Бала іс-әрекетіндегі күрделі процесстердің бірі оның танымдық іс-әрекеті болып табылады. Баланың кез-келген әрекетін психологиялық тұрғыдан талдайтын болсақ, ол күрделі психологиялық қасиеттері мен әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады. Мұнда оның ақыл-ойы, қызығушылығы мен қажеттіліктері, сезімі сияқты психикалық процесстер іске қосылады. Сондықтан оқушының оқу іс-әрекетінің табысты болуында оның ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру маңызды саналады. Баланың танымдық белсенділігін арттыруда алдымен оның ақыл-ой еңбегін дамытуға көңіл аудару қажет.
Баланы ең алдымен, өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету қажет. Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы өз іс-әрекетін саналы түрде басқаруға үйренеді. Оқу жұмысының міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, бақылауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді:
- ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдарды түсіну;
- практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру.
Осыған орай оқушылардың, ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі — олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Біз зерттеу тақырыбымызға байланысты Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов және т. б. психологтардың жеке тұлға туралы және оқытудағы іс-әрекеттің рөлі туралы теорияларын басшылыққа ала отырып, танымдық әрекет пен танымдық белсенділікгің психологиялық ерекшеліктерін қарастырдық [1; 2; 3; 4; 5; 6].
Біздің зерттеу тақырыбымызға байланысты бірқатар ғылыми еңбектер мен диссертациялық жұмыстар жазылған. Бірақ оларда танымдық әрекет пен белсенділік әр түрлі тұрғыда баяндалады. М.Н. Скаткин, Г.И.Щукина, Т.ИШамова, В.И. Лозовая және т.б. еңбектерінде оқыту процесінің ерекшеліктері, оның дидактикалық принциптері, сондай-ақ, оқушылардың оқу-таным әрекеті мен танымдық белсенділіктің дидактикалық және психологиялық негіздеріне сипаттама беріледі.
П.И. Пидкасистый (1980) орта мектеп оқушыларының өзіндік таным әрекетін оқыту процесінде қалыптастыру жолдарының теориялық мәселелерін қарастырады.
Қазақстанда қорғалган докторлық диссертацияларда: компьютерлерді қолдану процесінде оқушылардың танымдық әрекетін арттыру проблемасы (Ж.А. Караев, 1995); студенттердің математика пәніне байланысты танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру проблемасы (А. Әбілқасымова, 1995), кандидаттық диссертацияларда «Формирование познавательного интереса у младших школьников средствами сказок (Вареницина Э.И., 2007)» еңбектер зерттелген.
Бұл еңбектер зерттеу жұмысымыздың теориялық негіздерін ашуға көмектесті.
Танымдық әрекет оқу әрекетіне негізделеді. Оқу әрекетінің кұрылымы төмендегілер:
- оқу міндеттері (немесе тапсырмалар);
- оқу әрекеті (баланың қолданатын практикалық және ой-тәсіл
амалдары); - бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);
— бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі беретін
бағасы).
Тұлға үшін адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең бір күрделісі-танымдық процесс болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуының мәнін анықтайтын ең басты мәселе — іс-әрекет, оның қоғамдық өмірдегі орны, жаңа ұрпақтың дамуына ықпалы болып табылады.
Педагогикада оқушылардың «танымдық», «оқу-танымдық іс-әрекеті», «ойлау іс-әрекеті» ұғымдары жиірек пайдаланылады. «Ойлау» және «таным» ұғымдарына анықтама берер болсақ, философиялық энциклопедиялық сөздікте «ойлау» ұғымы объективтік шындықтың белсенді бейнелену формасы ретінде сипатталады. Ал бұл бейне айнала қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың мәнді байланыстарының қатынастарының бейнесі болып табылады. Адамзат баласы осы байланыстар бейнесін онан әрі дамытады, осы байланыстар дамуын болжайды шығармашылықпен жаңа идеялар ойлап табады, оқиғалар мен әрекеттерді болжайды, өз алдында мәселелер қояды және осы мәселелерді шешеді. Ойлау адамзат баласы танымының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Демек «таным» процесі «ойлау» процесіне қарағанда әлдеқайда кеңірек ұғым болмақ. Философиялық сөздікте «Таным-объективті шындықтың бейнеленуінің жоғарғы формасы» ретінде сипатталса, ал бейнелеу — материяның жалпыға бірдей, ортақ қасиеті ретінде сипатталып, оның мәні бейнеленуші объектінің белгілерін, қасиеттерін, элементтері арасындағы қатынастарын, басқа объектілермен байланыстарын қайта жаңғыртуда, қайта елестетіп, көрсетуде болып табылады. Осы іс-әректтің бәрі ішкі іс-әрекет, мидың бейнелеу әрекетінің нәтижесі болып саналады. Ал осы ішкі іс-әрекет сыртқы практикалық іс-әрекеттің негізінде пайда болады. Сондықтан ішкі іс-әрекеттің жанама сипаты, оның сезімдік танымнан пайда болып, ойлауға дейін жетуімен, ойлаудың дамуына түрткі болуымен сипатталады. Ой жасампаздық іс-әрекетінің тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін пайда болатын құбылыс. Бұл мәселені дарынды оқушыларға қатысты қолданатын болсақ, оқыту процесінде ойлаудың дамуы едәуір қиыншылықтар тудырады. Ал ойлау белгілі мотивтерге (түрткіге) байланысты жүзеге асады.
Оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы мотиві танымдық қызығушылық болып табылады. Ішкі іс-әрекеттің өзгеруі ойлау логикасын қамтамасыз етеді де, бастауыш сынып оқушылары өзінің ақыл-ойының дамуын басқара алатын болады. Сондай-ақ, ойлаудың ең маңызды қасиеттерінің біріне интеллектуалдық актың динамикалық аспектісі жатады. Бұл әрекет өзінің өтуімен (болуымен), оның белгілі бір уақыт ішінде жүзеге асырылуымен, бағдарламалардың орындалуымен, бір бағдарламадан екінші бағдарламаға ауысуымен, бір ғана операцияның орындалуымен сипатталады.
Танымдық іс-әрекетінің құрылымдық жақтары (ойлау типі, ойлауға берілген есептерді шешудің тәсілдері, операциялық құрам және т.б.) мен динамикалық жақтары өзара тығыз байланысты. М.А.Асылжанова ойлауды психикалық процестердің ішінде баланың оқу іс-әрекетінің барысы мен нәтижесіне әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі ретінде атап өтіп, үлгермеушіліктің ең көп тараған себептерінің бірі — осы ойлау дамуындағы кемшіліктерден деп санайды. Олар оқушылар үлгермеушілігі көбінесе олардың зейіні мен есте сақтауының дара кемшіліктеріне байланысты деген пікірге мүлде қарсы. Бірақ, дарынды оқушылар арасында үлгермеушілер, әрине, болмайды. Сол себептен, М.А.Асылжанованың пікірі біздің жұмысымызға онша қолайлы емес.
Педагогика ғылымы үшін танымның логикалық, психологиялық, социологиялық, философиялық мағыналарының барлығы да маңызды болып табылады. Педагогикалық аспектіде қарастырғандатанымдық процессұғымын түрлі ғылымдардың интеграциялануы тұрғысын қарау, пайдалану тиіс. Мұнда түрлі ғылымдардың барлығы да бұл мәселеге оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсатыжеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды оқушыларын жеке тұлға ретінде дамыту деп қарайды. Психологиялық, философиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау нәтижесінде, біз бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасын өз іс-әрекетінің субьектісі ретінде дамыту қажет деген қорытынды жасадық.
Оқушыға оның ойлауының мәнін ашып көрсетпей, оның қозғаушы күштерін түсіндірмей тұрып, оның өзінің жеке басының ақыл-ойын дамытудың субьектісі ретінде белсендіру мүмкін бе? Педагогиқалық әдибеттерде, білімді меңгеру балалардың ойлау іс-әрекетін белсендіруді талап етеді де, ол оқушы дамуының басты шарты болып табылады, басқаша айтқанда, ойлау оқып-үйренудің құралы және нәтижесі ретінде қарастырылады, бірақ оқушылар мұны аса саналы түрде сезіп, біле бермейді. Ал оқып-үйренудің өзі оқушылар мен педагогтардың бірлесе отырып, жүзеге асыратын, білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған іс-әрекеті ретінде анықталады.
Дарынды оқушылардың жеке басының жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін ақыл-ой іс-әрекеті практикалық іс-әрекеттен ерекшеленбейді. Олардың ойлауы қажеттілігіне қарай индивидтің тұтас өмірінің сәті іспеттес болып шығады. А.П.Карповтың пікірінше, іс-әрекеттің іштей және сырттай жақындасуы, өзара бірінен екіншісіне ауысуы, олардың бірдей ортақ құрылымының болуына болуына байланысты. Алайда педагогикалық практикада, теориялық жұмыстарда бұл байланыс ескеріле бермейді, керісінше, теория практикаға қарама-қарсы қойылады.
Адамзат баласы іс-әрекетінің негізгі формуласы танымдық іс-әрекет болып табылады да, соның нәтижесінде субъектінің объективті реалды дүниемен өзара әрекеттесуі жүзеге асырылады. Сондықтан педагогика үшін күрделі объектілермен алгоритмделмейтін іс-әрекеттерді философиялық, социологиялық, психологиялық тұрғыдан талдаудың нәтижелері өте маңызды.
Әдебиеттер тізімі
1.Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. — М.:Педагогика, Т.З. 1983. — 368 с.
2.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. — М.: Изд. Полит. литер., 1977. — 304 с.
- Эльконин Д.Б. Детская психология.М.:Просвещение,
1960.- 175 с. - Гальперин П.Я. Психологиямышленияиучениео поэтапномформированииумственныхдействий. — М.: Просвещение, 1996. — 130 с.
5.Давыдов В.В. Проблемыразвивающегообучения. — М.:Педагогика, 1986. — 240 с.