Интернетте объектіге бағдарланған тәсілдің болашағы

Білім беруде интернет жүйесінің философиялық және психологиялық негізін көрсету.

  1. Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей аудармасы – желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз. Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бір-біріне жалғануын айтады.

Барлық компьютерлік желілерден пайдаланудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.

Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, программалық және ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі.

Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық ресустарды құрайды.

Компьютерлікжелідегі аппараттық және программалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты программалар қызмет етеді. Соңғы жылдары Интернет ұғымының мағынасы кеңейіп, ол Бүкіл әлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді. Шындығына келсек Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы емес,ол қандайда бір ақпараттық кеңістікті құрайды.

Интернетте жұмыс істеу дегеніміз –– шындығына келгенде толығымен алғандағы Интернетте емес, тек оның көптеген қызмет түрлерінің біреуінде жұмыс атқару.

Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандайда бір ережелерге сай өзара қарым қатнастаболатын хаттама деп аталатын программалар жұбы.Осы жұптың программасының біреуі сервер, екіншісі –– клиент деп аталады. Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалардеп аталады. Мысалы, Интернетке файылдарды жіберу үшін арнайы FTR қолданбалы хаттамасыпайдаланылады.Сәйкесінше интернеттен файл алу үшін мынадай іс әрекеттер жасау қажет:

¨Компьютерде FTR клиенті болып табылатын программа орнату;

¨ FTR қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату.

Тағы бір мысалы, электрондық поштаны қолдану үшін хабарды жіберу және қабылдау хаттамалары қажет. Ол үшін пошталық клиент программасы компьютерге орнатылады және пошталық сервермен байланыс түзіледі.

Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:

¨Компьютерді бүкіл әлемдік желініңбір торабына жалғау;

¨IP адресті алу (Интернетке қосылған адамның тораптық адресі );

¨ Таңдап алынған интернет қызмет түрінің программа – клиентін орнату және баптау.

Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер интернет қызметін қоюшылар (сервис провайдерлер ) деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім шарт бойынша провайдерлер атқарады.

Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық. Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік,радиоарналық,спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметерді Зіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелермен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.

Ал коммутаторлық байланыс –– уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті.Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.

Телефон сымдары тек дыбыс жиелігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп (модуляцияланып )торапқа түседі және керісінше.

Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелікблоктың артқы қабырғасына қосылады.Ішкі модемдер арналық тақшаға орнатылады.

Басқа құрылғылар сияқты модемдер де програмалық орнатуды қажет етеді. Windows 98 операциялық жүйесінде оны Іске қосу →Баптау →Басқару тақтасы→Жабдықтарды орнату (Пуск→настройка→Панель управления→Установка обарадувания)құралының көмегімен орнатады.

Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу

Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін желіге қашықтан қатынау программасын баптау қажет (Менің компьютерім →Желіге қашықтан қатынау→Жаңа байланыс (Мой компьютер→Удаленный доступ к сети→Новое соединение)).

Программаны баптау кезінде интернетқызметін қоюшы мынандай мәліметтерді алдын ала енгізіп қою керек:

¨Байланыс жүргізілетін телефонның номері;

¨Қолданушының аты (Login)

¨паролі (password)

¨сервердің адресі.