Объектілер класы, клас даналары және объект үйірлері

ОБЪЕКТІЛЕР КЛАСЫ, КЛАСС ДАНАЛАРЫ ЖӘНЕ ОБЪЕКТ ҮЙІРЛЕРІ

Жалпы қасиетгері және мінезі бар объектілер кластарға бірігеді. Осылайша, класты объектінің сипаттамасы деп, яғни ол қандай болуы және не істеуі керек екендігін білдіретін нақты объектілердің кейбір жалпылануы деп қарауға болады. Егер объект қосымшаларда бар болса, онда класс осы объектілерді олардың қасиеттеріне және мінездеріне қарай, қоршаған ортада олар бар болатын және өзара әсерлесетін, бір топқа біріктіретін абстракция.

ОБЪЕКТІЛЕР КЛАСЫ

Объектілер класы деп аталатындардың базасывда жасалады және деректерді өңдеу ережелерін, әр түрлі жағдайларды және тіптен физи­калық заттарды модельдей алады.

Объектілер класы қасиеттер жиынын, әдістерді және оқиғаларды анықтаушы «шаблондар» болып табылады. Осы шаблондар бойынша объектілер жасалады. Объектілер класы жұмыс істеп тұрған қосымша­да бар болғандықтан кейбір абстракция болып табылады. Мысалы, пішіндегі батырма өзінің барлық нақты қасиеттерімен және әреқетте­рімен CommandButton класының объектісі болып табылады.

Объектілер кластарга біріге алады. Класс дегеніміз әдістер неме­се қасиеттер ортақтығымен сипатталатын объектілердің жиыны.

Visual Bask тіліңде қосымшаның негізгі графикалық интерфейсін жүзеге асырушы объектілер класы болып табылады. VBA тілінде тағы да Windowsd Office ортасында кездесетін жүздеген әр түрлі объектілер класы пайдаланылады. Аталған екі тілде жасалған қосымшаларда да программалық объектілердің кітапханасына, программалаушының өзі жасаған жаңа объектілер класын қосу мүмкіндігі бар. Объектілер кла­сының әрқайсысы, өзіндік арнайы қасиеттер, әдістер және оқиғалар жиынына ие. Мысалы, MS Word 2000 қосымшасында мына төмендегі­дей белгілі жиындарға ие «қүжат» (Document) объектілер класы бар:

  • қасиеттер: аты (Name), толық аты (FullName) және т.е.с;
  • әдістер: қүжатты ашу (Open), қүжатты баспаға шығару
    (Printout), құжатгы сақтау (Save) және т.с.с;
  • оқиғалар: құжаттың ашылуы (Document_New()), қүжаттың
    жабылуы (Document_Close()) және т.с.с.

КЛАСС ДАНАЛАРЫ

Объектілер класының «шаблон» бойыңша жасалған объектісі класс даналары (экземпляры класса) болып табылады және берілген кластың қасиеттерінің, әдістерінің және оқиғаларының түгел жиынына мұрагерлік (наследует) етеді. Кластың әрбір данасының берілген класс үшін класс атынан кейін жақша ішінде кәрсетілетін, бірегей аты болады, мысалы:

Document («Сынау.doc»)

Әр түрлі класс даналары қасиеттердің бірдей жиынына ие, бірақ олардың касиеттерінің мәндері басқаша бола алады. Айтқандай-ақ, MS Word 2000 қосымшасында әр түрлі аттары бар, әр түрлі каталоггарда және т.с.с. сақталатын, бірнеше қүжатгар, яғни Document класының даналары ашыла алады. Мына томенде (4.1-кесте) екі Document класының даналары: С: дискісіндегі Қужаттар каталогында сақталатын Document («СынауАос») және осы дискінің түпкі каталогында сақталатын Document («Сынау.txt») келтірілген.

4.1-кесте.

