Әлемдік энергетикалық ресурстар нарығының жаһандануы олардың эволюциялық дамуының заңды кезеңі болып табылады. Қазақстан энергетикалық ресурстардың ауқымды қорына иелік етеді, мұнай мен газ қорлары бойынша әлемнің мұнайлы елдерінің бірінші ондығына кіреді, жыл өткен сайын мұнай мен табиғи газ өндіруді ұлғайтуда. Нақ осы мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларын соңынан ерткен локомотивке айналды. Қазақстан қолда бар қорларды жедел әрі тиімді пайдалану үшін озық халықаралық технологияларды, ноу-хау мен ірі капиталды тарту үшін әлемнің жетекші мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді шарттар жасасты. Сондай-ақ мұнай мен газдың экспорты үшін құбыржолдар жүйесін құрады.
Қазақстанның энергетикалық әлеуетін одан әрі дамыту мұнай-газ кешенімен тікелей байланысты тереңдетіп қайта өңдеу салаларын ілгерілете дамытуды қамтамасыз ету, қосылған құнның жоғары үлесі бар өнімдердің халықаралық нарығына жеделдетіп шығу, энергия ресурстарын әртараптандырудың және оларды әлемдік нарықтарға жеткізудің тұрақты арналарын қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттерді шешуді көздейді [1, 12б.].
Энергетикалық нарық дамуының ең соңғы мақсаты бірдей «ойын» ережесі бар ірі энергетикалық кеңістік қалыптастыру. Бұл ережені кім қойса, әрине оған «ойнау» оңай болады. Сондықтан да қазірдің өзінде, ол кеңістік пайда болуға дейін көп уақыт болса да сол позицияны ұстау үшін қызу күрес жүруде.
Жаһандану жағдайында Қазақстанның мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеуді жан жақты дамытуды іске асыру одан арғы үлкен өзектілікке ие болады.
Қазіргі кезде энергоресурстардың әлемдік нарығында жетекші позицияларды, оның ішінде әзірге негізгісі мұнай, көптеген елдер ұстап отыр: өндірушілер – сұйық отынды экспортқа шығарушылар, тұтынушылар – импортқа шығарушылар. АҚШ пен Қазақстан әлемдік мұнай алаңының қарама-қарсы екі жағында тұр. АҚШ – елемдегі ірі мұнай тұтынушы (29%) және 2030 жылға дейін осылай қалады. Тұтынатын мұнайдың жартысынан көбін шетке шығарады (2030 жылға қарай импорт көлемі 60-65 % барады).
Қазақстанның өз елінде кәсіпорындарының мұнай өндіру қоры бойынша төртінші орын алады. Негізінен Қашаған және Тенгиз және Жаңажол, Өзен, Құмкөл кең орындары арқасында. 2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы мұнай қоры бойынша елдердің үлесі Қытай — 4%, АҚШ — 29%, Индонезия — 16%, Ұлыбритания — 14%, Италия — 13%, Ресей — 4%, Қазақстан 9%, Франция 6%, Жапония 3%, белгісіз елдер — 2% құрап отыр. Өндірілетін мұнайдың ¼ экспортқа шығарылады. ҚР Үкіметімен бекітілген энергетикалық стратегияға сәйкес, 2010 жылға қарай мұнай өндіруді жылына 100 млн. т., ал 2015 жылға қарай 120 млн. т. жеткізу көзделуде.
Қазақстанның мұнай және газ министрлігінің мәліметтері бойынша елдің көмірсутек қорларының 169 кең орындары бар, оның ішінде: 87 – мұнай, 17 – газ, 30 – мұнайгаз, 35 конденсатты. Бұлардың жартысынан көбі «Қашаған» және «Теңіз» қалғандары «Өзен», «Қарашұғанақ», «Жаңажол» және «Құлкөл» кеңорындарында орналасқан.
