Жол көлік оқиғалары дегеніміз, көлік құралдары мен жүктерді бұзып қиратуға, материалдық залалдар келтіруге, сондай-ақ адам өлімі мен дене жарақаттарын салуға әкеп соқтыратындай жағдайларда көлік құралдарын жүргзуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы болып табылады. Сонымен бұлардың қылмыстық құқықтық құрылымы келесідей элементтерден тұрады: а) жол қозғалыы ережелерін бұзу; ә) заңда көзделген зардаптардың болуы;б) жүргізушінің әрекеті (әрекетсіздігі) мен болан оқианың нәтижесінің арасында себепті байланыстың болуынан.
Жол-көлік қозғалыс ережелеріне сәйкес жол-көлік оқиғаларын мынандай түрлерге бөлуге болады: қозғалыс құралдарының соқтығысуы:велосипедшіні, көлік арба құралын, жанурларды, кедергіні, жаяу адамды басып кету; көліктің аударып төңкерілуі;жолаушылардың автокөліктен құлауы т.б.
Автокөлік қылмыстарына – жол қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзып немесе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігіненемқұрайлықпен қарау ситуациялары тән. Бұл қылмыстың қоғамда кең өріс алуы мен ерекше қауіптілігі жүргізушілердің криминалдық ситуацияларынан көрініс табады.Олардың әрекеттерінен атап айтқанда көлік құралдарын мас күйінде жүргізулерінен.
Көрсетілген ситуациялардың нәтижесінде адамдарды, велосипедшіллерді басып кетуіне; көлік құралдарын соғу мен аударып төңкерілуіне; жолаушылардың көлік құралдарынан ұшып шығып кетуіне әкеп соқтыратындай жағдайлар болады.