Объекті-нің аты Объектінің қасиеті және олардың мәндері
FullName (толық аты) Path (жол)
proba .doc С:\Қүжаттар\рroba.doc С:\Қүжаттар\
proba .txt С:\ proba.txt С:\

ОБЪЕКТІЛЕР ҮЙІРІ

Объектілер үйірі дегеніміз бірнеше объектілерді қамтитын жал­ғыз класс даналары болып табылады. Мысалы, MS Word 2000 қосым­шасында ағымдағы уақыт мезетінде ашылған барлық қүжаттар, мына төмендегідей болып таңбаланатын объект үйірін құрайды:

Documents ( )

Жобаға жаңа пішін қоса отырып, Сіз пішін класының «уйірін » жасайсыз. Үйірге енетін объектілерге қатынау, оның аты бойынша немесе индексі бойынша жүргізіледі. Мысалы, құжатқа қатынау оның аты бойынша жүргізіледі: Documents («Сынау.dос»)

Қүжаттың ерекшеленген үзіндісіне (Selection объектісі) енетін барлық символдар Characters () үйіріне енеді. Символға қатынауиндексі бойынша жүргізіледі. Мысалы, Characters (7)

ОБЪЕКТІЛЕР КЛАСЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОҚИҒАЛАРЫ

Объектілср класы өзіне тән объектілердің жалпы белгілерінің тасымалдаушысы болып табылады.

Объектілер класы Объектілі-бағдарланған программалауга негіз болатын мына төмендегідей ұғымдарымен сипатталады:

> Мұрагерлік. Объектілер класына жататын объект, оның барлық қасиеттерін, әдістерін өзіне қабылдайды. Объектілер класындағы объектінің аталық-класының атрибуттарын сақтай алу қабілеттілігін Мұрагерлік (Наследоваиие) дейміз. Мысалы, пішіннің жасалған объектісі өзінің аталық-класының қасиетгеріне және әдістеріне мұрагер болады. Visual Bask 6 жүйесінде объектінің данасын жасау үшін оның кай обьектілер класына жататындығын және содан соң New кілтті сөзін кәрсету керек. Жаңа объект аталық-объектінің қасиеттерін және әдістерін мұраға қалдырады.

  • Иерархия. Барлық объектілеркласы иерархиялық жүйені
    құрайды және бірнеше өзінен жоғарга түрған объектілер класына қарағанда туынды болып есептеледі.
  • Қорап ішінде. Объект әрекеттерінің күрделі механизмін жа-
    сыруды, яғни анығырак. айтқанда, объектінің деректерін және әдістерін сыртқы дүниеден жасыру механизмін Қорап ішінде (Инкапсуляция) дейміз. Программалаушы объектіні ішкі жүзеге асырудың күрделілігінен изолацияланады. Қорап ішінде үғымы объектілі-бағдарланған программалаудың ең бір күшті жағы болып есептеледі.

Атап айтқанда, Қорап ішінде ұғымы жеке ісіңізге сыртқы қатынаудың болуына рұхсат бермейді. Жоғарыда келтірілген Өндірістік корпорация туралы мысалда баяндалғандай әрбір бөлім белгілі шарттарды сақтаушы, сенім білдірілген адамға ғана рұхсат етілетін өзінің жеке информациясымен жұмыс істейді. Объектілер де өзін дел осылай ұстайды. Қорап ішінде болуды Visual Basic тілінде Private кілтгі сөзі қамтамасыз етеді. Осылайша программа модулінің әдістеріне басқа пішіндердің және модульдердің тарапынан қатынау жасауға тиым салынады.

Егер кейбір процедура ашық болуы тиіс болса, онда Sub немесе Function создерінің алдына Public кілтті созі жазылуы керек:

Public Function Format_Disk(Drive As String)

Көптеген модуадердегі процедуралардың Private кілтті сөзімен хабарланатындығын Сіздер алдыңга тараулардан білетін боласыздар.

> Көп пішінділік. Kөп пішінділік (Полиморфизм) деп объектінің
әр түрлі пішіндерді қабылдай алу қаблеттілігін айтамыз. Сіздер объектілердің басқа объектілердің туындысы бола алатындығын білесіздер. Жаңа объект аталық-объектінің қасиетгеріне және әдістеріне мұрагерлік етеді. Көп пішінділік туынды объектінің мінезінің кейбір ерекшеліктерін қосуға, түрін өзгертуге немесе тіптен жоюға мумкіндік береді.

