- Эксперттік жүйелерін программалаушылардың алдында тұратын негізгі мәселелердің бірі — білім көрсету. Ілімді түрлі нұсқалармен , модельдермен көрсетуге болады.Көрсету мөдельдері(өсімдік модельі т.б.) І бірінші тарауда сипатталған болатын.Ол-есептің шешуін жеңілдету мақсатында сала білім құрылымды ету тәсілі.Мәселені дұрыс көрсету үшін оның барлық элементтерінің толық көп мәнсіз,артық түрде берілмеуін қатаң қадағалау керек.Осыларды ойластыған кезде шешімді іздеу кеңістігі (есептің мүмкін болатын барлық шешіулерінің жиыны) дұрыс айқындалып есепті шешу қиындығы анықталады және есеп абстрактылы, келісті болып шығады.Бұл дайындалған есеп мәселенітұйық формада тұжырымдау (есепті тұйық формада көрсету)делінеді.Мысалы,”Бүтін натурал Х сандардың жыиынынан (Х құрылымына) х3+8=9x теңдеін қанағаттандытарын сан керек ” есебі тұйық формада берілген.
Эксперттік жүйде бір салаға арналған мәселені(есепті) шешу жеті кезеңнен тұрады:
1.Есеп шаттарының мағынасын айқындау.
2.Есеп шарттарын пайдаланып бірінші қорытынды жасау.
3.Ойын орындау
4.Ойлау
5.Ең дұрыс дегенін көрсетуді,яғни есептің тұйық формада тұжырымдалуын іздеу.
6.Екінші кезеңге оралып есепті жарым – жартылай орындап көру не есепті толық түрде шешу.
7.Шешуді тексеру, оны қорытындылау.
Есепті шешудің бірінші кезеңі – есепті ойлап,мағынасын айқындау (ол адамның өзіне байланысты).
Екінші кезеңде адамның жинақтаған білім пайдаланылады.Мұнда есепте жетпей тұрған шарттарды қосу,шарттар ішінде кездескен ұзын сөздер тізбегін ыңғайлы көрсетулермен (мысалы, графтармен) алмастыру және т.с.с. орындалады.
Үшінші және төртінші кезеңдер-негізгі кезеңдер.Мұнда адам бірінші және екінші кезеңдерге қайтып оралып,есепте еш нәрсе тастап кетілмегенін, қате жіберілмегенін ойластырып, лесептің қиындығын неде екенін анықтап алу керек.Және мұнда есепте орындалып көріліуі тиіс.
Бесінші кезеңде есеп тұйық формада тұжырымдалады. Ол толық,бір мәнді және артық шарттар еенгізілмеген түрге көрсетіледі.Бұл кезеңде нәтижені іздеу кеңістігінің өлшеміне, шектеу қиындығына,мүмкін болған іс-әрекеттер санына сүйене отырып, есептің қиындығында дәлірек бағалауға болады.
Ең жақсы көрсетілуді дайындаған соң алтыншы кезеңде екінші кезеге қайтып оралып оның жарым – жартылай шешімін тауып тауып,ойға салуға небірден толық шешімін табуға болады.
Жетінші кезеңде,яғни ең соңында маман тапсырма берген адамдармен шешімді талқылап,алынған нәтижелердің дұрыстығына,шамамен болса да толықтығына көз жеткізуі тиіс.
Қажет болса,шешім беретін білім қорын жөндеуге не толықтыруға да болады.
Кең ұғымды Эксперттік жүйені зерттеп,дайындау өте күрделі жұмыс.Оны инфармация процедураларын өңдей алатын,тәжрибесі жеткілікті мекемелердің ғана қолға алғаны орынды.
ЭЖ-ні дайындау негізінен бір-біріне байланыссыз алты кезеңнен тұрады:
1.Проблеманы (шешеуді керек ететін келелі мәселені ) таңдау.
2.Түп тұлғалық жүйені дайындау.
3.Түп тұлғаны өндірістік нақты ЭЖ-ге дамыту.
4.Жүйені бағалау.
5.Жүйені түйістіру.
6.Жүйені жан-жақты ету.
Бірінші кезеңде білім жөніндегі инженер басшылығымен проблемалық облыс,есеп(Эксперттік жүйе дайындалатын мәселе) анықталып,Эксперттік маман ізделеді және жүйені дайындау шығыны мен одан түсетін пайда талданады.
