Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың әртүрлі жолдары

  1. Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлауда ерекше роль атқарады.

Компьютерлік техниканың дидактикалык, мұмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.

Мұғалiм– ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.

Мұғалiмнiң бiлiмi бiлiктiлiктi көтеру курстарымен шектелiп қалмауы керек. Олар үшiноқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық мәселелерi, оқушы деңгейiндегi ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдiстерi,оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң кәсiби шеберлiгiн дамытуға бағытталған теориялық-методологиялық және әдiстемелiк проблемалар, психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негiзгi бөлiмдерi ретiнде қарастырылуы керек.

  1. Шет елдiк және отандық тәжiрибелерге талдау жасау барысында педагог кадрлардың мамандық құзырлығының дамуына әсер ететiн оқу қызметтерiнде қолданылатын әдiстер мен тәсiлдердi дамыту қажеттiгi анықталынды. Сондықтан дәстүрлi сабақтарды (лекция, семинарлар) қолданумен қатар дөңгелек үстел, тренингiлер, iскерлiк ойындар, тақырыптық пiкiрталастар, практикалық жағдаяттарды талқылау және т.б. дәстүрлi емес әдiстердi кеңiнен қолдану қажет.Мұндай әдiсте сабақтарды өткiзу тыңдаушылардың өздiгiнен жұмыс жасауына, қабiлетiнiң дамуына және жекелей жұмыс жасау iс-әрекетiнiң қалыптасуына мүмкiндiк бередi.

Әлемніңалдыңғықатарлы елдеріндежоғарыжәнежоғарыоқуорнынанкейінгібілімберужүйесініңдамуынталдау ондакредиттікбілім беружүйесіненегізделген, кадрлардаярлаудыңүш сатылымоделініңкеңтарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- Ph.D докторантурасы. Бұлмодель АҚШ университеттеріндежәне Еуропаныңкөптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімдіболып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбекнарығыныңтезөзгеріптұрғаншағындатүлектерге дегенсұранысты қамтамасызетеді.

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекші университеттің ерекше мәртебесі бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесінжетілдірумақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық ЖОО-ы ашылды.

Курс мазмұнын құрастырудағы модульдiк принцип түрлi бiлiм беру бағдарламаларын модульдеп сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. Модульдiк мазмұнды игеру барысында тыңдаушының кәсiби шеберлiгiнiң өсуiне және өз қызметiн жан-жақты бағалап, талқылаудан өткiзуге әсерiн тигiзедi.

Курстың моделiн жасақтау барысында бiз келесi мақсаттарды негiзге алдық:

-бiлiктiлiктi көтерудi түрлi деңгейлермен қамсыздандыру;

— тыңдаушылардың мамандық құзырлылығын қалыптастыру;

— тыңдаушылардың өзiн-өзi дамуы мен жетiлу жағдайларын қалыптастыру.