Жоғарыда келтірілген мысалдағы информациялық технологиялар бөлімі өзінің кадрлар бөлімі филиалын (жергілікгі бөлімін) ашуға шешім қабылдады деп ұйғарайық. Филиал негізінен негізгі бөлімнің жұмыс ережелерімен жұмыс істейді, бірақ информациялық техноло­гиялар бөлімінде пайдаланылатын кейбір мұмкіндіктерді пайдалана­ды. Мысалы, кадрлар бөлімі барлық қүжаттарын қағазда сақтайды, ал информациялық технологиялар бөлімі компьютерді пайдалануды жөн санайды. Информациялық технологиялар бөлімі жұмыс графигін сақтаушы немесе ерекше тәртіптілігі үшін программалаушыларға негізгі кадрлар бөлімінің жұмысына жатпайтын сыйлық әзірлеп жатыр дейік.

Информациялық технологиялар бөлімі кадрлар бөлімінің анкеті­не негізделген өздерінің анкет нүсқаларын пайдаланады. Объектілі-бағдарланған программалауда бұл үшін «кадрлар бөлімі»атты класс данасы жасалуы тиіс және оны Информациялық технологиялар бөлімінің ерекшеліктерін ескере отырып өзгерту керек. Бақытымызға қарай біздің жағдайымызда бөлім өз қызметкерлерінің жеке іс қағаз-дарын ғана сақтайды, әрі қағазда емес барлык қүжаттары компьютерде сақталады. Нәтижеде кластардың екеуі де бірдей қасиеттерге және бірдей әдістерге ие болады, бірақ егер Сіз кадрлар бөлімінен жеке іс қағазын сүрайтып болсаңыз, оңда оны Сізге шкафтан әпереді. Информациялық технологиялар бөлімінде дәл сол информацияны компьютерден шығарып аласыз. Объектілі-бағдарланған программалауда мүндай жағдайға көп пішінділіктің (полиморфизмнің) арқасында қол жеткізесіз. Бұдан басқа кез келген бөлімнің қатардағы қызметкері қажет болған жағдайда сол немесе басқа информацияны қайдан алуға болатындығын дәл білетін болады.

ОБЪЕКТІЛЕР КЛАСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ

Объектілер класының әдістері деп оны жобалауда берілетін кластың орындайтыи функционалдық»міндетін» айтамыз. Іс жүзінде олар объектілер класының объектісіне және әрине өзінеқойылатынбарлықфункционалдық талаптарды асырушы процедуралар және функциялар болып табылады.

ОБЪЕКТІЛЕР КЛАСЫНЫҢ ОҚИҒАЛАРЫ

Оқиға деп оның көмегімсн объектілер класы басқарылатын және сыртқы ортаның әсеріне жауап беретін хабарлауды айтамыз. Объекті­лер класыңда барлық оқиғалар оны жобалау барысында анықталады. Келешекте осы объектілер класының объектілерін пайдаланғанда олар объектілер класына сәйкес келетін оқиғаны қабылдайды және генерациялайды. Объектілер класына әp түрлі оқиғалар тиісті және олар әр түрлі кластар үшін әрине бірдей емес, бірақ Visual Basic 6 жүйесінде барлық объектілер класына тән екі арнайы оқиға бар. Олар объектілер класының объектілерін жасау және жою (жумысын тоқтату)оқиғалары.Бұл оқиғаларды да кейін алда қарастырамыз.

ОБЪЕКТІЛЕР ЖИНАҒЫ

Объектілер жинағы (коллекция) деп бір атқа біріктірілген Объек­тіліер жиынын айтамыз. Бірақ бұлар бір объектілер класының объектілері болуы міндетті емес. Коллекция дегеніміз басқару элементтері сияқты т.б. әр түрлі элементтер жиыны. Объектілер жинағының өзі де объект болып табылады. Объектілір жинағы өзінің жиынында әр түрлі басқару элементтерінің және бүтін типті айныма­лы шамалардың болуына мүмкіндік береді.