 30+75+20+75 = 200 балл
Семестрдің МБ – 200 балл