- Болашаққа жоспарлаңыз. Бірінші және маңыздысы: өз желіңізді болашақта оңай ұлғайтуға болатындай мүмкіндік беретін класты таңдаңыз.
- Бірегейлікке көз жеткізіңіз. Сіздің желіңіздің бағыттауышқа қосылған әрбір сегментінің жеке желілік идентификаторы болуы керек.
- Кейінге сакталған адрестерді қолданбауға тырысыңыз. Олардың кейбіреуі Интернетте IP адрес ретінде дұрыс қолданылмауы мүмкін. Мысалы, А класының 127 желілік адресі диагностикалық мақсатқа сақталған. Кейінге сақгалған адрестер тізімін Internic Web-түйініндегі http//ds.internic.net адресі бойынша табуға болады.
- IP адрес ретінде 0 -дер (0-дерден түратын октет) және 255 (1-лерден түратын октет) сандарын пайдалануға болмайды.
Классыз үлгі
Қолдануға болатын адрестік кеңістіктің тиімділігін арттырудың қажеттігі IP адрестеудің жаңа классыз домен бағыттауыш үрдісін CIDR (Classless Inter-Domain Routing) құруға жағдай жасады. Интернетке қосылган ЖЕЖ-сінде 2000 компьютер бар болсын. Адрестік кеңістікті қосу үшін сізге С класының 8 адресі бір В класы керек. Бірақ В класына 65534 түйін сияды – бұл сіздің қажетіңізден анағұрлым көп. Erep C класының 8 адресін пайдалансаңыз, ол желілерді қосқан кезде, қызметшіақпараттың трафикті толтырып жіберу проблемасы туады.
Басқаша 32-ні екі бөлікке — 21 және 11 түрінде бөлуге болар еді, 211=2046 адрестер, бұл 21 битті бір желі және бағыттауыш кестесіне оған қызмет көрсету үшін бір ғана жазба түседі. Адрестік кеңістікті бөлу процесін жеңілдету үшін бағыныңқы желі маскалары қолданылады.
Анықтама. Бағыныңқы желі — IP адрестің түйін идертификаторын сақтайтын бөлігінен желі идентификаторын сақтайтын бөлігіне бірнеше биттің көшірілуінің көмегімен құрылган желі немесе желі идентификаторы.
Аныңтама. Бағыныңқы желінің маскасы — адрестердегі қанша биттің желі идентификаторы үшін пайдаланылатынын көрсететін 32-биттік адрес.
Желілік маска төмендегі қағидаға сай құрылады:
- Желі нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылған (1).
- Түйін нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылмаған (0).
CIDR үлгісінде жазуды ыңғайлы ету үшін IР адресті a.b.c.d./n,
түрінде көрсетеді, мұндағы a.b.c.d — IP адрес; n – желілік бөліктегі биттер саны. Мысал. IP адрес 137.158.128.0/17 берілген, яғни, бағыныңқы желі маскасындагы 17 бірлік (желі идентификаторы), 15 0-дер (түйін идентификаторы) және ол 255.128. 0.-ге тең.
Егер IP адрес белгілі болса, бағыныңқы желідегі түйін нөмірін қалай табуға болады? Мысалы. С класының IP адрес 205.37.193.134 берілген болса, тұйін нөмірі -134. Енді желіні бағыныңқы желіге 205.37.193.134/26 түрде бөліңіз. Бұл жағдайда түйін адресі қандай?
ІРадрес | Желі идентификаторы | Түйін идентификаторы | |
Бастапқы түйіннің IP адресі |
205.37.193.134 |
11001101.00100101. 11000111. | 10000110 |
бағыныңқыжелінің маскасы | 255.255.255.192 | 11111111.11111111. 11111111.11 | 000000 |
логикалық «Және» операциясының нәтижесі | 205.37.193.128 | 11001101.00100101.11000111.10 | 000110 |
Нәтижесінде бағыныңқы желінің IP адресін 205.37.193.128 аламыз, ал бұл бағыныңқы желідегі түйін нөмірі 6-ға тең.
Үндемей тағайындалатын маскалар:
- А класы үшін 255.0.0.0;
- В класы үшін 255.255.0.0;
- С класы үшін 255.255.255.0.
1— жаттыгу. 255.255.240.0маскалы 132.90.132.5 IP адресі 132.90.128.0/20 желісіндегі нөмірі 4.5-ке тең түйінді анықтайтынын көрсетіңіз.
Бағынынқы желілерді адрестеу мысалы.
NIC сізге 192.168.24.0. IP адресін бөлсін. Сіздің үш желіңіз бар. Осы желіні бағыныңқы желілерге бөлу үшін қандай масканы пайдаланған дұрыс? 255.255.255.224 маскасыұсынылады, себебі бұл жағдайда желі идентификаторының бұл бөлігінде үш бірлік болады, яғни 23-2=6 бағыныңқы желілерді 25-2=30 бағыныңқы желілер түйіндерін адрестеуге болады.
Сонымен бағыныңқы желілерге бөлу қажет:
- Желі қуатына қойылған физикалық шектеулерді жеңу үшін (желілік архитектуралар желідегі түйіндер санына шек қояды);
- Түйіндерді байланыстыру үшін әртүрлі әдістерді қолдану (әртүрлі архитектуралы желілерді бағыттауыштардың көмегімен қосуға болады);
Желілерді бағыныңқы желілерге бөлу кезеңдері:
- Жалпы қажеггі желі идентификаторларының санын
анықтаңыз. Желіні ары қарай ұзарту жайын да ұмытпаңыз. - Әрбір бағыныңқы желі қолдауга тиіс түйіндер идентификаторларының жалпы санын анықтаңыз. Желіге болашақта жаңа түйіндер қосылуы мүмкін.
- Бағыныңқы желінің желі және түйін идентификаторларының қажетті санын қолдауга мүмкіндік беретін бағыныңқы желінің маскасын анықтаңыз.
- Желінің қай идентификаторларының қолданылатынын
анықтаңыз. - Бағыныңқы желілердегі түйіндерге ңдентификаторларды
тағайындаңыз. - — жаттыгу. Д түйінінің IP адресі 202.12.74.37 және бағыныңқы желісінің маскасы 255.255.255.224 тең. Д түйіні IP адресі 202.121.74.66 маскасы 255.255.255.224 болатын Ж түйініне ақпаратты жіберуі керек. Д және Ж түйіндерінің бір бағыныңқы желіде жатқан-жатпағанын және ақпараттың қалай жіберілетінін аныктаңыз.
- — жаттығу. В класының 128.131.0.0 IP адресін алған
компанияда жұмыс істейсіз делік. Қазіргі кезде желінің 45 жеке
сегменттері бар. Тағы да 50 багыныңқы желілер қосу жоспарланған. Түйіндердің максималды санын қолдау үшін қандай масканы пайдаланған жөн?
4- жаттыгу. Компания 9 бөлімнен турады және 130.121.0.0
IP адресін алды. Бөлімдегі 3000 түйінді қолдау қажет. Қандай
масканы таңдаған дұрыс?