Күнделікті өмірде біз ондық санау жүйесінен пайдаланғанымыз үшін барлық сандарды ондық санау жүйеде түсінеміз. Біз бала күнімізден ондық санау жүйесіне үйренгенбіз және барлық есептеулерде осы санау жүйесін қолданамыз. Ондық санау жүйесінің принциптерін және оларда түрлі амалар орындаузаңдылықтарын негіздеуде біріншілерден болып, Ал-Хоразмий өзінің “Хисаб ал Хинд” жазбасында қолданған және оны есептеулерде пайдалануды ұсынған. Оған дейін ғалымдар сандарды сөз арқылыжазып келген және сол кездегі заманға сай Рим цифраларын қолданып келген, бырақ бұл цифралар позицион болмағаны үшін есептеулер қиындықтар туғызған. Сонымен, ондық санау жүйесі араб цифралары деп қабылданған 10 цифрадан олар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 дан тұрады. Бүгінгі күнде барлық сандар осы 10 цифралар жәрдемінде жазылады.
Бұл санау жүйеден басқа, екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелері де бар. Кей деректерге сенсек, ежелгі Вавилондықтарда 60 тық санау жүйесінен де пайдаланған.
Екілік санау жүйесі есептеулерді автоматтандыруда қолдану өте қолайлы. Екілік санау жүйесінің маңызы да электрон есептеу машиналарының дамуымен артты. Екілік санау жүйесі тек 0,1 сандарынан тұрады. Екілік санау жүйесі тек осы екі сан көмегімен сипатталады.
Сегіздік санау жүйесі де ЭЕМ қолданады. Сегіздік санау жүйесі барлық сандар тек сегіз цифралар көмегімен сипатталады олар 0,1,2,3,4,5,6,7.
Оналтылық санау жүйенің де ЭЕМ- да қолдану ерекше. Бұл санау жүйеде ондық санау жүйенің цифраларын және латын әріптерін қолданады. Бұл санау жүйедегі сандарға он алты цифраларда (10 цифра және алты латын әріп) тұрады. Олар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,А,B,C,D,E,F.
Бір санау жүйеден екінші санау жүйеге өтуден алдын ондық санау
жүйеге өтіп соң екінші санау жүйеге өткізген қолайлы.
Мысалы: Оналтылық санау жүйе, сегіздік санау жүйеге өткізуден алдын оналтылықтан ондыққа соң ондықтан сегіздікке өткізген жөн.
Бірақ бір санау жүйеден екінші санау жүйеге өтуде санның мәні өзгермей қалады тек оның көрінісі ғана өзгеретіне көңіл бөлген дұрыс.
Ондық санау жүйедегі бір санды екінші санау жүйесіне (мысалы: екілік санау жүйеге) өткізуде сол санды ізбе-із сол санау жүйеге тиісті санға (мысалы: екілік санау жүйеде екілік санына) бөлу қажет соң қалдықтарды оңнан солға қарай жазып келеміз.
Мысалы: Ондықтағы 76 саннын екілік санау жүйеге өткізу және екіліктен ондыққа қайта өткізу.
76 санды 2 ге бөліп шығамыз бұл екілікте 1001100 тен
(1001100)2=(76)10
0*20+0*21+1*22+1*23+0*24+0*25+1*26=0+0+4+8+0+0+64=76