Дүниежүзілік статистикада Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ қорларын бағалауды әртүрлі көрсетеді. «2008 жылғы Дүниежүзілік энергиясының статистикалық шолу» компаниясының мәліметтеріне сүйенсек Қазақстан резервінде мұнай 39,8 млрд. баррел (5,9 млрд. тонн), газ 1,9 трлн. кубометрді құрап отыр (Сурет ). Бірақ кейбір компаниялар мұнай қорына басқа мәліметтер береді, бұл үкімет мәліметтерімен сәйкес келмейді. Себебі мұнай бағалауды жүзеге асыру өте қиын, дүниежүзі бойынша көмiрсутек шикiзаттары қорлары туралы әр жылда әртүрлі мәліметтер пайда болады.
2006 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы дүниежүзі бойынша мұнай (конденсатты қосқанда) өндіру көлемі бойынша 18 орында тұр. Бүгінде мұнай елдің жалпы өндіріс көлемінен 30% шамасын құрайды (Сурет ). Қазақстан Үкіметінің мұнай өнеркәсібін дамыту бойынша негізгі жоспарлары – 2015 жылға дейін «қара алтын» өндіретін елдердің «алдыңғы ондығына» кіру болып табылады [3].
Қазіргі уақытта Қазақстан Европа және Евразия елдер арасында «қара алтынды» өндіруден Норвегия (3,5%), Ұлыбритания (2,2%) и Ресейден (жалпы әлемдік өндірістен 12,1%), кейін төртінші орында тұр. 2006 жылы република бойынша өндірілген мұнай және газ конденсатының көлемі 65,6 млн тонн. құрады. 1985 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы көмірсутегі шикізатын өндіру 287,7% артып отыр. Салыстырып қарасақ, 1985 жылғы дейгейден бүкіл мұнай-газ өндіруші Европа және СНГ елдері кіретін Европа және Евразия елдерінде ол ұлғайып отыр. Егер 90 жылдардың бірінші жартыжылдығында өндіру көлемі төмендесе, ал 1996 жылдан төмендемей өсіп келе жатыр.
Сурет — 2007 жылғы кейбір елдердегі мұнайдың дәлелденген қоры
Ескерту: «2008 жылғы Дүниежүзілік энергиясының статистикалық шолу» компаниясының мәліметтері http://www.bp.com
Сурет- 2007 жылғы кейбір елдердегі мұнай өндіру көлемі
Ескерту: «2008 жылғы Дүниежүзілік энергиясының статистикалық шолу» компаниясының мәліметтері http://www.bp.com
2008 жылғы Дүниежүзілік энергиясының статистикалық шолу» компаниясының мәліметтеріне сүйенсек, 2009 жылғы сәуірде әлемде мұнай өндіру өткен айлармен салыстырғанда шамамен күніне 230 мың баррелге артқан. 2009 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша мұнайды жалпы әлемдік өндіру 83,6 млн. барр./күнді құрады. Оның ішінде ОПЕК елдерінен мұнайды жеткізіп беру сәуірде соңғы сегіз айда алғаш рет ұлғайтылды, ОПЕК-тің 12 елі бойынша сәуірде мұнай өндіру 28,2 млн. барр./күнді құрады. Өткен айлармен салыстырғанда ОПЕК елдерінің мұнайды өндіруі 270 мың барр./күнге артты.
Экономиканың жаһандануындағы мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеудегі Қазақстандық жүйені анықтай келе қазіргі кезде мынадай проблемаларды көрсетуге болады:
-Әлемнің энергетика картасындағы Қазақстанның мұнай-газ саласын мемлекеттік тұрғыдан реттеудің ролін күшейту;
-Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығатын қорытындылар: Еуразия аймағындағы энергетика саласындағы Қазақстанның болашағы;
-Қазақстанның мұнай-газ саласындағы инвестициялық потенциалы: стратегиялық альянстардың ролі мен жаңа мүмкіндіктер;
-Тасымалдау бағыттарын диверсификациялау: энерго-экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешу;
-Мұнай-газ және энергетика салаларындағы технологиялар мен заманауи шешімдер: техногендік қауіпті азайту.
Қазіргі уақытта әртүрлі елдердің мұнай-газ секторының ықпалдасуы базасында келесі суреттегідей әлемдік жаһанданудың аумақтық келешектік орталықтары қалыптасуда.
