Қазақстан Республикасындағы прокурорлық бақылау курсының пәні және жүйесі

ҚР-сы аумағында әрекеттегі заңдарың прокурорлық бақылау мемлекеттік іс-әрекеттің дербес түрі болуы «Прокурорлық бақылау» оқу курсының мазмұнын қалай болса, оның жүйесін де солай белгілеп отырады.

«Прокурорлық бақылау» оқу курсының мазмұны оны оқыған студенттерге прокуратураның ұйымдастыру және іс-әрекетінің негізгі принциптерін меңгеруге, прокуратураның заңдылықты нығайту жөнінідегі басқа құқық қорғау органдарымен әрекеттестігін тануға мүмкіндік береді. Бұл курста прокурорлардың міндеттері мен өкілеттіктері анықталады, сондай-ақ, онда прокурор наразылық келтіруінің, ұсынысының, қаулысының мазмұны мен нысандары айқындалады. Болашақ заңгер осы іс жүргізу актілерінің тек мазмұны мен құрылымын ғана емес, бәлкім олардың кодданылу өрісіне байланысты ерекшеліктерін де тануы тиіс.

«Прокурорлық бақылау» курсы прокуратура органдарының негізгі іс-әрекет бағыттарын ішкі прокурорлық бақылауды жүзеге асырудың тактйкасы мен әдістемелігін зерттеуде қамтиды. Прокурорлық бақылаудың мазмұны іс-әрекет өрісінен тәуелді болады. Мысалы анықтама мен тергеуді бақылау кезінде прокурор тек заңдардың сакталуын қадағалауды жүзеге асыруы ғана емес, бәлкім туындайтын мәселелер бойынша дербес шешімдерді де кабылдауы мүмкін. Ал шаруашылық және әлеуметтік салаларда оның араласу мүмкіндіктері шектелген. Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде де прокурорлардың сот органдарын бақылау шектері белгілі: егер сот шешімдері заңғсыз болса, ол тек наразылық келтіру мүмкін. Ал басқа шешім қабылдау, немесе сот қабылдаған шешімдерді күшінде қалдыру- бұл тек соттың ғана өкілеттігі болып қалады.

«Прокурорлық бакылау» оқу курсын жалпы және ерекше бөліктерге бөлсе болады:

Пәннін жалпы бөлімі прокуратура органдарының пайда болу және онын дербес мемлекетгік орган ретіндегі іс-әрекетін жетілдіру тарихына арналған. Бұл бөлім студентгерге кәзіргі замандағы прокуратура іс-әрекетінің мақсатқа сәйкестігін түсінуге мүмкіндік береді, заңдарды бірыңғай колданылуынын жоғары кадағалау концепциясын негізі. Бұл бөлімнің мәні прокурор әр түрлі салалардағы іс-әрекет орнын, прокурорларға заң бұзушылықты аныктау мен оны жоюдың өкілдіктерімен үлестірудін тарихи кажеттігін дұрыс түсіну мүмкіндігін береді. Курстың осы тарауында прокуратура органдарының жүйесі мен құрылымы, оның әр түрлі буындарының — аумақтық, әскери, көліктік, табиғат қорғау, жазаларды өтеу мекемелеріндегізандарды қадағалау бойынша прокуратуралар сияқты органдарын калыптастыру тәртібі зерттеледі. Олардың әр бірінің міндеттерінде айырмашылықтар мен өзгешеліктер бар.

Курстың ерекше бөлімінде прокуратура органдары кызметі негізгі бағыттарында прокурорлардын мәні, міндеттері мен өкілеттікгері зерттеледі. Арнайы тараулар прокурорлардың заңдар жүзеге асырылуына кадағалау, тергеу мен анықтама заңдылығын қадағалау өрістеріндегі іс-әрекетіне, прокурорлардың қылмыстық және азаматтық іс-жүргізуде қатысуына, өкімдерді орындау сатысында қатысуына арналған.