Token Ring желілік технологиясы

Token Ring желілік технологиясы

Token Ring желісін алғашында IBM компаниясы 1970 жылы құрған. Қазіргі кезге дейін жергілікті желілерге арналған IBM — нің негізгі технологиясы болып қалып отыр. Әйгілілігі жағынан тек Ethernet-ке жол береді.

Token Ring желісінің негізгі сипаттамалары:

  • дәстүрлі топологиясы сақина
  • басқа топологиялары жұлдызша-сақина
  • беріліс типі таржолақгы

> ену әдісімаркерлік беріліс

> беріліс жылдамдығы4 және 6 Мбит/с
>кабельдік жүйесі UTP және STP

Token Ring желісінде бірінші компьютер жұмыс істей бас­тағанда, желі маркер генерациялайды. Маркер бір компьютерден екінші компьютерге олардың біреуі деректерді жіберуге даярлы­ғы жайында хабарлап, маркерді басқаруды өзіне алғанға дейін сақина бойымен жылжиды.

Анықтама. Маркер дегеніміз — компьютерге деректерді ка­бель бойымен жіберуге мүмкіндік беретін алдын-ала анықталған биттер тізбегі (деректер ағыны).

Маркерді ұстап алған компьютер деректер кадрларын желіге жібереді. Кадр сақина бойымен, кадрдегі қабылдаушының адре­сіне сәйкес адресі бар түйінді тапқанша жылжиды. Компьютер-қабылдаушы кадрді қабылдау буферіне көшіреді де, оның өрісіне ақпаратгың қабылданғандығы жайлы белгі салады.

Кадр сақина бойымен жылжи отырып жіберуші компьютерге жеткенде, ол компьютер берілістің дұрыс өткендігі куәландыра­ды. Бұдан кейін компьютер кадрды сақинадан жояды және оған бос маркерді қайтарады.

Желіде бір уақыт мезетінде бір бағытта тек бір маркер жібе­рі­леді. Маркердің берілісі — детерминистік процесс. Бұл дегеніміз кез-келген соңғы станца беріліске қатысарға дейінгі максималды уақытты есептеуге болатындығын көрсетеді. Token Ring желісі­нің бұл сипаттамасы кідірісті алдын-ала болжауға мүмкіндік бе­реді және желі жұмысындағы орнықтылықтың маңызын арттыра түседі. Бұл желіні қолданудың жарқын мысалдары зауыттардағы автоматтандырылған станцалар болып табылады.

 ІВМ-нің Token Ring станцалар желісі кабельдердің көмегі­мен MAU-ға (Multistation Access Unit) тікелей қосылып -үлкен бір сақиналық желіні құрайды. Кабелдер-ұстатқыштар MAU-ды көр­шілес MAU-мен қосады. Кабельдер-жапырақшалар MAU-ды ста­н­цалармен қосады. MAU құрамында станцаны сақинадан шыға­ру­ға қажетгі реле бар. Сонымен істен шыққан компьютер (немесе қосылыс) Token Ring желісінің жұмысына әсер етпейді. Оған се­гіз компьютерге дейін қосуға болады. Бірақ Token Ring желісі тек сақинамен шектеліп қоймайды, әрбір сақинада33 конценраторға дейін болуы мүмкін.

Сақина толған кезде, яғни MAU портына компьютер қосыл­ған кезде, желіні тағы бір сақина қосу арқылы созуға болады. Орындауға тиісті жалғыз ереже: әрбір MAU сақинаның бөлігі етіп қосылуы керек. MAU-дың «ену» және «шығу» ұяшықтары бүтін сақинаға кабельдің көмегімен үйінді болып орналасқан 12 MAU-ға дейін қосуға мүмкіңдік береді.