- Математикалық модельді ең ұтымды түрде есептеу эксперименті деп аталатын алгоритмдік модель түрінде компьютерде жүзеге асыруға болады.
Сонымен, есепті шешу үшін математикалық модель құра отырып, мыналарды ескеруіміз керек:
- математикалық модель құруда негізге алынатын болжамды бөліп көрсету;
- алғашқы деректер және нәтижелер деп нені есептеу керектігін анықтау;
- нәтижелерді алғашқы деректермен байланыстыратын математикалық қатысты жазу.
Математикалық модельдіқұруда алғашқы деректер арқылыіздеп отырған шаманы өрнектейтін формуланы табу барлық уақытта мүмкін бола бермейді.Мұндай жағдай белгілі бір немесебасқа дәрежелі дәлдікпенжауап беруге мүмкіндік беретін математикалық әдістер пайдаланылады.
- Кәсіпорындардағы өндірістік процесстер өте күрделі және әртүрлі. Бұл оларды сызықты, сызықты емес программаластыру, статистикалық модельдеу, желілік жоспарлау арқылы жеткілікті дәрежеде дәл, шынайы бейнелеуге мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайларда имитациялық модельдеу тәсілі көмекке келеді.
Имитациялық модель бұл өндірістік жүйенің мына берілгендер бойынша қалыптастырылған бейнесі болып табылады:
- өндірістік жүйе элементтері және олардың арасындағы тәуелділік,
- осы элементтер мен тәуелділікті сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу реті, мұндағы тәуелділік алгоритм түрінде беріледі, ол өз кезегінде ЭЕМ-де арнайы программалар көмегімен жүзеге асырылады.
Имитациялық модельдеу жүзеге асырылудың келесі этаптарын өз ішіне алады: мақсатты қалыптастыру(формулировка), модель құру концепциясын дайындау, схема не есептеулер алгоритмі түріндегі модельді құру, имитациялық тәжрибе нәтижелерін өңдеу әдістемесін құру, имитациялық тәжрибелерді ЭВМ-де жүргізу үшін программа дайындау, есептеулер жүргізу, нәтижелерді жалпылау және анализ жасау.
Кез-келген күрделіліктегі және кез-келген үлкендіктегі объекттердің имитациялық моделін құруға болады.