Бағдарламалық оқытудың негізгі әдістері және бұл әдістерде АКТ-ны қолдау үрдісін оқушыларға үйрету.
Білім беруде дидактик әдістердің негізін үйрену кезінде білім беруші өтіліп жатқан пәннің конгнетивтік даму процедурасын жақсы білу керек. Ойткені әр бір пәнді оқыту кезінде біз сол пәннің ең алдіменен кіріспе құрылымын жақсы үйреніп шығуымыз керек. Бұл құрылымда міндетті түрде сол пәннің келіп шығуы қалыптасуы даму процедурасы қамтылған болады. Бұл процедураны конгнетивтік түрде үйрену дегеніміз қарапайым түсініктерден күрделі түсініктерге жүйелі түрде өту болып саналады. Әрине үйретудың бұндай әдісі негізінде үйренушілерге өте тиімді жағдай туындатады.
Ал АКТ –ның білім беру процедурасына қолдануы ең алдімен механик есептеу құрылымынан басталады. Бұл құрылымды біз «счет» деп айтамыз. Бұл құрылымды пайдаланып біз әртүрлі арифметик есептерді есептеудің жылдамдығын асырамыз. Бұндай жағдайда білім берудің өнімділігі шамалы асады.
Тағы бір жағдай бұл логарифмдік линейка механизмі болып саналады. АКТ-ның бұл механизмін білім беру саласында қолдану күрделі болған арифметик есептер логарифмді есептеу, нәтижені жуықтау, туындыларды есепеу сияқты курделі болған арифметик есептерді шешудің тиімділігін күрт асырды.
Есептеу техникасының дамуы алғашқы калькуляторларда келтіріліп шықты. Калькулятордың білім беру процедурасына ендірілуі ең алғашқы қарапайым қолданбалы есептерді шешу мүмкіншілігін туындатты. Нәтижеде бізге білім беруде жаңа әр түрлі пәндер келіп шықты. Бұндай пәндер бұл алгоритмдеу, бағдарламалау сияқты пәндер болып саналады.
АКТ-ның кейінгі даму сатысы бұл есептеу техникасының негізі болған компьютерлермен тікелей байланысты. Компьютерлердің білім беру саласында қолдануы білім беру көлемін, жылдамдығын асырды. Бұндай жағдай ақпараттық технологиялардың өмірге қолдануға болған сұранысын өте асырды. Бұндай сұраныс білім процедурасында өзгертуге алып келді. Өткені білім алушы өмірде жақсы жұмыс істеу үшін ақпараттық технологияларда қолданылатын АКТ инструменттерден пайдалана алатын болу керек.
Педагогик практикада ең күрделі және ең керекті процедура бұл білім беру методикасы болып саналады. Өйткені біз мектеп оқушыларына білім беру методикасын жақсылап жобалап алмасақ ол кезде біз беретін ең қарапайым білімдерді де оқушыларға жеткізе алмаймыз. Егер де оқытушының білімі күшті болып, бірақта білім беру методикасы төмен болса, ол жағдайда бұл оқытушы өзінің білімін оқушыға ойдағыдай жеткізе алмайды. Мектеп тағы да басқа жоғары оқу орындарының оқытушылары міндетті түрде білім беру методикасын игеруі тиіс. Тәжрибеде білім беру методикасы дербес ғылыми сала болып саналады. Ал білім беру методикасы дегенде нені түсінеміз?
Мысалы үшін оқытушыға бір тақырыпты оқушыларға түсіндіру керек болсын. Оқытушы ең алдымен сол тақырыптың атын айқындап алуы керек. Егерде:
А) Тақырып күрделі болса, ол кезде білім беру процедурасын тікелей тақырыптан бастау керек емес. Ең алдымен сол тақырыпқа жақын болған қарапайым түсінікте оқушыларға түсіндіру керек. Сосын ғана күрделі тақырыпты түсіндіруге өтсе болады.
Б) Егерде тақырып қарапайым болса, ол кезде бұл тақырыпты салыстрма түрде тікелей түсіндіріп өтсе болады. Тақырыпты түсіндіріп болған соң тақырыптың негізіне өтеді. Тақырыптың негізін оқушының деңгейіне қарай түсіндіруді жалғастыру керек болады. Мұндай жағдайда оқушының деңгейін оқытушы шамалы бөлшектеп алы керек. Тақырыптың негізі түсіндірілгенненсоң тақырыпқа қорытынды жасау керек. Бұл процедурада сол тақырыптың қолданбалы жақтарын мысалдармен түсіндіру керек. Ал тақырыпты өтіп болған соң оқытушы берген білімін оқушылар қабылдады ма жоқ қабылдамады ма не қандай деңгейде қабылдағанын оқытушы білуі тиіс. Егерде оқытушы берген білімінің қаншалықты оқушылар жағынанқабылданғанын білмесе ол жағдайда оқытушы өзінің кейінгі сабақтарын жоспарлай алмайды. Міне осы айтқандарымыз білім беру методикасының негізі болып саналады. Егерде осы методика негізін игеріп алмасақ ол жағдайда оқытушының оқушылар алдындағы абыройы тқмендеп кетеді. Сондықтан білім берудің әр түрлі әдістері мектеп оқытушыларына үйретіледі. Білім беру методикасы өте қызық пән болып оның негізін игеру әрбір оқытушының міндеті болып саналады.