Бірден-ақ ескерте кеткім келеді: мен осынау очеркті жаздым, әйтсе де, оның авторына детективті әңгіме жазуға ешбір сәті түспегендігін, осыған орай өзіне-өзі әбден есеп беріп те отырғанын атап айтқан болар ем. Оның үстіне бұл бағытта ол талай рет сәтсіздікке ұшырады, сондықтан да менің абырой-беделім жұмыссыздық немесе тұрғын үй мәселелерімен шұғылданатын әлдеқандай ұлы мемлекет қайраткері, әйтпесе, ойшылдың мәртебесі секілді белгілібір практикалық және ғылыми мән-мағынаға ғана ие. Қолына енді ғана қалам алған автордың еліктеуі үшін үлгі болатын үміткер болуға да мүлдем талпыныс жасағым келмейді: егерде қажет десеңіз бұндай тәсілден бас тартатын жаман әдет менде бар сияқты. Сонымен бірге мен детективті жанрда басқа да қажетті істердегідей белгілібір үлгілердің болуы мүмкін екендігіне де сенбеймін. Таңқаларлығы, көпшілікке арналған дидактикалық әдебиет, әдетте, бәрін де қалай жасау керек, нені жасамау қажет деп үйреткенімен, әлі де болса, еліктеуге болатындай жеткілікті үлгілерді әзірлей алған емес. Сондай-ақ, осы очерктің аты қазірше әрбір кітап саудасы дүкендерінде біздің көзімізге оттай басылып тұрған жайы да жоқ. Баспасөз беттерінде тұлға дегеніміз не, көпшілікке танымалдық, поэзия, өзіне еріксіз тарту секілді мүлдем танып-білуге болмайтын ұғымдарды адамдарға үнемі түсіндірмекші болған брошюралар дамылсыз шығып жатады. Біздерді, тіпті, зерделеуге көнбейтін әдеби және журналистік жанрларға мейілінше ынта-жігермен үйретуге тырысып бағады. Бұл очерк, керісінше, анық және нақты әдеби басшылық болып табылады; мейлі аса шектеулі ауқымда болғанымен, біліп, үйренуге қолайлы, ал сәтін салса, танып, түйсінуге де болатынын айтқымыз келеді. Мұндай басшылық нұсқаудың жетімсіздігі ерте ме кеш пе, әйтеуір, орны толады деп ойлаймын, өйткені нарық заманында сұраныс көзді ашып-жұмғанша ұсынысқа құлақ асады, бірақ адамдар өздері қажет ететін нәрселерді иелене алмайды. Сол себепті қалай дегенде де тыңшы агенттерді үйрету бойынша ғана емес, сонымен бірге қылмыскерлерді үйретуге арналған саналуан басшылық нұсқалар ерте ме кеш пе пайда болады деп ойлаймын. Сонда қазіргі әдеп жүйесінде біршама өзгерістер туындайды және де зерек те тапқыр, іскерлі ой-пікірлер түпкілікті түрде адам баласын зеріктірер, қаныңды кенедей сорар қағидаттардан толық арылатын болады; газеттер мен жарнамалар бүгінгі күннің тиымдарына түбегейлі немқұрайдылық танытады (орта ғасырлардағы тиымдарға қазіргі таңда толықтай немкеттілік танытқаны секілді). Ұрлық-қарлықты өсімқорлықтың бір түрі секілді көрсететін болады, ал тамақтан бауыздау секілді істер базардан тауарларды алдап сатқаннан артық қылмыс болмайтын кезге тап келеді. Кітап саудасы жүйелерінде атының өзі көзге бірден түсетін «Он бес сабақ үшін арамдық әрекет» немесе «Неке баянды болмаса, не істеу керек», у беріп өлтіру жайлы басшылық нұсқаулар және жүкті болудың алдын алу сияқты брошюралар қаптап тұратын болады.
Дегенмен, әлі де болса, шыдамдылық таныталық және де мезгілі жетпей жатып, алдын-ала бақытты болашаққа көз тікпей-ақ қоялық; ол кез ұзақ болғандықтан, қылмысты қалай жасау керек дегенге білікті кеңес берудің өзі оны қалай ашу қажеттілігінен немесе оның ашылуын әспеттеп жазғаныңнан бір елі де кем болмаса керек. Меніңше, өзімнің көз алдыма елестетуімше, қылмысты жазу, қылмысты ашу, оны жан-жақты сипаттау және солай көрсетуге басшылық жасауды жүзеге асыру, әрине, белгілібір ойдың қажырлылығын талап ететіндігіне еш күмән жоқ; солай болса да, табысқа жету немесе табысты үдемелету жайлы кітапты жазу ауыртпалығы өте мол осынау үдерісті қажет етпейді. Қалай болғанда да, детективті жанрдың теориясы туралы ойланғанымда мен өзімді теоретик секілді сезінемін. Басқаша сөзбен айтқанда, мен бәрін де басынан бастап түсіндіремін, мүмкіндігінше оқырманды еліктіретін оқиғалардың алғашқы бастауларынан, құлаққа түрпідей тиетін сөздер мен сөз тіркестерінен, шұғыл өзгеретін оқиғалар дамуынан қашқақтаймын. Мен осы орайда оқырман қауымды өзінің түсінік-түйсігінен адастыруға, әйтпесе, оның ой-пікірін оятуға тырыспаймын.
Бірінші және негізгі өзек боларлық принцип мынада; детективті әңгіменің, сондай-ақ, өзге қандай да әңгіменің мақсаты – тұманды емес, сәулелі болуға тиіс. Әңгіме көздің, көкірек көзінің ашылуы үшін жазылады; көздің, көкірек көзінің ашылғанына дейінгі жәйттерді оқу үшін емес. Оқырманның түсіне алмай адасуы – бұл көк мұнар ғана; оның арғы жағында түсінудің, ұғынудың сәулесі біршама уақытқа дейін жасырынып қалған және де жолды болмаған детективтердің басым көпшілігінің сәтсіз болуы – оқырманды, ағарту, көзін ашу үшін емес, адастыру мақсатында жазылуында. Детективті шығармалардың авторлары неге екені белгісіз оқырмандарды жолдан адастыру өздерінің түбегейлі парызы деп есептейді. Осы орайда олар құны жоғары құпияға ие болуды және оны жасыруды ұмытып кетеді. Оқиғаның шарықтау шегі сонымен бірге оның құлдырауы болуға тиіс емес автордың өзі жетекке алған бала мінез аңғал оқырманды мүлдем шатастыруға міндетті деуге болмайды; шарықтау шегі – бүлк етіп, тез жарыла салатын көбік емес; түн неғұрлым қараңғы болған сайын соғұрлым жарқырай түсетін таңертеңгі күннің шапағаты емес. Өнердің саналуан туындылары қаншалықты сұрқай болғанымен, салмақты түрде байыпты дүниелер қатарына сұранып тұрады. Әйтсе де, біздер бар-жоғы таң қалғандықтан көздері бадырайып кететін, милау Уотсондар секілді қаражаяу тобырлармен істес болсақ та, олардың өзі шым-шытырықтан жол табуға ұмтылғандарын және де көк мұнар оларға сәулеге жақындау үшін қажет екендігін ұмытпаған жөн. Мені әрқашанда адам қызықтырар салыстыруларға салып көрсек, Шерлок Холмс туралы ең таңдаулы әңгімелердің аттары детективті шығарманың бастапқы ой-ниетін әдейі атап көрсеткісі келетіндей көрінетін