Пайдаланушыны ұқсастыру және тану механизмдері

Пайдаланушыны ұқсастыру және тану механизмдері , мүмкін болған тану әдістерін атап µтейік.

  • Пайдаланушыда алдыннан бернілген ақпарат: Пароль, жеке ұқсастыру

кодталған арнайы фразаларды пайдалану туралы келісім бар:

  • Пайдаланушыда аппараттық қамтамасыз ету элементтері: Кілттер, магнит карточкалары, микросхемалар және т.б.
  • Пайдаланушының жеке ерекшеліктері: саусақ іздері, кµз торының суреті, дыбыс тембірі т.б.
  • Пайдаланушының іс-әрекет қимылдарындағы ерекшеліктері:

Клавиатурадан пайдалану динамикасы және жұмыс істеу ерекшеліктері,

манипулятормен жұмыс істеу ерекшеліктері т.б.

  • Пайдаланушының біліктілігі, мәдениеті, оқу дағдысы, тәрбиесі, әдеттері және т.б. байланысты болған дағдылары және білімдері.

¤зара ақпараттық хабарласу кезінде 2 жақ µзара тануды талап етеді. Бұл

процесс байланыс сеансы басталу кезінде орындалады.

¤зара ұқсастырудың тµмендегі әдістері қолданылады.

  • Сұрақ – жауап механизмі.
  • Уақытты белгілеу механизмі (“уақыт штемпелі”).

Сұрақ –жауап механизмі тµмендегідей тұрады.Егер А пайдаланушы В пайдаланушыдан жіберген хабардың (µтірік) жалған еместігін күмән болмау үшін ол В үшін жіберілетін хабарға алдыннан біліп болмайтын элемент – Х сұрауын (мысалы қандай да бір кездейсоқ сан) енгізеді. Жауап қайтаруда В пайдаланушы бұл элемент үстінде белгілі операцияныорындау керек болады.(мысалы f(x)-функциясын есептеу). Бұл әрекетті алдыннан орындаудың мүмкіндігі жоқ. Бұл белгісіз сан сұрақ берілген кезде ғана келеді. В пайдаланушыдан дұрыс нәтиже алған соң А пайдаланушы В-ның µзі екендігіне күмәнсіз болады. Бұл әдістің кемшілігі сұрақ-жауап арасындағы заңдылықты орнатып ала білуінде.

Уақытты белгілеу механизмі әр жіберілген хабарды тіркеп барудан тұрады. Бұл жағдайда желінің әрбір пайдаланушысы жетіп келген хабарды қанша уақытқа “ескіргенін” білсе болады және оның ақиқат немесе жалған екендігін айыра біледі.