Дешифратор

Есептеу машинелерінің барлық блоктарында түрлі дешифраторлар кеңінен қолданылады. Дешифратор — бұл кодтық сигналды басқаратын сигнал етіп шығырытын логикалық схема. 16, а суретінде жешифратордың шартты белгіленуі көрсетілген. Дешифратор жұмысының мағынасы — әр бір кіруші сигналдар комбинациясына нақты бір сигналды шығару. Жалпы жағдайда егер n кіруші сигналдар болса шығысында 2n сигналдар сай келеді. Екі кіріспен шектелген дешифратор жұмысын түсіну оңай. Бұл элемент үшін шындық кестесін жасайық:

X1 X2 Y1 Y2 Y3 Y4
0 0 1 0 0 0
0 1 0 1 0 0
1 0 0 0 1 0
1 1 0 0 0 1

Кестеден жақсы көрінііп түр, екі кірісте комбинациялар саны 22, яғни 4 тең, әр бір комбинацияға төрт шығушы сигналдардан біреуі сай келеді. Осындай шындық кестесі төрт теңдеулер жүйесімен баяндалады:

.Y1 = • ,Y2 = •X2 ,Y3 = X1• ,Y4 = X1X2

Осы теңдеулерге суйеніп 16,б суреттегі екі кіріске ие дешифратордың схемасын сызамыз. Осы схемада да біз “және”, “немесе”, “емес” элементтерінің өзін көреміз.

Баяндалған элементтерден басқа ЭЕМ де шифраторлар санағыштары, кодтар алмастырушылары, салыстыру схемалары, түрлі басқару схемалары тағыда көп басқа элементтер қолданылады.Енді қалаған схеманы үш негізгі логикалық схемадан жасаса болуына сенсе болады, бұның үшін құрылғы қандай жұмыс орындауын үғу керек, жұмыс орындау логикасын түсіну қажет, яғни кіруші және шығушы сигналдарының бір біріне сай келуін білу керек, ал кейін қалғаны оңай: шындық кестесі – теңдеу – схема.

Сонымен біз есептеу машинесінің мыйі – бұл түрлі комбинацияларда қайталанатын және барлық түйіндерін және машиненің де жұмысын қамтамасыз ететін көп үш логикалық элементтерінің жиыны екендігіне сендік.

Есептеуден басқа ЭЕМ логикалық амалдарды да орындай алады. Логикалық амалдар сандық, символдық және текстік информациялармен де орындалады. Мысалы, есептеу машинесі тартіпсіз сандар жиынын өсуші немесе кемеюші тізбекке келтіреді, ең үлкен немесе кіші санды ажыратады. Ал символдық немесе текстік информацияны өңдеу үшін оларды алдымен кодтау қажет, яғни екілік сандар жиынына келтіру керек, содан кейін оларды машинемен өңдеуге болады.

Қалаған текст ЭЕМ де ноль және бірлер жиынына айналады. Казірше машинелер “тірі” текстпен істей алмайды, оларды арнайы дайындау, формалдау қажет. Бірақ ЭЕМ нің және программалардың дамуымен машине тілімен табиғий тіл жақындасып келеді.