Прокурорлық бақылаудың мәні прокуратура мәртебесімен, мемлекеттегі орны және рөлімен аныкталады. Оның ең толык аныктамасы «Қ Р-сы прокуратурасы туралы» заң күші бар Президенттігін жарлығында берілген: «Прокуратура органдарының максаттары болып:
1) заңның жоғарғылығын камтамасыз ету;
2) заңдылыктың бірынғайлығы мен нығайтылуын камтамасыз ету;
3) адам және азаматтың күкыктары мен бостандыктарынын корғауын камтамасыз ету;
4) заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүдделері корғалуын камтамасыз ету.
Бұл мақсаттарға жету үшін прокуратураның негізгі іс-әрекеті төмендегілерден кұрылады:
1) төрт бағытқа бөлінген прокурорлық бақылаудан;
2) қылмыстық қудалаудан;
3) қылмыспенкүрестегіқұқық қорғауоргандарыныңіс-әрекетін сәйкестендіруден (координациялаудан);
4) сотта іс карауға катысу;
5) құкық шығару іс-әрекетке катысу.
Прокурорлық бақылаудың мақсаттарымен салыстырғанда оның міндеттері накты болады. Оларды шешу прокурорлық бакылаудың мақсаттарына жетуді камтамасыз етеді.
Прокурорлық бақылау міндеттерін 3 топка бөлсе болады: жалпы, арнайы және жеке (накты) міндеттерге. Олар, әрине, өзара байланысты болады: жеке (накты) міндеттерді шешу бакылаудың арнайы міндеттер шешілуін ескереді. Өз кезегінде, арнайы міндеттерді шешу ең жоғары денгейдегі міндеттер -бакылаудын жалпы міндеттері — шешілуін ескереді.
Прокурорлық бакылаудың жалпы міндеттері болып төмендегілер тұрады:
1.Конституциямен бекітілген коғамдық және мемлекеттік кұрылысты
2.Конституциямен кепілденген саяси, еңбектік. тұрар жай және басқа да жеке мүліктік кұкыктары мен заңмен корғалатын Қ Р-сы азаматтарының мүдделерін;
3.Меншік нысанынан тәуелсіз түрде мемлекеттік мекемелердің, серіктес және басқа қоғамдық ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін корғау.
Прокурорлық бақылаудың арнайы міндеттері оның нақты бағыттары » «алдында тұрған міндеттерді белгілейді. Мысал ретінде, құқық субъектілерінің заңға қайшы актілерін аныктауды, заң бұзушыларды анықтау міндетін айтса болады.
Прокурорлық бақылаудың жалпы және арнайы міндеттерінің шешілуі бақылаудың құқықтық кұралдарын прокурорлармен пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Осы кұралдарды пайдалану кезінде прокурор кайсы бір накты жеке міндетгерді белгілеп, оларды шешеді. Мүндай міндеттер жеке (накты) деп аталады.
Олар прокурорлық бақылаудың қай бағытына тиістілігімен ажыратылады. Мысал, заң бұзылу фактісі бойынша мәліметтемені талап ету, заңдылығын тексеру үшін құқықтық актіні талап ету, соттардың заңсыз өкімдеріне наразылық келтіру, т.б сол сияқтыларды айтса болады.