Математикалық модельді классификациялау жоспары

  1. Математикалық модельдің сипаттамасы модель құру үшін қолданылған математикалық қисаптар мен оларға кіретін шамалардың арасындағы байланыспен анықталады. Күй функциясы уақытқа тәуелді өзгерсе, онда жинақталған параметрлік жүйеде, ал күй функциясы уақытқа және кеңістік айнымалыларына байланысты өзгерсе — тарамдалған параметрлік жүйеде берілді деуге болады. Бұған маятниктің тербелісін, снарядттың ұшуын кейбір дербес жағдайда жинақталған параметрлік жүйеде қарастыруға болады, ал жылудың тасымалдануы, көлем ішіндегі сұйықтың қозғалысы тарамдалған параметрлік жүйеде зерттелінеді. Математикалық қисаптарда жай дифференциалдық теңдеу жинақталған параметрлік жүйеде кездессе, ал дербес туындылары бар дифференциалдық теңдеу тарамдалған параметрлік жүйеде қарастырылады.
  2. Теңдеулерді қолданып қоймай, кейбір процесстерді модельдеу үшін вариациялык, принциптер негізінде әдістемелейді. Классикалық механикадан материалдық нүктенің қозғалысын динамиканың теңдеуін қолданып немесе ең аз әсер ету принципінің негізінде, яғни жүйе эволюциясын құрғанда шығатын энергияның шамасы минимум болатындай есеп құрып шығаруға болады.

Процеске кездейсоқ факторлар әсер етсе стохастикалық модель деп, ал сырттай әсер ететін факторлардың эффектілігін ескермей құрылған модель детерминальдық делінеді. Үздіксіз жүйеде тәуелсіз айнымалы үздіксіз өзгереді, ал дискретті жүйеде тәуелсіз айнымалы тұрақты немесе айнымалы қадам жасап өзгереді. Күйдісипатайтын функцияларуақытқабайланысты өзгерсе динамикалык, ал күйдің сипаттамаларын беретін шамалар уақыт өзгерісіне қатысы жоқ болса стационарлық жүйе деп айырады. Математикалық модельдердің зерттелінетін процесті беру ерекшеліктеріне қарап, классификациалаудың басқа да түрлерін атауға болады.