Visual Basic тілінде жасақтаудың жинақталған ортасы

VISUAL BASIC ТІЛІНДЕ ЖАСАҚТАУДЫҢ ЖИНАҚТАЛҒАН ОРТАСЫ

Жаңа (Новый — New) бетбелгісіңдегі Standard.EXE ерекшеленген таңбашаны таңдау арқылы СізVisual Basic 6 жобалау ортасына стандартты тәсілмен ену мүмкшдігіне ие боласыз. Мұны Жасақтаудыңжинақталган ортасы (қысқаша IDE) деп те атайды.

Жоғарыда айтқанымыздай Standard.EXE таңбашасын шерту іске қосып Жаңа (Новый — New) бетбелгісін таңдағаннан кейін экранда жобаның Басты панелі пайда болады. Ол Visual Basic 6 ортасында жаңа жобаны жасақтау үшін қызмет атқарады.

Әрине Сізде терезелердің орналасуы (бір немесе басқа терезелердің болуы немесе болмауы) басқаша болуы мүмкін. Бүған Сіз әбігерленбеңіз, өйткені Басты панельде терезелерді қалай орналастыру және ашу Сіздің билігіңізде екендігіне жақын арада көзіңіз жетеді.

Енді осы жасақтаудың жинақталған ортасының құрамды бөліктерін қарастырайық.

Оның жоғарғы бөлігінен, яғни тақырып қатарынан бастайык.

Бұл қатарда мына төмендегідей информация бар:

  • жобаның аты;
  • жоба пішіншің аты.

Егер Сіз «таза парақтан» бастап жұмыс істесеңіз, онда бұл аттар Project 1 және Form1 болады. Бұдан басқа, квадрат жақшада қазір Сіздің қай режімде жұмыс істеп жатқандығыңыз (жобалау режімінде [design] немесс жұмыс режімінде [run]) көрсетіледі. Тақырып қатарының астында Басты мәзір (немесе жай ғана мәзір қатары) орналасқан.

Сізді Саймандар сызгышының кейде Мәзір қатарының астына емес үстіне орналасуы ойландырмай-ақ қойсын, өйткені оларды орын ауыстыру қиын емес. Бұдан басқа Сіз Саймандар сызгышын оп-оңай Саймандар терезесіне айналдыра аласыз. Ол үшін Саймандар сызғышының оң жағына тышқанмен екі per шерту жеткілікті. Ал керісінше пайда болған терезенің тақырыбына екі рет шертсеңіз бастапқы сызғышты аласыз.

Жобаның Басты панеліндегі Саймандар сызғышының астында Сіздің қажет етуіңізге қарай әр түрлі түрге ене алатын үлкен «Аталық» терезе орналасқан.

Осы терезе түрі Сіз Visual Basic 6 жобалау ортасымен алғаш танысқан уақытта көргеніңізбен дәл келеді. Бұл Visual Basic 6 ортасының бастапқы конфигурациясы деп аталады.

Жобаның Басты панелі ауданыньщ үлкен бөлігін Басты панельмен «түтасып» кеткен Пішін терезесі алып жатыр. Осы терезені басқарушы үш батырма Мәзір қатарының оң жағында Басты панельдің жоғарғы бөлігіне орналасқан. Осы батырмалардың екіншісі Қалпына келтіру (Restore) батырмасын шертіп берілген терезені жобаның Басты панелінен оны «өз бетінше өмір сүретін» терезе етіп бөліп алуга болады.

Басты панельге түйістірілген жобалау ортасының қалған терезе­лерінде «өз бетінше өмір суретін» терезеге айналдыруға болады.

Терезелерді түйістіру (ағылшынша docking) деп бірнеше терезе­лер­ді бір терезеге біріктіруге мүмкіндік беретін Microsoft компания­сы­ныңжаңа стандартын айтамыз

Түйістірілген терезелерді ажырату үшін осы терезелердің әр-қайсысының тақырып қатарын тышқанмен «үстап» алып оны Басты панельдің ортасына қарай «сүйресек» жеткілікті. Қалай қарай «сұйрегенде» дүрыс болатындығын Сіздер жұмыс барысында көретін боласыздар.

Мына төменде терезелері жеке-жеке ажыратылған жобаның Басты панелі корсетілген.

Терезені не Басты панельге, не басқа терезеге түйістіретін кері оцерацияны жүргізуге болады.

Ол үшін осы терезенің тақырып қатарын тышқанмен «устап алып» Басты панельдің қандай да бір шетіне немесе өзара түйіскен екі терезенің шекараларына тасымалдау қажет.

Енді Мәзір қатарының және Стандартты саймандар сызғышы-ның қүрамын және атқаратын кызметін қарастырайық.

БАСТЫ МӘЗІР

Басты мәзір деп Visual Baste 6 ортасы терезесінің жоғарғы жагында орналасқан мәтін қатарын айтады. Оның қүрылымы Windows операциялық жүйесінің басқа қосымшаларының мәзірлеріне өте үқсас.

Мәзір қатары әрқайсысы осы мәзірдің пункттерін білдіретін командалардан түрады. Ол командаларга мыналар жатады:

  • Файл (Файл ~ File);
  • Түзету (Правка — Edit);
  • Түрі (Bud-View);
  • Жоба (Проект — Project);
  • Пішім (Формат — Format);
  • Жөндеу (Отладка -Debug);
  • lcкe қосу (Пуск — Run);
  • Сұрақ (Вопрос — Query);
  • Диаграмма (Диаграмма — Diagram);
  • Саймандар (Инструменты -Tools);
  • Модульдер (Модули —Add-Ins);

>Терезе (Окно — Window); :

> Көмек (Помощь — Help).