Екінші кезеңде бағыттың дұрыстығына көз жеткізу үшін ЭЖ-ның қысқартылған, түп тұлғалық үзіндісінің моделі дайындалған.
Үшінші кезеңде орындалтын әреккеттер:түп тұлғалы нұсқа қанағаттанарлықсыз жұмыс істейтін болса,негізгі нұсқаны Эксперттік мен білім жөніндегі инжененер түп тұлғаны бағалап,оған қандай өзгерістер,қандай қосымшалар енгізу қажеттігін шешеді.
Төртінші кезеңде нәтижелігін тексеру үшін дайындалған ЭЖ-ні тістелеу (орындап қателерін табу),басқарудың тиімділігін анықтау, т.б. арқылы жүйені бағалау жүргізіледі.Бағалау пайдаланушылар,Эксперттік мамандар мен программалаушылар қатыстырылып орындалады.
Бесінші кезеңде Эксперттік жүйе өзі жұмыс істейтін ортада дайындалған басқа программалық құралдармен түйстіріледі.Және.жүйемен жұмыс істейтін адамдар оқытылып үйретіледі.Дайындалған жүйенің пайдалылығын анықтау үшін маман жүйеге нақты есептер қойып,оны осы жұмысты қалай атқаратынын қадағалайды.
Тиімді жұмыс істеу үшін ЭЖ-ні қолда берілгендер қорымен және басқа жүйелермен байланыстырып,түйістіру қажет жұмыстардың бірі.Мысалы,қазіргі кезде қолданып жүрген диагностикамен айналысатын DUFF Эксперттік жүйесі өзінің жұмыс ортасымен жақсы түйістірілген. Жүйе дербес компьютерге бірден келіп түседі де DUFF оларды өңдеп,дәрігерге қажетті кеңесті баспаға басып,шығарып береді.
Алтыншы кезең-жүйені түрлі программалау тілдерін,бао қосымша құралдарды пайдаланатындай ету.
Қорытындылап айтқанда,Эксперттік жүйені дайындауда асығыстық жасауға болмайды.Мысалы,бір проблеманы шешу үшіндайындалатын жүйеге бір Эксперттік маманды қатыстыру жеткіліксіз болуы да ықтимал.Білім қорынтолық,пайдалануға ыңғайлы түрде дайындау оңай жұмыс емес. Ал, егер есепті шешудің дәл алгаритімі болса,оны әдеттегідей шешкен дұрыс.
- 2. Жасанды интелект, Эксперттік жүйе есептерді түрлі сала болуы мүмкін. Мысалы:
1.Дәрігерге науқас кісі келгенде, оған дұрыс диагноз қойып,қажетті дәрі- дәрмек ұсыну.
- Айналада ақша курсы көтерілсе, оның фирмаға әсерін айқындау.
- Өндірістік жұмыстың дамуын талдау.
- Шахмат, шашка ойнауда кезекті жүрістерді таңдап, тиімділерін табу. (Мұнда ай та келетін жайт: казіргі кезде дүние жүзіне белгілі шахмат гросмейстерлерімен шахмат ойнай алатын, тіпті оларды ұта алатын Эксперттік программалық жүйелер дайындалып шықты.)
- Формальды түрде теореманы дәлелдеу.
- Түрлі математикалық есептерді шешу.
Жалпы, адам математикалық есепті жүйесізде шешуі мүмкін. Мысалы, біраз ойландыратын мынадай тапсырманы орындап көріңіздер:
2.5.1. Қаламұшты қағаздан көтермей квадрат-
тың шеттері мен ортасы бойынша орналас-
қан 9 нүкте (1-сурет) арқылы бойынша
төрт түзу кесінділерін тұратын сызық-
тық фрагмент сызып шығу керек.
ЭЖ шеше алатын, шешудің жақсы алгоритімді бар математикалық мысалдардың кейбірі:
2.5.2 *3tgx-4sin2 x=0
2.5.3.теңдеуін қанағаттандыратын бүтін x,n сандарын табу (n-теңдеудің солжағындағы бөлшек мәні бүтін оң сан екенін білдіреді).
2.5.4 тепе-теңдігін дәлелдеу.
2.5.2. sinx=0 және sin2x= теңдеулерінің шешімі.
2.5.3 Сандары: 0,1,2 және 5.
2.5.4Нұсқау.Дәлелдеу тәсілі