Сурет — Мұнай-газ секторының ықпалдасуы базасында дүниежүзілік жаһанданудың аумақтық келешектік орталықтары. (Автордың құрастыруы)
Бұдан көрініп тұрғандай дүниежүзілік геоэкономикалық жағдай Европалық Одақпен анықталады.
Қазақстанда ұзақ мерзімді энергетикалық саясат 1996 жылдан бері жүргізіліп келеді. Дегенмен, энергетикалық стратегия елдің экономикалық даму болашағын анықтайтын құжат бола алған жоқ. Елдің энергетикалық секторындағы мемлекеттік және шаруашылық субъектілерінің барлық тәжірибелік іс-әрекеттері салыстырылып отыратын эталон бола алған жоқ. Үкіметтің мемлекеттік ұйымдарымен қабылданып жатқан шешімдері мен нормативті құқықтық актілер Энергетикалық стратегияның ішінара берілген нұсқамаларына қарама-қарсы бағытта болды және болып отыр.
Мемлекеттік энергетикалық саясаты негізінде «энергетикалық стратегияда» негізгі қажеттілік «тікелей мемлекеттік реттеу» жүйесі саналады. Бұл екі этаптар тұрады: 1) энергетика саласын реттеуде жаңа нормативтік-құқықтық актілер шығару; 2) энергетикалық саласын болашақта дамуты үшін жаңа ғылыми-техникалық инновациясын қарастыратын отын-энергетика кешенін қалыптастыру.
Республикадағы көмірсутегі шикізатын өндіру өсімі екі фактормен анықталады. Біріншіден, республика бойынша мұнай-газ секторына шетел инвестициялар белгілі көлемін тарту, екіншіден, соңғы жылдары әлемдік мұнай нарығында жағымды бәсекелестікте болуы. Соңғы жеті жылда Қазақстан экономикасы әлемдік тауарлы-шикізат нарығындағы, оның ішінде көмірсутегі шикізаты бойынша жағымды бәсекелестігі арқасында дамыды.
Соңғы екі жыл ішінде дүниежүзілік жаһандану үрдісінде қазіргі мұнайға деген бағаның көтерілу проблемасы болып отыр. 2007 жылы елімізде тұтынылған мұнайдың жартысына жуығы сырттан тасымалданды. Ал өз өндірісіміз тек дизельдік отын, мазут және А-80 маркалы жанармайға деген сұранысты ғана өтейді. Бұл жерде басты мәселе мұнай өнімдерінің бағасын қатысты болып тұр.
2006-2010 жылдарда әлемдік мұнай нарығында баға жағдайы тұрақсыз болып, елдің мұнай нарығына өз әсерін тиізуде 2007 жылы мұнайға деген баға тұрақты болды. Бұл 2008 жыл күзіне дейін жалғасты. Оған деген баға Нью-Йорк тауар биржасында барреліне 147 долларға лейін жеткен болатын, бірақ 2008 жылдың шілдесіне қарай 3 есеге төмендеді. 2009 жылы Қазақстаннан экспортталатын мұнай бағасы 21,5%, ал әлемнің мұнай нарығында 67,7% құрады.
2009 жылдың екінші жартысында әлемдік нарықтағы мұнай күрделі өзгерістерді басынан өткерді. Қазіргі экономиканың жаһандану жағдайында мұнайдың алдыңғы қатарлы түрлеріне деген баға динамикасы төмендеген болатын бүгінде жоғары серпіні байқалды (Сурет .
Сурет — Brent маркалы мұнайдың өзгеру динамикасы (2007 қаңтар – 2009 шілде, )
Бұл айтылғанның бәрі әлемдік нарықтағы мұнай бағасының өзгеру перспективасына қатысты, бұған көбіне экономиканың өсу динамикасы да, отандық бюджет параметрлері артуы да байланысты болады. Осы жақын уақытта экономикамыздың өте маңызды көрсеткішін болжамдаған шенеуніктер өте ақырын болжам айтатын, мұның себебін шикізат тауарларына әлемдік бағаның тұрақсыздығымен түсіндіретін. Соңғы жылдардағы рекордық бағалар олардың да көзқарастарына ықпал етуі ықтимал.