Көптегенпункттер Сізге Microsoft компаниясының басқа Қосымшаларымен жұмыс істегендіктен таныс болуы мүмкін. Әрине пункгтің атындағы асты сызылған әріптің нені білдіретіндігін білетін шығарсыз. Бұл қандай да бір себептермен тышқан істемей қалғанда осы пунктке пернетақтамен қалай қатынас жасау керектігін көрсетеді, яғни Сіздер Alt+<Aсты сызылған пернелерінің қисынын (комбинациясын) пайдаланасыздар.

Мәзір қатарынан төмен орналасқан қатарда, яғни Стандартты саймандар сызғышында ең жиі пайдаланылатын мәзір командаларының қызметін қайталайтын батырмалар бейнеленген. Visual Basic 6 Басты мәзірі Microsoft компаниясының басқа қосымшаларындағыдай (мысалы, Microsoft Word 2000 мәтіндік редакторындағыдай немесе Microsoft Excel 2000 электрондық кестесіндегідей) үйымдастырылғандықтан және солар сияқты жұмыс істейтіндіктенкөптеген командалардың қызметін Сіз бұрыннан білесіз.

Басты мәзірдің негізгі командаларын қарастырайық.

Файл (Файл — File) мәзірінде жобадағы файлдарымен жұмыс істеуге арналған комаңдалар топтастырылған. Осы ко-мандаларды пайдалана отырып жаңа жобаны жасау, өзгерістер үшін жобаны ашу, бірнеше жобалармен параллель жұмыс істеу үшін жобаны қосу немесе пішінді бір жобадан басқа жобаға көшіру т.с.с. әрекеттерді орындауға болады.

Тузету (Правка-Edit) мәзірінде редакциялауға арналған командалар бар. Олардьщ кейбіреулері Microsoft компаниясының басқа қосымшаларындағы осыларға үқсас, мысалы, алдынғы команданы болдырмау, алдыңғы команданы қайталау, мәтін үзіндісін кесіп алу, үзіндіні алмасу буферіне көшіру командаларына сәйкес келеді. Осы мәзірдің қүрамында деректер қорындағыдағы кестелер­мен жұмыс істеуге арналған командалардың бүтіндей бір жиыны бар: өріс қосу және жою, деректер базасының кестесінде бірінші кілтті тағайындау.

Түрі (Вид – View) мәзірінің құрамында Visual Basic 6 ортасының терезелерін және саймандарды шақырушы командаларбар.

Жоба (Проект-Project) мәзіріңде жобаны және оның элементте­рін басқару командалары топтастырылған. Олар пішін, программалық модуль, класс сияқты, жоба элементгерін жобаға қосуға және одан алып тастауға мүмкщдік береді. Берілген мәзірдің командаларының көмегімен Сіз қосымша қасиеттерінің терезесін ашасыз, кітапхананы іске қосатын сілтемені, элементтер панеліне қосымша саймандарды (қүрауыштарды) қоса аласыз.

Пішім (Формат — Format) мәзірінде пішіндегі объектілерді пішімдейтін командалар бар.

Іскеқосу (Пуск — Run) мәзірінің комаңдалары қосым­ша­ны іске қосуды басқару үшін пайдаланылады. Берілген мәзірдің ко­маңцасын пайдаланаотырып,қосымшаны компиляциядан немесекомпиляциясыз және оның орындалуын тоқтатып немесе үзіп іске қосуға болады.

Диаграмма (Диаграмма-Diagramm) мәзірінде деректер қоры-кұрылымын бейнелейтін диаграммаларды салушы командалар топтастырылған.

Саймандар (Инструменты-Tools) мәзірінің командалары Visual Basic 6 ортасының саймандарын баптауды басқарады. Олар процедураларды қосуға және оның тол белгілерін (атрибутта­рын) анықтауға, Мәзір редакторының терезесін шақыруға, Параметр­лер (Параметры-Options) сұхбат тсрезесіндегі программалардың баптауын озгертуге, сондай-ақ жобаларды сақтайтын Sourse Safe қоймасын басқаруға мүмкіндік береді.

Модульдер (Модули-Add-lns) мәзірінде модульдер деп жиі аталатын қосымша утилиттерді шақыру командалары бар.

Терезе (Окно -Window) мәзірінде терезелерді басқарушы стан-дарттық командалар бар.

Мәзірдегі қосымшаның терезелерін шақырғанда Терезе (Окно-Window) қосымша терезелерін белсенді ететін сәйкес командалармен толықтырылады. Мұнда терезелерді белсенді ететін командалар ашық терезелердің аттарымен аталады.

Көмек (Помощь – Help) мәзірінде Visual Basic 6 ортасының анықтама жүйесін шақырушы командалар (3.13- кесте) топтастырылған. Осы мәзірдің көмегімен информацияны көрсетудіңәр түрлінүсқасы бар анықтамалық жүйені шақырады. Олардың арасындағы айырмашылык үнсіз келісімбойыншаашылатынастарлы беттен көрінеді.